САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ
ЗЕРТХАНАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ
Санитариялық-гигиеналық
зертханасына: еңбек гигиенасы, тағам
гигиенасы, коммуналдық гигиена, полимерлі
материалдар токсикологиясы, пестицидтер
мен улы химикаттар және ЭМӨ мен басқа
да физикалық факторлар бөлімшелері
кіреді.
Зертхана өз жұмысында
Қазақстан Республикасының заңнамаларын,
ҚР Президентінің актілерін, ҚР Үкіметінің
актілерін, өкілетті мемлекеттік органның
нормативтік-құқықтық актілерін, Орталық
директорының басқарушылық құжаттары
мен нұсқауларын, орталықтық Жарғысын
және оның негізінде құрылған регламентін,
сапа менеджменті жүйесінің нормативті
құжаттарын және зертхана ережесін басшылыққа
алады.
Негізгі міндеттері:
1. Зерттеулер номенклатурасына
сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізеді;
2. Нормативтік құжаттардың
талаптарына сәйкес зерттеу нәтижелерінің
дұрыстығын, дәлдігін аныңтайды;
3. Санитарлық эпидемиологиялық
қадағалау департаменті және басқармасы
мамандарымен бірге зертхананың атқарған
жұмыстары туралы мәліметтер дайындайды;
4. Аудандар көлеміндегі
мамандарға әдістемелік басшылық жасайды;
5. Санитарлық эпидемиологиялық
қадағалау департаменті және басқармасы
мамандарымен бірге үлгілерді алу ережесі
және оларды зертханаға тасымалдау, жеткізу
ережесі туралы арнайы сабақтар өткізеді;
6. Зертханада кезекті
жұмыс тоқсанында атқарылған жұмыстарға
талдау жасалып, санитарлық-эпидемиологиялық
департаменті және басқарма мамандарына
мәліметтер дайындалады.
Негізгі атқаратын
қызметтері:
1. Зертханалық зерттеулерге
және сыртқы ортаның физикалық өлшемдерін
өлшеулерге санитарлық эпидемиологиялық
сараптама жасау;
2. Санитарлық-химиялық,
токсикологиялық зерттеулерді; шу, діріл,
электр магниттік өрісті және де басқа
физикалық өлшемдерді сыртқы қоршаған
ортада анықтау;
3. Санитарлық эпидемиологиялық
және қоғамдық гигиеналық мониторингке
қатысу;
.4. Келісім-шарттар
негізінде заңды және жеке тұлғаларға
өтініштері бойынша сертификациялық зерттеулер
мен сараптама жасау;
5. Жаңа құрал-жабдықтарды,
өлшеу құралдарын, зерттеулер әдістерін
зертхана тәжірибесіне енгізу;
Зертхананың ішкі бөлімшелерінің
қызметтері:
1. Санитарлық гигиеналық
зертхананың бөлімшелері жоғарыда көрсетілген
және төменде келтірілген функциялардың
барлығын жүргізеді;
2. Нормативтік құжаттардың
талаптарын түгел, уақытылы және сапалы
орындау жұмыстарын жүргізу;
3. Жаңа МемСТ, НҚ, әдістемелерді
меңгеру, жұмыс тәжірибесіне енгізу;
4. Зертханаға қойылатын
метрологиялық талаптарды (температура,
жарықтану, ауаның қозғалыс жылдамдығы,
ылғалдық және т.б.) қамтамасыз ету, ауытқулар
болған жағдайда талаптарға сәйкес реттеу
шараларын жасау;
5. өлшеу құралдарының
метрологиялық сынақтан уақытылы өткізілуін,
зертхананы аттестацияға дайындауға және
кезекті аттестацияға дайындауды қамтамасыз
ету;
6. Зерттеулердің дұрыс
жүргізілу мақсатында мамандардың әр
бес жылда білімі мен біліктілігін жоғарлату;
7. Зерттеу нәтижелерінің
дәлдігін, сапасын тексеру үшін әрдайым
ішкі зертханалық және сыртқы бақылау
жұмыстарын қамтамасыз ету;
8. Ішкі жұмыс ережелер
талабын, еңбек және өндірістік тәртіп
талабын, техникалық қауіпсіздік талабын,
жұмыс орнында өндірістік тазалықты сақтауға
және қызметкерлердің орындауын қамтамасыз
ету.
Коммуналдық гигиена
бөлімшісі мынандай зерттеулер жүргізеді:
қаладағы өнеркәсіп
кәсіпорындарынан тысқары қоныстану
аймағының және қаладағы автомагистралдардың
атмосфералық ауасын зерттеу;
жабық жайлардағы
ауаны зерттеу (емдеу-профилактикалық
ұйымдары, ОКТ және жас өспірімдер мен
балалар гигиена бөлімшесі, бала-бақшалар,
ООО, ЖОО нысандарын);
бутилденген
ауыз суларын, жүзу қауыздарының суларын,
су нысандарындағы сулардың үстіңгі
бетін, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
сумен жабдықтау суларын зерттеу;
º шоғырланған әр түрлі ерітінділердің
дайындалу дұрыстығына зарарсыздандыру
құралдарын зерттеу.
Барлық зерттеулер
келесі нормативтік құжаттарға сәйкес
орындалады:
Су көздері, шаруашылық
– ауыз сумен жабдықтау, мәдени- тұрмыстық
пайдалану орындары мен су нысандарының
қауіпсіздігінің санитариялық – эпидемиологиялық
талаптары. 28.07.2010жыл № 554 бұйрығы.
Санитариялық – эпидемиологиялық
қадағалауға жататын тауарлардың бірыңғай
санитариялық¬ – эпидемиологиялық және
гигиеналық талаптары.28.05.2010ж. № 299 ТС комиссия
шешімі.
Коммуналдық нысанға
тағайындалған санитариялық¬ – эпидемиологиялық
талаптары. ҚР ДСМ 28.07.2010ж. № 555 бұйрығымен
бекітілген.
Ауа мен суды зерттеу
заманауи құрал –жабдықтардың жаңа түрлерімен
жүргізіледі:
• УКР- 1 Мц және РА-
915 газ сынапты анализаторында жабық жайлардағы
ауа және атмосфера ауасындағы сынап буын
талдау жүргізіледі.
• ГАНК – 4А газоанализаторында
22 көрсеткіш бойынша қоныстанған орындағы
атмосфера ауасындағы зиянды заттардың
концентрациясын үздіксіз бақылау.
• Флюорат -02- 3М,
атомдық – абсорбиондық спектрофотометр,
вольтамперметриялық СТА, фотоэлектроколометр
заманауи аспаптарында су сынамасын талдау
жүргізіледі.
- Табиғи сулар талдауы.
- Табиғи су 11-де бірнеше миллиграммнан жүздеген грамға дейін еріген заттары бар күрделі құрамды ерітінді. Еріген заттардың мөлшеріне қарай табиғи сулар 6 топқа бөлінеді:
- 1) ультра жұмсақ – 0,2г/л дейін
- 2) жұмсақ – 0,2-1г/л
- 3) әлсіз тұзды – 1-3г/л
- 4) күшті тұзды – 3-10г/л
- 5) тұзды – 10-50г/л
- 6) рассол, рапа – 50 г/л-ден жоғары
- Судың еріткіштік қабілеті және қозғалғыштығы жер қыртысындағы элементтердің геохимиялық процестерде орын алмастыруын анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, табиғи суларда белгілі элементтердің көпшілігі анықталған. Табиғи сулардың құрамы сілтілеу, булану, конденсация, ионалмасу, газдардың бөліну және сіңірілу, ағзалардың тіршілік қызметі және басқа да судың кендер, топырақ, газдар мен араласу процестері нәтижесінде қалыптасады. Табиғи сулардың химиялық талдауы геологиялық жұмыстар тәжірибесінде төмендегі мақсаттарға негізделеді:
- 1) әртүрлі құрамды табиғи сулардың таралуы және қалыптасу заңдылығымен танысу;
- 2) мұнай, газ, тұздар, мыс, қорғасын т.б. пайдалы қазбалардың көздерін табиғи суларды зерттеу арқылы анықтайды;
- 3) Иод, бром, бор, т.б. заттарды алу үшін табиғи суды химиялық шикізат ретінде бағалау;
- 4) ауыз суын, техникалық, ауылшаруашылық, емдік т.б. мақсаттарда дайындауда табиғи сулардың құрамы мен қасиеттерін бағалау;
- Су талдауының түрлері.
- Су анализі оның қолдану мақсатына және қажетті дәлдікке байланысты жүргізіледі.
- Судың құрамы мен қасиеттерінің жалпы сипаттамасын келесі анықтаулар арқылы бағалауға болады: физикалық қасиеттері (температура, иісі, дәмі, түсі, мөлдірлігі, меншікті салмағы), рН, СО2, H2S, Fe2+, Fe3+, NH4+, Co2+, Mg2+,
K+, Na+, HCO3-, NO2-, SO42-, Cl-, кремний қышқылы, тотықтырғыштығы, құрғақ қалдық
- Судың толық сипаттамасын жоғарыдағы анықтаулардан басқа келесі анализ береді: H+, OH-, HS-, S2O32-, SO32-, HBO2,
Mn2+, Al3+, O2. Аранайы зерттеулер жүргізгенде еріген газдарды анықтап, Li+, Rb+, Cs+, Sr2+, Ba2+, B2-, J-, F-,
HPO42-, HAsO42-, Bi3+, Cu2+, Pb2+, Zn2+, Cd2+, Ni2+ иондарын анықтайды.
- Бұл анықтаулар жекелеген жағдайларға байланысты зерттеулер мақсатымен шектеледі.
- Табиғи суларды зерттеуде су көзінде жасалатын немесе геологиялық базаларда үлгі алғаннан кейін жүргізілетін полевые анализдер ерекше және маңызды орын алады. Өйткені, су құрамындағы кейбір тұрақсыз компоненттерді тек су көзінде анықтау мүмкін. Мысалы, еріген O2, СО2, H2S газдары, NO2-, NO3-, Fe2+, Fe3+, NH4+ аз мөлшерде болғанда. Сонымен қатар t, рН, дәмі, түсі, иісі т.б. сипаттамалары қарастырылады.
- Анализ үшін су үлгілерін алу.
- Дұрыс су үлгілерін алу анализ нәтижесінің дұрыс болуына әсер етеді. Су үлгілерін алу амалдары оның бастапқы құрамының толық сақталуын және ластанбауына мүмкіндік жасауы тиіс.
- Үлгі алудың жалпы ережелері.
- Үлгі адудың негізгі ережесі ыдыс пен тығынның тазалығы. Кеуек тығындар дистильденген суда қайнатады, резина тығындарды 1% Na2CO3 ерітіндісінде, дистильденген сумен, НСІ ерітіндісімен жуып, дистильденген сумен шаяды. Бутылкаларды толтыру алдында, тығындарды шаңбыр кезінде 3 рет алынатын сумен шайқайды. Бутылкаға су алғанда одан түбіне дейін түсірілген трубка көмегімен судың көп көлемін өткізеді.
- Герметикалық тығынмен жауып, әсіресе шыны, резина т.б. тығындармен Cu2+, Pb2+, Zn2+ анықталатын үлгілер үшін резина тығындар мен Менделеев замазкасын қолдануға болмайды. Өйткені резина тығындардан металдар сілтіленіп кетуі мүмкін, бутылканы ашқанда замазка суды ластауы мүмкін. Резина тығындардың жақсы сорттары балқытылған парафинге батырылып қолданылады. Үлгі алғанда бутылканы 10-15мл толтырмайды, өйткені t жоғарылағанда тығынды ұшырып жіберуі мүмкін. Егер суды ұзақ уақыт сақтау керек болса, 1 л суға 2мл хлороформ қосу арқылы консервілейді.
- Қарапайым анализге арналған үлгіні 1л көлемде 2 бөтелке, полевой анализге 0,5л көлемде 2 бөтелке алады. Pb, Cu, Zn, Br, J, F, B, нафтен қышқылдары т.б. толық анализі үшін 51л көлемді бөтелкеден 5-15л үлгі алу керек. Әрбір үлгіге 2 дана паспорт толтырады. Құжаттарды графит қарындашпен жазады, өйткені сия жайылып кетеді. Паспорттың 1 данасы бөтелкеге жапсырылып, 1 данасы тығынға байланады.
- Үлгі алу әдістері.
- Су көздерінен, ашық су қоймаларынан 0,5-1м тереңдікте батырып басқа қондырғысыз су толтырады. Алынған үлгіге механикалық қоспалар түспеуін қадағалау қажет. Құдықтардан су үлгісін алғанда әуелі 15 минут уақыт суды откачивают (сорады). Құдықта насос болмаса, құдықтың орта шегінен жай ғана сорусыз үлгі алуға болады. Жер бетінен немесе жер асты (12-15м) суларынан үлгі алғанда Верещагин псевдобатометр құралын қолданады. Псевдобатометр үш мойынды склянка. Үш мойыны да резина тығынмен жабылған. Ортаңғы мойынына термометр (1) орналастырылады. 1 мойынына қысқа шыны түтікше (2) тағылып, каучук трубкамен жалғасады да зажиммен (3) қысылады. Үшінші мойынына шыны түтікше (4) каучук трубкамен (5) жалғана орналастырылады. Ол да қысқыш (6) қысылған.
- Бұл резина трубканың төмен жағына 100-150г салмақ бекітіледі.
- Ұзын резина түтікшені (5) суға батырып қысқыштарды (3,6) босатады да, қысқа түтікше арқылы ауаны сорады. Қажет көлем жиналған соң қысқыштарды қысып жауып қояды. Алғашқы 2 мөлшерімен склянканы шайып, содан соң сумен толтырады.
- Алынған үлгіні басқа ыдыстарға құйғанда резина түтікшені (5) алып шыны түтікшеге (4) алфон арқылы суды аударады.
- Газдарды анықтау үшін қолданылатын үлгілерді алу үшін псевдобатаметрден басқа кішірек склянка қажет.Оны тығын арқылы өткен қысқа шыны түтікшемен және түбіне жететін түтікшемен қамтамасыз етеді. Ұзын резина трубканы (5) қосымша склянкамен байланыстырып қояды. Псевдобатометрмен қысқа түтікшелі жағымен байланыстырады. Псевдобатометрлер толғанша кіші склянкадан бірнеше көлем су өтеді.
- Кейде кішігірім су қоймаларынан алу үшін бөтелкеге жүк іліп тығынына жіп тағып суға түсіреді, қажет тереңдікке барғанда жіпті тарту арқылы шығынды ашып су толтырады.
- Скважиналардан үлгі алу үшін судың белгілі бір көлемін ағызып жіберіп барып алады.
- Өздігінен ақпайтын және қолданылмайтын скважинадан су үлгісін алғанда су бағанының екі көлеміндей суды сорып шығарып барып алады
- Далалық гидрохимиялық зертханалар.
- Судың далалық анализін жүргізу үшін бірнеше типті гидрохимиялық зертханалық қолданылады. Олар бір-бірінен қолдану мақсаты және жүргізілетін анализ көлеміне байланысты ерекшеленеді.
- Мұндай зертханаларды қолданғанда судың физикалық қасиеттерімен химиялық қасиеттерінің өзгеру жылдамдығын ескере отырып, анықтаулардың келесі кезектілігін сақтау қажет:
- 1. t, рН, иісі, мөлдірлігі, түсі;
- 2.СО2, H2S, О2.
- 3.Ғе тотыққан, нитрит, NH4+, нитрат иондар.
- 4.Карбонат, гидрокарбонат иондар, кермектілік, кальций, магний сульфаты және хлор иондары.
- Далалық гидрохимиялық зертханаларда рН, NH4+, Fe2+, Fe3+ анықтау үшін калориметриялық әдіс қолданылады. Стандартты ерітінділер орнына стандартты мөлдір пленкалардағы боялған светофильтрлер қолданылады.
- Зерттелетін ерітіндінің түсі және стандартты шкалаларды салыстыру компараторда жүргізіледі. Ол үшін 2 пробиркаға 5мл-ден зерттелетін су құйылады. 1-ші пробиркаға қажетті реактивтер қосылады, 2-шісі компенсатор болып қалады. Пробиркаларды компараторға орналастырып белгілі бір уақыт аралығында компаратордың артынан немесе алдынан стандартты боялған жағы пробиркаға қарсы немесе астыңғы жағынан келетіндей етіп жапсырады. Шкаланы ерітінді түсі сәйкес келгенше эталонмен салыстырады. Әрбір эталонды 1л судағы анықталатын ионның миллиграмына сәйкес келетін цифрлар салынған, егер сутек иондарын анықтағанда – рН шамасы жазылған.
- Егер ерітінді түсінің интенсивтілігі екі эталонның арасында болса, орташа шамасын алады.