Судың сандық мөлшерінің сарқылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 19:37, реферат

Краткое описание

Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттық тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады.

Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.

Содержание

І. Су. Судың қасиеттері

ІІ. Жердегі су қоры

III. Судың ластану мәселесі

IV. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы

V. Суды қорғау

Қортынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

Су экологиясы.doc

— 98.00 Кб (Скачать документ)

Судың сандық мөлшерінің сарқылуы. Қазір адам әр түрлі су көздерін алып, тұщы судың табиғи қорының 0,1 – 0,15% - ын пайдаланады. Судың болмашы  мөлшерінің алынуы сырт көзге судың  жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін. 35 млн км тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген. Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн км суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

 

Суды қорғау

 

Суды қорғау- адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.

 

Суды қорғау аймақтары  мен белдеулері

 

Суды қорғау аймақтары  мен белдеулері — өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер.

 

Суды қорғау жөніндегі  міндеттер

 

Суды қорғау жөніндегі  міндеттер—Қазақстан Республикасының  аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

 

Суды қорғаудың міндеттері

 

Суды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің  экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың  физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің  өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

Қорытынды бөлім 

 

Әрбір жұмыс - өз мақсатымен көрікті. Кез-келген істі бастағанда жетер шыңы мен шарықтау шегін мәжелейсің. Мақсаттың мен биігіңнен табылсаң ойға алғаныңның орындалғандығы.

 

Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі  таңда су экологиясы үлкен басты  проблемаға айналып отыр. Неге су экологиясы үлкен мәселеге айналды? Кім бұл мәселені тудырды? Проблеманы болдырмауда қандай-қандай әдіс-тәсілдер ба? Осындай сұрақтар мені толғандырды.

 

 

Иә, үлкеніміз бар, кішіміз бар  тіршілігімізде тірек, өмірдің өзегі  мен нәрі болған суға қадырын танитындай көзқарастар қалыптастырсақ жағдай қазіргідей болмас еді. Хлқымызда ежелден ел ауызында айтылып келе жатқан "Судың да сұрауы бар”, "Бұлақ көрсең – көзін аш”, "Сулы жер – нулы жер” деген нақылдар тегін бе екен.

 

Мәселелерді тудырған негізгі –  адам. Иә, осыған жартылай келісемін, жартылай келіспеймін. Неге адам проблеманы болдырмауда "Мен өзімнен бастауым керек” деген категорияны басым етіп ұстамайды.

 

Кішкене бүлдіршіндер және әр адам өз-өзіне  жауапты болуы тиіс. Егер әр тәрбиеші, педагог және ата-ана су адам өміріне  қажеттігін түсіндіріп, айтып, тәрбиелеп отырса, қазіргі таңда проблема болмаушы еді.

 

Су экологиясына байланысты сабақтар мен тәрбие сағатын өткіздім. "Су – тіршілік көзі” атты тәрбие сағатында, балалар бар қызығушылығымен, ынтасымен  қатысты. Тыйым сөздер, өздерінің  ойларын айтты. Балалар осы тәрбие сағатында су адам өмірінде қажеттігін түсінді.

 

Бір түйінге келе әр адам өз істеген  ісіне жауапты болуы тиіс деп  тұжырымдаймын.


Информация о работе Судың сандық мөлшерінің сарқылуы