Өндірістік практика есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 14:39, реферат

Краткое описание

Табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалануды реттеу, өсімдік және жануар дүниесін ұдайы өндіру саласында бірыңғай Мемлекеттік саясат жүргізу мақсатында, Қазақстанда 10 жыл бұрын мемлекеттік экология органы құрылды. (1988 жылы 7 қаңтарда «Елде табиғатты қорғау істерін түбегейлі қайта құру туралы» Совет одағының Министрлер Кеңесі мен Коммунистік партияның орталық комитетінің үкіміне сәйкес, 1988 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің осындай үкімі шықты).

Содержание

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық департаменті туралы анықтама
2. Негізгі бөлім
2.1 Қалдықтарға сипаттама
2.2 Қатты қалдықтардың классификациясы
2.3 Өндірісті қалдықтарды көмуге арналған полигондар
2.4 Қалдықтардың түрлері
2.5 Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау
3. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік практика есебі департамент экологии.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

улы өндірістік қалдықтарды өңдеу заводтары 

улы өндірістік қалдықтарын көму учаскелері;

арнайы улы  қалдықтарды тасымалдайтын автокөліктерге арналған тұрақтар (гараж).

Ескерту

1)  улы өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу заводтары қалдықтарды жағу және физико-химиялық өңдеу үшін, оларды заласыздандырып улылығын төмендетіп, ерімейтін формаға дейін жеткізіп, көлемін азайту үшін қолданылады;

2)  қалдық мөлшері 100мың т-дан аспайтын болған жағдайда, құзырлы органдармен келісе отырып, мұндай завод құрылысын жүргізбеуге рұқсат беріледі.

Полигонға қабылдамайтын  қалдықтар түрлері:

эффективті  әдістер арқылы металл өнімдерін  және басқа да заттарды айыруға болатын қалдықтар;

радиоактивті  қалдықтар;

регенерациялауға  жататын мұнай өнімдері.

Полигонның  жобаларында өнеркәсіптік қалдықтар  жөнінде төмендегі ақпарат болуы  керек:

1) өнеркәсіптік  қалдықтардың болжанатын мөлшерінің  саны мен сапасы (қауіптілік класы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері жөнінде мәліметтер;

2) қоршаған ортаға  өнеркәсіптік қалдықтардың әсер  етуінің мүмкін салдарының сипаттамасы;

3) өнеркәсіптік  қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму мәселелерінің технологиялық шешімдері;

4) зиянды заттардан  топырақты қорғау және бұзылған, ластанған топырақты рекультивациялау  бойынша шаралар;

5) қоршаған орта  объектілеріндегі зиянды заттарды  анықтау әдістемесі.       

 Полигондарды  орналастыру үшін тұрғын үй, құрылыс нысандарынан аулақ, жақсы желденіп, су баспайтын жерде болу керек. Полигон айналасында 3000м-ден кем емес жерде санитарлы-қорғаныс зонасы ұйымдастырылу қажет. Полигон кем дегенде 200м ауылшаруашылық нысандарынан, транзиттік магистральдарынан, орман массивтерінен 50м алшақ орналастырылады. Көму орындары бас транспорт магистралінен алшақ болмай және сол магистральмен жолдар жақсы байланыстырылуы қажет.Алаңдардың жетіспеушілігіне байланысты үлкен қалалардың маңайында қайта жүктеу станцияларын ұйымдастыру арқылы азайтуға мүмкіндік бар. Ол жерде қалдықтар іріктеледі, бөлшектенеді және түрлері бойынша жинақталады. Бұл әдіс қалдықтардың көлемін азайтады және алшақ полигондарға тасымалдап көмуге мүмкіндік береді.Полигондардың учаскесі нашар фильтрленетін грунттармен орналастырылады(сары топырақ, сланцы,сугликок және т.б.), олардың фильтрация коэффициенті 0,00001 см/с аспауы шарт. Грунттық сулар деңгейі олардың жоғары көтерілуі мөлшері  көмілген қалдықтардан кем дегенде 2м-ден төмен болу керек.(Ережеге сәйкес, 7-15м).Полигондарды орналастыруға рұқсат етілмейтін жағдайлар: 

-пайдалы қазбалар  қорына жақын аумақта,құзырлы  органдардың рұқсатынсыз;

-активті карст  зоналарында;

-қар, лай  көшкіні қауіптілігі бар және  сель ағымдары бар жерлерде;

-ауыз су қоры бар зона;

-санитарлы демалу  курорттарының маңайында;

-көгалданған  жасыл қала зоналарында;

-ормандар, демалу  орындарында;

-органикалық  және радиоактивті қалдықтармен  ластанған аумақтарда .

Полигондардың қуаттылығы бір жыл ішінде қабылданған  улы қалдықтар мөлшерімен(мың.т.)  айқындалады.  Қалдықтардың мөлшері олардың көмілетін контейнерлердің массасымен қоса алынады.Өнеркәсіптік улы қалдықтарды көмуге арналған полигондарды ұйымдастырғанда мынаған назар аудару керек: 

Ø дұрыс таңдалған  алаң:

Ø керекті инженерлік ғимараттарды қарастыру;

Ø қалдықтарды  толтыру реттілігі;

Ø қоршаған орта мониторингі:

Ø биогаздың  түзілуін, жинақталуын, тасымалдауын қадағалануы;

фильтраттың түзілуін, жинақталуын және жоюлуын бақылау.

Улы өнеркәсіптік қалдықтарын көму учаскелерінің территориясы арнайы жабдықталған картамен белгіленеді, онда улы өнеркәсіптік қалдықтар класс бойнша жіктеледі және қосымша ғимарттар мен үймереттер қарастырылады.

Қазіргі жаңа заман  талабына сәйкес, өндіріс қалдықтарын  көму келесі жеке инженерлік ғимарттармен жабдықталуы керек, олар:

-тығыз минералды  қабаттар мен жасанда материалдар  қосындысы(комбинация);

-жол айрықтар(проезды);

-ағып өтетін  судың жинақталу және тазалану  ғимарттары;

-сілтіленетін  газды утильдеу және жинау  ғимараттары;

-рекультивация  көмегімен ландшафтарды қорғау ғимараттары.

Өнеркәсіптік  қалдықтарды көму учаскесінің негізгі  конструкциялық элементі болып:

Ø герметик қаптама;

Ø қорғаныс қабат  қаптамасы;

Ø полимерді  пленкалы материалдар(полиэтилен);

Ø асфальтбетон жабындылары;

Ø топырақты  бентонитпен күшейту жатады.

Улы өнеркәсіптік қалдықтарды заласыздандыру және көмуге байланысты ситуациялық план  

 Улы өнеркәсіптік  қалдықтарды заласыздандыру және  көмуге байланысты ситуациялық  план

1 –тұрмыстық  ауыз сумен қамтамасыз ететін  ғимарат; 2 – улы өнеркәсіптік қалдықтарды заласыздандыратын утельдейтін завод; 3 – утельденбейтін өнеркәсіп қалдықтарын көмуге арналған участок; 4 – тұрмыстық канализацияны тазартатын ғимарат; 5 –жаңбыр суы жиналатын көлшік; 6 –өндірістік судың насостық станциясы; 7 – плотина(бөген); 8 –елді мекен; 9 — подстанция 110/35 кВ; 10 –снтарлы -қуіпсіз аймағының шекарасы ; 11 — подъезді автожол.      

Қалдықтарды негізінде  көмудің екі әдісі қолданылады: жерасты және жерүсті .

Жерасты көму түрі – шахталарды, қуыстар, скважиналар, бұрынғы мұнай алаңдары және т.б  — радиокативті және қалдықтарды орналастыруға арналған. Жерүсті көму әдісі – құрылыс қоқыстары, қатты тұрмыстық қалдықьар және өнеркәсіптік улы қалдықтарды орналастыруға арналған.

Көмудің артықшылықтары:

көмудің негізі жерүстінде;

орналастырылатын  материалдарды тығыздауда бақылау  жасауға мумкіндік болады; 

отвод вод насосты қолданусыз жүреді;

Дренажды жүйелерге  жақсы бақылау жүргізіледі.

                            2.4.Қалдықтардың түрлері

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО, Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар. Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс орындарының еншісіне тиді. Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы. Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады.Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты.Қалалық ортаны құруда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторларды біріктіру.Сапалы өмір сүру ортасы жоғары дәрежеде болу үшінқаланы және оның маңайын жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен қамтамасыз ету. Энергетиканы, өнеркәсіп орындарын, транспортты, судыпайдалануды, қалдықтарды және т.б. экологияландыру. Тұрғындар қажеттіліктерін экологияландыру және осықалалық ортаны құруға қатысы бар барлық адамдар санасында экологиялық этика негізін құру.Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар алып жатқан территориялардың үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда - 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті.Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр. 
Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».Қалалардың демографиялык, және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге техногенді әсердің артуы тек қала маңында ғана емес, олардан біршама қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз, алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды құбылыс. Қала және қалалық орта сонда өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты әсер етеді.

2.5. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды  
және оларды аулаққа шығаруды бақылау

-Қауiптi және  басқа да қалдықтардың және  оларды трансшекаралық тасымалдаудың  адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянының қатерiн ескере отырып;  
-қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және трансшекаралық тасымалдаудың өсуi және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде адам денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiн сезiне отырып;  
-сондай-ақ, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны осындай құралған қалдықтардың қаупiнен қорғаудың барынша тиiмдi әдiсi оларды өндiрудiң мөлшерiн және/немесе олардың қауiптi әлеуетiн ең төменгi шекке дейiн қысқарту болып табылатынын сезiне отырып;  
-қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды трансшекаралық тасымалдауды және аулаққа шығаруды қоса алғанда, олардың шығарып тасталған орнына қарамастан, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаумен сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар қабылдауға тиiстi eкендігіне сене отырып;  
-мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi және басқа да қалдықтарға қатысты мiндеттемелерiн, шығарып тастау орнына қарамастан, қоршаған ортаға сыйымды әдiспен орындауды қамтамасыз eтуге тиiс екендiгiн атап көрсете отырып;  
 -әрбiр мемлекеттің өз аумағында басқа мемлекеттiң қауiптi және басқа да қалдықтарын трансшекаралық тасуға немесе аулаққа шығаруға тыйым салуға егемендi құқығы бар екенiн толық тани отырып;  
 -сондай-ақ, басқа мемлекеттердегi, әсiресе дамушы елдердегi қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға және оларды аулаққа шығаруға тыйым салуға ұмтылыстың өсе түскенiн тани отырып;  
 -қауiптi және басқа да қалдықтардың осы қалдықтар өндiрiлген мемлекетте аулаққа шығару тиiстілігiнің оларды экологиялық негiзделген және тиiмдi пайдалануға қандай дәрежеде, қаншалықты сәйкес келетiнiне көз жеткiзе отырып;  
  -сондай-ақ, осындай қалдықтарды оларды өндiрген мемлекеттен кез келген басқа мемлекетке трансшекаралық тасымалдауға Конвенция ережелерiне сәйкес адамның денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiп туғызбайтын жағдайда жүзеге асырылған кезде ғана рұқсат етілуге тиiс екенiн сезiне отырып;  
 -қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту оларды экологиялық негiзделген пайдалануға және мұндай трансшекаралық тасымалдаудың көлемiн қысқартуға ынталандырады деп есептей отырып;  
 -мемлекеттердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды осы мемлекеттерден әкелу немесе олардан әкету және осындай тасымалды бақылау трансшекаралық тасымалдау туралы ақпараттармен тиiсiнше алмасуды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға тиiс екендiгiне көз жеткiзе отырып;  
 - бiрқатар халықаралық және аймақтық келiсiмдерде транзиттік қауiптi жүктерге байланысты қоршаған ортаны қорғау мен сақтау туралы мәселе қарастырылатынын атап көрсете отырып;  
 Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта проблемасы бойынша Конференциясының Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бойынша 1987 жылғы 17 маусымдағы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды экологиялық жағынан ақталған пайдалануға қатысты қабылданған 14/30 шешiмiндегi басшылыққа алатын Каир ережелерi мен принциптерiн, БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi сарапшылар Комитетiнiң (1957 жылы құрылған және әр екi жылда жаңартылатын) ұсыныстарын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде қабылданған ұсыныстарды, декларацияларды, құжаттарды және ережелердi, сондай-ақ басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарда жүргiзілген жұмыстарды және зерттеулердi назарға ала отырып;  
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отыз жетiншi сессиясында қабылданған (1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты тәртiп ережелерi ретiнде Дүниежүзілік табиғат хартиясының рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн ескере отырып;  
    Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға қатысты өздерiнiң халықаралық міндеттемелерiн орындау үшiн жауап беретінін және халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікте болатынын растай отырып;  
 осы Конвенцияның ережелерi немесе оған кез келген хаттама елеулi дәрежеде бұзылған жағдайда халықаралық құқық шарттарының тиiсті ережелерi қолданылатынын тани отырып;  
 экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi мен қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрудi ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi жалғастыру қажет екенiн ескере отырып;  
 сондай-ақ, қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту қажеттiгiне байланысты халықаралық қоғамдастықтың өсе түсiп отырған қаупiн, сондай-ақ, осындай тасымалды мүмкiндiгiнше ең төменгi шекке дейiн қысқарту қажеттiгiн ескере отырып;  
 қауiптi және басқа да қалдықтардың трансшекаралық заңсыз айналымының проблемаларына алаңдаушылық бiлдiре отырып,  
қажеттілiктi тани отырады.  

 

 

 

 

    Қорытынды

  Мен  11-і ақпан  мен 2-і наурыз аралығында Қазақстан  Республикасы Қоршаған ортаны  қорғау министірлігі Батыс Қазақстан  облысы бойынша экологиялық реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысының экологиялық департаментінен   сараманнан өттім. Осы уақыт аралығында мен Батыс Қазақстан экологиялық департаментте құжаттармен жұмыс жасауды үйрендім. Сараман уақытында қауіпті қалдықтардың орналастыруды бақыладық. Мысалы: Өнеркәсіптерден шығатын қалдықтарды жеке-жеке талдап,  компьютерге енгізіп, тексердім. Осы машықтан өте келе менім ұсынатын ұсыныстарым қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса экономикалық тұрғыдан пайда түсірілуімен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады. Бұл маған, яғни болашақ жас мамандарға үлкен тәжірибе болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өндірістік практика есебі