Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 17:18, реферат
Мемлекеттiң басқару нысандары мемлекет үшiн аса маңызды мәселе болып табылады. Мемлекеттi басқару нысандары сол мемлекеттiң Ата заңына, яғни Конституциясына негiзделуi тиiс. Егер мемлекеттi басқарудың нысандары демократиялық принциптерге негiзделсе, осы елдiң азаматтары мемлекеттi басқаруға тiкелей немесе жанама түрде ат салысуға мүмкiндiк алады.
Сондықтан да кез келген мемлекет құқықтық құрылым ретiнде белгiлi бiр басқару нысандарының болуын қажет етедi.
I. КІРІСПЕ
II.Негізгі бөлім:
1. Мемлекеттің және құқықтың түсінігі және белгілері.
2. Мемлекетің басқару және құрылыс нысандары.
3. Мемлекеттік саяси режим.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Құқық негіздері
Кафедра: Құқық негіздері кафедрасы
Курс: 1
Тақырыбы: Мемлекет нысаны
Орындалу әдісі: Реферат
Жоспары:
I. КІРІСПЕ
II.Негізгі бөлім:
1. Мемлекеттің және
құқықтың түсінігі және белгілері.
2. Мемлекетің басқару
және құрылыс нысандары.
3. Мемлекеттік саяси
режим.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттiң басқару нысандары
мемлекет үшiн аса маңызды мәселе
болып табылады. Мемлекеттi басқару
нысандары сол мемлекеттiң Ата
заңына, яғни Конституциясына негiзделуi
тиiс. Егер мемлекеттi басқарудың нысандары
демократиялық принциптерге негiзделсе,
осы елдiң азаматтары мемлекеттi
басқаруға тiкелей немесе жанама
түрде ат салысуға мүмкiндiк алады.
Сондықтан да кез келген мемлекет
құқықтық құрылым ретiнде белгiлi бiр басқару
нысандарының болуын қажет етедi. Адамзат
қоғамы дамып мемлекеттiк құрылым күрделенген
сайын мемлекеттi басқарудың нысандыры
да күрделене түседi. Қазiргi қалыптасқан
бiз бiлетiн мемлекеттердiң басқару нысандары
сан алуан болып келедi. Егер мемлекеттi
басқарудың нысаны ұтымды болатын болса
мұндай мемлекеттiң болашақта қалыпты
да қарқынды дамуына үлкен мүмкiндiк туындайды.
Жалпы мемлекеттi басқарудың нысанына
осы күнге дейiн көп көңiл бөлiнiп келгенi
рас және бұл мәселе бойынша ғалымдар
арасында әртүрлi түрлi көз қарас әлi де
болса орын алуда. Мемлекеттi басқарудың
нысаны демек осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн
яғни, актуальдығын жоғалтқан жоқ деп
айтуға болады.
Биліктің тармақтарға бөлінуінен біз
ол органдардың өз құзыреттерін жүзеге
асыру үшін тиісті биліктік механизмі
болатынын көреміз.
Мемлекеттік билік әр түрлі қоғамдық қатынастарда
өзінің қызметін тиісті жағдайда жүзеге
асыруы керек. Билікті жүзеге асыруды
бір қалыпқа келтіру үшін билік тармақтарының
жузеге асыратын қажетті тетігі болады.
Мен өзiмнiң осы курстық жұмысымда,
әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi
басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын
оған байланысты құқықтық және теориялық
мәселлерді қарастыруды, өзiме мақсат
етiп белгiлеп отырмын.
Менiң курстық жұмысымның тақырыбына
арқау болған осы мәселелер туралы әдебиеттерде
аз айтылып жүрген жоқ, соған қарамастан
мен аталған мәселелер бойынша өз бетiмше
құқықтық теориялық сараптау жасап кеткiм
келедi. Сондай-ақ мен осы курстық жұмыс
барысында қазіргі кездегі Қазақстан
Республикасының басқару нысандарының
ерекешелiктерiде қарастырылып кеттi.
Мемлекеттің түсінігі
және белгілері
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын
және соның көмегімен қоғамның тіршілік
– тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті
жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын
адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша
нысаны. Мемлекет – адамзат қоғамы дамуының
нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет – қоғамды басқару міндетін
атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың
қарым – қатынастарын реттеп отыратын,
заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет
– қоғамның саясатын жүзеге асыратын
саяси ұйым. Мемлекеттің белгілері:
1биліктің үстемдігі
2биліктің тұтастығы
3биліктің тәуелсіздігі
Құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге
бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз
ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған
заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың таптық
мәні – құқықты қоғамдағы экономикалық
жағынан басым, үстем болып отырған таптың
еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік
мәні – құқықтық қоғамды ұйымдастырып,
татулықта, бірлікте ұстап отырған және
адамдардың барлық топтарының еркі деп
түсіндіру. Құқық – ресми түрде танылған,
жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене
отырып әрекет жасау мүмкіндігі, құқық
нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Құқық – адам мен қоғамның жаратылысымен
байлансты тұлғаның бостандығын білдіретін,
қоғамдық қатынастарды білдіретін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда
анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз
етілетін жалпыға бірдей міндетті құқықтық
нормалардың жиынтығы. Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып 2 топқа
бөлінеді.
1Құқықтың жалпы белгісі: әлеуметтік – тарихи табиғаты,
құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық
қатынастардың жиынтығы.
2Құқықтың ерекше белгілері:
Мемлекеттің басқару
нысаны – бұл жоғары және жергілікті
мемлекеттік органдарды ұйымдастыруды
және олардың арақатынас тәртібін білдіретін
мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдісі.
Мемлекеттік басқару
нысаны билікті бір адам немесе сайланбалы
алқалы субъектілердің жүзеге асыруына
байланысты екіге бөлінеді:
- монархия;
- республика.
Монархия – бұл билік толық немесе ішінара
бір адамның, яғни мемлекет басшысының
(монарх, король, патша, шах) қолында шоғырланатын
басқару нысаны.
Монархияның белгілері:
- билік мұра арқылы беріледі;
- билік мәңгілік сипатта болады;
- монархтың заң алдындағы жауапсыздығы;
- билікті бір адам немесе алқалы
органдардың жүзеге асуы;
- монархтың мемлекетті өз еркіне
сәйкес өкілдеуі;
- монархтың заң алдындағы жауапсыздығы.
Монархияның түрлері:
1) абсолюттік (шексіз)
монархия – бұл заң бойынша барлық билік
бір адам қолында шоғырланатын басқару
нысаны. Абсолюттік монархияда халықтың
мүддесін білдіретін өкілді органдар
болмайды, мемлекеттің егемендігін ұстаушы
ретінде тек бір адам болады (Сауд Аравиясы,
Бурней).
2) конституциялық (шектеулі)
монархия – бұл монархтың билігі өкілдік
органдармен шектелетін басқару нысаны.
Конституциялық монархияда мемлекеттік
егемендікті ұстаушы ретінде млнархпен
бірге мемлекеттің басқа да органдары
болады. Өз алдына конституциялық
монархия екіге бөлінеді:
- парламенттік;
- дуалисттік.
1) Парламенттік монархияның
белгілері:
- Үкімет Парламент сайлауында
көп дауысқа ие болған партияның өкілдерінен
құрылады;
- Парламентте көп орны бар партияның
көсемі – Үкімет басшысы болады;
- мемлекеттік билікке монархияның
араласпауы, ол тек символ ретінде болуы;
- конституцияға сәйкес, Үкімет
монархтың емес, Парламенттің алдында
жауапты болады (мысалы, Ұлыбритания, Жапония).
2) Дуалисттік монархияда мемлекеттік билік екі жақты
сипатта болады: атқарушы билікті - монарх
құратын Үкімет жүзеге асырады, ал заң
шығарушы билігі – Парламент жүзеге асырады
(мысалы, ХІХ ғасырларда Германияда болды,
қазіргі кезде жоқ).
Республика – бұл жоғары мемлекеттік билікті
белгілі бір мерзімге тұрғындармен сайланатын,
сайланбалы органдар немесе лауазымды
тұлғалар жүзеге асыратын басқару нысаны.
Республикалық басқару
нысанының белгілері:
- дара немесе алқалы мемлекет
басшысының болуы;
- мемлекет басшысы және басқа
да жоғарғы мемлекеттік органдардың белгілі
бір мерзімге сайлануы;
- мемлекеттік билікті өз еркімен
емес, халықтың тапсырысы бойынша жүзеге
асыруы;
- заңмен белгіленген тәртіпте
мемлекет басшысының жауаптылығы;
- жоғары мемлекет органдардың
шешімі, барлық мемлекеттік органдарға
міндеттілігі;
- мемлекет өз азаматтарының
құқықтары мен бостандықтарының қорғауы,
мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы.
Үкіметті кім құрады,
ол кімге бағынады және кімге есеп беруіне
байланысты республика келесі түрлерге
бөлінеді:
1) Президенттік (АҚШ, Қазақстан);
2) Парламенттік (Германия, Италия);
3) аралас (Польша, Австрия).
1) Президенттік республика – бұл мемлекеттік өмірді ұйымдастырудағы
басты рөл Президенттің қолында болатын
басқару нысаны.
Президенттік республиканың
белгілері:
- Президентті тікелей
халық сайлауы;
- Үкіметті Президент
құруы;
- Үкімет Парламент
алдында емес, Президенттің алдында жауапты
болуы;
- Парламенттік республикаға
қарағанда мемлекет басшының өкілеттігінің
кең болуы.
Кей мемлекетте мемлекет басшысы
және үкімет басшысы лауазымын бір адам
(АҚШ), ал кейбір мемлекетте екі адам иеленеді
(Қазақстан).
2) Парламенттік республика – бұл мемлекеттік өмірді ұйымдастырудағы
басты рөл парламенттің қолында болатын
басқару нысаны.
Парламенттік республиканың
белгілері:
- Үкімет Парламент сайлауында
көп дауысқа ие болған Парламенттің өкілдерінен
құрылады;
- Үкімет Парламент алдында жауапты
болуы;
- мемлекет басшысы Парламент
не Парламент құрған арнайы комиссия немесе
халық арқылы сайлануы;
- мемлекет басшысының билігі
үкімет басшысының билігімен шектелуі.
3) Аралас республика (жартылай Президенттік, жартылай
Парламенттік) - қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы
басты рөл Президенттің және Парламенттің
қолында болатын басқару нысаны.
Аралас республиканың
белгілері:
- Үкімет Президенттің де, Парламенттің
де алдында жауапты болады;
- Президент пен Парламентті
тікелей халық сайлайды;
- Президент Парламенттегі саяси
партияларды ескере отырып, үкімет басшысын
тағайындайды.
Мемлекеттің құрылым
нысаны
Мемлекеттің құрылым
нысаны - бұл мемлекеттің ұлттық және
әкімшілік-аумақтық құрылымын, құрылымдық
бөліктері арасындағы арақатынасын, жоғарғы
және жергілікті органдардың мемлекеттік
билік арасындағы арақатынасты білдіретін
мемлекеттік нысанының бір бөлігі.
Мемлекеттің құрылым
нысаны келесі түрлерге бөлінеді:
1) унитарлық (біртұтас);
2) федерация;
3) конфедерация.
1) Унитарлық мемлекет – бұл мемлекеттің орталық органдарына
бағынатын, мемлекеттік егемендігі жоқ,
әкімшілік – аумақтық бірліктерден тұратын
бір тұтас мемлекеттік құрылым. Мысалы,
Қазақстан, Италия және т.б.
Унитарлық мемлекет
белгілері:
- барлық мемлекетке ортақ заң
шығарушы, атқарушы, сот органдарының
болуы;
- бір конституция, бір азаматтық,
бірыңғай заң жүйесінің болуы;
- мемлекеттік егемендігі жоқ,
құрамдас бөліктерден тұруы;
- шағын саны бар ұлттар тұратын
біртұтас мемлекетте ұлттық және заңнамалық
автономияға жол берілуі;
- сыртқы мемлекет аралық қарым
қатынастарды орталық органдардың жүзеге
асыруы;
- бірыңғай қарулы күштердің
болуы.
2) Федерация – бұл бұрын дербес болған мемлекеттік
құрылымдардың ерікті түрде бірігуін
білдіретін мемлекеттер одағы.
Федерацияның белгілері:
- федерацияның аумағы, оның субъектілерінің
аумағынан тұруы;
- жоғарғы мемлекеттік билікті
федералды органдардың жүзеге асыруы;
- әр субъектілердің өзінің конституциясы,
мемлекеттік органдары болуы;
- федерация субъектілердің мүдделерін
білдіретін Парламент палаталарының болуы;
- негізгі жалпы мемлекеттік
сыртқы саясаты федеративті органдардың
жүзеге асуы.
Федерация үшке бөлінеді:
- ұлттық;
- аумақтық;
- аралас.
Ұлттық федерация - бұл ұлт белгісі негізінде құрылған
мемлекеттердің одағы.
Ұлттық федерацияның
белгілері:
- бұндай федерацияның субъектілері
бір – бірінен ұлттық құраммен, мәдениеті,
тұрмысы, салт – дәстүрі, дінімен ерекшеленетін
ұлттық мемлекеттен және ұлттық мемлекеттік
құрылымдардан тұруы;
- субъектілердің ерікті түрде
бірігуі қағидатын ұстануы;
- үлкен және шағын ұлттардың мемлекеттік
егемендігі қамтамасыз етілуі;
- жоғарғы мемлекеттік органдар
субъектілердің өкілдерінен тұруы;
- субъектілердің құқықтық жағдайының
ерекше болуы.
Аумақтық федерация – бұл аумақтық белгілер негізінде
құрылатын одақтық мемлекеттер. Онда өз
субъектілердің егемендігі шектеулі болады
(АҚШ).
Аумақтық федерацияның
белгілері:
- бұндай федерацияны құрайтын
мемлекеттік құрылымның егемендігі болмайды.
Өйткені, ішкі және сыртқы қарым – қатынастарда
олардың қызметі федералды органдардың
үстем қызметтеріне байланысты болады;
- оның субъектілері халықаралық
қатынастарда тікелей өкілдік ету құқығы
жоқ. Оның конституциясында одақтан бір
жақты шығу көрсетілмеген, кейде тыйым
салынады;
- конституциялық заңнама федерация
құрамынан бір жақты шығуды қарастырмайды,
кей кездерде оған тыйым салады;
- қарулы күштерді федералды органдар
жүзеге асырады.
Аралас федерация– бұл аумақтық және ұлттық
белгілер негізінде құрылатын федерация.
3) Конфедерациялық
мемлекет– бұл белгілі бір мақсатқа
жету үшін, құрылған тәуелсіз мемлекеттердің
уақытша заңи одағы (ТМД, ЕО).
Конфедерациялық
мемлекеттің белгілері:
- ортақ заңшығарушы, атқарушы
және сот билік органдарының болмауы;
- біріңғай әскер, салық жүйесінің,
мемлекеттік бюджеттің болмауы;
- бірнеше азаматтықтың болуы;
- бірыңғай ақша жүйесі, кеден
ережелері және несие саясаты туралы келісім
болуы мүмкін;
- ол ұзаққа созылмайды, ыдырап,
унитарлық мемлекетке немесе федерацияға
айналуы мүмкін.
Саяси режим– бұл саяси билігі жүзеге асырудың
әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекет
теориясында “саяси режим” және “мемлекеттік
режим” ұғымдары кездеседі. Осыған сәйкес,
осы екі ұғымның арақатынасына байланысты
бірқатар көзқарастар бар. Кей ғалымдардың
айтуы бойынша бұл екі ұғым бір мағынаны
білдіреді. Ал кей авторлардың айтуы бойынша
мемлекеттік режим саяси режимге қарағанда
тарлау. Өйткені мемлекеттік режим – бұл
мемлекеттік билікті жүзеге асырудың
әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Өз
алдына саяси режимді тек мемлекет қана
емес, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық
бірлестіктер де жүзеге атқарады.
Саяси режимді жүзеге
асыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің
ерекшелігіне байланысты ол екі түрге
бөлінеді:
1) демократиялық;
2) антидемократиялық.
1) Демократияның екі
түрі бар:
- либералды;
- консервативтік.
Либералды демократиялық
режимде– тұлға, оның құқықтары мен
бостандықтары жоғары тұрып, мемлекет
оны қорғайды.
Консервативтік демократиялық
режимде– мемлекет көбінесе салт –
дәстүрге сүйенеді.
Демократиялық режимнің белгілері:
- халық тікелей және жанама демократия
арқылы мемлекеттік билікті жүзеге асыруға
қатысуы;
- адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтары жарияланып, олардың
нақты қамтамасыз етілуі;
- орталық және жергілікті мемлекеттік
органдары мен лауазымды тұлғаларды тікелей
халық сайлауы;
- саяси әр алуандылық (плюрализм),
көп партиялық;
- мемлекеттік биліктің тармақтарға
бөлінуі (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі);
- сендіру, келісу, өзара келісімге
келу әдістерінің басымдылығы;
- азшылықтың мүддесін ескере
отырып шешімді көпшілік болып қабылдау;
- қоғамның барлық саласында заңның
үстемдігі;
- бұқаралық ақпарат құралдарының
тәуелсіздігі;
- сөз бостандығы, цензураға тыйым
салу;
- жариялылық.
2) Антидемократиялық режимнің
бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм,
фашизм, тоталитарлық және авторитарлық
режимдер.Антидемократиялық
режимнің белгілері:
- мемлекет қоғамдық өмірдің
барлық саласын бақылауы;
- барлық қоғамдық ұйымның мемлекеттендірілуі
(жеке меншіктің болмауы);
- адамның құқықтары мен бостандықтарының
заң жүзінде болуы;
- бір саяси партияның үстемдігі;
- саяси әр алуандылықтың жоқ
болуы, бір ресми идеологияның болуы;
- қоғамда заңсыздықтың үстем
болуы;
- азшылықтың мүддесін ескермеуі;
- жариялылықтың болмауы, цензураның
болуы;
- қоғамның сословиелік, касталық
және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
- халықтың төмен экономикалық
деңгейі;
- мәжбүрлеу мен жазалау шаралаының
үстемдігі;
- сыртқы саясаттағы агрессиялық
сипаттағы әрекеттер және т.б.