Сан есімді оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 17:30, реферат

Краткое описание

Сан есімнің де ең әуелі зат есімге қатысты екені аңғартылады да, оның тек заттың санын ғана емес, мөлшерін, бөлшегін де білдіретіні баяндалады. Себебі сан есім туралы көбінде тек сандық нақты атаулармен шектелу құбылыстары жиі байқалып қалады. Сондықтан мөлшерлік ұғымдағы сан есім де, бөлшектік мәндегі сан есім де қоса түсіндірілуі тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лази Акмарал сан есім.docx

— 20.15 Кб (Скачать документ)

                                                   Сан есімді оқыту

Сан есімнің де ең әуелі зат есімге қатысты екені аңғартылады да, оның тек заттың санын ғана емес, мөлшерін, бөлшегін де білдіретіні баяндалады. Себебі сан есім туралы көбінде тек сандық нақты атаулармен шектелу құбылыстары жиі байқалып қалады. Сондықтан мөлшерлік ұғымдағы сан есім де, бөлшектік мәндегі сан есім де қоса түсіндірілуі тиіс. Бірақ мұның тілдегі сандық мөлшерлік ұғымды беретін этнолингвистикалық атаулардан: қарыс, сүйем, қозы, көш,жер, ит өлген жер, етасым, пұт, қадақ, егіз, сынар, т.б. сөздерден ерекшелігі болатынын ұғындыру оқушылардың оларды шатастырмауына кепіл бодады.

Сан есімдердің жасалу жүйесі жағынан, семантика- лексикалық мағыналары жағынан іштей жеке-жеке категорияларға, топтарға бөлінетіні туралы түсініктер дара және күрделі сан есімдердің ерекшеліктері таныстырылғаннан кейін жеке тақырыптар негізінде беріледі.

Есептік сан есімнің басқа мағыналық топтарға тірек ретінде алынатынына айрықша назар аударылады.

Реттік сан есімдердің жасалу жолдары, олардың қолданылатын орындары мен жазылу емлесі туралы мағлұматтар түрлі ғылыми-көпшілік әдебиет материалдарын, көркем әдебиет құралдарын талдату нәтижесінде тереңдетіледі.

Жинақтық сан есімдердің өзіндік ерекшелігі, олардың тек «жеті» санымен шектелуі, жасалу жолдары мен қолданылу орындары, мағыналық сипатының ерекшелігі (заттық мағынаны білдіруі) оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дәлелденеді.

Топтау сан есімдердің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін, жасалу жолдарын түсіндіргенде де қос сөздердің жасалуы еске түсіріле отырып баяндалады.

Болжалдық сан есімдердің жасалуындағы ерекшеліктерге олардың жұрнақ арқылы да, қосарлану, тіркесу арқылы да болжалдық мәнді білдіретіндігін көрсетуге болады.

Бөлшектік сан есімдердің жасалу жолдары математикадан өткен тақырыптармен байланыстырыла түсіндіріледі. Бөлшектік сан есімдердің  өмірге, тұрмысқа қажетті мәселелерді есептеудегі қажеттігіне әр түрлі жаттығулар орындату арқылы көңіл бөлінеді. Мысалы, қаржыны күнге қалай бөлу, оның бөлшектерін қайда жұмсау, т.б. немесе үй, қора салуға кететін құрылыс материалдарын пайдалану үшін оларды дәл есептеп бөлудің пайдасы туралы қызықты тапсырмалар ұсыну да тілдік, ойлау қабілеттерін дамытары сөзсіз.

Сан есімді қайталау сабақтары мен осы білімдерін жинақтап жүйелету, өз ой қорытындыларын жасату нәтижесінде пысықтала түседі. Сондықтан мұнда да жартылай толтырылған кестелерді ұсынып, оны тұтас жазып дәлелдету қажет. Кесте түрі шамамен мынадай болғаны жөн. 

 

 

 

 

 

                     

                       Сан есімнің мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдары




 











 

 

Сан есімдерді оқытқанда есте болатын бір мәселе – осы сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру. Мысалы, қазақ ұғымында онға дейінгі тақ сандардың бәрі: бір, үш, бес, жеті, тоғыз және қырық секілді сандардың белгілі бір ырымға негізделетіні, олардың киелі деп есептелетіні тұрақты тіркестерді, тыйым сөздерді, белгілі бір тіркестерді пайдаланып, олардың құрамындағы аталған сандардың білдіретін мағыналық сипаттарымен таныстыру баланың  білімін кеңейтіп қана қоймайды, оның көзқарасын да қалыптастырады. Жаттығу мәтіндерінің мәні тиянақты ой қалыптастыратындай деңгейде берілуін ескеру ләзім. Мұнда ұлттық өлшем атаулары мен қазіргі сандық ұғымдардың арақатынасын танытатын материалдарды пайдалануға да толық мүмкіндік бар.

Пәнаралық байланысты сан есім тақырыбы бойынша жан-жақты жүргізуге болады. Әсіресе, «Әлемде талай қызық бар...» айдарымен берілетін баспасөз материалдарын, күнпарақтағы мәліметтерді, «Негеш», «Ол кім? Бұл не?» атты балалар энциклопедиясындағы қызықты мәтіндердің негізінде тарихпен де, өсімдіктану, жануартану, этнопедагогика, т.б. ғылымдардан хабардар ете отырып, әрі сабақтың тартымдылығын арттыру, әрі білімдік, тәрбиелік маңыздылығын жетілдіру мәселелерін бірлікте шешуге  болады.

Бұл жұмыстардың қай-қайсысы да, ең бастысы, сан есімнің сөз табы жүйесіндегі орны мен  рөлін айқындауға, сондай-ақ оның зат есіммен байланысын толық танытуға бағытталатыны сөзсіз. Сондықтан мұғалімнің міндеті оқулықтағы мағлұматтарды өзінің ізденістері нәтижесінде түрлі жаттығу жұмыстарымен тереңдету болып табылады.


Информация о работе Сан есімді оқыту