Қоршаған ортаның экологиялық факторлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 14:13, реферат

Краткое описание

Жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстанның көптеген аймақтарындағы экологиялық жағдай сын көтермейді. Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың топыраққа, суға, ауаға түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1.Қоршаған ортаның экологиялық факторлары
1.2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы
1.3 Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу
1.4. Биотикалық факторларға адаптация
1.5. 1.5. Факторлар және олардың айырмашылықтары

1.6. Орта факторлары және олардың ағзаға әсері
1.7. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тип.docx

— 61.56 Кб (Скачать документ)

Абиотикалық  факторлар - табиғаттың  өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б.

Биотикалық  факторлар – бұл тірі  денелердің бір – біріне  тигізетін әсерлері.

Антропогендік факторлар – адамның  табиғат  компоненттеріне  әсер еткен  іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер).

 

      Тірі ағзаларға  экологиялық факторлардың  әсер етуші жалпы заңдылықтары:

1.Оптимум Заңы.

2.Әсер етуші фактордың   түрлі  функцияларға әсерінің  бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік, вариабелділік және  түрдің жеке даралардың орта  факторларының әрекетіне жауап қайтару реакциясының  әр түрлі болуы.

4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір – бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі.

5.Жеке  түрлердің  экологиялық  спекторы төмендемейді. Әр түрдің  өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.

6. Факторлардың өзара байланысы. 

7. Факторларды шектеу ережелері.

Негізгі  абиотикалық факторды және  ағзаның оған  адаптациялануын қарастырайық.Жарық . Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді: Көрінетін   жарық  өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге(УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері  қауыпті, ал аз мөлшерде көптеген түрлерге қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің  күюін  (терінің  қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм.-ге жететін ұзын толқындар  ағзаны  жылулықпен қамтиды.

 

      Жасыл өсімдіктер  өміріндегі жарықтың ролі:

1).Хлорофиллдің  пайда  болуы (фотосинтез).

2).Лептесіктердің жұмысын   қалыптастырады (газ алмасу және  транспирация), ферменттердің белсенділігін  арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының  биосинтезін  жақсартады.

3).Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне  және өсімдіктің дамуына  әсер етеді,  жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.

 

      Жарыққа байланысты  болатын экологиялық топтар:

 

      1. Жарық  сүйгіштер (жарықтағы) – гелиофиттер.

 

      2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) – сциофиттер.

 

      3.Көлдеңкеге  төзімділер – факультативті   гелиофиттер.

 

      Жануарлар  үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға , көруге ғана қажет.

 

      Температура.Тіршілік  үшін  қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С –қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың  нормадағы құрылысы және  қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден  тыс температура  мөлшерінде де тіршілік ете алады:

 

      1.Криофилдер  –суықты қажет ететін  түрлер.

 

      2.термофилдер  – керісінше, жоғары температураны  қажет етуші  түрлер.

 

        Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:

Төменгі температураға :

1.Суыққа төзімсіздер. 2.Аязға төзімсіздер.3.Мұзға төзімділер (аязға төзімділер).

Жоғарғы температураға :

1.Салқынға төзімділер. 2.Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3.Ыстыққа төзімді прокариоттар.

Жануарлардың температураға  адаптациялануы :

1.Химиялық терморегуляция.  2.Физикалық терморегуляция. 3.Ағзалардың  өзін -өзі көрсетуі.

Ылғалдылық. Су  - барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.

Суға байланысты өсімдіктердің  экологиялық топтары.

Гидатофиттер – суда толығымен  немесе біршама бөлігімен  тұрып өсетін өсімдіктер.

Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың  көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.

Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды  ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта  өседі.

Мезофиттер – аздаған және  өте  шөлді  жерлерде өсетін өсімдіктер.

Ксерофиттер -  ылғалы жеткіліксіз  жерлерде өседі.

Суккуленттер – бойына  шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды  паренхималары мен  түрлі  органдарында жинау қабілеттері  бар.

1.7. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары

Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. Жатады.

Оптимум ережесі

Кез-келген фактордың ағзаға оң ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері ағзаға теріс етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдіктің дұрыс өсуіне кері етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық Фактордың оптимум аймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, ағзаның тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін Пессимум аймағы жатыр. Әрбір ағза, түр үшін өзінің оптимум жағдайлары бар. Ол тек әр түрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір ағзаның әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін, ылғал сүйетін және құрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі. Әрбір түр үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. Ал ағзаның белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер- ықпалына шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді. Белгілі бір факторға қатысты ағзаның өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын ағзалардың экологиялық валентгілігі (толеранттылығы) деп атайды.

Шелфорд ережесі

Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, ағзаның тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттың (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мүны Шелфорд ережесі деп те атайды: - ағзалардың белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, ағзаның белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia - шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жогаргы) мәндердін аралыгында гана өмір сүре алады. Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік - ағзалардың орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады. В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында (өсімдік, мал, орман, т.б.) үстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынга түседі, себебі әр фактордың, әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалган жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шыгып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20°С-та ыстық жақтың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай Бұл жағдайда тіршілігін жояды. Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездеспейді. Бұл жағдай түрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды. Жеке қажеттілік деп индивидтің (жеке особтын) тіршілік етуіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетгі жағдайларға мүқтаждығы. Егер түрлердің бір факторға тұрақтылықтары бірдей болса, басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады.

Одум ережелері

В.Шелфордтың толеранттылық заңын кейін американдық ғалым Ю.Одум (1979 ж.) бірнеше ережелермен толықтырды:

  • - азғалар кейбір факторларға кең ауқымды (яғни,

толеранттық диапазондары кең) және басқа факторларга тар ауқымды төзімділікте (яғни, басқ а факторларға қатысты толеранттылық диапазоны аз) болуы мүмкін;

  • - экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары

(диапазондары кең) азғалар  әдетте табиғатта кең таралған;

  • - егер түр үшін бір экологиялық фактордың әсері оптималды

болмаса, төзімділік шектері басқа экологиялық факторларға да өзгеріп, төмендеуі мүмкін. Мысалы, топырақ қүрамындағы азоттың мөлшері аз жағдайда астық түқымдастардың құрғақшылыққа төзімділігі төмендейді, сәйкесінше топырақта азот жеткілікті жағдайға қарағанда ылғалды көп қажет етеді. В.Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды. Экологиялық толеранттылыққа байланысты азғалар екі типке бөлінеді.

 

 

 

 


Информация о работе Қоршаған ортаның экологиялық факторлары