Популяциялар экологиясы – демэкология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:52, доклад

Краткое описание

Дәріс мақсаты: Экологияның бөлімдері мен тематикасы туралы, популяцияның негізгі қасиеттері.оның құрылымын ұғындыру.
Ключтік сөздер: популяция, популяция саны, популяциялық экология, туылу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Популяция лекция.pptx

— 850.05 Кб (Скачать документ)

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Дәріс  мақсаты: Экологияның бөлімдері  мен тематикасы туралы, популяцияның  негізгі  қасиеттері.оның  құрылымын ұғындыру.
    • Ключтік сөздер: популяция, популяция саны, популяциялық экология, туылу.

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Негізгі сұрақтар және олардың  мазмұны:
    • 1. Популяция туралы түсінік.
    • 2.Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы.
    • 2. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып орналасу. Олли принципі.
    • 3.Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы.
    • 4.Популяция санының экспотенциалдық және логистикалық өсуі.
    • 5.Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • 1.Популяция туралы түсінік.
    • Экологияда популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым-қатынаста және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
    • С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша:
    • популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.
    • Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда populus – халық, тұрғындар деген мағынаны береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • 2. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею (өнімділік) мен өнімнің  интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде популяцияның өсуі жүреді де, өлім оның санының кемуіне әкеледі.
    • Популяцияның тығыздығы  популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен (немесе биомассамен) анықталады. Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ырғағы және мінез-құлқы әр түрлі болуы мүмкін.
    • Мысалы, көптеген масалардан байқағанымыздай, кенелердің аналықтары – қансорғыштар, аталықтары  гүлдің тозаңымен қоректенеді немесе сусардың аталығы аналығымен салыстырғанда барлық азық-түлік түрімен де қоректене береді, ал аталығы негізінен тиінмен, ірі құстармен қоректенеді.

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Популяцияның жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емесе, бұл қатынастың жыл маусымдағы биогеоценоздардың ауысуы кезіндегі өзгерісінің, популяцияның жаңару жылдамдығын жастық топтардың қоршаған ортамен өзара әсерін көрсетеді:
    • жаңадан туылған;
    • жас - өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;
    • жартылай ересек – жыныстық жетілуге жақын;
    • ересек- жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;
    • қартайған – көбеюге қабілеті жоқ даралар.

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Әдетте популяцияда барлық жастық топтар болады. Олар біртіндеп бір – біріне өтіп отырады және үнемі жаңарып отыруы популяцияның оптималды санын ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кей жағдайда бұл қатынас бұзылуы да мүмкін: қандай да бір жастық топтың санының кемуі популяцияның деграциясына немесе керісінше, шектен тыс артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Жастық топтардың сандық қатынасы популяция күінің және оның биогеоценоздың болашағының көрсеткіші болып табылады. Жастық пирамидалардың негізгі типтерінің мысалы \көрсетілген.
    • артып келеді. 1950 жылы ол жалпы алғанда 50 жас болса, 1990 жылы 63 жас болғаны.

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Әр түрлі жастық топтардағы даралардың салыстырмалы саны (%)
    • а) жас даралардың санының көп болуы (балықтар);
    • ә) жас даралар санының орташа болуы (бұғы);
    • б) жас даралардың санының аз болуы (піл).
    • Адам популяциясын да жыныстық-жастық құрылыммен сипаттауға болады. Неғұрлым жыныстық-жастық құрылым күрделі болса, слғұрлым популяцияның бейімделушілік мүмкіндіктері жоғары болады.
    • Ғалымдар түр ретінде адамға тән өмірінің орташа ұзақтығы 110-120 жас деп есептейді. Ертедегі Рим мен Грецияда орташа жас, бар болғаны 25 жас ғана болғаны туралы дерек бар. Орта ғасырларда  ол 30 жасқа дейін көтерілді. Қазір өркениеттің дамуына байланысты дүние жүзіндегі орташа жас көрсеткіші.

 

1

 

2

 

3

 

4

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • 3. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып орналасу. Олли принципі.
    • Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты болады.
    • Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әр түрлі болуы мүмкін. Ол даралардың қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға немесе бәсекелестік қатынастарға реакциясын көрсетеді. Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, біркелкі және топтық болып бөлінеді. Ағзалардың таралу типін білудің популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен бағалаудың маңызы зор.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Іріктеп алу деп популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер қатарын атаймыз.
    • Іріктеу санын n белгілейміз. Егер әр іріктеудегі даралардың оташа санын m деп белгілесек, онда даралардың кеңістікте таралу сипатын көрсететін s² дисперсияны мына формула бойынша анықтайды.
    • s²=∑(m-x)²/(n-1)
    • мұндағы s² - таралу шамасы;
    • х – шамасының орташа m ауытқуы (дисперсия);
    • n - әр эксперименттегі даралар саны.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Біркелкі таралу жағдайында s² нөлге тең болады. Себебі әр іріктеудегі даралар саны тұрақты және орташаға тең.
    • Даралардың біркелкі таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол көбінесе әр түрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады. Мұндай таралу типі жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын балықтарда болады. Бірқалыпты таралуға мысал ретінде Ла- Манш құмды жағалауларында тіршілік ететін тақта желбезек былқылдақденелілер де мысал бола алады.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының  ұнның ішінде таралуы кездейсоқ болады.
    • Топтасып таралу – табиғатта жиі кездеседі. Топтардың өзі кездейсоқ немесе жиналып таралуы мүмкін. Әсіресе ағаштардың орман кеңістігіндегі таралуы жататын бастапқыда олар әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе олардың таралуы бірқалыпты бола бастайды. Ал орманның калыңдығы түрішілік бәсекелестік нәтижесінде кемиді. Аралас өсімдіктер бірлестігінде басылатын түрлер әдетте топтанып, ал доминатты түрлер бірқалыпты таралады.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Даралар санының шектен тыс артуы мен популяция тығыздығының артуы арқылы массалық  эффект қоршаған ортаны өзгертеді. Масса эффектісі өнімділік, өсу жылдамдығы жануарлардың өмір сүру жасына кері әсер етеді. Мысалы, ұндағы ұн құртының популяциясының дамуы барасында эксперименттер, түрлеу өнімдері жиналып, ұнның мекен ету ортасы ретіндегі қасиетін нашарлатады. Бұл осы бунақденелілер популяциясындағы өнімділіктің төмендеуі мен өлімнің артуына әкеледі.
    • Табиғатта топтық эффект пен массалық эффект бір уақытта байқалып отырады.
    • Әрбір жануардың түр бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады  (Олли принципі).

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • 4. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы. Популяцияның саны негізінен бір-біріне қарама-қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім.  
    • Туылу – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бактериялар әрбір 20 минут сайын бөлінеді.
    • Өлім – белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны. Өлімнің үм типін бөліп көрсетуге болады. І барлық жастағы өлімді сипаттайды (гидра); ІІ дралрдың дамуының ең ерте кезеңде өлімінің жоғары болуымен (айқұлақ); ІІІ ересек (қарт) даралардың өлімінің жоғары болуымен сипатталады (адам).

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Популяциялар экологиясы – демэкология

 

    • Популяцияның өсімі – туылу мен өлімінің арасындағы айырма; өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.
    • Өсу жылдамдығы – уақыт бірлігінде орташа өсім.
    • Егер R0 арқылы берілген түрдің бір дарасының өмірідегі беретін ұрпақтарының орташа санын белгілесек (таза көбею жылдамдығы), онда:
    • R0>1 –популяция өседі (ұсақ жануарларға тән);
    • R0 =1 – популяция саны тұрақты;
    • R0 <1 – кеміп бара жатқан популяция (кәсіптік жануарлар).

Информация о работе Популяциялар экологиясы – демэкология