Әр түрлі жас аралығындағы балалардың қарым- қатынасының психикалық- педагогикалық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:23, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------------------------------------------5

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері--------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы----------10

ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ---------------------------19

Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы-------------------------------------19
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі--------------------21
2.3 Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері----------------------------------------------------------------------------------------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой адилхан.doc

— 163.50 Кб (Скачать документ)

Ата-аналар балалармен пікірлесіп тұруы керек, баланың орынды пікіріне құрметпен, түсіністікпен қараған дұрыс. Балалар анасынан айырылғанда, әділетсіз катаң мәселесіне тап болғанда үнемі беттен алып, ызаға булығу ниетіне келеді, достарынан бөлектеніп қарым-қатынаста селқос болып, бір топтағылары асқан жауыз болса, енді бір топтағылары басқалардың ырқына бағынғыш, ынжық болып дерт тартып, басқаларда суық позицияда болады.

Ата-аналар мен қоса мұғалімдер оқушылардан шынайы сүйіспеншілікпен зор үміт күту негізінде тәрбиелеу мақсатына жетуі тиіс. Кез келген оқушы оқытушылардың зор үміт күткенін аңғарғанда сөзсіз шабыттану, жігерлену, қуанышқа бөлену сезімі арқылы білмеген мәселелерін саналылықпен үйреніп, білімге құмартатын болады.

Қорытып айтқанда, жасөспірім оқушылар психикалық жақтан ақаусыз болғанда ғана біреудің қуанышын екіге көбейтіп, қайғысына ортақ болып, өзін де өзгені де дұрыс бағалап, қоғамға сәйкестену қабілетін жоғарлатып бақытты жасай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Берілген зерттеу курстық жұмысын қорытындылай келе, І бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылды: жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда барлық анализаторлардан шартты  рефлекстер  жасалады.

Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.

ІІ бөлімінде: Ерте сәбилік шақтың санына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

Ата-ана оларды тәрбиелеудегі басты тұлға. Адамзат қоғамында отбасы-лык жүйенің қалыптасуымен ең алғашкы ұрпақ тәрбиелеу міндетін ата-аналар арқалаған. Алайда ұрпақ тәрбиелеу уақыт көрсеткендей, тек жалаң сүйіспеншілікпен ғана мақсатқа жететін жағдай емес. Ол олардан өрелі ой, мол білімді қажет етеді. Әр дәуірдің өз заңы мен талабы болатындықтан заманына лайық адамы болу керек. Біздің заманымыз бізден бұрын жасағандардан гөрі  ұрпақтарға сапа жан жақтылы жоғары талап қойып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

    1. Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993.
    2. Бала психологиясының ерекшеліктері //Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3.
    3. Сәби жастағы баланың тілін дамыту проблемалары Қазақстан мектебі / 2004., ақпан.№5.
    4. Егемен Қазақстан / 2003., қыркүйек. №17.
    5. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (Психология очерктері)»Мектеп», 1987.
    6. Тәжібаев Т.., Балаубаев С. Психология (оқулық). А: «Мектеп», 1966.
    7. Тәжібаев Т. // Жалпы психология/ Алматы – 1993
    8. Сәбет БАП – БАБА // Жантану  негіздері /Алматы – 2001 ж.
    9. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы // Алматы – 1987
    10. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. - М., 1986.
    11. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000
    12. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999.
    13. Обухова Л.Ф Возрастная психология. - М., 1999.
    14. Хрестоматия по возрастной психологии / под. ред. Д.И. Фельдштейна. - М., 1994.
    15. Уилям Крэйн. Теории развития. - СПб., 2002.
    16. Кудрявцев В.Т. Психология развития человека. - Рига, 1999
    17. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. - СПб., 2000.
    18. Сапогова Е.Е. Психология развития человека. - М., 2001.

 

 

 

1 Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993.

 

2 Бала психологиясының ерекшеліктері //Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3

 

3 Бала психологиясының ерекшеліктері //Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3

 

4 Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993

 

5 Сәби жастағы баланың тілін дамыту проблемалары Қазақстан мектебі / 2004., ақпан.№5.

 

6 Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993.

 

7 Тәжібаев Т.., Балаубаев С. Психология (оқулық). А: «Мектеп», 1966.

 

8 Тәжібаев Т.., Балаубаев С. Психология (оқулық). А: «Мектеп», 1966.

 

9 Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы // Алматы - 1987

 

 


 



Информация о работе Әр түрлі жас аралығындағы балалардың қарым- қатынасының психикалық- педагогикалық ерекшеліктері