Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:02, реферат
Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртурлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде. Мысалы: Атырау облысын алатын болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қоршаған ортаның зиянды факторлары
Қазақстанда қауіп-қатердің еркінді факторлары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Гигиена -1, денешынықтыру және валеология» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қоршаған ортаның зиянды факторлары. Қауіп-қатердің еркінді факторлары туралы түсінік, оның маңызы
Орындаған: Орумбасарова А.
Тобы: 204-ДЕІ
Қабылдаған: Тайжанова М.
Шымкент 2013 ж.
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті. Оның себебін көптеген факторлардан іздеуге болады, табиғи ресурстарды ретсіз, тиімсіз пайдалану, экология саласында құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің болмауы және т.б.
Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртурлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде. Мысалы: Атырау облысын алатын болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті.
Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде қоршаған орта мен адамдарға қауіпті жаңа фактор қалыптасты, ол электромагниттік толқындар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Элекетроманшеттік өрістер барлық тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адамның ағзасына өте үлкен зардаптар тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған.
Сонымен
қатар, кейінгі кезде шетел
Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден корғалуының жай-күйі. Қолайлы қоршаған орта дегеніміз - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта.
Қоршаған орта саласында адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық актілер ретінде шарттар, конвенциялар, халықаралық ұйымдардың келісімдері, декларациялар және т.б. болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстан олардың жиырма шақтысына қол қойды, бірақ олардың әрекет етіп жатқанын көре алмай отырмыз. Қоршаган ортаға байланысты Рио-де-Жанейро декларациясында экологиялық сұрақтарды барлық мүдделі адамдардың қатысуымен қарау керектігі айтылған сондай-ақ адамдарға келтірілген зиянның орны міндетті түрде толтырылуы керектігіне ерекше көңіл аударылған. Осы декларацияның 13-қағидасында: «Мемлекет экологиялық зиян қызмет нәтижесінде және басқа да ластаудың салдарынан келтірілген зардаптардың алдан алу үшін компенсация көзделетін заңдар дайындау керек», - делінген. Алайда, қазіргі таңда елімізде аталған қатынастарды нақты реттейтін заңның жоқтың қасы, тек жекелеген қысқа нормалар ғана бар, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінін
9-бабында:
«Азаматтардың келтірілген зиянның толығымен өтілуіне құқықтары бар». – деген норма бекітілген, бірақ бұл нормаға тек ақшалай түрде бағалауға жататын бөліктер ғана кіреді. Ал сонымен қатар ақшамен бағалау мүмкін емес зиянның бар екені белгілі, мысалы, гендік сипаттағы зардаптар, мүгедектік, денсаулығынан айырылу моральдық зардаптар, адам психикасында көрініс табатын факторлар және т.б Сондықтан. материалдық орнын толтыруға жатпайтын зияндарды да құқықтық реттейтін нақты механизм қажет.
Қоршаған ортаның
жағдайы туралы ақпараттың дұрыс
көлемде берілмеуі құпияда
«Ақпаратқа кіру, шешімдер
қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуы
және қоршаған ортаға қатысты мәселелер
бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы»
Орхус конвенциясының 4-бабында: «қазіргі
және болашақ ұрпақтардың әрбір адамның,
оның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қолайлы
қоршаған ортада өмір сүру құқығын қорғауға
жәрдемдесу үшін қолайлы қоршаған ортада
өмір сүру құқығын қорғауға, экологиялық
ақпаратқа қол жеткізу, жұртшылықтың шешімдерін
қабылдау үдерісіне қатысуы, қоршаған
ортаға қатысты мәселелер бойынша сот
әділдігіне қол жеткізу құқығына кепілдік
береді», - деген норма бекітілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
31-бабына көрсетілгендей. адамдардың өмірі
мен денсаулығына қатер төндіретін деректер
мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың
жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке
әкеп соғады. Мұндай құқық бұзушылық үшін
2003 жылы қылмыстық іс қозғалған жоқ деп
айтса да болады.
Еліміздегі қоршаған
ортаны қорғау - өткір мәселелердің
бірі және ол дереу шешімді талап
етеді. Қазақстан Республикасының
экологиялық жағдайы тіпті
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының жыл сайын
беретін қорытындысына
Адамдардың өмір сүруінің орта жасы бірден төмендей бастаған, сонымен қатар өлім саны да кенеттен өсіп кеткен.
Мамандардың дәлелдеріне сүйенсек, қазіргі кезде халық шегіп отырған зардаптар болашақта бірнеше ұрпактарға үлкен кері әсерін тигізеді.
Қазақстанның денсаулық сактау ұйымының хабарлауынша республикамызда әртүрлі улы ғаздардан зиян шеккен адамдарды емдеп, денсаулықтарын калпына келтіру үшін бірнеше миллиард тенге қаражат керек, дегенмен, бұзылған денсаулықты қайтадан бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес.
Қолайсыз қоршаған ортамен келтірілген зиянның орнын толтыруға негізделген нормаларды бірнеше заңнан көруге болады, олардың әрқайсысына жеке тоқталып өтсек, «Халыктың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2001 жылы 4-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес (1 - бабы), адамның тіршілік етуіне қолайлы жагдайлар деп - тіршілік ету ортасы факторларының адамға зияңды ықпалы жоқ кездегі жай-күйді айтқан. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын сақтауға, тіршілік етудің қолайлы жағдайларына және санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары мен міндеттерін іске асыру, тіршілік ету ортасы факторларының халық денсаулығына зиянды әсер етуінің алдын алу мақсаты көрініс тапқан. Осы заңның 18-бабында адамның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыгы саласында құқықтары бекітілген:
- адамның
және оның келешек ұрпағының
денсаулық жағдайына теріс
-халықтың сантирлық – эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының
заңдарын бұзу салдарынан басқа жеке адамдардын
жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың
кінәсінен олардың денсаулығына немесе
мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға
құқықтары бар.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну
қалдықтары 20 млрд. тоннадан асып кетті,
оның ішінде 7 млрд. тоннасы улы заттарды
құрайды, әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда.
Мамандардың зерттеу жұмыстарынын қорытындысы
бойынша, Қазақстан территориясының радиоактивтік
ластану дәрежесі, Чернобыль АЭС-да болған
апатының салдарынан территорияның радиоактивтік
ластанған дәрежесінен 1,5-2 есе артық. Бұл
мәселе қолайлы қоршаган ортаны қамтамасыз
ету жұмысын одан әрі шиеленісе түсуіне
себепші болып отыр.
«Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылы 18 – наурызда қабылданған заңының 3-бабында, жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін жан-жақты ғылыми негізделген талдау және бағалау міндеті көрсетілген.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республиқасының 1997 жылы 15 шілде қабылданған заңына сәйкес адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру қағидасы бекітілген. Ал 5-бабында: «Әрбір азаматтың және Қазазақстан Республикасының аумағында туратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеуіне құқығы бар», - делінген.
Экологиялық қауіпсіздік - мемлекеттің стратегиялық компоненті және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.Экологиялық қауіпсіздік ең аллымен тұлғаның қоршаған ортаға антропогендік әсер етуден, оның зарлаптарынан, апаттардан қорғалғандығымен анықталады.
Нарықтық қатынастарға араласа алатын дамушы мемлекет ретінде, елдегі өнеркәсіп пен өндірісті дамытуда мақсат етіп қоя тұра, халыктың өмір сүруіне қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету керектігін ұмытпаган жөн. Бізден кейінгі ұрпақтардың бар екенін және олардың лайықты, таза табиғи ортада өмір сүруіне жағдай жасау әр азаматтың міндеті және азаматтық борышы.
Дүние жүзі мамандарының пайымдауынша, Қазақстанда шоғырланған табиғи ресурстар елдің дамуын керісінше тежеуде және оларды пайдаланғаннан пайдаланбаған артық, әрі қауіпсіз.
Сонымен,
жоғарыда қарастырылған өзекті мәселелерді
қарастыра келе адамдардың денсаулығына
келтірілген зиянның орнын
- белгілі
бір аумақтағы қоршаған
- медициналық растау құжаты, онда денсаулыққа келтірілген зардаптың дәрежесі, мөлшері және басқа да көрсеткіштерді айқындау қажет;
- медициналық- әлеуметтік сараптама қорытыңдысы, онда зардап келтірген ошақ пен зиян шеккен адамның арасындағы себептік байланыс көрініс табады.
- экологиялық
құқық бұзушылық нәтижесінде
келтірілген залалдардың көлемін материалдық
есептеу үшін зардап шеккеннің еңбек қабілеттелігін
жоғалту дәрежесі, емделу және денсаулыққа
келтірілген шығынның көлемі, лажсыз жіберілген
уакыты, мекен-жайының немесе өмір сүру
жағдайының өзгеруіне байланысты туындаған
қолайсыздықтар, мамандықтың өзгеруі,
моральдық және т.б. залалдардың келтірілуі
міндетті түрде есепке алынуы тиіс.
- бұл саладағы істер бойынша дәлелдер
жинау қиын, сондықтан, соттар талаптарды
қараған уақытта оларға сескенушілікпен
қарайды.