Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 13:58, реферат
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
“Астана Медицина Университеті” АҚ
Жалпы гигиена және экология кафедрасы
Семей полигонына қатысты территориялардың
қазіргі экологиялық жағдайы
Орындаған:.
Топ:
Тексерген:
Астана 2013
Жоспар:
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.
Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Жер азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Семей ядролық полигонындағы
Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерінен барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінген. Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің қырық сегізінде кездесіп отырады.Бұл орта есеппен республика бойынша алғанда 6 есеге көп, ал полигонға жақын орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары.
Семей ғалымдары
мен дәрігерлердің пікірінше,
сәуле алған ата-анадан туған
екінші ұрпақ денсаулығы, бірінші
ұрпақтың яғни тікелей сәуле
алған балалардың
АТОМ КӨЛІ
Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің түйісер тұсында, 1965 жылдың 15 қаңтарында жер асты жарылысы болды. Осының салдарынан атақты Атом көлі пайда болды.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының бір буклетінде осы нысанға қысқаша сипаттама берілген: «Қуаттылығы 140 килотонна жарылыс жасалды. Осының салдарынан тереңдігі 100 метрден асатын, диаметрі 400 метрлік шұңқыр пайда болды. Атом көлі аумағында топырақтың радионуклидтік ластануы солтүстік бағытта 3-4 шақырымға дейін байқалады.
«Құмырсқа адам»
Никита Бочкаревтің жасы қазір 18-де. Оның сырқаты өте ауыр: Никита жүре де, қозғала да, сөйлей де алмайды. Ол әр күнін үйінде, компьютердің алдында өткізеді. Өлеңдер мен әңгімелер жазады.
Никитаның
сырқаты генетикамен
Сөйлеуге деген оның ұмтылысын
байқаған әке-шешесі оған
«Хрустальді бала»
Бұрынғы Семей
облысының орталығы Семей қаласында жеті
жасар «хрустальді бала» Уәлихан Серікқалиев
тұрады. Оның сүйектерінің осалдығы соншалық,
болмашы қимылдан-ақ жиі сынады. Медицинада
бұл сырқат «остеогенез» деп аталады.
Уәлиханды сырқатынан жазу мүмкін емес,
тек оның жан қиналысын жеңілдетуге ғана
болады дейді мамандар. Оны тек әлдебір
керемет қана жазуы мүмкін.
Радиация әсерінен туындаған басқа да патологиялық жағдайлар
Қорытынды
Жабылғанына 20 жылдан артық уақыт өтсе де, Семей полигонының зардабынан тұрғындар әлі құтыла алмай отыр. Алғашқы жарылыстан бері 60 жыл, ал соңғысына 20 жыл өтсе де, бұрынғы совет полигоны аумағында жоғары радиациялы жерлер бар. Кейбір жерлерге қазір де баруға болмайды. Бұған дәлел аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шегіп,ядролық техниканы сынаудың салдарынан: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, глаукома, жүрек, тері және нерв-жүйке, психикалық аурулар, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалар өмірге келуі болып табылады. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.
Назарларыңызға рахмет!
Информация о работе Семей полигонына қатысты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы