Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 16:49, реферат
Қоғам халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып отырады.Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге көптеген халықаралық ұйымдар жұмыс істейді.Соның ішінде,қазіргі кезде,Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен улес қосып отыр және осы БҰҰ-ның көмекші органы ЮНЕП-те қоршаған ортаны қорғауды маңызды рөлді атқарады.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Біріккен ұлттар ұйымы және көмекші органы ЮНЕП
2.Халықаралық үкіметтік емес «Гринпис» ұйымы
3.Экологиялық құқық бұзушылық
4.Қоршаған ортаны қорғаудағы Қоғам қызметінің негізгі бағыттары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
«Астана Медицина университеті»АҚ
Жалпы гигиена және экология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер
Астана 2013ж
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Біріккен ұлттар ұйымы және көмекші органы ЮНЕП
2.Халықаралық үкіметтік емес «Гринпис» ұйымы
3.Экологиялық құқық бұзушылық
4.Қоршаған ортаны қорғаудағы Қоғам қызметінің негізгі бағыттары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кірпіспе
Қоғам халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып отырады.Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге көптеген халықаралық ұйымдар жұмыс істейді.Соның ішінде,қазіргі кезде,Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен улес қосып отыр және осы БҰҰ-ның көмекші органы ЮНЕП-те қоршаған ортаны қорғауды маңызды рөлді атқарады.
Негізгі бөлім
Қоршаған
ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ
(Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты
қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты
органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік
кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар
(мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет
мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар
Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция
және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі
халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілі
Негізгі
бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қор
ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:
ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.
Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде
Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс
істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік
кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып
табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын
200-ден астам халықаралық үкіметтік емес
ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат
ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы
(МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық
кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі
Дүниежүзілік федерация;Альпі аудандарын қорғау жөніндегі
Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда
"Экология және қоршаған ортаны қорғау
саласындағы өзара әрекеттестік туралы"
келісімге қол қойылды.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.
Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:
Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.
Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялық апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.
Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні қылмыстық, әкімшілік немесе басқа да жауаптылыққа тартуға қарамастан бастала береді. Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты қорғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды қызметкерлер тартылады. Материалдың жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды ендіруді айтамыз. Сонымен, экологиялық мәселелерді бірігіп шешу кажет. Табиғаттың ластануы, бұлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялық қылмыстар мен өзге де құкық бұзушылықтар саны өсуде. Олардың қоғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы қылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп қоймай, сондай-ақ адам тіршілігінің биологиялық негізін жояды. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылыққа әкеліп соктырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)
атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және
болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей
қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты
(орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі.
Бұл тұжырымдама — қоғам мен та
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер