Табиғат объектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 03:49, курсовая работа

Краткое описание

Меншік - экологиялық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”. Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншiк қатынастарның өзгеруi - қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi.

Содержание

1.Кіріспе
2.Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
3.Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
4.Табиғат құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау және экологиялық құқықтағы жауаптылық
5.Қорытынды
6.Қолданылғын әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсач алта.docx

— 41.32 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

1.Кіріспе

2.Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас  және қайнар көздері

3.Табиғат объектілеріне  меншік құқығы және табиғи  ресурстарды пайдалану құқығы 

4.Табиғат құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау  және экологиялық құқықтағы жауаптылық

5.Қорытынды

6.Қолданылғын әдебиеттер  тізімі

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Меншік - экологиялық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi.  Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”. Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншiк қатынастарның өзгеруi - қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi. «Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда - »меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық түрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік қүқығынан айыру қажет.      Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншікгің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік қүқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.       Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатьшастары меншікің экономикалық қатынастарнның мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзішне дербес болады. Меншік құқығы - негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол — тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтардың араласып жатуында болып түр. Бірақ олар қанша тығыз және ауқымды араласқанмен, бұл жерде заттық құқықтан, міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес. Меншік құқығының міндеттемелік нышаңдарының бірі - оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188 бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.          Меншік құқығы — неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң арқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» ерекеже жуықтау анықтама береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас  және қайнар көздері

 

ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін  құқықтық ережелердің жиынтығын  зерттейтін оқу пәні немесе ғылым  саласы.     Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.           Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат  ресурстарының меншік иесі болып  табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер  — Қазақстанның табиғат ресурстарын  пайдалану мәселелері бойынша  экологиялық қатынастардың субъектілері  болып табылады, республикаға табиғи  ортаға келтірген залалы үшін  жауап береді (шекаралық су объектілері  бойынша бірлесіп су пайдалануы  және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4.  Жеке тұлғалар.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір  қатынастар реттеледі. ҚР-ның «Қоршаған  ортаны қорғау туралы» заңында былай  делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен  денсаулығын қорғаудың басымдығы,  халықтың өмірі, еңбегі мен  демалысы үшін қолайлы қоршаған  ортаны сақтау және қалпына  келтіру;            - ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;            - экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;            - табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;   - биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;            - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;            - қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;          - халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;         - халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.           Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады. Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады. Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады. Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

1. кешенді;

2. ресурстық;

3. әлеуметтік — экологиялық.

Экология құқықтарының кешенді  қайнар көздеріне нормативтік актілер  жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне  бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға  болады. Экология құқықтарының ресурстық  қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне  жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман  кодексі және т.б. жатады. Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне  адамдардың өмір сүруіне қолайлы  ортаны қамтамасыз етуге бағытталған  факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын  сақтау туралы», «Семей облысындағы  ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан  Республикасының Конституциясы  жатады.

2) Экология құқықтарының  қайнар көзіне «Айналадағы табиғи  ортаны қорғау туралы» Қазақстан  Республикасының заңы жатады. Бұл  заң қазіргі және болашақ ұрпақтың  мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи  ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық  және әлеуметтік негіздерін белгілеуге  және адам қызметінің осы табиғи  ортаға зиянды ықпал жасауына  жол бермеу шараларына бағытталған.

3) Экология құқықтарының  қайнар көздеріне министрліктер  мен ведомстволардың нормативтік  – құқықтық актілері жатады. Министрліктер  мен ведомстволардың актілері  салалық басқаруды жүзеге асырады.

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.  
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен  оның құрамындағы элементтер болып  табылатын қатынастарды айтамыз.  
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар жатады. Оларға жер, жер қойнауы, сулар, ормандар, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жатады. 

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат  ресурстарының меншік иесі болып  табылады; 

2. Шетелдік мемлекеттер  - Қазақстанның табиғат ресурстарын  пайдалану мәселелері бойынша  экологиялық қатынастардың субъектілері  болып табылады, республикаға табиғи  ортаға келтірген залалы үшін  жауап береді (шекаралық су объектілері  бойынша бірлесіп су пайдалануы  және т.б.); 

3. Заңды тұлғалар; 

4. Жеке тұлғалар. 

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір  қатынастар реттеледі.  
ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады: 

- адамның өмірі мен  денсаулығын қорғаудың басымдығы,  халықтың өмірі, еңбегі мен  демалысы үшін қолайлы қоршаған  ортаны сақтау және қалпына  келтіру; 

- ҚР-ның нарықтық қатынастар  жағдайында тұрақты дамуға көшуі,  адамдардың қазіргі және болашақ  ұрпақтарының салауатты және  қолайлы қоршаған ортаға деген  қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында  қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық  міндеттері мен проблемаларын  теңдестіре отырып шешу; 

- экологиялық жағдайы  қолайсыз аймақтардағы экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және бұзылған табиғи экологиялық  жүйелерді қалпына келтіру; 

- табиғат ресурстарын  ұтымды пайдалану және молықтыру; \

- биологиялық алуан түрлілікті  және экологиялық, ғылыми және  мәдени жағынан ерекше маңызы  бар қоршаған орта объектілерін  сақтауды қамтамасыз ету; 

- қоршаған ортаны қорғау  туралы заңдарды мемлекеттік  реттеу мен мемлекеттік бақылау,  оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің  ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан  келтіруге жол бермеу, қоршаған  ортаға ықпал ету мүмкіндігін  бағалау; 

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер  мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қоршаған ортаны  қорғау саласына белсенді түрде  және демократиялық жолмен қатысу; 

- халықаралық құқық негізінде  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  халықаралық ынтымақтастық принциптерін  сақтау негізінде жүзеге асырылады. 

Экологиялық құқықтың жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім. 

Экологиялық құқықтың жалпы  бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады. 

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қараладыҚазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне –  айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны  пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік  актілер жатады. 

Кейбір нормативтік актілер  экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексі  – экологиялық заңдарды бұзғаны  үшін жауаптылықтарды реттейтін  нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық  заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодекстері де экологиялық  құқықтың қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың  құрамына кірмейді.Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғымы.«Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең. 

Экологиялық құқықтың қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді: 1. кешенді; 2. ресурстық; 3. әлеуметтік – экологиялық.  
Экологиялық құқықтың кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған ҚР Экологиялық Кодексін жатқызуға болады.  
Экологиялық құқықтың ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.  
Экологиялық құқықтың әлеуметтік–экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы» заңдарды жатқызуға болады.Қазақстан Республикасы Конституциясы – экологиялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады, себебі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық негізін қалайды. Басқа барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болады:1. ұйымдық – басқарушылық; 2. экономикалық3. әлеуметтік.  

1.Ұйымдық басқарушылық  нормаларға айналадағы табиғи  ортаны қорғау жағдайында мемлекеттің  және лауазымды адамдардың мақсаттары  туралы нормалар кіреді. Конституциялық  нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің жергілікті  өкімет органдарының міндеттерін  реттейтін нормалар айналадағы  табиғи ортаны қорғауды құқықтық  реттеудің керек екендігін көрсетеді.  Мысалы: 31 бапта- «мемлекет адамдардың  өмір сүруі мен денсаулығына  қолайлы айналадағы ортаны қорғауды  мақсат етіп қояды» делінген. 61 бапта- Парламенттің «айналадағы  ортаны қорғауға байланысты қоғамдық  қатынастарды реттейтін» заңдар  шығаруға хақылы екендігі көрсетілген. 

Информация о работе Табиғат объектілері