Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:26, реферат
Терроризм себептерін басынан үш аспектіден қарастыруға болады.
1. Транснациональді қылмыстардың себептері – экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да тәртіптер (билікке таласу, меншікке, нарық өтімінде, әсер ету ортасының шегі, әлеуметтік теңсіздік, информациялық қайта өңдіру, бақылауға алынбаған ресурс өзгерістері);
2. Терроризм себептері – (экстремизм, негізгі саяси, идеологиялық, діни және басқа көзқарастар т.б.);
3. Терроризмнің өршуі не бөлек террористік топтық актілердің (террористік ұйымдардың қалыптасуы, олардың жоғарғы әскери және басқа потенциалдары) себептері.
Террориз себептері:
Терроризм себептерін басынан үш аспектіден
қарастыруға болады.
1. Транснациональді қылмыстардың себептері
– экономикалық, әлеуметтік, саяси және
басқа да тәртіптер (билікке таласу, меншікке,
нарық өтімінде, әсер ету ортасының шегі,
әлеуметтік теңсіздік, информациялық
қайта өңдіру, бақылауға алынбаған ресурс
өзгерістері);
2. Терроризм себептері – (экстремизм,
негізгі саяси, идеологиялық, діни және
басқа көзқарастар т.б.);
3. Терроризмнің өршуі не бөлек террористік
топтық актілердің (террористік ұйымдардың
қалыптасуы, олардың жоғарғы әскери және
басқа потенциалдары) себептері.
Терроризм – соғыстың өте белсенді және
экономикалық хабарлары: ел-тұрғындарына
қарсы максималды тұрақсыз қалпына минималды
әскери шығындалады. Тұрақсыздық мақсатына
жау елдің басшылығының ауысуы, жау елдің
саяси бағытының ауысуы, жау елдің қорын
өз қызығушылықтарында қолдану.
Ол көптеген жағдайларға байланысты болды, олардың ішінде негізгі үш себеп: қандай да болсын лаңкестік әрекет туралы қоғамға жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы; өзінің ұйымдастырушылық құрылымы жағынан лаңкестік ұйымдармен ұқсас халықаралық қылмыстың күшеюі; қарудың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берген ғылым мен техниканың дамуы.
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді.Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде көлдану.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Теракт ашықтығы 2009 жылдың қаңтарда-маусымында
Саяси тұрақтылық - әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақты жағдайы. Ол үшін ең алдымен экономиканың жоғары қарқынды дамуы, халықтың әл-ауқаты үздіксіз өсуі, табыс бөлісінде алшақтықтың болмауы, саяси тәртіптің заңдылығы мен демократиялығы, т.с.с болуы кере
Саяси тұрақтылық – қоғам жаңғыруының негізі
Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік құрылысты қалыптастыру жолында, егемендікті бекітуде, саяси тұрақтылықты нығайту барысында күрделі үдерістерден өтті. Өз кезегінде бұл республикамыздағы саяси жүйені демократияландыру үдерісін жалғастырып, әлеуметтік-экономикалық реформаларға қажетті шарттар жасады. Сондықтан қоғамымыздағы бейбіт өмір мен қоғамдық келісім мемлекет басшылығы мен барлық қазақстандықтардың біріккен күш-жігерінің нәтижесі деп толық сеніммен айтуымызға болады.
Саяси тәжірибе көрсеткендей, саяси тұрақтылық мәселесі мемлекеттердің саяси режімі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне қарамастан кез келген ел үшін өзекті болып саналады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, “Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді”.
Бүгінгі күнде Қазақстан төраға ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүмкіндіктерін қақтығыстарды реттеу жолындағы мәселелер төңірегінде жоғарылатты. Ал ЕҚЫҰ-ның Астана қаласында өтетін Саммитінде аймақтардағы тұрақтандыру технологиялары ізденісі қарастырылатындығына халқымыз сенімді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 19 жылдығы мен ЕҚЫҰ Саммиті алдында еліміздің саяси тұрақтылығын бекітетін негізгі факторларға мән берген дұрыс деп санаймыз. Осы саладағы Қазақстандық тәжірибе кез келген мемлекеттің бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің өркениетті жолдары ізденісінде үлкен мәнге ие. Біріншіден, саяси жүйе сүйенетін, тұрғындар құндылығын жоғарылататын қоғамдағы саяси өмірді демократияландыру саяси тұрақтылықтың негізгі сипаттамалық белгілеріне ие. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыс мәселелеріне қатысты консенсус қазақстандық қоғамға тән құбылыс. Бұл демократиялық қоғамдық басқарудың қажеттіліктерін таныта түседі.
Екіншіден, саяси тұрақтылық реформалардың тереңдігімен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің жоғарғы деңгейін қалыптастырумен сипатталып, өткізіліп отырған реформаларды халықтың қолдауы көрсеткішін айқындайды. “Посткризистік әлем” институтының 2009 жылдың ақпанында өткізген “PostКСРО: үкіметтердің дағдарысқа қарсы қимылдарын бағалау” атты зерттеулерінің нәтижесі бойынша бұрынғы КСРО мемлекеттері арасындағы Қазақстан Республикасының тұрғындары болашақтан бақуатты өмірді күтеді. Бүгінгі кезеңде еліміз азаматтардың осы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар атқаруда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауларында азаматтардың материалдық жағдайы, білім беру жүйесі мен тұрғын үй мәселелеріне баса назар аудартқаны мәлім.
Үшіншіден, саяси тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігі азаматтық қоғамның жоғарылығын, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланыс сапасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру талаптарының деңгейін танытады. Аталған көрсеткіштердің төменгі деңгейі қоғамдағы шиеленісті туғызып, саяси тұрақсыздыққа әкеледі. Жалпы ішкі қақтығыстар кез келген мемлекеттер үшін аса қауіпті құбылыс. Бұл іс басындағы билікті ығыстыру мақсатындағы бейконституциялық процестерге итермелейтіндігі белгілі. Сонымен қатар, ішкі қақтығыстар әлеуметтік-экономикалық және психологиялық нәубет. Өйткені азаматтар өз күш-жігерін прогресс жолына емес, өздерінің иррационалды мінез-құлқын дамытып, қоғамдық дамуға кері ықпал етеді.
Төртіншіден, саяси тұрақтылыққа жету құқықтық және моральдық нормаларды, ұлттық дәстүрді танытатын саяси мәдениет деңгейіне байланысты. Модернизация келіссөздер жүргізудің мәдениетін қалыптастыру мен толерантты сананы тәрбиелеудегі жаңа дағдыларды дайындауды қажет етеді. Сондықтан Қазақстанда өркениетті үнқатысу мен пікірталастарды ұйымдастыруда мүмкін болған әңгімелесу алаңдары ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің үйлесімді әдістері мен бейбіт мәдениет идеясы насихатталуда. Қазақстанның қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға Қазақстанның төрағалығы “Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік” ұранымен өтіп жатқандығы айқындалу үстінде.
Бесіншіден, қоғам тұрақтылығы мемлекет лидерінің нақтылы тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекет басында тұрған саяси лидер қоғамдағы келісімді қамтамасыз еткенде ғана өз легитимдігін жоғарылатады. Өйткені, тек қана ол қоғамдағы жан-жақты қарама-қайшы ойларды татуластырып, біріктіре алады. Қоғамды модернизациялау кезеңінде лидерлер тұрақтылық факторларын нығайтып, жаңа өзгерістердің бастамашысы болып қала бермек. Осы шарттарды лидерлер саяси бағытты айқындап, қоғам дамуының стратегиясын қалыптастырып, оны орындау құралдарын анықтайды. Елбасымыздың осы жолдағы саясаты латентті қарама-қайшылықтар профилактикасына бағытталып, тұрақтылықтың қосымша ресурстарын қалыптастыруы айқындалады.
Бүгінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы әлемдік қауымдастықтың еліміздегі ішкі саяси жағдайларына назарын аудартуда. Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің қазақстандық тәжірибесі ЕҚЫҰ кеңістігінде қолдануға қажетті шарт екендігіне ел тұрғындарының көздері жетті.