Органикалық заттардың организмдерге әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2014 в 19:56, реферат

Краткое описание

Органикалық қосылыстарға құрамында көміртегісі бар химиялық заттар жатады, мысалы:
Органикалық қосылыстар бейорганикалық қосылыстардан бірнеше ерекшеліктермен айырылады:
көбінде барлық органикалық қосылыстар жанады немесе тотықтырғыштармен қыздырғанда СО2 бөліп, оңай ыдырайды (бұл белгіге қарап зерттелетін заттың органикалық қосылысқа жататындығын анықтауға болады);
органикаық қосылыстардың молекулаларында көміртегі Периодтық жүйедегі кез келген элементпен байланыса алады;
органикалық молекулаларда тізбекпен жалғанған көміртегі атомдарының тәртібі сақталады (ашық немесе тұйық);
көптеген органикалық қосылыстардың молекулалары тұрақты иондарға диссоцияланбайды;
органикалық қосылыстардың реакциялары өте баяу жүреді және де көбінесе аяғына дейін жүрмейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

органикалық заттар.docx

— 45.72 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. 

Органикалық заттар адам организміне, өсімдіктер мен жануарларға зиянды әсерін тигізуде. Органикалық заттар ауадан топыраққа немесе суға еніп, адам мен жануарларға қоректік тізбек арқылы келіп түседі. Адамдарда бауыр, бүйрек  ауруларын туғызады. Тіпті кейбір мәліметтерге сүйенсек қатерлі ісік ауруына да шалдықтыруы мүмкін.

Улы химикаттар (пестицидтер) – адам денсаулығына және экологияға зиян келтіретін микроорганизмдерден,жануарлар және өсімдік түрлерімен күрес жүргізуге арналған химиялық заттар.Олар гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер және т.б. болып бөлінеді. 
Гербицидтер арам шөптермен күресуге арналған химиялық заттар.Олар феноксиқышқылдар,бензойн қышқылының туындылары,динитроанилиндер және көптеген гетероциклді қосылыстар. 
Инсектицидтер зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттар.Инсектицидтерге хлорорганикалық,фосфорорганикалық заттар,сондай-ақ құрамында мышьяк және күкірті бар заттар жатады. 
Фунгицидтер өсімдіктердің саңырауқұлақтар арқылы пайда болатын аурлармен күресуге қолданылатын химиялық заттар.Фунгицидтер ретінде әртүрлі антибиотиктер,сульфаниламидті препараттар қолданылады. 
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған — қан айналым мүшелерін айтуға болады.

Осындай ғаламдық ластануға эволюцияның дамуы себепші болып отыр. Тек қоршаған ортамызды ластанудын сақтау арқылы тірі организмдердің өмірін сақтап қала аламыз деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

                                Жоспар:

 

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

а.Концерогендік заттардың әсері

ә.Пестицидтер-түрлері, организмдерге әсері.

б.Басқа да органикалық заттардың түрлері және әсері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер

 

    1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев –
    2. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
    3. Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

 

 


Информация о работе Органикалық заттардың организмдерге әсері