Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 12:09, реферат
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол — табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
КІРІСПЕ
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары 10
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері
2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы
Соңғы кездерге дейін экономикалық өсу
мен қоршаған ортаны қорғау басымдылықтары
арасында белгілі бір дәрежеде қарама-қайшылықтар
болды. Экономикалық өсу табиғатқа зиян
келтіруге апарып соқгырады деп саналды.
Себебі, мемлекеттік мәселелерді шешуде
оның болашақта неге апарып соқтыратынымен
санаспай, көзсіз қадамдар жасау өмірде
орны толмас трагедиялық жағдайларға
кезіктіруде. Бүгінгі күні әлемдік сипат
алған Арал өңіріндегі, Семей полигонындағы
т.б. экологиялық дағдарыстар осындай
біржақты көзқарастың, өткінші табыстарға
жету үшін жасалған жұмыстардың салдарлары
болып табылады.
Өткен ғасырдың екінші жартысынан
Қазақстанда экологиялық апатты тудыратын
шаралар жүргізіле бастады, Семей полигонындағы
жарты ғасырға созылған жарылыстар, Байкоңыр
ғарыш айлағынан жыл сайын тобымен ұшырылған
түрлі зымырандар, Арал теңізінің тартылуына
қолдан жол беріп, құрып кетуге айналуы
т.б.
Бұл экологиялык апаттардың
туындауына көріп, біле түра адамдардың
өзі жол бергенін ашық айтуымыз керек.
Әлемдегі ірі державалар арасындағы «Кім
күшті?» дегенді сездіруге ұмтылған қоқан-лоққы
бәсекелестік, ешбір зиян-зардаптары ескерілмей
техникалық прогрессті осы мақсатқа пайдаланудағы
біржақты көзқарас кез болып отырғандай
дүниежүзілік апатты жағдайға әкелді.
Егін шаруашылығында дақылдың шығымдылығы
мен өнімділігін арттыруға озық технология,
агротехникалық шараларды сақтау орнына
егіс көлемін есепсіз көбейту арқылы жетуге
ұмтылды. Соның салдарынан миллиондаған
гектар мақта мен күріш егісін ен далаға
орналастырып, оған су апару үшін Сырдария
мен Амудария өзендері бойына сансыз тоспалар,
су қоймаларын салып, каналдар қазды. Осындай
халықтың болашығымен санаспай, табиғаттың
бермесін тартып алу мақсатында жүргізілген
теріс экономикалық саясат әлемдік Арал
трагедиясын өмірге әкелді. Космосты игерудегі
келешек жер бетіндегі өмірге, әуе кеңістігіне
келтірер зиянын жете ойламай, жанталасқан
әрекеттердің соңы неге апарып соқтыратынын
әзір ешкім болжап білмейді.
Бір ғана Қызылорда облысындағы
Арал өңірінің апатты аймаққа айналуы
ғасырлар бойғы бодандық әсерінен шөлді
мекенге ығыстырылған халқымыздың өмірге
деген сенімін жоғалту қаупін туғызды.
Теңіздің құрғауына байланысты халыктың
жанкешті еңбегімен күн көріп отырган
жерін сор басып, сортаңды, тұзбен шаңданған
құрғақшылыққа айналдырды. Осыған байланысты
халық негізгі күнкөрісі — балық аулау,
мал өсіру, жер өңдеу мүмкіндігінен айырыла
бастады. Су тартылған соң ол өңірде генетикалық
және психикалық ауытқулар пайда болып,
өз-өзіне қол салып, өмірін өлімге байлайтын
адамдар қатары көбейді. Бауыр, асқазан,
өкпе ауруларымен ауыратындар саны есепсіз
өсіп кетті.
Семей полигонындағы адам өміріне аса
қауіпті жарылыстардың қоршаған ортаға
зардаптарын алайық. Бұл аймақтардың адам
төзгісіз экологиялық апат өңіріне айналуы
одан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік
қорғау үшін Қазақстан Республикасының
арнайы Заңдары қабылданды. Бұл заңдардың
орындалуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын
мемлекеттік бюджеттен бірнеше миллиардтаған
қаржы бөліп отыруға тура келді.
Жалпы Қазақстан дүниежүзілік бірлестік
Аралға қатысты проблемалар мен алаңдаушылықтарға
түсіністікпен қарауы керек деп есептейді.
Өйткені тұрақты даму — бұл тек сөздердің
жиынтығы емес, ал бүкіл адамзаттың тірі
қалу формуласы.
Біздің экологиялық
дипломатиямыз аймақтық экологиялық жүйені
басқаруды реттейтін екі жакты және көпжакты
мемлекеттік келісімдер жасауға бағытталатын
болады. Оған Дунай және Рейн комиссиялары,
Үлы көлдер жөніндегі канада-американ
комиссиясы мысал бола алады. Бұларда
халықаралық алакөздікті және өндіріс
пен ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін
су бассейндерін пайдалануға байланысты
жанжалдарды реттеудің нақты механизмі
жасалған.
Елімізде экологиялық
қауіпсіздікті сақтамау салдарынан бүгінде
бүкіл әлемге қауіп төндіріп, адам өмірін
қысқартып жатқан аса күрделі мәселені
шешуге үкімет тиісті дәрежеде көңіл бөліп
отырған жоқ. Арал өңіріндегі экологиялық
апат аймағы тұрғындарын әлеуметтік қорғау
туралы Заң 1999 жылдан бері қаржының жетімсіздігінен
тоқтап тұр. Бүл Заң толық орындалған кезде
мемлекет жыл сайын бұған 5 миллиард теңгедей
қаржы бөліп, экологиялық апаттың зардабын
шегіп отырған Арал өңірі халқының әлеуметтік
мәселесін шешуіне көмектесуі тиіс болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметі экологиялық
қауіпсіздіктің сақталмай, өрескел бұзылуынан
келген шығынды өтеу үшін қабылданған
Занды қаржының тапшылығынан толық жүзеге
асыра алмады. Алғашқы төрт-бес жылда қабылданған
Заңның тек жекелеген баптары бойынша
ғана жетімсіз қаржы бөліп келді.
Байқоңыр ғарыш айлағынан
есепсіз ұшырып жатқан зымыран зардаптарын
шегіп жатқан халық әлі күнге мемлекет
тарапынан өз мәнінде қамқорлық көріп
отырған жоқ. Қазақстан үкіметі бұл маңызды
мәселелерге көмек беруге жылда уәде бергенмен
орындалмай келеді.
Жер бетіндегі табиғаттың
бірте-бірте тозып, экологиялық дағдарысқа
ұшырауы адамзаттың қолдан жасаған кесапаты
екендігі сөзсіз. Сондықтан бұл апаттың
алдын алып, экологияға ұшыраған аймақтарды
шұғыл сауықтыруға үнемі назар аударып,
тағдыры тығырыққа тірелген тұрғын халыққа
барынша жанашырлықпен қамқорлық жасау
мемлекеттік іс. Егер қалыптасқан жағдайды
түзеуге осы тұрғыдан қарай бастаса, оң
нәтиже беріп, халықтың келешекке сенімі
молаятыны, болашаққа деген үміт оты пайда
болатынын әлемдік тәжірибелер көрсетуде.
Кеңестер Одағы
кезінде Қазақстан жерін аса қауіпті түрлі
сынақ алаңдарына айналдырғанын өте құпия
ұстады. Олардың келешекке келтірер зиянын
халыққа айтпай, жасырды. Сол кезеңде әскери-өндірістік
кешендерге Қазақстанның 20 млн гектар
жері пайдаланылған екен. Бұл жерлерді
ел игілігіне пайдалануға, барлау жұмыстарын
жүргізуге, жерасты байлықтарын игеруге
рұқсат етілмеді. Адам айтқысыз зардап
шегіп жатқан халыққа, қазақтың айдын
шалқар көлді, жер жаннатында таза ауалы
ен даласы бірте-бірте тозақты аймаққа
айналып жатқан жеріне ешкім жанашырлық
көрсеткен жоқ.
Өкінішке орай, біздің елімізде осы кезге
дейін экологиялық жағдайды сауықтыруға
өз дәрежесінде мән берілмей, аса маңызды
мәселені онды шешу көбінесе кейінге қалдырылып
келді.
Республикамыздың
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда:
«Проблеманың мәні мынада болатын: жер
мен табиғи ресурстарға бақылаусыз қожалық
еткен ведомстволар, сонымен қатар экологиялық
тұрғыдан таза өндірістерге мүдделі болған
жоқ және сөзсіз қасіреттер үшін нақты
жауапкершілік арқалаған емес. «Ешкімнің
де меншігінде болмаудың» осынау өлшемі
өткен тарих естіп білмеген ғаламдық апаттарға
киліктірді. Экологиялық сауатсыздық
қоғам мен табиғаттың тайталасына әкеліп
тіреді. Қазақстан бұл ретте аса қиын жағдайда
болды»/19/.
Ғылыми-техникалық өрлеудің
қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі
талдаудың жүйелілік әдістері үлкен жобалардың
шағын кейпін алдын ала түсінуге мүмкіндік
береді. Оларды іс жүзіне асырмас бұрын
табиғатқа тиетін залалды есептеп, оны
болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.
Табиғат компоненттері
өзара үйлесіммен құралған. Оның даму
жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазір
экологиялық дағдарыстың түпкі себебі
осы заңдылықты білмеуде, түсінбеуде,
оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың
зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады.
Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат
құбылыстары негізімен аздап болса да
таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықгы
жою — Үкіметіміздің халық арасында жүргізетін
негізгі бір жұмысына айналуы тиіс.
Сондай-ақ, қоғамды экологияландырумен
қатар, қоршаған ортаны қорғау әрбір адамның
міндеті. Бұған білім берудің барлық кезеңінде
балаларды оқыту керек. Экология мәселелері
бойынша білім берудің мемлекеттік бағдарламасын
жасау да қажет. Қоғамның тұрақты дамуына
деген беталыс экологиялық проблемаларды
шешуден бастау алады. Еліміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030″ даму
стратегиясында халыққа экологиялық білім
беру мәселесіне айрықша назар аударылған/20/.
Республикамыз егемендік алғанға дейін
табиғаттың қай саласы болмасын азып-тозды.
Бұған еліміздің қазіргі экологиялық
жағдайы куә. Экологиялық қауіпсіздікті
сақтау проблемасы жеңіл-желпі қарап,
құр байбалам салу, дабыраға айналдырып
бос уақыт өткізумен шешетін мәселе емес
екендігін көп жағдайда түсінбейді. Соңғы
кездері экологиялық зардаптардан құтқарудың
жолын «халықты басқа жаққа көшіру керек»
деп елді босқа қобалжытатын, істің байыбына
бармай, нақты жағдайды білмей ұсыныс
жасаушылар көбейді.
Экологиялық қауіпсіздікті
сақтауға немқұрайлы қарап, оны шешуді
қаржының тапшылығына тірей берсек, ешқандай
нәтиже шықпайды. Сондықтан алдымен халықты,
экономиканы, экологияны сауықтыру керек.
Экологиядан зардап шеккен тұрғындардың
қалыпты өмір сүруіне бірінші кезекте
жағдайлар жасалуы тиіс.
Республикада қазіргі кездегі қол жеткен
жетістіктер экономикалық дамуымыздағы
тұрақтылықты көрсетеді. Енді бүгінгі
күнгі Қазақстанның әлемдік аренадағы
орнын айқындап, беделін көтерген табыстар,
өсу қарқыны бұдан былай тұрақтылықты
қамтамасыз ете ме? Соңғы жылдарда жиі
орын алып жүргеніндей біздің негізгі
экспорттық тауарларымыздың бағасы әлемдік
рынокта төмендеп кеткен жағдайда тұрақтылықты
қаншалықты қамтамасыз ете аламыз деген
орынды сұрақтардың туындауы заңды. Бұған
ғылыми негізделген жауап беру үшін елімізде
қалыптасып отырған жағдайға және осындай
өсу қарқынының мүмкіндіктерін ашық талдап,
баға беруге тиіспіз. Осы тұрғыда Қазақстан
Республикасы Ғылым және білім Министрлігінің
Экономика институты жүргізген зерттеулер
тұрақты экономикалық өсу қарқынының
негізгі және қажетті жағдайларына: экономиканың
өсуінің жоғары потенциалы, шаруашылық
комплексінің қандай да болсын тиімсіз
жағдайлардан шыға білуі, ұлттық экономиканың
қолда бар белгілі бір қорының жеткіліктілігі,
экономика құрылымдарының прогрессивтілігі,
халықтың жоғары дәрежедегі табысы, экономиканы
мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігі
жататындығын көрсетті.
Қазақстан экономикасының
қазіргі кезеңіндегі дамуында осы аталған
жағдайлардың бірсыпырасы бар. Атап айтсақ,
маңызды өсу потенциалы бар бірқатар өндірістік
салалар (бәрінен бұрын мұнай өндіру),
халықтың табысының жеткілікті дәрежеде
жоғары болуы (баска ТМД елдерімен салыстырғанда),
экономикалық қолайсыздық туындаған жағдайда
беріктік қоры (Ұлттық қор) құрылуда және
т.б.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің
10 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы
сөйлеген сөзінде атап көрсеткеніндей,
соңғы үш жылда экономикамызда тұрақтылық
білінді, зауыттарымызға жан кіріп жұмыс
істей бастады, ауылдар да етек-жеңін жиып,
қалалар мен аудан орталықтары көркейе
бастады, еліміз өркендеу сатысына қадам
басты.
Әлемдік тәжірибе
(Жапония, ҚХР) көрсетіп отырғандай, жинақтау
нормасы 15 пайыздан төмен болмайтын деңгейге
жеткен кезде экономиканың тұрақты өсуі
басталады. Қазақстан биылғы жылы жалпы
ұлттық табыстың 25 пайызға тарта жинақтау
деңгейіне шығады. 2001 жылы банктер берген
несие көлемі 460 млрд теңгені (3 млрд доллардан
астам) құрады. Ұлттық банктің қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі 1994 жылы тамыздағы 34% биылғы
жылы 9%-ға дейін төмендеді.
Соңғы бес жылда ІЖӨ-нің
(ішкі жалпы өнім) нақты өсімі Қазақстанда
26% деңгейіне жеткенін атап көрсетуге
болады. Мысалы: бұл көрсеткіш Венгрияда
26,2%, Польшада 24,4% болды. Нақ осы кезең ішінде
инфляция біздің елімізде 52,1%, Польшада
49%, Венгрияда 70%-ды құрады.
Қазақстан дүние жүзінде
бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан
бас тартты. Мұны жаһандық қауіпсіздік
жүйесін қалыптастыруға, Жер бетіндегі
бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ
үлес десек, ешбір асыра айтқандық емес.
Сонымен қатар, бұл өз қауіпсіздігімізді
қамтамасыз етуге қосылған ең қомақты
үлес.
Осы орайда біз әлемнің
барлық ресми түрғыда танылған ядролық
державаларының Қазақстанға бірлескен
және жан-жақты қауіпсіздік кепілдіктерін
беруіне қол жеткіздік.
Қазіргі кезде тұрақты даму концепциясы
қабылданғаннан кейін экономиканың тұрақты
даму идеясын практика жүзінде көрсету
үшін мемлекет қызметінің барлық саласын
қамтитын халықаралық келісім шарттар
және келісімдер, республикалық заңдар
деңгейіндегі тиісті заңдық және нормативтік,
методикалық құжаттар дайындалуы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің
қарыштап алға басуы адамзат омірін жақсартуға
тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған
орта-табиғатқа орны толмас орасан зор
зиян да тигізіп келеді. Бэкон: «Адам табиғатты
бағындырумен бірге оған бағыну керек»,-
деген сөзін еске салған жөн. Біздер осы
қағиданы есмте сақтамағандықтан қазіргі
таңда табиғатты қорғау мен экология-экономикалық
мәселелер ұлттық дәрежеден көтеріліп,
бүкіл дүниеәлемдік аса маңызды проблемаға
айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың
экология-экономикалық зияны ескерілмей,
бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары
оң бағытта дамымай отыр. Жалпы санамызда
табиғат байлығын ешқашан таусылмайтын,
шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың
басым болғандығынан оны экстенсивті
түрде игерумен келе жатқанымыз әлімсақтан
белгілі.
Осыған орай Республикамыздың
реформа жағдайында әлеуметтік-экономикасының
қайта құрылу процесінің онан әрі жүзеге
асырылуы экология-экономикалық проблемаларды
талдау мен бағалауды, қоршаған орта проблемаларын
зерттеуді талап етеді, яғни осы проблемалар
оның әлеуметтік-экономикалық әлуетінің
маңызды бір бөлігі болып табылады. Экономикалық
әлует сипаты, экономикалық және әлеуметтік
сипаттағы нақтылы шешімдер қабылдау,
көптеген экологиялық және экономикалық
процестерді болжау үшін негіз болды.
Қазақстанның қазіргі
кезеңдегі даму жағдайында экономикалық
қауіпсіздік пен экологиялық қауіпсіздікті
сактаудың маңызы ерекше. Сондықтан да,
экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан Қазақстанның
дамуындағы экономикалық өзгешеліктер
және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп
көрсете отырып экологиялық қауіпсіздіәкті
қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар
қолдануымыз қажет.
Ең алдымен менің
ойымша экологиялық заңдарды жетілдіру
арқылы экологиялық қауіпсіздікті арттыру
қажет. Әрине бізде көптеген экологиялық
заңдар қабылданған, бірақ олардың көпшілігі
әлі де жақсы жұмыс істей алмай жатыр.
Өйткені экономикамыз қарқынды өзгеріп
дамып келеді, ал экологиялық заңдардың
көбісі осы жағдайларға бейімделмеген.
Экологиялық қауіпсіздікті
арттырудың бір көзі экологиялық білімді
жетілдіру, келешек ұрпақтың санасына
сіңіру, сонда ғана біздің ұрпақ экологиялық
қауіпсіздікті жетілдірудің қажеттілігін
сезініп өседі. Осыған орай табиғатты
тиімді пайдалануға әрекет етеді деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта экономикада
экологиялық бағыттың дамуы қажет, өйткені,
экология-экономикалық бағалаусыз шаруашылықтың
даму тенденциялары туралы жорамалдау
мүмкін емес. Қоршаған ортаның элементтерін
дәстүрлі экономикалық есептеулерге уақтылы
кіргізе алмау қиындығы туындап отыр.
Сондықтан адамның өндірістік іс-әрекетін
экология-экономикалық тұрғыдан бағалаудың
жаңа әдістемелері қажет.
Қазақстандағы экологиялық дағдарысты
жағдай 1997 жылы «Қазақстан Республикасының
тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғауға
байланысты ұлттық іс-қимыл жоспары» Орталығының
құрылып, нәтижелі жұмыс істеуіне қол
жеткізді. Бірақ мұнымен іс бітті екен
деп қарап отыруға әсте болмайды.
Халықаралық тәжірибені
пайымдау барысы материалдық ресурстарды
пайдалану тиімділігін басқару тәсілін
өзгертудің қажеттігін алдымызға қойып
отыр. Осы жағдайда Қазақстанда табиғатты
қорғаудың тиімді жолы қалдықтарды утилизациялау
емес, оларды кезінде қысқарту стратегиясы
болып табылады.
Тұрақты даму сатысына өту біз үшін өте
маңызды тірлік, сондықтан табиғи-экологиялық
тұрақтылықты қамтамасыз ету бір науқанмен
аяқталатын жұмыс емес екендігін есте
сақтағанымыз абзал.
Қазақстан Республикасында
табиғат қорғауды, оның адам капиталымен
өзара әрекет деңгейін жоғарылатуда сенімді
қамтамасыз ету үшін мынадай шараларды
жүзеге асыру кажет.
Олар: республикалық экологиялық
қорды (тиісінше облыстық, жергілікті)
жасау және оның қызметін жандандыру,
қоршаған ортаны қорғауды сақтандыру
қорын, кәсіпорындардың экологиялық қорын
қалыптастырып, жұмсалу арналарын қадағалау.
Қазақстан Республикасында қабылданған
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңның
негізгі міндеті қоршаған ортаны қорғауда
қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын
реттеу, табиғи ресурстарды өндіру және
тиімді пайдалануда зандылықты және құкық
қорғау тәртібін күшейту болып табылады.
Республикамызда экологиялық
проблемаларды мемлекеттік реттеуде осы
аса маңызды Заңдар бұлжытпай басшылыққа
алынып, орындалуы тиіс.
Елiмiздiң iшкi экологиялық
қауіпсiздiктi сақтау үшін, жүйелi түрде
әлеуметтiк — экономикалық бағдарламаларды
iске асыру керек. Экологиялық талаптарды
күшейтiп, адам денсаулығын сақтау шараларын
қолға алу қажет. Қоршаған ортаға шығарылатын
ластағыштардың мөлшерiн азайту үшін,
модельдi бағдарламалар қабылдануы тиiс.
Зиянды қалдықтарды екiншi қайталап қолдану
жолдарын, оларды өңдеудi iске асыру қажет.
Өндiрiске салааралық талдау моделiн игерген
бiлiктi мамандарды жұмылдыру. Осындай
шаралар оң нәтиже берген болар едi. Қарапайым
халықтың мақсаты да осы. Барлық адамзат
үшін табиғаттың тазалығы оның борышы
болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану
және оны қорғау негіздері
2. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары»
деген кітап
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша,
2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық»
атты мақаласы
Информация о работе Казақстан респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары