Өсімдіктер экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 21:43, реферат

Краткое описание

Оқу-әдістемелік жинағында несиелік технология бойынша оқитын 050608-«Экология» мамандығының студенттеріне арналған «Өсімдіктер экологиясы» пәнінің оқу бағдарламасы ұсынылған. Студенттер үшін пән туралы қысқаша мағлұматтар, тапсырмаларды орындау және тапсыру кестелері, қажетті әдебиеттер тізімі берілген. ОӘЖ сонымен қатар курстың тақырыптық жоспарын, дәрістердің тезистерін, лабораториялық сабақтар мен студенттердің өздік жұмыстарының шегіндегі сабақтардың жоспарын және тапсырмаларын, рефераттар тақырыптарын қамтиды. Білімді өзіндік бақылау және қорытынды бақылау үшін курс бойынша тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтарының мысалдары ұсынылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

эколог өсім.doc

— 31.50 Кб (Скачать документ)

ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Оқу-әдістемелік жинағында несиелік технология бойынша оқитын 050608-«Экология» мамандығының студенттеріне арналған «Өсімдіктер экологиясы» пәнінің оқу бағдарламасы ұсынылған. Студенттер үшін пән туралы қысқаша мағлұматтар, тапсырмаларды орындау және тапсыру кестелері, қажетті әдебиеттер тізімі берілген. ОӘЖ сонымен қатар курстың тақырыптық жоспарын, дәрістердің тезистерін, лабораториялық сабақтар мен студенттердің өздік жұмыстарының шегіндегі сабақтардың жоспарын және тапсырмаларын, рефераттар тақырыптарын қамтиды. Білімді өзіндік бақылау және қорытынды бақылау үшін курс бойынша тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтарының мысалдары ұсынылған.  
Оқу әдістемелік жинақ таңдау бойынша компонент тізімінің жұмыстық-оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Курстың пререквизиттері: Қарастырып отырған пәнді игеру үшін библиографиялық материалмен жұмыс істеу дағдылары, ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиетпен өз бетімен жұмыс істей алу, алған білімді талдап, жүйелей алу, әрі тұжырым шығара алу қабілеттілігі қажет. Алған білімді және әдеби көздерді өзінің теориялық дайындық деңгейін ары қарай көтеру үшін қолдана алу, анатомиялық-морфологиялық зерттеулер жүргізу, өсімдіктердің толық морфологиялық сипаттамасын беру қабілетін жетілдіру. 
Постреквизиттері: «Өсімдіктер экологиясы» ғылым ретінде өсімдік организмінің қоршаған ортамен өзара байланысын және ішкі құрылымдық өзгерістерін, өсімдіктердің бейімделушілік икемі ретінде архитектониктің қайта құрылымын зерттейді. Бұл курс келесі пәндердің барлықтарын зерттеу үшін қажет - өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер географиясы, фитоценология, ризология, геоботаника, өсімдіктер физиологиясы мен биогеография және т.б.  
Пәннің қысқаша мазмұны. Аталған пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерді өсімдіктердің негізгі экологиялық топтарымен, мекен ету ортасына байланысты олардың ішкі құрылымдық ерекшеліктермен және өзгерістермен таныстыру.  
Пәннің міндеттері – үлкен теориялық мәселелерді шешу, өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтарының тіршілік ортасының табиғи факторларының белгілі бір кешендеріне: шөлейттілік, тұздылық, биік таулы, шөлділік және басқа мекен ету жағдайларына қарай бейімделушілік процесінің заңдылықтарын анықтау; биогеоценоздардың негізгі компоненттерінің, әсіресе эдификаторлы түрлердің құрылымдық сипаттамаларын құру. Өзгермелі экологиялық факторлардың (сонымен қатар антропогенді) әсерінен болатын анатомиялық құрылыстардың лабильділігі мен консервативтілігінің дәрежесін анықтау. 
Студент білу керек: өсімдіктердің жекелеген мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысын танып, тіршілік жағдайларының өзгеруімен байланысты пайда болған өсімдіктердің әр қилы экологиялық топтарына тән анатомиялық белгілерін білу.  
Студенттер алған білімдерін және әдебиет көздерін өздерінің теориялық дайындығын ары қарай жетілдіруге, өсімдіктердің әр түрлі экологиялық топтарына тән жекелеген белгілер бойынша анатомиялық зерттеулер жүргізіп, белгілі бір топқа жататындығын анықтай алуы керек, сонымен қоса микроскопиялық техникамен жұмыс дағдыларын және анатомиялық препараттар дайындауды игеру. 
Мәліметтерді терең игеру үшін гербарий материалдарын, тірі өсімдіктерді, препараттарды, сызба-нұсқаларды және слайдтарды қолдана отырып, дәрістік курсты, лабораториялық практикумды және далалық практиканы үйлестіру қажет.

Тақырыптардың атауы

  • Өсімдіктер экологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері, зерттелу тарихы мен әдістері. Басқа ботаникалық пәндермен байланысы.
  • Өсімдіктердің температуралық факторға қатысы бойынша экологиялық топтарының жүйесі.
  • Өсімдіктердің суға қатысы бойынша экологиялық топтарының жүйесі.
  • Гидро- және гигрофиттердің құрылысының ерекшелік белгілері.
  • Мезофиттердің түрлері: шалғындық, ормандық, криомезофиттер және мезогигрофиттер.
  • Ксерофит топтарының алуан түрлілігі: пластинка жапырақты, склерофильді.
  • Ксерофит топтарының алуантүрлілігі - суккулентті және афильді.
  • Жарық экологиялық фактор ретінде және оның өсімдіктер өміріндегі маңызы.
  • Топырақ факторлары және оның өсімдіктер өміріндегі маңызы.
  • Псаммофиттер, петрофиттер, психрофиттер және криофиттер.
  • Галофиттер және Келлер бойынша олардың түрлері.
  • Ағаш тектес, бұталы және жартылай бұталы өсімдіктердің тіршілік формалары.
  • Шөптесінді, төселмелі және жастықша тәрізді өсімдіктердің тіршілік формалары.

Әдебиеттер тізімі  
Негізгі әдебиеттер: 
1. Культиасов И.М. Экология растений. М., Изд-во МГУ, 1982. 
2. Горышина Т.К. Экология растений. М., "Высшая школа", 1979. 
3. Бавтуто Г.А. Атлас по анатомии растений. Минск: Урожай, 2001. 
4. А.Е. Васильев и др. / Ботаника. Морфология и анатомия растений М., Просвещение, 1988.5. 
5. Шинников А.П. Экология растений. М. изд-во Сов.наука, 1950. 
6. Лархер В. Экология растений. Изд-во Мир, 1978. 
7. Дорохина Л.Н. Руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии растений. М.: Просвещение, 1986. 
8. Еленевский А.Г. Ботаника высших, или наземных, растений: М.: Academіa, 2000. 
9. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1., М., 1996.  
10. Лотова Л.И. Морфология и анатомии высших растений. М. Эдиторная УРСС, 2000. 
11. Рейвн П. и др. Современная ботаника. М., т. 1, 2, 1990. 
12. Нагалевский В.Я., Николаевский В.Г. Экологическая анатомия растений. – Краснодар, 1921. – 87 с. 
Қосымша әдебиеттер: 
1. Поплавская Г.И. Экология растений. Изд-во АН СССР, 2.с.148  
2. Вехов В.Н. Практикум по анатомии и морфологии высших растений. М.: Изд-во МГУ, 1980. 
3. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и морфологии растений. 1972. 
4. Красильникова Л.А. Анатомия растений. Растительная клетка, ткани, вегетативные органы. Харьков, 1991. 
5. Лаптев Ю.П. Өсімдіктер от А до Я/ Лаптев Ю.П.. - М.: Колос, 1992. 
6. Мейер К.И. Практический курс морфологии и систематики высших растений. М.: Сов. наука, 1948. 
7. Практикум по анатомии растений. Под ред. Д.А. Транковского. М.: Изд-во Высшая школа. 1979. 
8. Яценко - Хмелевский А.А. Краткий курс анатомии растений. М.: Высш. шк. 1961. 

 


Информация о работе Өсімдіктер экологиясы