Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 20:52, реферат

Краткое описание

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау
2.2.Орман байлығы жане оларды қоғау
2.3.Қазақстанның сирек кездксетін жануарлары
III.Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

кызыл китап.docx

— 26.98 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1.Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау

2.2.Орман байлығы жане оларды қоғау

2.3.Қазақстанның сирек кездксетін жануарлары

III.Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.

 

Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер.

Шығыс Қазақстан облысының Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және құрып кету бар өсімдік түрлерінің тізімі

(Қазақ ССР-дің Қызыл  кітабы, Алматы, 1981ж.)

Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр

 

 Қыртысты жуа –  сирек, аз жергілікті түр, құрып  кету қаупі бар

Ұсақ торлы жуа – сирек түр

Көп тамырлы жуа – сирек түр

Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр

Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр

Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр

Ірі гүлді шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр

Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр

Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр

Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр

Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр

Көктем жанаргүлі– сирек түр

Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр

Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр

Сабақсыз ашықжеміс – сирек, жергілікті түр

Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр

Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан бағалы түр

Алтай суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр

Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр

Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті түр

Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр

Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр

Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі

Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр

Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті түр

Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр

Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр

Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр

Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр

Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті түр

Су жаңғақ – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр

Еуропа орманоты – сирек, көне түр

Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр

Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр

Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр

Саз қазанақ – сирек түр

Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр

Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр

Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр

Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті түр

Попов дембеті – сирек, жергілікті түр

Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр

Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр

Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр

Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті түр

Дауыр бақаауызы– сирек түр

Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр

Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті түр

Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр

Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр

Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр

Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Еліміздегі барлық орман қоры 26 млн 216 мың га жерді алып жатыр, бұл Қазақстан жерінің 4,7%-на тең. Соның ішінде таза орманды алқаптың аумағы 12 млн 428 мың га. Еліміздегі жалпы орман қорының 50%-дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл ағаштарының қорғаныштық мәні зор. Ол шөлейтті, шөлді аймақтардағы құмның жылжуына тосқауыл болады. Сексеуіл ағаштарын қырқуға тыйым салынған, соған қарамастан соңғы жылдары Қазақстанның барлық, аймақтарында сексеуіл ағаштарын қырку өте қарқынды жүріп жатыр.Еліміздегі орманның көпшілігі солтүстік өңірлер мен оңтүстік және оңтүстік шығыс алқаптардағы таулы аймақтарда өседі. Табиғаттағы және адам өміріндегі орманның маңызын "орман — ел дәулеті, жер сәулеті" нақылынан байқауға болады.Орманды шаруашылық салаларында пайдалануға байланысты өнеркәсіптік, қорғаныштық, шипажайлық, қорықтық және т.б. да мәні бар деп жеке топтарға бөледі. Орманның эстетикалық мәні де бар.Елімізде ерекше қорғалатын 2 мемлекеттік ("Ертіс орманы" және "Семей орманы") резерват бар. Бұлардан басқа ормандар, қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, қорықшалар, дендрологиялық және ботаникалық бақтар, сондай-ақ табиғат ескерткіштері де қатаң қорғалады.

Елімізде арнайы ұйымдастырылған 6 ботаникалық бақ бар. Сонымен қатар 16 ботаникалық қорықша және "Шарын шаған тоғайы", "Таутүрген шыршалы алқабы" атты және т.б. республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері бар. Алматы облысындағы Шарын өзенінің аңғарында 20—25 млн жылдан бері 5014 га жерде өсіп келе жатқан Шаған тоғайы бар. Шаған ағашы өте қатты өрі салмақты. Ол ылғал сүйгіш ағаш, мұндай ағаш дүние жүзінде 2 жерде ғана, оның бірі — Шарын шатқалында, екіншісі — АҚШ-тың Невада штатындағы "Гранд" шатқалында ғана өседі.

Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы 1981 жылы шықты, онда 306 өсімдік түрі тіркелген. Қазір оның жаңа нұсқасы әзірленіп, оған 400 өсімдік түрін тіркеу көзделіп отыр.

 

 

 

 

 

2.3.Жануарларымызды қоғау мақсатында республикамызда жануарларды корғау және кал- пына келтіру жолдары туралы көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Оларды нақтылау жұмыстары толассыз жүріп жатыр. Қызыл кітапқа 125 жануар тіркелген. Мемлекетіміздің зоологтары өте кішкентай жануар¬ларды да бақылауға алған. Олар дер кезінде жануарлар санының кеміп бара жатқандығы және байқалған өзгерістер туралы ақпарат беріп тұрады. Қызыл кітапқа тіркелген 40 сүтқоректінің ішінде қызыл қасқыр жой¬ылып кетті деп есептелуде. Соңғы 50 жылда қасқырдың бұл түрін көрдім деген жан жоқ. Еуропалык күзеннің бір жақсысы жасанды табиғатта да жақсы көбейе алады, оларды табиғи жағдайда америкалық туыстарын ығыстырып шығаруда. Өте сирек кездесетін балжегіш түрінің жауы мен бәсекелестері өте көп. Бірақ жыртқыштар кез келген жеуге жарамды нәрселермен қоректене береді. Тасбақаны сауытына тиіспестен ебін тауып жейтін жануардың біріне жатады. Соңғы кездері гепард туралы да нақты дерек жок. Олар республикамызға кеңінен танымал және қорғауға алынған бөкен, қарақүйрық, жабайы қойлар сияқты тұяқтыларды аулайды. Қазіргі кезде гепардты арнайы хайуанаттар бағында ұстап көбейту үстінде. Болашақта оларды бостандыққа жіберудің жолдары жоспарланып жатыр. Гепард тұкымдастар - карбарысы, түркістан сілеусіні, шағыл мысығы , сабаншы (III саты), әсіресе қарақал жыл өткен сайын сиреп барады. Олардың саны қоян, косаяк, саршұнақ, құмтышқандарының санына тәуелді болып отыр. Арасында қарақұйрық, жабайы қой немесе қойға да шабуыл жасайды. Балықтар арасында I сатыға жататындары өте бағалы Cырдария тасбекіресі, арал және каспий албырты, пілмай, шортан төрізді ақмарқа, шу сүйірқанаты, іле шармай балығы және т. б. Республикамызда балықтың бұл түрлерін көбейту жолдары әлі қолға алынбаған. Қызыл кітапқа енген балықтар уақыт өте біртіндеп азаюда.

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.

2006 жылы Қазақстанның  омыртқасыз жануарларға арналған  Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2, ұлулардың — 6, шаянтектестердің —1, өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің — 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:

 

    I—жойылып кету  қаупі төнген түрлер;

    II— саны күрт азайып бара жатқан түрлер;

    III—сирек кездесетін түрлер;

    IV—толық зерттелмеген түрлер;

    V— қалпына келтірілген түрлер.

Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.

Шығыс Қазақстан облысындағы  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және  құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі

СҮТҚОРЕКТІЛЕР 

1. Жоңғар сальпинготусы   7. Тас сусары

2. Жалман  8. Шұбар күзен

3. Роборовский атжалманы   9. Түркістан сілеусіні

4. Сары алақоржын  10. Қазақстан арқары

5. Қызыл қасқыр  11. Алтай арқары

6. Сабаншы  

 

         ҚҰСТАР

1. Қызғылт бірқазан  18. Жекдуадақ                             35. Жұртшы

2. Бұйра бірқазан  19. Тарғақ                                       36. Ақсұңқар

3. Жалбағай, қалбағай  20. Кіші шалшықшы құс        37. Ителгі

4. Қара дегелек         21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс  38. Лашын

5. Қоқиқаз                       22. Қарабас өгіз шағала            39. Тұрымтай

6. Сұңқылдақ аққу  23. Қарамойнақ шағала            40. Үкі

7. Кіші аққу            24. Қарабауыр бұлдырық  

8. Қутұмсық қаз    25. Ұбақ, қолаңтөс  

9. Қызыл жемсаулы қарашақа  26. Балықшы тұйғын  

10. Қара тұрпан                                27. Жыланшы қыран, бүркіт  

11.  Дөңтұмсық тұрпан                  28. Бақалтақ қыран  

12. Ақбас үйрек                                29. Дала қыраны  

13. Алтай ұлары                            30. Қарақұс  

14. Ақ тырна                                31. Бүркіт  

15. Ақбас тырна                                32. Ақиық субүркіт  

16. Дуадақ                                  33. Аққұйрық субүркіт  

17. Безгелдек                                34. Сақалтай, қозықұмай  

 

 БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

1. Шұбар батбат кесіртке  4. Шұбар кесіртке

2. Зайсан батбат кесірткесі   5. Жолақты әбжылан

3. Үлкен көз кесіртке   

 ҚОС МЕКЕНДІЛЕР

 1.Даната құрбақасы

Қорытынды

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды,  сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.Сол сеепті табиғатты аялап қорғайық!!!

Информация о работе Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау