Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 01:13, реферат

Краткое описание

Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар.
Қазақстан қорықтары. Олардың табиғатты қорғау маңыздылығы.
Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлікті сақтаудағы рөлі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология срс на среду.docx

— 1.11 Мб (Скачать документ)

    6) Марқакөл қорығы

   1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

 

    7)Үстірт

 

 

     Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорыкты ұйым дастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі - устірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

    8) Батыс Алтай қорығы

      1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі.

 

   9) Алакөл қорығы

      1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.

   10) Қаратау қорығы

 

     2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

        Экологиялық мәселелерді және  биологиялық алуантүрлілікті   сақтаудың бір жолы – Қызыл   кітап. Табиғи ресурстары мен  табиғатты қорғаудың халықаралық  одағы (МСОП) бүкіл планетаның  Қызыл кітабын құрастырған. 

         Қызыл кітапқа сирек және жойылу  қаупі  төніп отырған ағзалар  енгізілген. Қызыл кітапқа енген  түрдің шамамен  санының кемуі  себебі, таралу террториясы  қорғау  үшін орындалатын іс-шаралар және  т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл  кітапқа енген барлық түрлерді  бірнеше категорияға бөледі: жойылу  қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы  қатал қорғау шаралары қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін  сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан), сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ  саны аз немесе шектелген территорияларда  ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа  алуға негіз бар, бірақ олар  туралы мәліметтер аз).

       Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі  үнемі  өзгеріп отырады. Қалпына  келтірілген түрлер тізімнен  шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік  көзі нашарланған түрлермен толықтырылады.  Қазақстанның  Қызыл кітабын шығаруы,  республикамыздын өте сирек жануарларын  сақтап қалу және оны қорғаудағы  рөлі өте  зор. Экономикалық  проблемаларды шеше отырып, біз  өзімізді қоршаған ортаның қал-жағдайын  естен шығармауымыз керек. Ғылым  мен техниканың алға басуы  адам мен табиғат арасында  үндестіктің болу қажеттілігіне  еріксіз ой тоқтаттырады.     Қазақстанның Қызыл кітабының  жарыққа шығуы біздің әрқайсымыздың  соншалықты көркем, әрі тамаша  табиғат әлемін сақтаудағы жеке-жеке  жауапкер екенімізді саналы түрде  ұғынуымызға түрткі болады.

      Қызыл  кітаптың беттерін аша отырып, бізге жойылып бара жатқан  немесе жойылып кету қауіпі  бар жануарлар мен өсімдіктер  түрлері тізімінің өсуіне себепші  болатын жағдайлар мен себептер  туралы терең ойлануымыз керек.    Биологиялық әртүрлілікті сақтау  мәселесі бірнеше ондаған жылдардан  бері тек мамандар мен табиғат  қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды, себебі әр бір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы дәлел.

      Қазақстанда  Қызыл кітап Үкімет шешімімен  1978 жылдың қаңтарында бекітіліп,  осы жылдың аяғында оның омыртқалы  жануарларға арналған бірінші  бөлімі жарық көрді. Оған 87, оның  ішінде: балықтардың 4, қосмекенділердің 1, бауырмен жорғалаушылардың 8, құстардың  43, сүтқоректілердің 31 түрлері енгізілді;  олардың барлығы сирек және  жойылып бара жатқан деп екі  категорияға бөлінді. Бұл кітап  бұрынғы Кеңестер Одағы бойынша  бірінші басылым болғандықтан  тек түрдің аты – жөні және  түрге байланысты міндетті мақала  ғана емес сонымен қатар қосымша  мәліметтер – жануардың сыртқы  пішінінің сипаттамасы мен оның  жыныстық белгілері де берілді.  Басылымның жеделдігіне байланысты  көптеген түрлердің таралуы мен  саны жайында бұдан 10 – 20 жыл  бұрынғы мәліметтер пайдаланылды.

 

          Қазақ ССР Қызыл кітабының  екінші басылымына (1991) омыртқалы  жануарлардың 129 түрлері  мен түршелері  (балықтардың – 16, қосмекенділердің  – 3, бауырымен жорғалаушылардың  – 10, құстардың – 58, сүтқоректілердің - 42 ) және бірінші рет омыртқасыз  жануарлардың 105 түрі (насекомдар –  96, шаянтәрізділер – 1, моллюскалар  – 6, құрттар - 2) енгізілген еді.  Қызыл кітапта «тіршілік етушілердің»  санының біршама өсуі республикамызда  жануарлар дүниесінің қалжағдайының  тек қана төмендеуінен деп  есептеуге болмайтынын айта кеткен  жөн, себебі бұл Қазақстан жануарлар  дүниесі жайындағы біздің біліміміздің  біршама артқандығын көрсетеді.  Қызыл кітап алдын – ала  сақтауда үлкен рөл атқаратын  және тұрақты қызмет ететін  документ болып саналады. Сирек  және жойылып кету қаупі бар  түрлердің жаңарған тізімін және  олардың статусын өзгертуді авторлар  ұжымы талқылап, ол Қызыл кітап  жайындағы Зоологиялық комиссияның  отырысында қаралып, белгіленген  тәртіп бойынша оны 1995жылдың  тамызында Қазақстан Республикасы  Министрлер Кабинеті бекітті. 

       Қазақстанда «Қызыл кітап »  Республика Үкіметінің 1978 жылдың  16-қаңтарындағы қаулысы  бойынша  бекітіледі(Қазақ ССР  Министрлігі  Советінің № 20 қаулысы).Оның омыртқалы  жануарларға арналған бірінші  бөлімі 1979 жылы қаңтар айында  жарық көрді(1978 жылдың аяғында  басылып шыққан еді).Бұл кітапқа  омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен  түршелері, оның ішінде:сүтқоректілері–  37, құстар – 43,бауырымен жорғалаушылар  - 8, қосмекенділер  -1 және балықтардың  4 түрі тіркеледі. 1981 жылы Республика  Қызыл кітабының  екінші бөлімі  жарық көрді.Оған  өсімдіктердің  – 307 түрі, оның  ішінде: жоғары  сатыдағы гүлді  өсімдіктер(288), жалаңаш тұқымдылар(2),  қырықұлақақ  тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар  (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.  Қазақстан Республикасының Қызыл  кітабы «Жануарлар»  мен «Өсімдіктер»  деп аталатын 2 томнан тұрады. Әрбір  том бір кітап  немесе бірнеше  бөлім болып басылып шығуы  мүмкін. Жануарларға арналған том  3 мәрте (1978,1991,1996) басылып шықты. Бірақ омыртқасыз жәндіктер тек екінші басылымға ғана енді, ал олар туралы үшінші басылым дайындалып жатыр.

          Адам баласы жануарлар мен   өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми – фактілерді саралап  келіп, ендігі жерде оларды  қорғау қажеттігі туралы тоқтамға  келді. Кейбір өркениетті елдерде  жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен – көлдерді қорғау туралы  мемлекет деңгейінде құжаттар  қабылдана бастады. Орыс патшасы  I Петр Мәскеу маңындағы ормандар  мен оның қойынауындағы табиғат  байлықтарының бәрін '' патша қазынасы'' деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, өзен бойынан 3км жерге дейін  ағаш кескендерді қатаң жазалаған. 

    Мұндай  көзқарастар кейіннен басқа да  елдерде қолдау тауып, Еуропа,Ресей,Қытай,Үндістан,Жапон  елдері табиғат қорғауға көп  көңіл бөлген.Кейбір мемлекеттерде  қорықтар,ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың  бірі Халықаралық  табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді.Ол 1948 жылы құрылды.Ұйымның мақсаты  - дүние жүзіндегі сиреп немесе  құрып бара жатқан аң мен  құстарды және өсімдіктердің  «Қызыл кітабын» ұйымдастыру  болатын. Оған дейін халықаралық  «Қара кітаптың »тізімі жасалды.Оған  жер бетінен біржола құрып  кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

      «Қызыл  кітап» туралы пікірді ағылшын  табиғат зерттеушісі Питер Скотт  айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық  «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966 – 1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО  – ның «Қызыл кітабы» шықты.  Қазақ КСР – ның алғашқы  «Қызыл кітабының» жануарларға  арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы  өсімдіктерге арналған бөлігі  жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл  кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары  өңделіп, қайта басылып, көпшілікке  ұсынылды.

     «Қызыл  кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан  Республикасының Ұлттық Ғылым  академиясының бірнеше ғылыми  – зерттеу институттарының ғалымдары  ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми – практикалық конфересиялар  ұйымдастырды. «Қызыл кітапқа» енетін  әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама  беріліп, талқыға салынды.Одан  соң жануарлар туралы қарар  қабылданып отырды. Мұндай шараларды  ұйымдастыруда бұрынғы Зоология, қазіргі Генеқорлар институтының  қызметкерлерінің де еңбегі зор.  «Қызыл кітапқа» белгілі бір  түрде енгізу үшін ғалымдар  әр жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Осы санатқа  сәйкес келген жағдай да ғана  ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:  1 санат  – жойылып бара жатқандар.  Олар туралы соңғы 50 жылда ешқандай  деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қаблан, қызыл құм  арқары т.б. 2 санат – саны азайып  бара жатқандар. Мысалы, балқаш  ала бұғасы, сары құтан, жұпар,  құлан т.б. 3 санат – серек түрлері  (қазір жойылып кету қауіпі  жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер). Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат  – қара ләйлек т.б.  4 санат  – белгісіздер (толық зерттелмеген  түрлер). Мысалы, шұбар кесіртке, қара  шұбар жылан т.б.    5 санат – Қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, кіші аққу, көк құс т.б.

      «Қызыл  кітапқа» енгізілген жануарларды  аулауға, өсімдіктерді жоюға тиым  салынған. «Қызыл кітап» - мемлекеттік  құжат. Сондықтан оған енген  жан – жануарларды оқып үйрену, білу баршаның міндеті болып  табылады.

   «Қызыл кітапқа»  енген аң мен құстарды, өсімдіктерді  біле отырып, біз оны зерттеуші  ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл  кітап» әрбір отбасы мектептің  кітап сөресінде тұруға тиісті. Сол арқылы біз оларды қорғауға  үлес қосатын боламыз. Қазақстан  Республикасының Қазал кітабына  жануарлар мен өсімдіктердің   сол немесе өзге түрін енгізуге  және онын мартебесін айқындауға  санының қисапсыз азаюы, таралу  аймақтарының қысқаруы, тіршілік  ету жағдайының қолайсыз өзгеруі  туралы деректер немесе оны  қорғау мен өсімін молайту  жөнінде шығу шаралар қолданудың  қажеттігі туралы дәлел келтіретін  кез келген басқа да деректер  негіз болады. Халықаралық табиғатты  және табиғи ресурыстарды қорғау  одағының тізіміне енген сирек  кездесетін және жойылып кету  қаупі бар жануарлардың түрлері  Қазақстан Республикасының Қызыл  кітабына бірінші кезекте енгізіледі. Жануарлар мен өсімдіктердің  кез келген түрін Қазақстан  Республикасының Қызыл кітабына  енгізу немесе Қызыл кітаптан  шығару туралы ұсыныстар Қазақстан  Республикасының Қызыл кітабы  жөніндегі зоологиялық және ботаникалық  комиссияларға ұсынылады. Жануарлар  мен өсімдіктер түрлерін Қазақстан  Республикасының Қызыл кітабына , одан шығару және кез келген  түрінің мәртебесі туралы мәселелерді  қарау үшін ведомствоаралық, зоологиялық  және ботаникалық, комиссиялар  құрылады, олардың құрамына қарамастан  осы салалардың жетекші мамандары  (Қазақстан Республикасы Ұлттық  Ғылым академиясының, Қазақстан  Республикасының Экология және  биоресурстар министірлігінің, табиғатты  қорғау жөніндегі жоғары оқу  орындары мен ғылыми – зерттеу  мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың  және басқаларының) кіреді.   

Информация о работе Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар