Топырақ биотасына мұнайдың әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2014 в 13:53, курсовая работа

Краткое описание

Экологиялық жағдайдың өзгерісі өсімдік организмдерінің фотосинтездеу белсенділігін тежейді. Ең бірінші топырақ балдырларының өсуіне әсерін тигізеді. Сондай тежегіштердің бірі болып шикі мұнай және минералды сулар болып табылады.
Жоғары өсімдіктердің фотосинтездеу функциясының өзгерісі, соның ішінде дәнді-дақылдар. Кейбір жұмыстар ластанған топырақта көп ферменттер белсенділігінің төмендегенін көрсетті. Ластану нәтижесінде каталаза, уреаза, гидролаза, протеаза, нитратредуктаза, ферменттерінің белсенділігі төмендейді. Дегидрогеназа белсенділігі артады.

Содержание

1.1 Мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін өндіріс орындары-техногенді экожүйелер.
1.2 Қазақстан республикасында топырақтың мұнаймен ластануының негізгі мәселесі.
1.3 Топырақ биотасына мұнайлы ластанудың әсері.
1.4 Топырақтағы мұнай көмірсутектерінің биодеграциясына әсер ететін факторлар
1.5 Топырақтың микробиологиялық қасиеттеріне мұнаймен ластанудың әсері
1.6 М ұнаймен ластанған топырақтарды тазартудың қазіргі кездегі жағдайы.
1.7 Мұнаймен ластанған топырақтарды тазарту үшін өсімдік-фитомелиораттарды қолданудың жетістіктері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін өндіріс орындары-техногенді экожүйелер..doc

— 3.72 Мб (Скачать документ)

4. Жауын құрттар топырақтағы мұнай шоғырын азайтатыны анықталды. Мұнайдың ыдырауы жауын құрттарының ас қорыту жүйесіндегі микрофлораға мөлшеріне байланысты, ондағы микромицеттердің үлесі 74,6% - ға жуық, ал Fusarium chlamydosporum, Aspergillus niger, Penісillium chrusogenum, Mucor circinelloides және Gymnoascus dankaliensis саңырауқұлақтары басымдықты иемденген. Анықталған бактериялар мен микроскопиялық саңырауқұлақ түрлерінің 85,3 % -ы мұнаймен ластанған топырақ микрофлорасындағы түрлер.

5. Жауын құрттары ауыр металл иондарының шоғырлық деңгейлерін индикациялайды, қорғасын мен кадмийдің топырақтағы тиесілі 60 және 30 ШМШ жауын құрттарының тіршілік үрдістерімен сиыспайтын деңгей, L. rubellus түрі Ap. с. caliginosus түріне қарағанда ауыр металл иондарының улылық әсеріне төзімді. Қорғасынның - 20 ШМШ және кадмийдің - 5  ШМШ мөлшерінде ластанған топырақтарға 10,0%, 30,0% және 50,0% қара шірік енгізілген ортада жауын құрттарын өсіру, қорғасын мөлшерін 68,9±3,5., 77,4±4,8 және 85,3±5,6%-ға, ал кадмийдің 81,6±6,5., 95,8±5,5 және 98,6±7,5%-ға дейін кемітеді.

6. Мұнаймен 1,0-5,0% және 7,0-7,5% дәрежеде ластанған  топырақтарды люмбрикофаунаны пайдалану арқылы рекультивациялау технологиясы түзілді, технология шарты бойынша әр шаршы метрде тиесілі 150-200, 200-300 және 300-350 ересек дернәсілдердің болуы рекультивация тиімділігін қамтамасыз етеді, мұнда рекультивация мерзімі 1,0-5,0% ластану кезінде бір айға, ал 7,0-7,5% жағдайында 15-20 тәулікке қысқарады. Ұсынылып отырған технологияның экономикалық тиімділігі әрбір 1000,0 т-ға 894 580,0 теңгені (2007 жылдық баға бойынша) құрайды.

7. Мұнаймен ластанған топырақты биорекультивациялау үрдісінде вермикультураны пайдаланудың тиімділігін арттыру параметрлері математикалық заңдылыққа бағынады, оның ең тиімді көрсеткіштері 30 тәулік ішінде 45% ылғалдық пен 16оС температуралық жағдайда іске асады.

Қойылған міндеттердің толық шешілгендігін бағалау. Оңтүстік Қазақстан облысындағы техногенді ластанған топырақтарды биорекультивациялық тазарту негізінде жасалған зерттеу мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалған. Бұлар өз кезегінде, жұмыстың алдына қойылған мақсатына қол жеткізгенін көрсетеді.

Жұмыстың нәтижелерін  нақты пайдалану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтерді дайындау. Техногенді ластанған өндірістік аймақтардағы топырақты биорекультивациялауда. Техногенді ластанған аймақтардың экологиялық жағдайын жергілікті люмрикофаунаның түрлік құрамы арқылы биоиндикациялауға экспресс әдісі ұсынылады.

Жұмыстың нәтижелерін  енгізудің техникалық экономикалық тиімділігін бағалау. Техногенді ластанған топырақты толық тазартудың технологиялық желісін өңдеудегі экономикалық тиімділік мөлшері, әрбір гектардан 2000,0 теңгені құрайды (2007 жылдық баға бойынша).

Орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау. Биорекультивациялық тазарту жұмыстары Ресей, Украина, Өзбекстанда кең қолданылады. Алғаш рет, кешенді түрде, Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ экологиясының мәселелері қарастырылған.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, алынған тәуелділіктер мен жасалынған әдістемелер, белгілі бір дәрежедегі дәлдікпен, Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының экологиялық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде  орындалған жұмыстың жоғары ғылыми деңгейін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Кенжалиева Г.Д., Исаева А.У. К вопросу об особенностях содержания вермикультуры. //Научные труды ЮКГУ им. М.Ауезова, № 13-14, 2007.-С.127-130.
  2. Исаева А.У., Кенжалиева Г.Д., Жауын құрттар-қорғасын және кадмий иондары үшін тірі индикатор. //Поиск-Ізденіс: Сер. Биология ғылымы.-Алматы, 2008. №3.-Б. 56-57.
  3. Кенжалиева Г.Д. Әртүрлі бензин маркаларымен ластанған ортаның жауын құртына әсері. //Поиск-Ізденіс: Сер. Биология ғылымы.-Алматы, 2008, №4.-Б. 48-50.
  4. Исаева А.У., Ешибаев А.А., Кенжалиева Г.Д., Восстановление почвенного биоценоза подвергнутого нефтяному загрязнению //Известия: Сер. Биологическая наука.-Оренбург, 2008, №4(20).-С.156-157.
  5. Кенжалиева Г.Д., Исаева А.У., Есенбаева М.А. Влияние кумкольской нефти на жизнедеятельности вермикультуры //Тр. 15-я Междунар. научно-прак. конф.- Пенза 2008.-С.200-201.
  6. Кенжалиева Г.Д. Мұнай және мұнай өнімдерінің жеңіл фракциясының жауын құртының морфо-физиологиясына әсері //Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. «Әуезов оқулары-7: М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері»- Шымкент, 2008 –Б.206-207.
  7. Кенжалиева Г.Д., Есенбаева М.А Дизелді отын-жауын құртының тіршілік ету қабілетіне әсері. //Халықаралық ғылыми-прак. конф. «Педагогикалық кадрлар дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары-2»- Шымкент, 2008 –Б.175-176.
  8. Кенжалиева Г.Д. Мұнай мазутының жауын құрттарының морфогенезіне әсері //Халықаралық ғылыми-прак. конф. «Педагогикалық кадрлар дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары-2»- Шымкент, 2008 –Б.177-178.
  9. Пат. № 62559 Астана. Способ биотестирования почв, загрязненных бензином /Бишимбаев В.К., Исаева А.У., Кенжалиева Г.Д., Есенбаева М.А. опубл. 2008/1200.1
  10. Исаева А.Ө., Кенжалиева Г.Д., Есенбаева М.А. Мұнай және мұнай өнімдерінің жауын құртының таралуына тигізетін әсері //Вестник-Хабаршы: сер. Биология ғылымы.-Алматы, 2009, №1(40).-Б. 72-73.
  11. Кенжалиева Г.Д., Есенбаева М.А., Рахматуллаев А.Ю., Успабаева А.А., Жауын құрттарының Оңтүстік Қазақстан облысында таралуының алуан түрлілігі мен экологиялық жағдайы. //Халықаралық ғылыми конф. «Инновациялық технологиялардың білім беру мен ғылымдағы қазіргі кездегі мәселелері» - Шымкент

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Топырақ биотасына мұнайдың әсері