Негізгі тіршілік ету орталары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 16:33, реферат

Краткое описание

Тіршілік ортасы деп белгілі бір организм (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.
Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі организмдер жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі организмдер мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды. Экология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Тіршілік етуші негізгі орта
2. Тірі ағзалар- тіршілік ортасы

III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.doc

— 49.50 Кб (Скачать документ)

                            Жоспар

 

 I. Кіріспе

 

 II. Негізгі бөлім

 

        1. Тіршілік етуші негізгі орта

 

        2. Тірі ағзалар- тіршілік ортасы

 

 

    III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Кіріспе

Тіршілік ортасы деп белгілі бір организм (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі организмдер жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі организмдер мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды. Экология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым.

Адам экологиясы- адам мен оны қоршаған ортасының  жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым- қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді дисциплина.

Қоршаған орта- адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне  объективті әсер ете алатын, оның түрлі  қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі.

Табиғи қоршаған орта- адамның өмір сүру іс- әрекетіне  және оның қажеттілігін қанағаттандыратын, тірі және өлі табиғат объектілерінің, өзін қоршаған ортасының бөліктері.

Вернадский  В.И. – XX ғасырдың 20- жылдарында биосфера туралы тамаша ілім қалыптастырған орыстың (совет) белгілі геологы.

Биосфера- Жер  қабатының «тірі денелер», сондай- ақ «денелер» сияқты ұғымдарды ұстап  тұратын бөлігі.

Геосфера- Жердің тірі емес бөліктері атмосфераны, гидросфераны және литосфераны біріктіретін географиялық бөлігі.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі  компаненттердің белгілі бір  географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.

Биоценоз- белгілі  территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.

 

 

Жер бетіндегі  тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді. 

Сулы орта. 
 
Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді. 
 
Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады. 
 
Гиробионтар – суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады. 
 
Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады. 
 
Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. 
 
Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар). 
 
Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері. 
 
Су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы.Көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер)) 
 
 
 
Фильтрация (сүзу) - қоректену көзі. 
 
Кейбір гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар көп мөлшердегі суды сүзіп, ондағы кездесетін органикалық шығу текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді. 
 
Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері. 
 
Бұндай су тоғандары негізінен өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық кезеңдегі өмір кешеді десе де болады. 
 
Құрлықты – ауа ортасындағы тіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды.Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жанурлар денесі ауамен қоршалған- газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары,су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді,сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді. 
 
Көптеген түрлерде ауа лектерінің көмегімен таралу – анемохория дамыған. 
 
Ауа лектерінмен ағзалардың пассивті қабылдануы –аэропланктондар деп аталады. 
 
Бұл ортаның өзіндік ерекшелігі –температураның жылдам өзгеруі болып табылады. 
 
Құрлық - ауалы ортаның жағдайы ондағы ауа – райының өзгерісіне тікелей байланысты.Ауа – райының өзгерісіне байланысты жер бетінің 20 км. бетіндегі атмосферасының үздіксіз өзгерісіне әкеледі (тропосфераның шегі). 
 
Ауа –райының көп жылдық тұрақты өзгерісі сол жердің климатына сәйкес сипатталады. 
 
Сонымен қатар, жерүсті тіршілігі үшін ол жердің жарық түсу жағдайы, жергілікті жер рельефі және грунтының құрамы, жауын – шашындардың (жауын, бұршақ, қар) мөлшеріне де көп байланысты. 
 
Топырақ – тіршілік ортасы. 
 
Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауаме, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай. 
 
Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары: 
 
Микрофауна - топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін топырақ – микросу тоған жүйесі. 
 
Мезофауна - недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар).Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты. 
 
Макрофауна – 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар,қырықаяқтар,жәндіктер,шаянтәрізділер). 
 
Оларға топырақ – қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде аздаған механикалық кедергілер келтіреді. 
 
Топырақ мегофаунасы – бұлар ірі жер қазушылар, негізінен сүтқоректілер болып келеді (слепыштар,слепушонкалар,цокорлар,көртышқандар және басқалар), олар өмірін топырақ астында өткізеді де,қазуға бейім келеді. 
 
Інде тіршілік етушілер (суырлар,борсықтар,саршұнақтар,тушкандар, қояндар және т.б). Олар негізінен жердің үстінде қоректенеді де, көбеюі, қыстаулары, тынығулары, өз жауларынан қорғанысы топырақта жүреді. Топырақ жануарлардың эволюциялық дамуында өте үлкен роль атқарды. 
 
Тірі ағзалар – тіршілік ортасы. 
 
Тірі ағзалардың денесін тіршілік ортасы ретінде пайдалану – табиғаттағы бұрыннан келе жатқан табиғи құбылыс. Тіпті микроағзалар (бактериялар, біржасушалы балдырлар) паразиттер мен симбионттардан тұратын бірлесе тіршілік ететін ағзалармен қатар өмір сүреді. 
 
Паразиттік өмір сүру жағдайларының өзіндік оңды жақтары мен кемшіліктері бар. 
 
Оңды жақтары: 1).Қорекпен өзінің тіршілік етуші қожасының ағзасы арқылы үнемі толық қамтамасыз етіліп тұрады.Паразиттердің тез өсуі көбеюге және басқа ағзаларды залалдауға себепші болады.2).Сыртқы ортадан туытын әсерлерден толық қорғанышта болады. 
 
Кемшіліктері: 1).Ткандар мен жасушаішіндегі өмірсүрушілер үшін тіршілік кеңістігі шектеулі. 2).Оттегімен қамтамасыз етілуі күрделі. 3)Қожа ағзасының празиттерден қорғанысы да шектеулі. 
 
Осындай жағдайларға қожа ағзасы да,паразитер де эволюциялық даму жағдайында әркімнің өзінше бейімделушілігі қалыптасқан

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланган әдебиеттер

 

1 .Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері 
 
2. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап 
 
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеем  Ербұлан

Жағдайың  қалай? Осы ойын басталғанда қатты  қуандым және тіледім сенің есімің маған түссе екен деп. Тілегім  орындалды!  Сенімен ең болмаса  осылай сөйлесуге мүмкіндік туды. Өте қуаныштымын... Сен маған унайсың... Көптен бері айта алмай жүрген едім, өте қуаныштымын... Алғашқы хатта-ақ бәрін жайып салмай-ак кояйын. Әлі де кездесеміз ғой...

Твой  АнгеЛ))))

 


Информация о работе Негізгі тіршілік ету орталары