Табиғи ресурстардың классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 16:28, реферат

Краткое описание

Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы, Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.Табиғат ресурстары, табиғи ресурстар, барлық адамзат тіршілігінің табиғи шарты және ол табиғи ортаның ең маңызды компоненты, қоғамдық өндіріс үшін қоғамның материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттары үшін.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Табиғи ресурстардың классификациясы
Табиғи ресурстарды пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

табиғат ресурстарының классификациясы реферат.docx

— 24.01 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласындағы  ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

 

Инженерлік-технологиялық  факультеті

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Табиғи ресурстардың классификациясы

 

 

 

 

 

Орындаған: Серікқан Е.Е.

Тексерген: Кабышева Ж.К. 

 

 

 

Семей 2013

Мазмұны:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    1. Табиғи ресурстардың классификациясы
    2. Табиғи ресурстарды пайдалану
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Табиғи ортаны қорғау, табиғат  байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп  жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі  және жүргізілген шаралардың осы  заңдылықтарға сәйкес болуы басты  міндет. Табиғат байлығын пайдалану  және табиғи ортаны қорғау жуйесінде  негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат  пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі  тұрақты байланыстар заңдылығы, Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген  арнайы заңдылықтар.Табиғат ресурстары, табиғи ресурстар,  барлық  адамзат тіршілігінің табиғи шарты және ол табиғи ортаның  ең маңызды компоненты,  қоғамдық өндіріс үшін қоғамның материалдық  және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттары үшін.

 

Табиғи ресурстардың классификациясы

 

Табиғат ресурстары, табиғи ресурстар,  барлық  адамзат тіршілігінің табиғи шарты және ол табиғи ортаның  ең маңызды компоненты,  қоғамдық өндіріс үшін қоғамның материалдық  және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттары үшін. Табиғи ресурстар – барлық элементтер, табиғи жүйенің пайдаланылуы немесе  пайдаланылуда, келешекте шикізат , отын, қайрат және тамақ алу үшін және п. т. Табиғи жүйенің функционалдық нәтижелері, әлеуметтік-экономикалық жүйеге әсер етеді және пайдаланылуы табиғи шарт емес,  жеңілдететін немесе күрделендіретін шаруашылық функционалдық өндіріс. Ғылым және техниканың дамуының арқасында табиғи шарттың болу экономикалық сарапшылықтан табиғи ресурс дәрежесіне  ауысады.

Табиғи ресурстардың классификациясы  деп - табиғаттағы обьектілер мен құбылыстардың әр түрлі атқаратын қызметіне байланысты топтастырылып жіктелуі. Олардың табиғи ресурстық туындауына байланысты және ауқымды экономикалық мағынасына байланысты төмендегідей классификацияланған:

 

1.  Табиғи (генетикалық)  классификация – табиғи ресурстардың табиғи группаға жіктелуі: минералды  (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақ), өсімдік (оның ішінде орман), жануарлар әлемі,  климаттық, табиғи энергетикалық процестер (күннің сәулеленуі, Жердің ішкі жылуы, желэнергиясы).Өсімдік және жануарлар ресурстарын кейде биологиялық ресуртарға жатқызады.

  2.Табиғи ресуртардың экологиялық классификациясы сарқылатын және сарқылмайтындығында. Сарқылу дегеніміз ресурстың өндірістік шаруашылықтағы қажеттілік мөлшеріне байланысты. Экологиялық классификация:

• Сарқылмайтын табиғи ресурстар – табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күнэнергиясы, желэнергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жерқойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен суы саны бойынша өзгермеуі мүмкін, бірақадамның тіршілігі барысында сапасы төмендеу іәбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақсанитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады;

• Сарқылатын табиғи байлықтар – табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

 

Табиғи ресурстарды пайдалану

 

Қоғамның заттық және мәдени қажеттiктерiнiң қанағаттандыру мақсаттарындағы, табиғиқорлардың пайдалану процессін табиғатты пайдалану деп аталады. Табиғатты пайдалану ұтымды және ұтымсыз пайдаланудан тұрады.

 

Табиғатты пайдалану мынандай белгілердент ұрады:  

 

1)  қорғау,  қайтабастау және табиғи қорлардың орнын толтыруы, олардың шығаруы және өңдеу;

2)  адам өміріндегі  табиғи заңдылықтарды қолдану  және қорғау; 

3) қорғау, қалпына келтiру  және табиғи жүйелердiң экологиялық   тепе –теңдігін сақтау және  қалпына келтіру;

Табиғатты пайдалануда  экология және экологиялық заңдылықтар ескерілуі  тиіс. Рационалды табиғи пайдалануда  табиғи ресурстарды  зерттеу, оларды ұқыпты пайдалануы, қорғау және халық  шаруашылығын дамыту,  адамдардың денсаулығын  сақтау ғана емес, сонымен қатар  олардың  келешек мүдделерiн есепке алу мен орнын толтыру.

Қазіргі таңдағы басты  проблемалардың бірі ол табиғат ресурстарын  ұтымсыз пайдалану, табиғат ресурстарын  дұрыс пайдаланбау, табиғат ресурстарының    азаюына, жүдеуіне,  табиғат ресурстарының   жоғалуына , тіпті, қоршаған ортаның  ластануына әкеліп соғады.

Минералды ресурстар. Минералды ресурстарға жататындар: металл және металлды емес кені, мұнай, газ, көмір, жер асты сулары және т.б.

Пайдалы қазбаларды бір рет  қазып алғаннан кейін олар сарқылып кетеді. Пайдалы қазбалардың пайда  болуы өте жай, содықтан болашақта  адам баласына пайдалы қазындыларды қазу үшін тиімді құралдар  мен  тәсілдерді қарастыруы керек, сонымен қатар  екінші табиғи материалдарды өндіру тәсілін. Минералды ресурстардың адам өміріндегі алатын орны ерекше, оның дәлелі ежелгі тас дәуірі, темір дәуірі және қола дәірі бола алады.

Қазіргі уақытта Д. Менделеев  кестесіндег элементтердің барлығы  пайдаланылуда. Сан алуан түрлі  минералды табиғи материалдарың  олардың өндірілу және қолданылу  дәрежесі қоғамның әлауқаттылығын және алдыға өрлеуін, дамуын көрсетеді. Негізгітабиғиматериалдықресурстарға  металл, су, минералдыжәнеорганикалықресурстаржатады. Мысалы, ас тұзыкөпжылдарбойысауда- саттықайналымныңобъектісіболыпкеледі. Үлкенқордағыжәне металл емеспайдалықазбалар: балшық, әк, қиыршықтас, фосфорт, калий тұзыжәнеқарашақпақтас. Бұлқорлардыңкөбісіорганикалықболыпкеледі, сондықтанолартаусылатынресурстарретіндеқорғалады.  

Жер ресурстары. Топырақ – материалды игіліктердің негізгі бастауы, басты байлық, адам тіршілігінің ең басты қажеттілігі.

Топырақ  өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі  борпылдақ қабаты. Топырақ бойында  құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен  қамтамасыз ететін қабілеті болады.Топырақ  жаратылыс –тарихи тасқа айналған дене, тірі және өлі организмдердің,   атмосфера  және табиғи сулардың, тау  жыныстарының үстіңгі қабаты, әр түрлі  ауарайы және рельефтің, тас графитациясының  әсерінен пайда болды. Жер  шарының жалпы ауданы 510 млн. км2- қа тең, ал құрлық ауданы 149 млн км2 (29,2%).

Ғаламшардағы жер қоры әр түрлі категориялы жерлерден  тұрады: мұздықтар, полярлы және биік таулы құмдар, тундрала және орманды  тундра, балшықты, диқаншы аудан, құрғақ шөлді, өнеркәсіп және қалалық жерлер, жайылым, шабындық және т.б.  

Су ресурстары. Жер асты және жер үсті сулар саны, әр түрлі шарушылықтрада пайдаланылады. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ. Гидросфера – жердің   ең жұқа қабаты, себебі судың барлық күйі және салаларына ғаламшардың 0,001 массасы келеді. Табиғат заңдылығы сондай, суқ оры үнемі жаңарып, гидрологиялық айналым жүріп тұрады. Суғадегенсұранысжылдан – жылғаөсуде. Суды негізгітұтынушыларауылшарушылығыжәнеөнеркәсіпсалалары (қара металлургия, мұнай -  химия жәнежылуэнергетикасы).

Орман ресурстары. Орман су және жер ресурстарын сақтау және     қоршаған ортаны жақсарту үшін маңызы өте зор. Орман шаруашылығының қоршаған ортаны құрастыру үшін атқаратын функциялары:

1) жер қорғау;

2) топырақты қорғау(эрозияға  қарсы);

3) климат құрастырушы   және т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану  бір-бірімен тығыз байланысты кешенді  мәселе және олардың жиынтығын табиғат  пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттігі күмән тудырмайтын ақиқат. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология-экономикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың эко-номикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады.Табиғи ресурстардың классификациясы деп - табиғаттағы обьектілер мен құбылыстардың әр түрлі атқаратын қызметіне байланысты топтастырылып жіктелуі. Олардың табиғи ресурстық туындауына байланысты және ауқымды экономикалық мағынасына байланысты классификацияланған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қуатбаев А.Т. Жалпы экология: Оқулық. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. - 376 б. 
  2. Ақбасов А:Ж., Сағынбаев Г.Ә. «Экология» : Оқулық. –Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2003. - 425 б. 
  3. http://www.google.kz

Информация о работе Табиғи ресурстардың классификациясы