Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Фармацевтикалық Академиясы.
Кафедра: Гигиена 2
Тақырыбы:ҚР заңды құжаттарында
топырақты санитарлық қорғау.
Дайындаған: Әлханова А.А.
Тобы:406 ҚДС
Қабылдаған:Бекжанова М.Ү.
Шымкент 2012 жыл
СӨЖ
Жоспар
- Кіріспе
- Топырақтың құрамының гигиеналық маңызы
- Негізгі бөлім
- а) ҚР Жер туралы заңы
- б) Топырақты жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану.
- в) Топырақты қорғау проблемалары.
- Қорытынды бөлім
- Топырақтағы химиялық заттарды нормалаудың қазіргі прициптері.
- Пайдалаылған әдебиеттер
Топырақ құрамының гигиеналық маңызы.
- Топырақ – ол судың, ауаның және тірі организмдердің әсерлерімен литосфераның беткі қабаттарының жаңадан немесе қайта құралу нәтижесінде пайда болған және генетикалық байланысқан горизонттардан тұратын табиғи құрылым, ол құнарлылығымен сипатталады.
Топырақ құраушы факторлар
Топырақ құраушы
продалар
Өсімдіктер және тірі
организмдер
Климат,рельеф
Жасы,су,адамның шаруышылық
ісі
Топырақты санитарлық қорғау.
- ҚР Жер туралы заңы ҚР Конституциясына және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне 15 тамыз 2006 ж, сондай-ақ осыларға қабылданған ҚР нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.
- Жер қыртысын санитарлық қорғау бойынша санитарлық эпидемиологиялық станса тарапынан жер қыртысын бактериологиялық талдамаға және гельминттер жұмыртқасын анықтау мақсатында сынамаға алады.
- Жер қыртысын санитарлық қорғауда СЭС те коммуналды бөлімнен басқа бөлімдер қатысады. Мысалы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігері (көмекшісі) балалар алаңдарының, басқа да ойын алаңдарының топырағының санитарлық жағдайына, мектепке дейінгі мекемелердің және мектептердің қалдықтарын уақытысында шығарылып отырылуына, және осы мамандар балалар мекемелерінің құрылысы үшін жер учаскесін таңдауға да қатысады.
ҚР Жер кдексіне сәйкес ҚР жер фондысы тағайындық мақсатына сәйкес келесі санаттарға бөлінеді:
- Ауыл шаруашылығына тағайындаған;
- Елдә мекендердің жерлері (қалалардың, поселкелердің және ауылды елді мекендердің);
- Өнеркәсіптің, көліктің, байланыстың, қорғаныс министрлігінің және басқа ауыл шаруашылығына емес тағайындалған жерлері;
- Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың желері, сауықтыру, рекрециялық және тарихи мәдениеттік тағайындалған жерлері;
- Орман фондысының жерлері;
- Су фондысының жерлері;
- Қор жерлері;
Жер заңдарының ұстанымдары:
- ҚР территориясының біртұтастығы, беріктігі;
- ҚР табиғи ресурсы, халықтың тіршілігінің және ісінің негізі ретінде жерді сақтау;
- Жерді қрғау және ұтымды пайдалану;
- Экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Жерді тілекке сай пайдалану;
- Ауыл шаруышылығына тағайындаған жердің басымды бағыттығы;
- Жердің жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етілуі;
- Жерді пайдалану және қорғау бойынша шараларды мемлекеттік қолдауы;
- Жерге нұқсан келтіруді болдырмау немесе оның салдарларын жою;
- Жерді пайдаланудың төлемділігі
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану.
- Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді.
- Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.
Топырақты ластаушы көздер:
- Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.
- Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
- Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
- Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
- Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.
- Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
- пестицидтер;
- минералдық тыңайтқыштар;
- өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
- атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;
- Мұнай және Мұнай өнімдері.
- Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
- табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
- топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу
- тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
- зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
- қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір
- түрлерінің қолданылуын шектеу;
- ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен
- күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.
Топырақты қорғау проблемалары:
- Тарихи жақсы жерлер қала территориялырының ішінде қалған.Олар өнеркәсіптік қалдықтарымен ластанып, олардың айналасында жасанды геохимиялық провициялалар құралған.
- Топырақтың көп бөлігі ысырапталған.
- Минералдық тыңайтқыштарды массалық қолдану топырақтың биопотенциялын тоздырып, оны ауыр металдармен ластады.
- Осы күнге дейін микроэлементтердің проблемасы әлі жеткіліксіз зерттелген, олар топырақта біркелкісіз тапалып, эндемиялық ауруларды (зоб, флюороз) және басқа проблемаларды тудыруда.
- Ірі өнеркәсіптік провинциялар пайда болды.
- Қорғауға табиғи обьектілердің жиынтығы жатуы керек,оының ішінде тірі және тірі емес обектілері: атмосфералық ауасы, топырақ, су, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер әлемі, сондай ақ олармен өзара әрекеттесуші климат. Жойып, шандудан, деградациядан, зардаптан, ластаудан және тілекке сай пайдаланбаудан жер, жер қойнаулары, су, атмосфера ауасы, ормандар т.б.қорғалуы тиісті.
- Қалдықтарды жинау, жою және жерлеу, қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы өкілетті органдарының келісімі бойынша жергілікті атқару органдарының шешімімен белгіленген орындарда жүргізіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Топырақтағы химиялық заттарды нормалаудың қазіргі принциптері.
- Қазіргі кезде жерді іркінді сулармен суландыру, ауыл шаруашылығын химизациялау, өнеркәсіптік қалдықтарды, қоқыстарды көп шығару нәтижесінде жеке аудандарда топырақтың ластануы жоғары деңгейге жетіп, халықтың денсаулығына қауәп төндіре бастады.Осыған байланысты топырақтағы химиялық ластарды нормалау қажеттігінің проблемасы туды.
- Топырақтағы заттарды нормалау принциптері су қоймаларындағы, атмосфералық ауадағы және тағам өнімдеріндегі заттарды нормалау принциптерінен маңызды өзгешелігі бар. Ол негізінен топырақтағы зиянды заттардың адам ағзасына тікелей түсуінің сирек болуымен байланысты, ол тек адамның топырақпен тікелей жанасуында ғана болады.