Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 21:15, реферат
Мүктәрізділер (Bryophyta) – жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты. Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МҮКТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕР..........................................................................4
1.1. Көкек мүгі (жасыл мүк)...................................................................................4
1.2. Шымтезек мүгі..................................................................................................6
1.3. Жатаған ортотрихум (Orthotrіchum laevіgatum)..........................................10
2. МҮКТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.........................................................12
2.1. Риниофиттер бөлімі........................................................................................12
2.2. Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida............................................................14
2.3. Архегоний ......................................................................................................17
2.3.Мүктердiң маңызы..........................................................................................18
3. МҮКТЕРДІҢ РАДИАКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ............................................19
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................24
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. МҮКТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕР....................
1.1. Көкек мүгі (жасыл мүк)..........................
1.2. Шымтезек мүгі.................
1.3. Жатаған ортотрихум (Orthotrіchum laevіgatum)...................
2. МҮКТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ...............
2.1. Риниофиттер бөлімі........................
2.2. Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida.................
2.3. Архегоний ..............................
2.3.Мүктердiң маңызы........................
3. МҮКТЕРДІҢ РАДИАКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Мүктәрізділер (Bryophyta) – жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты.
Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүктәрізділердің 3 класы (Marchantіopsіda, Bryopsіda, Anthocerotopsіda), 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 400-ге тарта түрі анықталған. Мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ден 60 см-ге дейін (Fontіnalіs) болады. Түсі – жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары арқылы жабысып бекиді.
Құрамында хлорофилі бар. Даму циклінде автотрофты гаметофиттің үлесі басым. Гаметофиттер ұзақ уақыт бойы дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады. Гаметангиялары екі түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс клеткалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда болады.
Жыныстық көбеюден пайда болған зиготадан спорофит өсіп шығып, онда жыныссыз көбею органдары – спорогандар түзіледі. Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен, сумен таралады. Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі.
Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада қолданылады.
Сондай-ақ құрылысқа қажетті престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
1. МҮКТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕР
1.1. Көкек мүгі (жасыл мүк)
Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар.
Мүктәрізділер (Bryophyta) – жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты.
Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты. Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүктәрізділердің 3 класы (Marchantіopsіda, Bryopsіda, Anthocerotopsіda), 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 400-ге тарта түрі анықталған. Мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ден 60 см-ге дейін (Fontіnalіs) болады. Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи - Вryidae). Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі.
Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері, яғни олардың айқын басым болып келетін (доминат) немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра, батпақты жерлер және ормандардың кейбір типтері. Әрбір жердің (ортаның) өзіне тән түрлері болады.
Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өскінде, ал екіншілерінде – бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтануы айқын байқалмайды.
Жасыл мүк «көкек зығыры» деп
те аталады. Олай аталу себебі:
сабақ ұшындағы қалпақшасының
жиектері зығыр талшығы
Жапырақтары мен
сабағы болмасын түрлері де
кездеседі. Жасыл мүк
Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді ағзалық зат түзіл, қоректенеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі.
Жасыл мүк жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жынысты көбеюі былай жүзеге асады. Аталық өсімдіктің ең ұшында аталық жыныс жасушалары болады. Аналық өсімдіктің ең ұшында аналық жыныс жасушалары жетіледі. Осы жыныс жасушалардың суда қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады.
Ұрықтанған
Жоғары сатыдағы өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір тармағы. Оларда ұлпалар айқын білінеді. Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Тамыр, сабақ және жапырақ - өсімді мүшелер. Спорангий, гүл және жеміс - көбею мүшелері. Бұлардың барлығы көпжасушалы болып келеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі кезеңдерден тұрады. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар - спора арқылы көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына мүктәріздестер, плаунтәріздестер, қырықбуынтәріздестер, ашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері жатады.
Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі: көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі - спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік.
1.2. Шымтезек мүгі
Шымтезек мүктерінің құрылысы біртектес болып келеді, сондықтан да оларды қатпаршақтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды.
Сабағының құрылысы күрделі
болмайды. Оның ортасын өткізгіштік
және артық қор заттарын жинау
қызыметін атқаратын өзек алып жатады.
Өзектің клеткаларының
Оның бірі арқаулық (мехникалық)
қызымет атқаратын
Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады.
Ал құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.
Шымтезек мүгі - сабағы
жиі бұтақталған көпжылдық
ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар;
ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. Жасыл жасушаларда фотосинтез үдерісі жүреді және олар арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық заттар өтеді. Екіншісі - өлі, түссіз жасушаларының қабырғаларында көптеген саңылаулары бар, сәл ірілеу, онда су қоры жиналады. Бұл жасушалардың тек қабықшалары ғана сақталған. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақтан; батпаққа айналуына себепші болады.
Шымтезек мүгі, жасыл мүк секілді жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Шымтезек мүгі - бірүйлі, қосжынысты өсімдік. Жынысты көбею кезінде аталық жыныс жасушалары сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында жетіледі. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялған. Аналық жыныс жасушалары қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.
Аталық және аналық жыныс жасушалардың қосылуынан өсімдік ұрықтанады. Осы ұрықтанған жүмыртқа жасушадан кішілеу қауашақ жетіледі. Оның ішінде көптеген споралар түзіледі. Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады. Споралар пісіп жетілген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Жерге түскен споралардан табақша тәрізді өскіншелер пайда болады. Осы өскіншелерде көптеген бүршіктер түзіледі, олардан келешекте шымтезек мүгі жетіледі.
Шымтезек мүгі ылғалы мол жерлерде өседі. Мүктің суды тез сорып, басқа мүшелеріне қарқынды өткізуі топырақтың батпақтануын тездетеді. Сабақтың қураған бөлігі оттек жетіспегендіктен, жартылай ғана ыдырап (шіріп), шымтезек қабатын құрайды. Мүктен бөлінетін ағзалық қышқылдар бактериялардың өсуін тежеп, шымтезектің ыдырауын баяулатады.
Мүктер фотосинтез үдерісінің нәтижесінде ағзалық заттар түзеді және ауаға оттегін бөліп шығарады. Олар құнарсыз топырақтарда алғашқы өсімдіктердің бірі болып өсіп, топырақ түзуге қатысады.
Мүктер ұя салып, балапан шығаратын құстардың қорегі және жауларынан тығылатын орны болып табылады.Мүктер басқа өсімдіктер секілді қурап, ұсақ ағзалардың көмегімен шіриді. Соның нәтижесінде құнарлылығы жоғары шымтезекті топырақ түзіледі. Мұндай топырақтарға жаңадан өсімдіктер өседі. Шымтезекті батпақтардан шымтезек өндіріп, оны отын ретінде кеңінен пайдаланады. Шымтезектен спирт, карбол қышқылы сияқты шикізаттар алынады.
Мүктер - тұщы су қоры. Батпақты жерлерде мүктер судың жиналуына қатысады. Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. Ол - бір үйлі өсімдік. Өте ылғалды жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те аталады. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады. Шымтезек мүгі жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюі споралар арқылы жүзеге асады.
Шымтезек - өте пайдалы өсімдік. Одан шымтезек, шымтезектен спирт, карбол қышқылы, балауыз, парафин өндіріледі. Шымтезек батпақты жерде тұщы судың жиналуына себепкер болады. Шымтезек мүгі ғаламшардың құрлық бетінде 1 % аумақты алып жатыр. Ол - тек шымтезек көзі ғана емес, тұщы су қоймасы және аумақта судың орнығу тәртібін реттеуші. Жазғы және қысқы жауын-шашынды губкаша сіңіріп, батпақтағы су топыраққа, одан ағып шығып үлкен өзендердің көзіне айналады.