Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 22:06, курс лекций
Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін.
1-тапсырма
1.Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады.Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Қазақстан Республикасында кедейшілікпен күресу жөніндегі әртүрлі бағдарламалар қабылданғанымен, кедейшіліктің үлесі төмендемей отыр. 2010 жылғы мәлімет бойынша өмір сүру минимумынан төменгі табысқа ие қазақстандықтардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға төмендеген. 2010 жылы кедейліктің неғұрлым төмен деңгеймен аймақтар құрамына Астана және Алматы қалаларынан басқа 2001 жылдағыдай Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары кірді. 2010 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында байқалуда. Сондай-ақ, 2001 жылы бұл топқа Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі облыстар кірген болатын (Алматы, Қызылорда және Жамбыл) [2].Қалған аймақтар кедейліктің орташа деңгейлі аймақтарына жатады (Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары), сонымен қатар олардың санына бірнеше рет ең төменгі кедейлік деңгейлі аймақтар тобына енген Жамбыл, Алматы, Атырау және Қызылорда облыстары кірді.
2. Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
3.Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту.Адам
денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен
бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам
өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор
болып табылады.Осыған байланысты адам
денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның
,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен
әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау
шараларын жүргізу туралы мәселерге баса
назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту
мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар
қолдану керек.Адамның денсаулығын сақтаудағы
ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі
асты пайдалануды,тазарту жүйелерінің
болуын,қоршаған ортаны ластайтын және
экологиялық зиян келтіретін обьектілерді
қысқартуды,басқа да қауіпті факторларды
төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды
қолға алу,және жүзеге асыру.Салауатты
өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың
дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс
тамақтануымызға,есіркі,темекі мен алкогольді
тұтынуды қойып,тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған.
Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты
дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу,халыққа
тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі
мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді
қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді
мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің
бірі.Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп
атаудың өзі осыны аңғартады.Қазіргі кезде
мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың
конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау
мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар
әзірленіп,Қазақстан республиксынның
«Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында
адам денсаулығы жайында толық мағлұмат
келтірілген.Ел басымыздың жолдауындағы
бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық
қызмет көрсету,сапасын жақсарту және
денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық
жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты
сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру
мен бақылау тетіктерін қайта саралау
арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі
мен сапасын арттыру қажет болып табылады.Елімізде
денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау
министрлігі айналысады.Облыстарда,
4.Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.5. Атмосфераны қорғау. Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
- бұзылған
экожүйелерді қалпына
- суды
тиімді пайдаланудың нақты
- жерді
пайдалану, ауыл
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен
көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль
әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар
шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері
жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
2-тапсырма
Ормандарды жоюмен күрес.Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.Жер ресурстарын тиімді пайдалану.Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б. Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес .Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
3 тапсырма: Экологиялық мәселелер мен дағдарыстар айырмашылықтарын көрсетіңіз.Продуценттер, консументтер, редуценттер дағдарыстары, олардың кезеңдері. Экологиялық дағдарыс (немесе төтенше экологиялық жағдайлар) кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс — қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы казбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. Тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады.
Экологиялық мәселелер.Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету ауқымдылығына байланысты адамзатты алаңдатып отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, үш топқа бөледі: Ғаламдық экологиялық мәселелер, Аймақтық экологиялық мәселелер, Жергілікті экологиялық мәселелер
Өздігінен қоректенуші (автотрофтар)
— бұл экожүйенің продуценттері
Гетеротрофтар — (азық) коректену үшін органикалық заттарды қажет ететін организмдер. Бұл организмдерде зат алмасудың күрделі жолдары бар. Өз кезегінде барлық өздігінен қоректенушілер тұтынушы организм (консументтер) мен бастапқы органикалық емес компоненттерге (редуценттер) ыдырайтын органикалық заттар организмдері. Консументтер (лат. коnsumento – тұтынамын, қоректену) — бұл организмдер органикалық заттарды тұтынады. Оларға жататындар құрттар, балықтар, молюскалар жэне өзге де бунақ аяқтылар, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер және адам. Консументтер: бірінші — шөп қоректі жануарлар, екінші, үшінші және одан да жоғары реттегілер жануарлармен қоректенеді. Олар — жыртқыштар (ет қоректілер), сонымен қатар талғаусыз қоректілер (немесе эврифагтар) өсімдіктерді, т.б. жейтіндер (аю, түлкі, шошқа, тарақандар т.б.). Редуценттер (латынша rеduсеns — қайта келуші, қалпына келуші) — өлі органикалық заттардың ыдырай бастаған организмдері. Өлі және жартылай бұзыла бастаған органикалық зат — детритпен қоректенетін түрлі сапрофит бактериялары, ұсақ саңырауқұлақтар және қалдықтармен коректенетін жануарлар — осыларға жатады. Топырақта — қалдықтармен қоректенетін ұсақ омыртқасыздар, мысалы, ұсақ кенелер, жер құрттары, көпаяқты құрттар; су экожүйесінде — молюскалар, крабтар мен құрттар; шіріген кезбе — бактериялар; өсімдік қалдықтары шірігенде — саңырауқұлақтар. Құрамы мен белсенділігі бойынша бұл редуценттер бірлестіктерінен әр алуандылығы өзге бірлестіктерге қарағанда кем емес. Ал, бұлар біздерге азды-көпті болса да таныс.