Топырақ құнарлығының құрылымына жауын құртының әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 18:39, реферат

Краткое описание

Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.
Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары ежелден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің негізгі көзі.
Биосфера компоненттерінің ішіндегі ең маңызды да, құдіреттісі де – жер, оның үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы барлық тіршілік иелері-адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.............................................7
1. Ч.Дарвиннің еңбегі..............................................................................................7
2. Тіршілігі мен құрылысы.....................................................................................10
3. Құрылымы мен физиологиясы..........................................................................11
4. Жүргізілген зерттеулерге сипаттама................................................................12
Қорытынды.............................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................19

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зауткалиева научная работа.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)
  1. Әрқашанда топырақты ылғалдап тұру қажет 3-4 күнде бір рет.
  2. Жәшікті қараңғы және қоңыр салқын бөлмеде ұстау керек.
  3. Олардың қорегі

 

Біз оларды 2-3 күнде бір рет қоректендіріп отырдық, себебі олар көп мөлшерде қоректі қорыта алмайды. Қорегіміз қарапайым картоп, қурап кеткен жапырақтар, шай түйіршіктері. Картоппен қоректендірудің алдында біз картопты ұсақтап турадық, содан кейін топырақ бетіне жайып тастадық әр түрлі қашықтықта. Еш жағдайда картопты бір жерге толтырып тастауға болмайды, себебі олар алдындағы қоректі жұту арқылы қоректенеді. Тәжірибе кезінде байқағанымыз олар ешқашанда шірімеген, қураған қоректі жемейді. Мысалы: біздің бермеген картопты олар тек қана қарайып кеткеннен кейін жеді. Зерттеу жұмысымызды үш апта бойы бақыладық. Нәтижесінде олардың іздерінен және індерінің қасынан қара түйіршіктер байқадық. Бұл біздің тәжірибеміздің іске асқанын білдіреді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   Топырақ - табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар. Топырақтың тік қазылған пішініне қарап, сол жердегі ауа райының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тағы басқа табиғат құбылыстарының тек қазіргі емес, өткен дәуірлерде қандай болғанын айта аламыз. Сонымен, топырақ жай жатқан өлі дене емес, жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі, оның пайда болуы, жер бетінде таралу заңдылықтары мен касиеттері бар.

Топырақ - тірі дене. Ол тек өлі минералды заттардан ғана құралмайды, оның құрамында әр кез азды - көпті тірі ағзалар де болады, бұлар - негізінен, топырақтың тірі бөлігін құрайтын түрлі микроағзалар мен қарапайым ұсақ жәндіктер. Микроағзалар табиғаттың ыстық - суығына, оттегінің бар - жоғына, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне жақсы бейімделген. Оларға тек ылғал мен қоректік зат қана қажет, сондықтан олар табиғаттың барлық жерінде кездеседі. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің тамырлары да жатады, себебі өсімдіктің тамырынсыз топырақ түзілмейді. Топырақта негізінен, бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар сияқты микроағзалар мен төменгі сатылы өсімдіктердің түрлері көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тарағаны - бактериялар. Микроағзалардың түрлері мен сандарының әр түрлі болуы топырақтың тараған табиғи жағдайларына, яғни экологиясына, coған қарай топырақтың түрлеріне байланысты.

Зерттеу жүргізуімізге 50 күн уақыт кетті. Бұл уақыт ішінде біз ғылыми әдебиеттер көмегімен зерттеген болатынбыз. Әсіресе Ч.Дарвиннің еңбектеріне сүйеніп, ой-өрісімізді кеңейттік.

        Зерттеу  жұмысын жүргізу кезінде біз жауын құртының тіршілік әрекетін, топыраққа шығу үрдісін және топырақ құрылымының жақсаруын зерттедік. 4-5 аптадан  кейін  жауын құрттарының жәшіктегі топыраққа бейімделгенін байқадық. Жауын құртымыз  өскен топырақтармен  гүл өсіретін ыдысқа салып, бөлме өсімдіктерін көбейттік. Біз байқағанымыз бөлмеде өсіп жатқан гүлдердің одан әрі жақсара түсті

Аңғарғанға табиғат қызық. Тоқтаусыз, тұтасқан бойда жанталаса алма-кезек жүріп жататын процесс. Оны ұғып, ғылыми жолмен тарқата алсаң, тарқатыла береді. Мысалға жоғарыда өзіміз сөз еткен өсімдіктермен шөп қоректілер нәр алады, ал олармен жыртқыштар және паразиттер қоректенеді. Барлық организмдердің денелері өлгеннен кейін өмір тоқтай қоймауы үшін сапрофит микробтарының көмегімен қарапайым қосындыларға ыдырайды. Топыраққа айналады. “Жерден жаратылдың, жерге барасың”, – деген мұсылман қағидасы ғылыми түрде шындық. Содан барып әр гектар айдалған жерде түрлі қыбырлаған майда тіршілік иелерінің салмағы 15 тоннадай болуы біздерді таңдандырмауға тиісті. Экожүйедегі (биогеоценоз) бұл процестің әрбір бөлігі мыңдаған организмнің қатысуымен жүргендіктен, олардың арасындағы тірлік бәсекелестік, жыртқыштық, паразиттік қатынастармен шешіледі. Жер қыртысындағы микрофлоралардың салмағы бүкіл дүние жүзіндегі қой, ешкі, қара мал, жылқы, қояндардың жалпы салмақтарынан асып түседі деген пікірлерге ден қоюға болатындай. Міне, сондықтан табиғаттағы тепе-теңдік заңдылықтары қоректік тізбектен тұрады. 

Бұл процеске, мәселен, жауын құртының да айтарлықтай үлес қосатынын мойындауымыз керек. Зерттеушілердің пайымдауынша олар топырақпен бірге түрлі көзге ілінбейтін микробтарды да жұтады. Осылардың қоспасынан барып органикалық заттар түзіледі. Әр шылаушын құрт өз денесінен бір жылда 5 кг. топырақ өткізетінін ескерсек, онда ол қорыту кезінде топырақтың қышқылдығын тежеп, оны көмір қышқылымен, кальций, магний, нитраттар және фосфор қышқылымен байытатын көрінеді. Осылай жердің құнарлылығын арттырумен бірге, жерді қопсытып, аэробтық жағдай жасап, еккен өсімдіктердің мол өнім беруіне септігін тигізеді. 

Жауын құртының осынау тіршілігіне байланысты, оның бүкіл денесі тұнып тұрған шипалық қасиеттерден тұратындығын шығыс медицинасы анықтаған. Әсіресе қолқа қабынғанда, демікпеге, жоғарғы қан қысымы ауруына, тыныс тарылып сырылдағанда, қуық тұтылғанда, суырылған тістің орнынан қан тоқтамағанда шылаушынның ем ретінде қолданылатындығын біреу білсе, біреу білмейді. Сол себептен қоршаған ортадағы қыбырлап-жыбырлап жүрген Жаратқанның қандай да болмасын мақұлықтарының қызметіне түсіністікпен қарап, табиғат тепе-теңдігін бұзып алмау жағын, оларды да Алла тағаланың тегін жаратпағандығын білу абзал. 

Біз зерттеу жұмысымызды қорытындылай келсек өзен құмында жауын құртының тіршілік етуіне қолайлы емес екенін, ал қолайлы жерде тіршілік жатқан жауын құртының адам қол сұқса, онда олар барлығы тіршілігін жоятынына көз жеткіздік. Біздің тәжірибеміз нәтижелі болды. Себебі біз алға қойған мақсатымызға жетіп, қойылған сұрақтардың барлығына жауап таптық және үй жағдайында күзгі-қысқы мезгілде жауын құртын өсіруіне кепілдік бере аламыз. Біздің тәжірибеміз барысында жұмысымыздың назарын сөндірместен, жауын құртының саны арту, және оларға ішінен көз салып, өз бақылауымызды жалғастырғымыз келеді.

        Жасалған жұмыстар бойынша ұсыныстар:

   1. Белгілі бір уақыт  аралығында жауын құртының әр  түрлі топырақтағы тіршілігі  бақыланды;

  2. жауын құртының топырақ құнарлығына тигізетін пайдалы әсері зерттелді;

   3. жүргізілген зерттеулердің  қорытындысы бойынша балықшыға, аквариум ұстаушыларға,  үй жағдайында бөлме өсімдіктерін өсіруде қолдануға ұсыныстар ұсынылды.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасауға болады: Жауын құртының топырақ құнарлығын арттырудағы пайдасы зор екендігі дәлелденіп, кейбір салаларда, іс-тәжірибеде, шаруашылықта пайдалану ұсынылды.

Перспективі: Жауын құртын кейбір салаларда, іс-тәжірибеде, шаруашылықта пайдалану топырақ құнарлығын арттыруда тиімді және зор үлес қосады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 
1. Биғалиев, А. Қазақстан топырағы және оның экологиясы/ А. Биғалиев., 

Е. Жамалбеков., Р. Білдебаева. - А.: Санат , 2002. – 278 б.

2. Жамалбеков, Е. Топырақтану  және топырақ географиясы мен  экологиясы/ Е. Жамалбеков.,  Р. Білдебаева. -  А.: Санат, 2000. – 350 б.

3. Качинский, Н.А. Топырақ, оның қасиеттері мен өмірі / Н.А. Качинский. – А.: Қазақ мемлекет баспасы, 2001. – 278 с.

4. Каражанов,К.Д. Проблемы экологии почв Казахстана/ К.Д. Каражанов., Ж.У. Аханов. – А.: Тетис, 1998. – 368 с.

5. Мамонтов, В.Г. Общее почвоведение/ В.Г. Мамонтов., Н.П. Панов., И.С. Кауричев.,  Н.Н. Игнатьев.  М.: Колос, 2006. – 456 с.

6. Зеликов, В.Д. Почвоведение  с основами геологии / В.Д. Зеликов.- М.: - МГУЛ, 2002. -  216 с.

7. Добровольский, Г.В. Охрана  почв / Г.В. Добровольский, Л.А. Гришин. - М.: - Изд. Московского  университета, 1985. - 150 с.

8. Добровольский, Г.В. Сохранение  почв, как незаменимого компонента биосферы / Г.В. Добровольский, Е.Д. Никитин. – М.: 2002.- 165 с.

9. Архипкин В.Г., Почвоведение с основами полевого опыта курс лекций для студентов бакалавриата, обучающихся по кредитной системе обучения по специальностям 050801 – «Агрономия» и 050808 – «Почвоведение и агрохимия» РГКП «Западно – Казахстанский аграрно – технический университет им. Жангир хана/ Архипкин В.Г.  2009 – 100 с.

10. Сейітов, И. Агрономия негіздері/ И. Сейітов., Т. Саудабаев., Ш. Әбдірашев.  А.:Ана тілі, 199.1 – 256 б.

11. Жамалбеков, Е. Топырақтың химиялық құрамы/ Е. Жамалбеков.,  Р. Білдебаева. -  А.: Санат, 2003. – 350 б.

  1. Асқарова, Ұ.Б.   Экология және қоршаған ортаны қорғау / Ұ.Б.   Асқарова. – А.: Заң әдебиеті, 2005. - 90 б.
  2. Акимова, Т.А. Экология/ Т.А. Акимова., В.В. Хаскин.-М.: ЮНИТИ-  ДАНА, 2000. - 566 с.
  3. Бейсенова, Ә.  Экология /  Ә. Бейсенова,  Ж. Шілдебаев.  – А.: Мектеп,         2000. - 176 б.

15. Ақбасова, А.Ж. Экология/ А.Ж. Ақбасова., Г.Ә.  Саинова. – А.: Бастау, 2003. - 292 б.

 

 

 

 


 



Информация о работе Топырақ құнарлығының құрылымына жауын құртының әсері