Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:18, доклад
Трансшекаралық сулар- бұл бірнеше елдің шекараларын қосатын немесе сол елдер арасында шекара бола алатын кез-келген жер астындағы және жер бетіндегі сулар. Хельсинки ережесі бойынша келіскен жақтар шекаралық қатынастарды бақылап, суды жүйелі түрде пайдалану қажет. Қазіргі әлемдік жағдайды ескерсек, яғни бүкіл әлемде тұщы судың жетіспеуі әсерінен шекаралық сулар жиі пікір-талас орталығы болып, келісімге отырған жақтар судың қолдануын қадағаламай, оның дамуына кедергі келтіреді.
Трансшекаралық су ресурстары
Трансшекаралық сулар- бұл бірнеше елдің шекараларын қосатын немесе сол елдер арасында шекара бола алатын кез-келген жер астындағы және жер бетіндегі сулар. Хельсинки ережесі бойынша келіскен жақтар шекаралық қатынастарды бақылап, суды жүйелі түрде пайдалану қажет. Қазіргі әлемдік жағдайды ескерсек, яғни бүкіл әлемде тұщы судың жетіспеуі әсерінен шекаралық сулар жиі пікір-талас орталығы болып, келісімге отырған жақтар судың қолдануын қадағаламай, оның дамуына кедергі келтіреді. Мысалыға алатын болсақ, яғни шекаралық судың ластануына екі ел- Ресей мен Қытадың шекарасында орналасқан Амур өзенін алуға болады. Амур өзені-Солтүстік-Шығыс Азияда орналасқан ірі су қоймаларының бірі. Ауданы жөнінен Ресейде төртінші орын алатын болса, ал әлемде тоғызыншы орынға жайғасқан. Бұл оның әлемдік тұщы су саласында орны ерекше екенін көрсетеді. Сонымен қатар Амур өзені ихтиофаунаға өте бай, онда балықтың әр түрлі 138 түрі өмір сүреді. Ресейде бұл өзен балық шаруашылығы саласында ең маңызды рөлдің бірін атқарады. Өңірде экономикалық дамудың, өнеркәсіптік өндіріс пен жүк айналымының өсуі әсерінен Амурдың экожүйесіне ауыртпашылық та артты. Қытай тигізген жағымды емес әсерлер де өзеннің ластануына себепші болды. Өзен аумағындағы экологиялық жағдай шиеленіскен ретінде бағалануда. Амурдың жағдайы жыл артқан сайын кризисті жағдайға айналып бара жатыр.
Амур өзенінің ластануы
2005 жылдың 14 қарашасында Қытайдың Цзилинь қаласындағы химиялық мұнай зауытында анилин өндірісіндегі қондырғылардың бірі жарылып апат болды. Апат нәтижесінде Амурдың тармақтарының бірі Сунгари өзеніне әр түрлі көптеген улы химиялық заттардың қалдықтары төгілді. Соның әсерінен ағыс арқылы нитробензол, нитробензиннің қалдықтары және басқа да химикаттар Амур өзеніне жетті. 100 шақырым бензол төгіліп, 200 шақырым қашықтықтай жерге дақтар пайда болды. Бұл жағдай аумақтың балық аулау кәсібіне айтарлықтай зиян тигізіп, өзенге шомылуға тыйым салынды. Қытайдың бірнеше миллион халқы бар Харбин қаласында осы химиялық ластану әсерінен аймақтағы жалғыз тұщы сумен қамтамасыз етіп отқан су қоймасының жұмысын бір аптаға тоқтатуға тура келді. 2003 жылы Дальгидрометтің мәліметтері бойынша марганецтің, ауыр металдардың, аммоний азотының мөлшері шамадан тыс асып кеткені тіркелді. Экологтар, бұл жағдайдың тіркелуі Қытайдағы өзен жағасындағы өнеркәсіптер тарапынан екенін айтып, Амурдың тармақтары Сунгари мен Уссари өзеніне көптеген зиянды қалдықтардың төгілуімен байланыстырады. Судың лайлануы байқалды. Сол 2003 жылы балықшылар ұсталған балықтан дәріхана иісін байқағандықтан, өздерінің кәсіпшіліктерін тоқтатуға тура келді. Бұл суда фенолдың мөлшері шектен тыс асып кетумен түсіндірілді. Ең күшті фенолдың концентрациясы Қытайдан ағып келетін Сунгари тармағында тіркелді. Қыс мезгілінде Сунгари сағасынан шамамен 1200 шақырымдай жерге дейін балықтардың фенолдың концентрациясымен уланды.
2006 жылдың 20 тамызында Цзилинь қаласында орналасқан химиялық зауыт Сунгари өзенінің суына өндірістік қалдықтар төкті. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметтеріне сүйенсек, осы төгілген қалдықтардың құрамында бензол қосылыстары болған. Зақымдалған жер көлемі бес шақырымға дейін жетті. Сонымен қатар осы халықаралық өзеннің келесі ластану факторы – Цзилинь қаласындағы жеңіл жанғыш жарылғыш заттары бар бөшкелердің жуылуы. Алдын ала болжамдар сүйенсек, бұл жуылған бөшкелерде 160 тоннаға жуық химикаттар болған.
Трансаймақтық ластанудың басталуы
Өзеннің трансшекаралық ластануы 1996 жылдың қыс мерзімінде басталған. Балық аулайтын кемемен бес тоннаға жуық тағамға жарамсыз, химиялық иісі бар балықтар ұсталған. Оның 65-75%-ы жағымсыз иісі мен дәмі бар балықтар. Бұл фенолды ластану- адам өмірі мен денсаулығына зиянын тигізіп, өзеннің экологиялық жүйесін бұзады. Бұл ластанудың қайдан келгені белгісіз болғанымен, күнделікті қолданыстағы су мен өзен балықтарының фенолмен ластануы жергілікті тұрғындардың өміріне едәуір әсерін тигізгені нақты анықталған. Адамдар мен жануарлардың уланған жағдайлары болған. Бірақ, балықтардың құрамындағы ұшқыш органикалық қосылыстар, мысалы, этанол, метанол, сірке альдегиді , қышқылдардың эфир майлары және т.б. заттардың кездесуі басты мәселе болып табылған. Жорамалдың шынына келсек, бұл ластанудың аймақаралық тасымалдануы Қытай территориясындағы Амурдың жоғарыдан ағатын ағыстарында болып тұр. Амур тармақтарының бірі Сунгарида мұнай, мұнайды қайта өңдеу, химиялық, машина құрылысы, сонымен қатар тауқазба зауыттары, пластмасса, қағаз, тыңайтқыш, жасанды талшықтар т.б. өндіріледі. Амур өзені суының сапасының нашарлауына өндірістің осы түрлері өте үлкен әсерін тигізді. Бұл ластанған жерде ғана емес, сонымен қатар 300 шақырым қашықтықта да байқалған. Амурдағы Сунгаридан 200 шақырым қашықтықта жасалған зерттеулерге қарағанда, азотты қосылыстардың 80%-ы мен фосфор қосылыстарының 70 %- ы және ауыр металдардың иондары (марганец, қалайы, темір т.б.) «сунгарлық» болып табылды. Осы химиялық қалдықтармен уланған балықтар аз мөлшерде болғанымен, балық қорының азаюына айтарлықтай себебін тигізген. Организмге түскен улы заттар буын еттерін тартып және зат алмасу құбылысын бұзады. Амур өзенінің проблемасы Хабаров аймағының негізгі экологиялық проблемасына айналып отыр.
Қорытынды
Жер бетіндегі судың ластануы адамзат қоғамындағы ең бас ауыртарлық экологиялық мәселе болып қалуда. Судың улы заттармен ластануы сулы ортаның экожүйесінде осы заттардың орын ауыстыруын зерттеуді талап етеді. Амур өзенінің мәселесін шешу үшін Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасында қалдықтарды жүйелеу, суды қорғау, су қоймасының экожүйесі, ең бастысы осы ластануға жауап беруді қадағалау жайында келісімге отырған жөн.
Қолданылған әдебиеттер
http://my.mail.ru/community/
http://elibrary.ru/item.asp?
http://ru.wikipedia.org/wiki/
http://eco.ria.ru/documents/
http://www.moigorod.ru/news/