Мұсылман қыз – бақытты жан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 20:09, реферат

Краткое описание

Исламның нәрімен сусындап жүрген мұсылман әйел өзін қоғамда сабырлы, мейірімді және мұқият ұстап, өзінің бойынан жек көрінішті нәрселерді аулақтатып, өзін әрдайым кешірім сұрауға және кешірімшіл болуға үйретеді. Шамасы келгенше жақсы амалдарды жасауға тырысады. Ең алдымен Құранды сүйіп оқып, Аллаһтың әміріне бой ұсынады, Мәселен Аллаһ айтады: «… Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер, Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді» (Әли-Ғымран 134). Мұсылман әйел ашуын сабырға жеңдіріп, ренжіткен адамды Аллаһ үшін кешіріп, жамандық жасағандарға жақсылық жасауымен салиқалы болады. Себебі, жамандықты тек қана жақсылықпен жоя аламыз. Оған дәлел Аллаһтың мына сөзі: «Жақсылық пен жамандық тең емес, жамандықты ең көркем түрде жолға сал (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуіңнің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (4).docx

— 16.03 Кб (Скачать документ)

                                             Мұсылман қыз – бақытты жан

      Исламның нәрімен сусындап жүрген мұсылман әйел өзін қоғамда сабырлы, мейірімді және мұқият ұстап, өзінің бойынан жек көрінішті нәрселерді аулақтатып, өзін әрдайым кешірім сұрауға және кешірімшіл болуға үйретеді. Шамасы келгенше жақсы амалдарды жасауға тырысады. Ең алдымен Құранды сүйіп оқып, Аллаһтың әміріне бой ұсынады, Мәселен Аллаһ айтады: «… Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер, Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді» (Әли-Ғымран  134). Мұсылман әйел ашуын сабырға жеңдіріп, ренжіткен адамды Аллаһ үшін кешіріп, жамандық жасағандарға жақсылық жасауымен салиқалы болады. Себебі, жамандықты тек қана жақсылықпен жоя аламыз. Оған дәлел Аллаһтың мына сөзі: «Жақсылық пен жамандық тең емес, жамандықты ең көркем түрде жолға сал (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуіңнің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ,  бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады. » Өз уақытында ашуға бет алғанда сабырлылық көрсете алған, әр ісіне мұқият болған, қиыншылықта салқынқандылық танытқан құлдарын  Аллаһ сүйеді. Бұндай көркем қасиеттерді Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да құптаған. Ибн Аббастан(р.а)  жеткен хадисте былай айтылады: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ашах Әбд әл-Қайсқа былай деп айтқан: «Сенің бойыңдағы екі қасиетті Аллаһ жақсы көреді, ол көп сабырлылығың және әр ісіңе ой жүгіртуің».  Әрине, мұсылман әйел де ашуланады. Бірақ бұл ашу оның  өзінің нәпсісі емес, Аллаһ разылығы үшін болады. Мұсылман әйел  қоғамда адамдардың арасында Исламның құндылықтарына бой ұсынбай оған тіл тигізгендерге ғана ашулана алады. Бұндай жағдайларда әлбетте ол өзінің разы емес екендігін білдіре алады.

        Мұсылман әйел кек алмайды және кек сақтап, біреуге жамандық ойламайды. Көре алмаушылық, қызғаншақтық,  кекшілдік оның жүрегінен орын ала алмайды.  Аллаһқа деген ұлы махаббат мұсылман әйелін дұшпандық пен көре алмаушылықтан тазартып, оны кішіпейілдік пен кешірімділікке алмастырады. Бұған нақты дәлел болатын оқиға Хинт бинт Атабаның жүрегінде болған өзгеріс. Оның Исламға дейінгі  жүрегі Пайғамбарға, отбасына, сахабаларына деген ашу-ызаға толы болған. Ашуланғаны соншалықты, тіпті Ұхуд соғысы кезінде ол Пайғамбарымыздың ағасының өлі денесіне білгенін жасап, мазақ қылған. Кейін Исламды қабылдап, ақиқат Ислам діні оның жүрегін нұрландырғаннан соң, ол Пайғамбарымызға келіп былай деді: «Иә, Аллаһтың Елшісі! Мен үшін жер бетіндегі жек көрінішті адамдар сені қоршағандар еді. Ал, бүгін мен үшін ең ардақтылар сенің жаныңда жүргендер. » Аллаһ үшін, Аллаһтың хақ діні үшін Хинт бин Атаба жүрегін тазартты. Осы себепті, ол Аллаһ разылығын алды.      Мұсылман әйелдің ішкі жан дүниесі таза, барлық жаман қасиеттерден пәк. Мұсылман әйелдерінің қасиеттеріне, оның Исламдағы құқықтарына, оның құрметіне және айналасына сыйлы екеніне батыстың жалаңаштанған бикештері қызыға да қызғана қарайды.  Өйткені олардың бойынан мұсылман қыздарына тән жақсы қасиеттер, сабырлылық, сыпайылық, әр ісіне мұқияттылық, ішкі жан дүниесінің тазалығы,тақуалық, салиқалылық, әдептілік, кішіпейілділік, адамгершілік сияқты қасиеттер табылмайды

      Нағыз салиқалы әйел қандай бір іс болмасын, оны қиындатпай, тек жеңілдетеді. Құранда Аллаһ былай дейді: «…Аллаһ сендерге оңайлық қалайды,ауыршылық қаламайды…» (Бақара, 185). Қиын қыстау кезеңінде сабырлылық танытып,  оңай жолын іздейді. Дүниеге бола бас ауыртып, оған бола жыламайды.  Тәкаппарланбайды, өркөкіректенбейді, дандайсып, мақтанбайды, қолынан келгенін барынша жасап, айналасындағыларға көмек қолын созады. Себебі, Аллаһтың мынандай сөзі бар: «… Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұлар маңызды істерден. Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп жүрме. Расында Аллаһ бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді» (Лұқман, 17-18) және Аллаһ өз сөзінде былай дейді: « … Олар өздеріне босып кіргендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ, өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлдебіреу сараңдықтан сақсынса солар құтылушылар»

Міне, бойына бар жақсылықты жиған, Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындап, салиқалы әйелдерден болған, сөйте  жүре өзіне Жәннаттан әсем сарай  жасап жатқан, жан-жағына сыйлы да құрметті бола білген мұсылман қыз  Раббымыздың мейірімі мен разылығына  бөленген нағыз бақытты жан!


Информация о работе Мұсылман қыз – бақытты жан