Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 15:35, реферат
Шелфорд ережесі — экология ғылымы негізгі қағидаларының бірі. Мұны толеранттылық заңы (лат. tolerantіa — шыдамдылық) деп те атайды. Бұл бойынша қандай да бір организм популяциясының тіршілік етуі немесе таралуы өзін қоршаған ортаның кешенді экологиялық факторларына тәуелді болады да, әрбір организмнің өзіне тән шыдамдылық ауқымы айқындалады. Шыдамдылық ауқымы, организмдер тіршілік ете алатын, әрбір фактордың ең төмен және ең жоғары деңгейімен шектеледі. Мұны түрдің экологиялық стандарты деп атайды.
Шелфорд ережесі — экология ғылымы негізгі қағидаларының бірі. Мұны толеранттылық заңы (лат. tolerantіa — шыдамдылық) деп те атайды. Бұл бойынша қандай да бір организм популяциясының тіршілік етуі немесе таралуы өзін қоршаған ортаның кешенді экологиялық факторларына тәуелді болады да, әрбір организмнің өзіне тән шыдамдылық ауқымы айқындалады. Шыдамдылық ауқымы, организмдер тіршілік ете алатын, әрбір фактордың ең төмен және ең жоғары деңгейімен шектеледі. Мұны түрдің экологиялық стандарты деп атайды. Популяцияның немесе түрдің тіршілігіне қолайлылық деңгейі әсер ететін фактордың қарқындылығына байланысты ең жоғары қолайлылық деңгейі негізінен күмбез пішінді сызық түрінде көрініс береді. Шелфорд ережесін 1913 жылы америка экологы В.Э. Шелфорд (1877 — 1968) өзінің жәндіктерге әр түрлі қарқындылығы бар физикалық әсерлер арқылы жүргізген тікелей тәжірибесінің негізінде ұсынды. Шелфорд ережесі Либихт заңымен (минимум заңы) бірге шектеуші факторлар қатарына жатады. Кез келген экологиялық фактор шектеуші фактор болуы мүмкін (мысалы, құстар үшін ұя салуға жарамды орындардың саны, т.б.). Дегенмен, маңызы бар факторларға темперература, су, қоректік заттар (өсімдіктер үшін топырақ құрамындағы биогенді заттардың болуы) жатады. Шелфорд ережесі басқа да қосымша қағидаларға сүйенеді: шыдамдылық ауқымы жеке факторлар мен олардың әрқалай ұштасуына байланысты әр түрлі болады; сыртқы ортадағы кез келген жағдайларда тіршілік ете алатын (шыдамдылық ауқымы жоғары) организмдер (эврибионттар) өте кең тараған; егер бір фактордың деңгейі шыдамдылық шегінен артып кетсе, онда организмнің басқа факторларға шыдамдылық ауқымы тарылады. Организмдердің шыдамдылық ауқымын ажырату үшін көптеген терминдер қолданылады. Мысалы, температураның әлсіз ауытқуын — стенотермділік; темпетураның кең деңгейде ауытқуын — эвритермділік; қоректік заттардың аз болуына шыдамдылығын — стенофагтық; қоректік заттардың көп болуын — эврифагтық деп атайды.
Эврибионттар (грек. eurys – кең, ауқымды және bіontos – тіршілік ететіндер) – сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын морфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларының гомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.