Табиғат пайдалану саласындағы ғылыми техникалық жетістіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 08:32, реферат

Краткое описание

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор.docx

— 22.14 Кб (Скачать документ)

  Табиғат пайдалану саласындағы ғылыми техникалық жетістіктер

Біздің еліміздің табиғат  байлықтары орасан зор, олар халық қажетін  қанағаттандыру әрі шаруашылығы  дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік  тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық  қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге  елдің экологиялық дамуы жөніндегі  мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.

Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары  мен табиғатты қорғау үшін сирек  кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің  түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен  торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын  көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.

Табиғатты қорғау мен табиғат  қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей  қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар  арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажет¬\тілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат ко¬митеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.

Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ айлығын», «Сабан той» өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сакшыларының» штабтары құрылды, республикада «мектептік орман шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.

Табиғатты қорғау саласындағы  қатынастарды дамытып жетілдіруде  мемлекеттік басқарудың ролі ерекше. Басқару міндетіне интенсивті даму факторларын біріктіру, ғылыми-техникалық ревалюцияның жетістіктерін мемлекеттік  шаруа жүйесімен байланыстыру кіреді. Сонымен қатар, басқару міндетіне  өндірістің, ғылымның және білім беру саласының тиімді қызметі мен  дамуы да кіреді. Ал, басқарудың негізгі  міндеті ғылыми жетістіктерді техника  мен технологияларға дер кезінде  енгізу болып табылады. Жердің, жер  қойнауы мен орманның, судың пайдалануға  берілуі мен қайтып алынуының  белгілі бір тәртібін ұсына отырып, оларға есеп жүргізу, кәсіпорындар мен  ұйымдардың, азаматтардың іс-әрекетін бақылауға алып, мемлекеттік басқару  институты негізінен бүкіл табиғатты  қорғау саласының тиімділігін қамтиды. Жер қорын мемлекеттік басқару  – жер құқығы институттарының  бірі. Жер құқық қатынастарының ішінде өзіндік ерекше сипаты бар. Оның негізгі  бағыты жерді ұтымды пайдалану мен  қорғауды ұйымдастыру, олардың әлеуметтік және экономикалық қасиеттерін жүзеге асыру шараларын, соның ішінде құқықтық шаралдарды, тәртіптер мен ережелерді белгілеу, олардың орындалуын жүзеге асырумен бірге бақылау жұмысын атқару болып табылады.

Табиғи ресурстарды қорғаудағы қоғамдық қатынас саласындағы басқарылатын жүйе бөлігіне – кәсіпорындар, мекемелер  және азаматтар, яғни табиғи байлықты тікелей пайдаланушылар кіреді. Ал, басқаратын жүйе бөлігіне – мемлекеттік билік органдары, министрліктер, ведмостволар және т.б. кіреді. Бірақ нақты өмірде объект және субъект арасын бөліп қарастыру мүмкін бола бермейді. Айналысып жүрген қызметтің сипаты мен мазмұнына сәйкес қайсыбір заңды тұлғаны басқаратын не басқарылатын жүйе бөлігіне жатқызуға болады. Мысалы: ұжым жер пайдаланушы ретінде, басқару объектісі болады, бірақ осы ұжым егіншілік жер пайдалануға қатысты басқару субъектісі де болып табылады. Бәріде ұжым не шаруа серіктестігі жасайтын қоғамдық қатынастар сипатына байланысты болады. Бірақ бұл жағдай әлеуметтік басқарудың құрылымдық-қызметтік сипатының маңыздылығын ескермеуге, басқарушы және басқарылатын жүйе бөліктерінен де бас тартуға негіз бола алмайды

Әдетте, бір тұлға бір  қоғамдық қатынаста бір мезетте  басқарудың субъектісі және объектісі  бола алмайды. Басқару қатынастарына  қатысушылар арасындағы байланыс сипаты, қорыта келгенде, олардың иерархиялық  орнымен емес, басқару мен билеудегі  атқаратын қызметі және қатынастарындағы жалпы әлеуметтік рөлімен айқындалады. Теорияда горизонтаольды басқару қатынастарының пайда болуы, яғни, бағынышты емес, жалпы іс-әрекетті басқару туралы айтылады. Әлеуметтік басқару жүйелеріне екі (басқаратын және басқарылатын) жүйе бөлігі орнына жүйе элементінің екі  рөлі туралы айтылған пікірмен келісуге болмайды. Өмірде басқару объектісі  мен субъектісін бөліп қарастырудың теориялық қана емес, практикалық  та маңызы бар. Ең әуелі, ол кез келген ұжым қызметінің негізгі мазмұнын дұрыс  анықтауға мүмкіндік береді. Адамдарға  билік арқылы ықпал ететін жүйе, негізінен әкімшілік-құқықтық ыңғайында  жұмыс атқарады. Бұл жүйедегі тұлғалар қызметінің ең басты мазмұны олардың  адамдар, ұжымдар т.б. қатынастарын ұйымдастыру және реттеу қабілеті болып табылады.

Әрине, бағыну тәртібіне  сәйкес бұлар да басқарылады (мысалы, аудандық ауыл шаруашылық басқармасы – облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, ал соңғысы Республикалық  ауыл шаруашылық министрлігі т.с.с.). Алайда, олар басқарудың объектісі емес, субъектісі ретінде  бағаланады. Басқарушы субъектілерді  басқару олардың қызметінің түрлері  мен тәсілдерін жетілдіру болса, объектіні басқару – адамдар  өмірін материалдық және мәдени деңгейін жоғарылатуға байланысты қызметі мен  олардың белсенділігін арттыруына, жағдайын жақсартуына және дамытуына  негізделеді. Мұнда басқару субъектілері мен объектілері арасындағы тығыз  байланысты, олардың басқару қызметінің сипаты мен мазмұнына тигізетін  ықпалын ұмытуға болмайды. Басқару тиімді болу үшін басқарушы субъекті мен объектінің ерекшеліктерін ескеріп, әртүрлі факторлардың әсеріне дер кезінде назар аударып, басқару қатынастарынан даму болашағын көре білу қажет.Субъекті мен объект арасындағы диалектикалық өзара байланыс қоғамдық процестерді басқарудың объективті қажеттілігінен өз көрінісін табады. Табиғи байлықтарды пайдаланушылар –мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер, мемлекеттік басқаруға объективті түрде мүдделі болады

Табиғат объектілерін қорғау мен пайдаланудағы қоғамдық қатынастардың  субъектілері дербес орындар болып  табылады. Олардың құқықтары басқа  кәсіпорындар мен ұйымдардың алдында  ғана емес, заңда белгіленген жағдайларда, мемлекеттік органдар алдында да қорғалады. Табиғи байлықтарды басқару  органдары, олардың келісімінсіз жерді, жер қойнауын, орманды, т.б. бөліп  бере алмайды. Сондай-ақ тиісті пайдалану  ережелері бұзылмаған жағдайда табиғи ресурстар таралып алынбайды. Бірақ  кәсіпорындар мен ұйымдардың табиғи ресурстарды дұрыс пайдалануын  ұйымдастыру үшін, олардың қызметтерін  байланыстыру және мемлекет органдары  тарапынан қайсыбір өндірістік мәселелерді  жылдам шешу үшін оларға көмектесу  қажет. Мемлекет органдары кәсіпорындарды, мекемелерді, ауыл шаруашылық ұйымдарын  қажетті техникамен, материалдық  құралдармен дер кезінде қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады, табиғатты  пайдалануды жоспарлайды. Табиғи ресурстарды  тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, басқару органдарының осындай және т.б. мәселелерді дұрыс әрі нәтижелі шешілуіне байланысты болады. Мемлекет табиғи байлықтардың иесі болғандықтан, басқарудың жақсаруы мен оның дамуына  мүдделі. Ол халық шаруашылығының, табиғи ортаның пайдаланылуымен байланысты минералды шикізат, орман, су ресурстарына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктердің өтелуін қамтамасыз етеді. Сонымен  бірге болашақ ұрпаққа табиғи байлықтардың сақталып қалуын да қамтамасыз етуі қажет. Өзінің көп салалы қызметінде мемлекет әртүрлі қатынастар жасайды, олардың ішінде басқару қызметтерін  жүзеге асырудың жалғыз ғана құралы емес.Мемлекет елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінің негізгі ұйымдастырушысы болып  табылады. Бірақ басқару –мемлекеттің өзінің  шаруашылық ұйымдастыру  қызметін өтеудегі ең маңызды құралы болып табылады. Басқару арқылы нарықтың бүгінгі және болашақ ұрпақтың мүддесіне  сәйкес экономикалық дамуы, табиғаттың игерілуі, қорғалуы және өзгеруі қамтамасыз етіледі 

Қазіргі кезеңдегі біздің қоғам дамуында мемлекеттік басқару, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың, министрліктер мен ведмостволврдың  табиғатты пайдаланудағы қызметтеріне ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы қоршаған ортаны қорғау және пайдалану процесіне де әсер етеді. Табиғи ресурстарды мемлекеттік басқарудың негізгі міндеті – барлық мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің, лауазымды азаматтардың, меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, экологиялық заңның нормалары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Негізінен, мемлекеттік экологиялық бақылау – мемлекеттік басқару қызметінің бір түрі болып табылады. Бұл қызметтің негізгі қағидалары: заңдылық, объективтілік, кешенділік, жариялылық, тәуелсіздік. Мемлекеттік басқару мемлекет атынан жүзеге асырылады және қандайда болсын ведмостволық мүдделерге бағынышты болмауы тиіс. Біздіңше, бүгінгі мемлекеттік экологиялық  бақылау мен шаруашылықпен айналысу қызметтерін бөлу қағидасын заңды түрде орнату қажеттілігі туындап отырғын сияқтын бұл қағида мемлекеттік бақылаудың ведмостволық емес сипатынан туындайды, және ол мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыру үшін барлық мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің меншік түріне және бағынуына қарамастан, мемлекеттік органдардың талаптарын, бұйрықтары мен нұсқауларының нақты орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды  мемлекет атынан әртүрлі ведмостволар жүзеге асыруда. Олардың кейбірі шаруашылық қызметпен қоса бақылау қызметімен де айналысып отыр. Мысалы: Ауыл шаруашылық министрлігі т.б.


Информация о работе Табиғат пайдалану саласындағы ғылыми техникалық жетістіктер