Тұрақты даму бойынша Стокгольм конференциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 18:10, реферат

Краткое описание

Экологиялық дағдарыс дәстүрі құндылықтарды қайтадан қарауға ықпал жасап, қоршаған ортаның қазіргі жағдайына әлемдік бірлестіктердің терең алаңдап отырғандарын көне өркениеттің перспективалық тұрғыдағы дамуын көрсетті. Бұл ахуал 1972 жылы Стокгольмде болған Бірінші Дүниежүзілік қоршаған орта бойынша өтетін конференцияға дайындық жұмыстарымен дәлме-дәл келді. Оған әлемнің 113 мемлекетінің өкілдері қатысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұрақты даму бойынша Стокгольм конференциясы.docx

— 21.54 Кб (Скачать документ)

Тұрақты даму бойынша Стокгольм  конференциясы

Экологиялық дағдарыс дәстүрі  құндылықтарды қайтадан қарауға  ықпал жасап, қоршаған ортаның қазіргі  жағдайына әлемдік бірлестіктердің  терең алаңдап отырғандарын көне өркениеттің перспективалық тұрғыдағы  дамуын көрсетті. Бұл ахуал 1972 жылы Стокгольмде болған Бірінші Дүниежүзілік қоршаған орта бойынша өтетін конференцияға дайындық жұмыстарымен дәлме-дәл келді. Оған әлемнің 113 мемлекетінің өкілдері қатысты.

Конференцияның Бас хатшысы  Морис Стронг әлеуметтік-экономикалық дамудың экологияға бағытталған  Стокгольм декларациясы түрлі елдерге  дамудың экологиялық идеясына қарай  бағытталған жолдарын іске асыруды  ұсынды. Алдымен экодамудың ұлттық міндеттері мен аймақтың нақты ұсынған  шешімдеріне орай оның принциптерін қалыптастыру мүмкіндіктері бар. Бұған түрлі елдердегі мамандар мен ғалымдар бірлестіктерінің үлкен еңбектері қажет болды. Зерттеулер бағдарламасы түрлі бағыттарда жүрді.

Бұл қоршаған орта БҰҰ бағдарламасының  арнаулы құрылымының құрылуын талап  етті. Бірінші кезектегі, БҰҰ проблемалары бойынша ұсыныстарды зерттеу  керек болды. Атап айтқанда, мұхиттардың  ластануы, ормандарды шабу, өсімдіктермен  жануарлардың бағалы түрлерінің – жоғалуы бағытында жұмыс істеу міндеті тұрды.

1983 жылы БҰҰ Бас Секретарының бастамасымен қоршаған ортаның дамуы бойынша Халықаралық Комиссия құрылды. (МКДСР). Оны Норвегияның премьер-министрі Г.Х.Брунтланд басқарды.

Бұл комиссияның баяндамасында  тұрақты дамуға бағытталған экологиялық  қажетті дәлелдер келтірілді. Сонымен  қатар, бұл комиссия экологиялық, әлеуметтік, экономикалық қырлардың (аспект) дамуын болашақтың жалғыз сенімді жолы ретінде танылды. Сонымен бірге, бұл комиссия қоршаған ортаның дамуы бойынша БҰҰ 1992 жылғы конференцияның шақырылуына бастамаған болды.

Брунтланд (1983-1993) комиссиясының міндетіне төменде көрсетілгендер кірді:

  • Қоршаған орта бойынша 2000 ж. Дейінгі және одан да ұзақ мерзім кезеңдеріне тұрақты дамуға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді стратегияны ұсыну;
  • Әлеуметтік экономикалық даму деңгейі әр түрлі мемлекеттер арасында экология проблемаларын шешуге және ортақ мақсатқа қол жеткізуге, сонымен қатар жақын түрде ынтымақтасу жолдарына мүмкіндік жасау үшін ұсыну;
  • Жалпы істің амалын білуге, ғаламдық экологияның ұзақ мерзімді проблемеларын түсіну және адам мекенінің жайын, қоршаған ортаны қорғау міндеттерін ойдағыдай шешу үшін әрекет етуді қолдану.

 

 

1987 жылы Комиссияның «Біздің орта болашақ» атты есебі жарық көрді. Онда ауқымды экологиялық проблемаларды әлеуметтік, экономикалық және саяси проблемармен өзара байланыс арқылы ғана шешуге болады деп нақты айтылған.

Комиссияның (1987) есебіндегі тұрақты дамудың тұжырымдамасына келесі негізгі ережелер кірді.

1. Бүгінгі өмір сүріп жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай болатындай ұзақ мерзімді және тұрақты дамуды сақтауға адамзаттың қауқары жетеді. Сонымен қатар, болашақ ұрпақтың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айырмау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Басты жағдайы мыналар болып саналады: қолайлы ортаны мекендеу мен экологиялық қауіпсіздікке орай адамдардың құқықтарын іске асырудың әділдігі; орны толмайтын табиғи қорлардың қамтамасыз шығыстарын тоқтату; қоршаған ортаның қажетті сапасын сақтау мен адамзаттың тектік қорын жоғалтуды жеңіп шығу мен тоқтату;

2. Тұрақты дамудың негізінде ғаламшардың экологиялық әлеуметіне және қолдағы бар ғаламдық қорларға деген қатынаста ұұыпты болып жатыр.

Табиғи қорлар саласын  пайдалануды шектеудің қажеттілігі  абсолютті емес, бірақ ол салыстырмалы және элеуметтік ұйымдар мен қазіргі  техниканың деңгейімен, сонымен қатар  адамзат әрекетінің зардаптарын  биосфераның жеңіп шығуы қабілеттілігіне  де байланысты. Халықтың сан жағынан алғандағы қарқыны мен мөлшерінің болжауы тұрақты дамуға, егер олар өндіріс әлеуетінен экологиялық экономикалық жүйенің өзгермелілігімен келіссе жол береді.

3. Қайыршылық шарасыз болып табылмайды және ол өз-өзінен келмейді. Тұрақты және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ету үшін, барлық адамдарға бәріне қарапайым қажеттілігін, жақсы өмірге деген үмітін іске асыру үшін мүмкіншілік беру керек. Әлемде қайыршылық созылмалы сипатқа айналып отыр, әрқашанда экологиялық және өзгеде апаттардың мүмкіндігі болады.

4. Көп қаражаты бар адамның өз еркіндігінің экологиялық жағын ғаламшардың мүмкіндігіне қарай ғаламдық тұрақты дамумен үйлесімді жүргізуді талап етуі. Мысалы, энергия тұтынуын алсақ, ол үшін дамушы елдерге көмек беремін деп, елдің табиғи қорларын шамадан тыс ашкөздікпен пайдалануға жол бермегені абзал.

5. Тұрақты даму үйлесімділік жағдайының өзгермейтіні емес, қайта өзгеру процесін көрсетеді. Капитал салымы бағытталған ресурстарды пайдалану көлемі мен техникалық бағыттағы дамуы бүгінгі мен алдағы қажеттілікпен келіседі. Тұрақты дамуды негізінде саяси ерік жігер жатуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тұрақты даму бойынша Стокгольм конференциясы