Перкуссияның шығу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 11:04, реферат

Краткое описание

Перкуссия (латынша percussio “тері арқылы”) қазақша соғып не қағып қарау дегенді білдіреді. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі болғанымен кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық ғалым дәрігер Л. Ауэнбруггер (1722-1801) болатын. Оның латынша жазылған “Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс” трактаты 1761 жылы жарық көрген. Л.Ауэнбруггер “қолдың алақанын жазып, бір бірімен біріктіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жайлап, асықпай соғып қараған кезде, жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәліметтер береді” деп жазған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 16.71 Кб (Скачать документ)

              Перкуссияның шығу тарихы

Перкуссия (латынша percussio “тері арқылы”)  қазақша соғып не қағып қарау дегенді білдіреді. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі болғанымен кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық ғалым дәрігер Л. Ауэнбруггер (1722-1801) болатын. Оның латынша жазылған “Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс” трактаты 1761 жылы жарық көрген. Л.Ауэнбруггер “қолдың алақанын жазып, бір бірімен біріктіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жайлап, асықпай соғып қараған кезде, жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәліметтер береді” деп жазған.

 Өкінішке орай ғалымның орасан зор маңызды еңбегі сол уақытта дұрыс бағаланбаған және елу жыл бойы клиникада қолданылмаған. 

Тек 1808 жылы, Л. Ауэнбурггердің дүниеден өттуіне аз уақыт ғана қалғанда, Наполеонның жеке дәрігері, француз клиниці Корвизар оның еңбегін француз тіліне аударып, перкуссия әдісін жоғары бағалағаннан кейін ғана клиникада кеңінен қолдана бастады. Корвизар перкуссияны жүрек дерттерін, аорта аневризмасын анықтауда кеңінен қолданған.

Л. Ауэнбурггердің ойлап тапқандай, саусақтардың басымен соғып перкуссиялау тікелей перкуссия деп аталады.

 Пиоррри перкуссия әдісіне плессиметрді (plesso — соғамын, metron -өлшем) қолдануды ұсынған. Ол үшін кеудеге плессиметрді тығыз тақап қойып, үстінен саусақпен соғып отырған. Ауэнбруггер бойынша перкуссиялау кезінде кеуденің кең көлемінен мәлімет алынады, ал плессиметрдің көмегімен перкуссия жасаған кезде кеуденің аз көлемді шектелген бөлігінен, патологиялық үрдістердің орнын дәлірек анықтау мүмкіндігі туады.

 Он төрт жыл өткен соң Винтрих арнайы перкуссиялық балға ойлап тауып, онымен плессиметрдің үстінен ұрып анықтауды қолдана бастаған. Осы құрал — жабдықтардың көмегімен соғып қарау жанама перкуссия деп аталады. Кейінгі уақытта ғалымдар клиника жағдайында перкуссия әдісін одан әрі жетілдіруге тырысқан: әр түрлі аурулар кезіндегі перкуторлық мәліметтер салыстырылады, оның техникасы мен әдістемелерін жаңартады, плессиметр мен перкуссиялық балғаның әр түрлі пішіндері қарастырылып, түрлі материалдардан жасалады. Мысалы: ағаш, металл, піл сүйегі және т.б. Перкуссия әдісін дамытуға үлкен мән берген себебі: ренген сәулелері ашылғанша ішкі ағзалардағы патологиялық өзгерістер тек қана физикалық, онық ішінде, перкуссиялық әдістермен зерттелген болатын.

 Кейін В.П.Образцов өзінің жаңа перкуссиялық әдісін ұсынады.Оны орындау үшін оң қолдың сұқ саусағын ортаңғы саусағының үстінен қайыра салып, зерттеу кезінде сұқ саусақты жылжыта түсіп, денеге соққы түсіреді. В.П.Образцов әдісі тікелей перкусссияға жатады және бұрынғы әдістерге қарағанда дәлірек мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде кеңінен тарағаны 1935 жылы Г.И.Сокольский ұсынған әдіс. Ол жанамалы перкуссиялық әдіске жатады, тек плессиметр мен балға қолданылмайды, соққы қол саусақтарымен жасалады. Әдетте сол қолдың ортаңғы саусағын денеге жанастырып (плесстметр ролінде), оң қолдың ортаңғы саусағымен (перкуссиялық балға ретінде) соғып отырады.

 Бұл перкуссиялық әдістің  артықшылығы: ол құрал жабдықтар  іздемей — ақ, кез келген уақытта  тексере беруге мүмкіндік туғызады. Жүрекке перкуссия жасау әдісі  арқылы жүректің көлемін,оның  орналасуын, шекарасын, кескін үйлесімін (конфигурация), сол сияқты қан  тамырлары шоғырының енін де  анықтауға болады. Негізінен жүрек  екі жағынан өкпемен жабылып  тұрады, перкуссияның шарты бойынша, өкпе – ауасы бар мүше, онда  ашық дыбыс, ал жүрек –ауасыз  мүше, онда тұйық дыбыс естіледі. Осындай әртүрлі жағдайлар перкуссия  әдісін тиянақты түрде қолдануға  мәжбүр болады.

Перкуссия ережелері мен әдістері

Перкуссия жасағанда сақталуға тиісті ережелер:

  1. Бөлме іші  тыныш  және жылы болуы керек.
  2. Перкуссия кезінде ааурудың қалпы оның бұлшықеттерінің  тартылуына жағдай туғызбауы керек.  Перкуссияға ең ыңғайлы қалыптар – аурудың тұрған және отырған қалыптары.
  3. Дәрігердің қалпы өзіне ыңғайлы болуы керек. Перкуссия кезінде  дәрігер аурудың алдыңғы жағында оның оң қолын  ала тұрады, ал аурудың арт жағында оның сол қолын ала тұрады.

Өткізу әдісінге қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей перкуссияда  перкуссиялық соққы (қағу) аурудың денесіне тікелей (бірден) тиеді. Тікелей перкуссияға Ауэнбруггер ұсынған әдіс жатады – белгіленген мүшені  бір бірімен біріктіріліп, жартылай


Информация о работе Перкуссияның шығу тарихы