Топырақ экологиясы және оның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 13:35, реферат

Краткое описание

Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар айналып келгенде — адам азығы.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
• Қазақстан Республикасының топырақ экологиясы
• Топырақтың ластану көздері.
• Топырақтың адамзат үшін маңызды.

3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

топырак экологиясы.docx

— 411.70 Кб (Скачать документ)

Топырақтың тұздануы деп  – топырақ қабатында суда жеңіл  еритін тұздардың өсімдікке уытты  мөлшерде шоғырланып жиналуын айтамыз. Мұндай топырақтарға сор, сортаңданған, кебір және қайтара тұзданған топырақтарды жатқызуға болады.

Қазақстанда тұзданған топырақтардың  жалпы аланы 93 млн га болса (жалпы  пайдаланатын жер алаңының 43%), оның ішінде егістік жерлерінің 4,6 млн  га  тұзданған (жалпы егістік жер  алаңының 19,4%) болып табылады.

Тұзданған топырақтар негізінде  қуаншылық және қуан аймақтарда кездеседі. Мұндай  аймақтарда жер бетінен  ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен жоғары болады және жақын орналасқан ыза сулары топырақтың қабатында  тұздардың жиналуына жағдай жасайды. Климаты ылғалды аймақтарда жер бетінен  булану қарқыны төмен болғандықтан шамалы жиналған тұздар түсетін мол жауын-шашын арқылы топырақ қабатынан  шайылады.

Топырақтың жоғарғы қабатында  және ыза суларында тұздардың  жоғары мөлшерде шоғырлануы сол аймақта  қалыптасқан белгілі жағдайларға  тікелей байланысты.

Тұзданған топырақтардың  қалыптасуы екі жолмен жүреді: Табиғи және  антропогенді.

1) Табиғи жолы:

а) Тау жыныстарының мүжілуі  салдарынан қомақты мөлшерде жеңіл  еритін тұздар пайда болады. В. А. Ковданың деректері бойынша құрлықтан  мұхитқа әр жыл 2735 млн т жеңіл  еритін тұздар әкетілсе, мұхиттан құрлыққа 1 млрд т тұз тасымалданады. Қазақстан  аумағын алатын болсақ тұздардың  көп мөлшерде шоғырланатын аудандары  Каспий теңізі маны ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір ойпаты аумағына жататын Солтүстік Қазақстан  аудандары.

б) Жанартаулардың ықпалы. Жанартаулардың әрекеті салдарынан бөлінген газдарымен бұлардың құрамында күкірт, хлор қосылыстары  ауаға шоғырланады. Бұл қосылыстар қоршаған ортаға араласқан сон сульфат  және хлорид тұздарына айналады.

с) Өсімдіктер әсерінен топырақта  тұздардың шоғырлануы. Қуан климат жағдайында өсімдіктердің органикалық  қалдықтарының аэробты ыдырауы  нәтижесінде жоғары мөлшерде жеңіл  еритін тұздар шоғырланады. Мұнда тұздардың  негізгі көзі жақын орналасқан минералданған  ыза сулар болып табылады.

д) Жел арқылы тұздардың  тасымалдануы. Тұзды көлдермен сорлардың  таралған аймақтарында тұздар жел арқылы  тасымалданады және топырақтың тұздалуына себеп болады, 1 км2 ауданға шамамен 2 ден 20 т-ға дейін тұз түсуі мүмкін (Кларк).

 

 

 

 

Топырақтың адамзат  үшін маңызды.

     Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.

     Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

     Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

    

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Топырақтың құрылуы сулану режиміне, жер асты суларының минералдану сипатына, сол сияқты топырақ құрушы жыныстардың ерекшелігі мен өсімдіктеріне байланысты болады. Осы факторлардың қатынасына байланысты шабындық топырағының бір типі құрылады.

Шабындық жайылым топырағының айырмашылағы жоғарғы горизонт топырағының лай болуы, мал азығының базасын дамыту үшін мүмкіндік жасайды.Жерді дұрыс пайдаланбау дағдырысқа  ұшырататынын тарих  көрсетті. Павлодар облысында тың және тыңайған жерлерді  ұтымды пайдаланбауды  еске түсірейікші. Сондай ұқсас  құбылыс жайылым жерде кездеседі.Жерді селсоқ игеру және бұл жерлерді пайдалану біртіндеп құрғақшылыққа айналдырады.  Осылай топыракты пайдалану нәтижесінде ол бұрыңғы құнарлылығын жойып эрозияға ұшырады. Топырақтың құнарлылығын нашарлатуға негізгі себеп жайылым жердегі  малдардың санының көбеюі және эрозия.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді инТенсивті пайдалану топыраққа қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады. Ерекше қатты пайдалы қазбаларды өндіргенде қоршаған ортаға зиян келтірді. Тау қопару жұмыстарында бос жыныстардың үйіндісі үлкен өндіріске өнім беретін алаң, тұрмысқа қажетті жерлер айналымнан шығып қалады.

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін  көзіну айналды.

Сондықтан еңбек адамы  ежелден осы табиғи байлыққа үлкен  құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі  байлығы деп атайды.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.
  2. Экология (оқулық) - Алматы, 2008

 

 


Информация о работе Топырақ экологиясы және оның маңызы