Республикамыздағы радиациялық
жағдай
- Жоспар:
- 1. Семей полигоны – ядролық сынақ орталығы
- 2. Радиациялық ластану– дүниежүзілік проблема.
- Семей полигоны – ядролық сынақ орталығы
- Дүние жүзінде Семей полигонындай сынақ алаңы жоқ және енді болмауы да мүмкін.
- Полигонды салуға Семей қаласының батыс жағы оңтүстігі батыс пен солтүстігінен онша биік емес таулармен қоршалған территорияны таңдап алды. Бұл жер оңтүстік Оралдағы атом өнеркәсібіне жақын болды. Семей ядролық полигонының жері Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарын алып жатты. 18000 шаршы км құнарлы жерді халық шаруашылығына қолдану ісінен айырды.
Полигон орналасқан жері
- Алғашқы сынақ 1949 жылы жасалды. Жарылыстан халықты қорғау жөнінде ешкім ойлаған жоқ.
- Кеңестік ядролық жарылыс саласында істейтін қызметкерлерді, ғалымдарды полигондағы алғашқы жетістіктер жігерлендіріп, олар атом қаруының қыры мен сырын одан сайын нығайтты. 1953 ж. 12 тамызда термоядролық қондырғы сыналса, 1955 ж. 22 қарашада академик А.Сахаров жоғары қуатты бомба жасағанын дүние жүзі білді. Енді келесі болатын жарылыстың радиациялық қауіпінің орасан зор болатынын ескере отырып, бірінші рет радиациядан қорғану және халықты уақытша эвакуациялау мәселесі қойылды.
Семейдегі жер үсті жарылысы
- Мамандар белгілі бір өлшемде радиациялық сәуле алған қазақстандықтардың жалпы саны 100 мыңдаған адам болды деп санайды. Ядролық сынақтардың салдарлары біздің болашағымыздың – біздің балаларымыздың денсаулығын зақымдауда. Қазақстандықтардың туған кезде Семей полигоны дегеннің не екенін білмейтін әлі талай ұрпағы өздерінің денсаулығында ядролық сынақтардың ауыр салдарының азабын тартатын болады.
- Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады.
- Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
- 1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
- 2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
- 3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras , teralos — қ ұбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
- Осы қасиеттердің барлығы радиактивті заттарға да тән.
- Семей полигоны аса маңызды стратегиялық нысан еді. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде ол жерде ұзын саны 456 ядролық және термо ядролық жарылыстар жасалған. Соған жұмсалған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түсетін. 50 жылдайғы дерлік Қазақстанда өткізілген ядролық сынақтар біздің халқымыздың денсаулығына және айналадағы ортаға орны толмас залал келтірді. Тек Семей полигонына жапсарлас аумақтағы экологиялық апат аймағы 300 мыңнан астам шаршы километрді алып жатыр. Бұл Германияның немесе Италияның аумағымен шамалас.
- Адамдар ғана емес жердің өзі де азап тартуда. Сынақтар ланшафтың бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің өнімділік әлеуетін толық қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл қажет!
- Бүгінде Қазақстан ядролық сынақтардың салдарын жою проблемасын негізінен дербес шешуде. Іс жүзінде полигонға байланысты өз проблемамызбен бетпе-бет қалып отырмыз.
- 10 жылдың ішінде біз ядролық сынақтардан залал шеккен адамдарға өтем төлеуге, халықтың арасында емдеу – алдын алу шараларын жүргізуге, полигонмен жапсарлас аймақтардың экологиясын қалпына келтіруге жүздеген миллион теңге жұмсалды.
- Осы жылдары өз аумағының радиоактивтік ластану проблемаларын шешу үшін Қазақстан алған тегін көмектің жалпы көлемі бар-жоғы 20 миллион доллар болды. Ал енді залалданған аумақты дезактивациялау және рекултивациялау жөніндегі жұмыстардың ғана құна 1 миллиард доллардан асады. Ғаламдық мәні бар проблеманы шешу жөнінде осындайлық шығынды жалғыз көтеру бізге айтарлықтай қиын тиді.
- Бұл күнде жер асты сынақтары жүргізілген апандарға адам кіре алмайды. Оларға бетон құйылып, қалың бітелген.
Жерасты сынағының орны
- Сонымен Семей сынақ полигоны КСРО-ның ядролық қаруының сынағын жүргізетін басты база болды. Полигон объектісінің иесі мен негізгі қолданушысы КСРО қорғаныс министрлігі болды.
- Семейдегі сынақ полигонында болған ядролық сынақты 2 кезеңге бөлеміз. Біріншісі атмосферада жүргізілген сынақ 1949-1962 ж.ж. Екіншісі – жерасты ядролық сынағы 1963-1989 ж.ж. Полигондағы ядролық сынақтар 3 ортада – ауада, суда және құрғақта жүргізуге тыйым салу туралы шартқа қол қоюмен байланысты болды. Осыдан кейін ядролық қаруды жер астында сынайтын болды.
- Кейін ядролық сынақтарға қарсы қуатты қоғамдық қозғалыс қаруы пайда болды.
- Қозғалысты қазақтың адал ұлы, үлкен қайраткер, ақын, публицист Олжас Омарұлы Сүлейменов бастады. Алғашқы күннен бастап-ақ “Невада-Семей” Қозғалысының мақсаты – Жер бетіндегі ядролық жарылыстарды тоқтату. Ресейдің Саха Республикасында да бізге үн қосты. Олар “Жаңа жердегі полигон жабылсын!” деген ұран көтерді. Қозғалыс басқа да халықаралық ұйымдардың, оның ішінде “Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы“ деп аталатын халықаралық қозғалысқа ұласты.
Радиациялық ластану– дүниежүзілік
проблема
- Н.Ә.Назарбаев: 1991 жылы 29 тамызда өзінің жарлығымен Семей ядролық полигонын жапты. Радиациялық жағдай, қауіпті сәуленің адам денесіне сіңуіне болатын ауыртпалықтың шамасы туралы деректер, халықтың сырқаттануы мен қазаға ұшырауының демографиялық көрсеткіштері негізінде Семей жерінің барлық аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Шемонайха аудандары, Қарағанды облысының Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандары, Павлодар облысының Баянауыл, Лебяжі, Май аудандары экологиялық апат аймағы деп жарияланды.
- 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ СНВ-1, Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі өзінің міндеттемесін қуаттады.
- 1993 жылы Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі Шартқа қосылды, ал 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды.
- 1994 жылы еліміздің территориясынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталды.
- 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.
- 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қосылды.
- 1997 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдады.
- 2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізілетін ең ақырғы штольня жойылды.
- Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей мен Лонбор Қытай , Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500 – ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті.
- Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді.
1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (камдий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968 – 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышыған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.
Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды.
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. Адам мутагенез аурымен есепте тұр. Оның ьасым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта ресмуплика бойынша жоғары.
Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған.
Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда “Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру” (1992,1995) туралы маңызды құжатар қаблыданды.
- 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын симикалық зертеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл терриориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Ластанудың радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық, мұнай және тарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элеметтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіппорындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 2500 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынын, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиактивті ластану учаскелері табылып, оның 13-і жойылады. Маңғыстау облысында Иранға жөнелілетін металл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталады.Кәсіпорында комиссия құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің элеваторынан қуаты 200-3000 мкр/сағ. Иондаушы сәулелер шығаратын құралдар табылған. Павлодар облысының құрылыс кәсіпорындарында кейбір құрылыс материалдарының түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар қалған приборлары мен аппаратураларымен қамтамасыз етілмеген.