Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 09:39, реферат
қорықтар туралы
"Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десеңші"
Абай
Аляскадағы Денали ұлттық бағы мен қорығының аумағы 25 мың шаршы шақырымды құрайды.
Оның территориясында Мак-Кинли шыңы – Солтүстік Американың ең биік тауы орналасқан.
Гранд-Каньон - АҚШ-тың ең танымал ұлттық бақтарының бірі.
Колорадо өзенінің шаюымен пайда болған 1600-метрлік шатқалға жыл сайын 5 млн-ға жуық турист жол тартады.
Мэн штатындағы Акадия ұлттық бағында АҚШ-тың Атлантикалық жағасындағы ең биік тау орналасқан.
Мұнда ауа температурасы жазда 7-30 С аралығында, ал көктемде және күзде -1-21 С аралығында құбылады.
Көктеректердің қоршауындағы Бэар көлі - Колорадо штатындағы Роки-Маунтин ұлттық бағының басты мақтанышы.
Оңтүстік Дакотадағы Бэдлендс ұлттық бағы өзінің күрделі ауа райымен белгілі.
Қыста сынап бағанасы -40-қа дейін төмендеп, жаздың ортасында +47-ге дейін жетеді.
Бақтың жер астында түрлі минералдық ресурстар жетерлік.
Юта штатындағы мына ерекше тартымды табиғат бұрышы биік жартастарымен,
терең қызыл шатқалдарымен, тауларымен және дөңдерімен белгілі.
Джошуа-Три ұлттық паркі Калифорнияның оңтүстік-шығысында орналасқан.
1936 жылы бұл территория ұлттық ескерткіш ретінде танылып, 1994 жылы ұлттық бақ мәртебесін алды.
Белсенді демалысты жаны сүйетіндер үшін бұл жерде түрлі спорт түрімен айналысуға болады.
Арки ұлттық бағында құмдақтан құралған екі мыңнан аса арка бар. Олардың көбі өте танымал.
Жазда сынап бағанасы +38-ге дейін көтеріліп, қыста 0-ге дейін төмендейді.
АҚШ-тың тұңғыш ұлттық бағы - Йеллоустон, негізі 1872 жылы қаланды. Ұлттық бақ үш бірдей - Вайоминг,
Монтана және Айдахо - штаттарының территориясында орналасқан. Бақта түрлі жануарлар көптеп кездеседі.
Йеллоустон ұлттық бақ территориясында атақты "Old Faithful" гейзері мен басқа да геотермалдық су көздері бар.
Вашингтон штатында орналасқан Маунт-Рейнир ұлттық бағы көркіне көз тоймайтын
пейзаждары мен экожүйе алуандылығымен танымал. Мұнда мұздықтармен қатар, тропикалық ормандарды да кездестіруге болады.
Планетадағы ең белсенді екі жанартау "Гавай жанартаулары" атты ұлттық бағының жерінде орналасқан.
1980 жылы ұлттық баққа халықаралық биосфералық қорық мәртебесі беріліп,
1987 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының қатарына енді.
Глейшер ұлттық бағы. Бақта 1100 шақырымнан аса жүргіншілерге арналған жол салынған.
Бақ өзінің мұздықтарымен, ормандарымен, альпі жайылымдарымен және көлдерімен танымал.
Юта штатының оңтүстік-шығысында орналасқан Брайс-Каньон "худу" деп аталатын
өзінің бірегей геологиялық құрылымдарымен танымал.
Орегон штатының оңтүстігіндегі Крейтер көлі Маунт-Мазама жанартауының осыдан 7700 жыл бұрын орын алған
жойқын атқылауынан кейін түзелген. Оның тереңдігі 594 метрге дейін барады.
Вашингтон штатындағы Олимпик ұлттық бағында демалысты тамаша өткізуге болады.
Алайда мұнда жаңбыр мен қар күтпеген жерден жауы ықтимал.
Калифорния штатындағы Секвойя Ұлттық паркінде алпауыт ағаштар өседі.
Секвойя - әлемдегі ең үлкен ағаштар. Олардың ең көнесі 3500 жаста.