Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2015 в 20:29, реферат
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының су ресурсы
Су қорларын тиімді пайдалану
Су қорларын қорғау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыбы: Судың ластануы
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының су ресурсы
Су қорларын тиімді пайдалану
Су қорларын қорғау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
өнеркәсіп орындары;
ауыл шаруашылығын химияландыру:
халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Оның негізгі ластану көздері мыналар:
— өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
— химиялық заттар және тыңайтқыштар;
— тұрмыстық қалдықтар;
— жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
— ірі құрылыс учаскелері;
— күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.
Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета полигондары, т.б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді.
Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші – биоиндикаторы болса керек. Қазіргі Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызады.
Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған.
Ақтөбе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.
Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы «Карбид» өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқыгнды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор,химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.
Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда.
Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.
3. Су қорларын қорғау
Биосфера мен адамның тіршілік етуі суды пайдалану арқылы өмір сүрді. Адамзат әрқашан суды пайдалануын ұлғайтып, гидросфераға үлкен әсер етті. Қазіргі кезде техносфераның дамуында, әлемде адамның биосфераға әсері күшті қарқынмен өсіп келе жатыр, ал табиғаттық жүйе өзінің қорғаныштық қасиетін жоғалта бастады, яғни қажетті жаңа жолдар тенденцияны іске асыратын нақтылықты сезіну болды, ол табиғат пен бүкіл әлемнің және оны құрайтын құбылыстарында пайда болды. Ал ол жамандыққа негізделді, яғни біздің уақытымыздағы жер үсті мен жер асты суларының бүлінуі
Су қабаттарының бүлінуі, ол биосфералық функциямен және экологияның мәніне ауыр әсерінің тигізуіне әкеліп соқтырады, нәтижесінде оған жаман заттардың түсуі болды.
Судың ластануы органолептикалық күшінің қасиетінің өзгерісінде көрінеді, олардың үлкеюі және құрамында сульфат, хлоридтер, нитрат, уытты ауыр темірлер, азайып, еріп, ауаға араласып, тарап кетті де, соның әсерінен радиоактивтік элементтері, ауру туғызатын бактериларжәне т.б. ауыр лас заттар бар.
Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.
Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.
Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 смтөмен түскен.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл даланың ортасында ірі көлдердің бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің көлемі 19 мың шаршы километр. Бұл көлдің халық шаруашылық мәні ете күшті. Осы көл аркылы республикамызда таукен металлургия өндірістері дамыды. Көл жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз жүргізілген бақылау көл суының минералдануының аса өзгермегенін көрсетті.
Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр терісін алып тұрған.
Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар аударып отыр. Соңғы 10—15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен Амудариядан су көп мөлшерде кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай тұрғанда Амудария мен Сырдария Аралға орташа есеппен жылына 62 текше километр су беріп тұратын болса, 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға құймайды, түгелдей жол-жөнекей шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария құятын судың 75 проценті кеміді, 1975—1978 жылдары Аралға бар болғаны 12 текше километр су берді.
Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы егістік бар, бұл мөлшерді 8—9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп, қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі Арнасай және Сарықамыс ойпаттарына жылына 7—8 текше километр су құйылып қайтпастан жоғалады. Осының бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп соқты. 1960 жылдан бері жылма-жыл таяздаудан теңіз деңгейі7 метртөмен түсті, теңіздің көлемі 14 мың шаршы километрге кеміді. Теңіздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан белігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты Теңіз бен өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар балықтардың көбеюіне де кесірін тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, 1963 жылы 480 мың центнер балық ауланған болса, 1978—1979 жылдары бар болғаны 40—50 мың центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде тоқталды.
Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100—120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде). Енді, соншама судың басым белігі қайда кетті? деген сұрақ туады.
Мұның мынадай себептері бар. Картаға қарасақ ұлаң-ғайыр қазақ даласының оңтүстік-шығысы, батысы таумен қоршалып жатыр. Ол жақтардан ылғалды ауа өтпейді. Республиканың солтүстігі ғана ашық. Көкшетау облысынан басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. Бұл республикамызда су қорының азаюының бір себебі. Екінші себебі республика жерінен өтетін негізгі өзендердің ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл Мұзды мұхитқа кететіндігінде; үшінші себебі — Сыр, Іле, Тентек, Ақсу, Қаратал, Нұра техникалық мұқтажды, не ауызсулық мұқтажды өтей алмайтын Каспий, Арал, Балқаш, Қорғалжын сияқты тұзды айдындарға құйылып жатуында; төртінші және ең негізгі себептердің бірі — әлгі айтқан өзен суларының шаруашылық мақсатта көп бөгеліп, қайрылмастан жоқ болуында. Осыдан келіп республикамыздың жылдық су қорын адам баласына шаққанда жиырма бөлігінің бір бөлігі ғана тиеді.
Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал, Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу проблемасы тұр.
Республика далаларын су мұқтаждығынан құтқару мақсатында айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы миллиардтаған текше метр су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс — Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан суарылатын жер игерілді. Ол жерлерде пайда болған мыңдаған жаңа шаруашылықтар қыруар пайда беріп отыр.
Алайда мұның бәрі ірі су айдындарының күннен-күнге тартылуына себепші болып отыр. Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды. Каспий, Арал, Балқаш сияқты табиғи айдындарды да жоғалтып алмау керек.