Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:13, доклад

Краткое описание

Табиғи ресурстарға қатысты маңызы және арнайы заттық құқық, ол – табиғатты пайдалану құқығы (табиғи рестарды пайдалану құқығы). Оның меншік иесінің табиғи рестарды пайдалану құқығымен шатастыруға болмайды: бұлар құқықтың екі түрі.
Пайдалану құқығын, өз өкілетілігінің бірі ретінде, меншік иесі өзінің меншігіндегі табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асырады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, әрқашанда, пайдаланушының меншігіндегі ресурстарға қатысты емес, құқықтың басқа субъектіснеің, негізінен мемлекеттің меншігіндегі ресурстарға қатысты жүзеге асырылады. Тек жер учаскісінің пайдалану құқығы ғана мемлекеттік те, жеке де меншікті жерлерге қатысты болуы мүмкін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы.docx

— 38.14 Кб (Скачать документ)

Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы

Табиғи ресурстарға қатысты маңызы және арнайы заттық құқық, ол – табиғатты пайдалану құқығы (табиғи рестарды пайдалану құқығы). Оның меншік иесінің табиғи рестарды пайдалану құқығымен шатастыруға болмайды: бұлар құқықтың екі түрі.

Пайдалану құқығын, өз өкілетілігінің бірі ретінде, меншік иесі өзінің меншігіндегі табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асырады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, әрқашанда, пайдаланушының меншігіндегі ресурстарға қатысты емес, құқықтың басқа субъектіснеің, негізінен мемлекеттің меншігіндегі ресурстарға қатысты жүзеге асырылады. Тек жер учаскісінің пайдалану құқығы ғана мемлекеттік те, жеке де меншікті жерлерге қатысты болуы мүмкін.

Табиғатты пайдалану құқығы, әдетте, табиғатты пайдаланудағы учаскілерін иемдену құығын қамтиды. Иемдену құқығымен табиғат пайдаланудың кейбір басқа түрлерінің де қосылғаның айтуға болады, мысылы, жер қойнауын пайдалану, су пайдалану мен орман пайдаланудың көптеген түрлері, сондай өсімдік әлемінің басқа түрлерін пайдалану.

Таиғат ресурстарын пайдалану құқығы оларға деген меншік құқығынан туындайды.

Табиғи ресурстарды пайдалану құқығың мемлекеттік меншік құқығынан туындауы табиғатты пайдалану құқығын бастапқы, яғни табиғат ресурстарын меншік иесінен алғанға және қайталама, яғни оларды бастапқы пайдаланушыдан алғанға бөлумен байланысты. Табиғи ресурстарын қайталама пайдаланушның құқығының көлемі бастапқы пайдаланушының құқығының көлемінен аз.

Табиғи ресурстарды пайдалану құқғы, тағы да, тұрақты және уақытша, ортақ және арнаулы, ортақ жәнеарнаулы болып бөлінеді.

Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы түрлерінің табиғи ресурстардың жекеленген түрлеріне қатысты заң құжаттарында көзделген басқа арнаулы топтастырулары, олардың бірнеше түрлері үшін сайкес келуі мүмкін немесе олардың түрлерінің біреуінің ғана ерекшелігін көрскту мүмкін. Мыссалы, жер пайдалану құқығы сияқты жер қойнауын пайдалану құқығы да тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын пайдалану құқығы да тұрақты немесе өтексіз болуы мүмкін. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарылықтың 10-бабының 2-тармағы). Табиғи пайдалану объектілерінің біреуінің ғана ерекшелігіг сипаттайтын топтсатырудың мысалына Орман кодексінің 88-бабын алуға болады, ол бойынша мемлекттік орман қорында пайдаланудың ағаш даярлау, нәрлі су, сөл даярлау; Қослқы ағаш ресурстарын даярлау, орманды қосымша пойдалану )шөп шабу, мал жаю); орманбы мәдени сауықтырушылық, туристік және спорттық мақсаттарға пайдалану; аң шарушылығының мұқтаждығына пайдалану; ғылыми-зеріттеу мақсатында пайдалану сияқту түрлері жүзеге асырулы мүмкін.

Дегенмен, табиғат пайдалудың барлық түрлерінде бірқатар ортақ арнаулы сипаттар бар. Мұндай арнаулы сипаттарға, біріншіден, табғи ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудағы мақсаттық сипатты жатқызуға болады. Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңына сәйкес табиғи пайдаланушылар табиғи ресурстарды арналған мақсатына және олардың бреудегі шарттарға сәйкес пайдалануғатиіс. Табиғат пайдалану құқығының мақсатты арналымы табиғат ресурстарының жекеленген түрлерін пайдаланушылардың құқықтырының көлемі мен сипатына және олардың міндеттеріне байланысты.

Екіншіден, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтарына олардың азаматтық айналымдағы шектеулілігі тән. Ол табиғи ресурстарды паидалануға алу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарды арнайы рұқсаты – лицензиянның керек екендігінен көрініс табады. Қошаған ортаны қорғау туралы Заңның 21-бабының 1-тармағы бойынша, табиғи ресурстарды пайдалану олар жайындағы заңнамаға сәйкес лицензиялауға жатады.

Табиғат пайдаланушыны заңда белгіленген тәртіпте табиғатты пайдалану құқығының тоқтатуына әкеп соғады.

Кейбір реттерде, табиғи ресурстарды пайдалану және иемдену құқығынан басқа, табиғатты пайдалану құқығы өзіңе табиғи ресурстарға шектеулі билік ету құқығын қамтуы мүмкін. Мысалы, жер қойнауы паудалану құқығын басқа адамға беру құзыретті органдардың (уәкәлетті мемлекеттік органдардың) рұқсатымен ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал, берудің өзі бұл жағдайда азаматтық – құқықтық мәміле негізінде жүзеге асырылады (жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы Заңына сәйкес). Заң құжаттарында көзделген реттерде табиғи ресурстарды пайдалануға беру және табиғат пайдалану құқығын басқа адамдарға беру азаматтық - құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады.

Жерді пайдалану құқығына, табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше құқықтық белгісі бар түрі ретінде, айрықша тоқтала кеткен жөн. Жерді пайдалану құқығында, табиғатты пайдалану құқығының басқару түрлері сияқты, мақсаттық сипат бар. Бірақ кейбір жағдайларда ол жер учаскесінде жеке меншік құқығына жақын құқықтық режиммен азаматтық айналымға кіреді.

Жер кодексіне сәкес жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады жер пайдалану құқығына меншік құқығының нормалары қолданылады, себебі ол Жер кодексіне немесе заттық құқықтық мәніне қайшы келмейді.

Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың ұзақ мерзімді бастапқы жер пайдалану құқығына қатысты. Бұл жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі учаскелерді жалға немесе уақытша ақысыз жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқылы. Қайталама жер пайдалану құқығы, әрқашанда уақытша болғандықтан, айналымда ол одан да бетер шектелген. Қайталама жер пайдалану құқығының иесі белгілі бір шаттармен жерін жалға өткізуге немесе уақытша немесе ақысыз пайдалануға беруге құқылы.

Барлық көрсетілген жағдайларда мемлекеттік емес жер пайдаланушы, жер учаскесін пайдалану және иемдену құқығынан басқа, өз құқығына билік ету құқығына ие және өкілеттіктерінің құрамы жағынан жер учаскесінің жеке меншік иесіне жақын. Бірақ, меншік иесі билік еткен құқық обьектісі болып меншік құқығының обьектісі ретіндегі жер учаскесі саналады, мемлекеттік емес жер пайдаланушы айналымға қосылған жер пайдалану құқығына тікелей, жер учаскесіне-жер пайдалану құқығы арқылы ғана жанама билік етеді.

Жер пайдалану құқығын айналымға қосудың практикалық маңыздылығы сонда, сол арқылы жер азаматтық айналымға шығады, ол жер жеке меншікте бола алмайды мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығы азаматтық айналымға едәуір аз таралған. Мемлекеттік жер пайдаланушы, жер учаскесіндегі қозғалмайтын мүлікті белгіленген тәртіпте иеліктен шығаруға байланысты жағдайлардан басқа реттерде, өзіңе тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, сондай-ақ кепілге өткізуге құқылы емес.

Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.

Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің эко- логиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;

Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материаддарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің қауіпті қалдықгарын жағу, химиялық өндеуден өткізу, сақгау мен көму, Кдзақстан Республика- сының қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міңдеттемелерін орыңдаумен байланысты трансшекаралық тасымал;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объекгілерді орналастыру, салу мен қайта құру;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне биологиялық заттарды өндіру.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға об- лыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың — Алматы, астана — Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізіңде берілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қоршаған ортаның ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер, сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға квота бар.

Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықрының жалпы көлемінің түсу шекгері, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда био- логиялық ресурстарды табиғи молайту бүзылмайды және пайда- лы қазыңцыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;

Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір мерзімге нақгы таби- ғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;

Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;

Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квота- ларды жергілікті өкілді органдар (мәслихатгар) және облыстардың әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі облыстар (республикалықмаңызы бар қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал табиғи ресурстарды альш қоюға - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектеріңде анықгалады.

Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғыньшады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру. Бүл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді;


Информация о работе Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы