Электр жарақаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 22:16, реферат

Краткое описание

Электркүйіктер электр тогы тіндермен жанасқан жерінде пайда болады. Мұнда электр энергиясы жылуға айналып 3000— 4000 С° дейін жылу түзеді де әртүрлі мүшелердің бірінші кезекте жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Электр тогы қысқа уақыт қана әсер еткеннің өзінде тыныс алу, тоқтап, жүрек бұлшықеттерінің фибрилляциясы жүреді. I—II дәрежеде есін жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін, III дәрежеде жүрек бүлшықеті қызметі бұзылып естен тану, ал IV дәрежеде клиникалық өлімге әкеледі.

Содержание

1) Кіріспе
2) Электр жарақаты
3) Белгілері және дәрежесі
4) Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек. Балаға көмек беру ерекшеліктері

Прикрепленные файлы: 1 файл

EZh.docx

— 23.13 Кб (Скачать документ)

 

                                          Электр жарақаты

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Электр жарақаты
  3. Белгілері және дәрежесі
  4. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек. Балаға көмек беру ерекшеліктері

    Электркүйіктер электр тогы тіндермен жанасқан жерінде пайда болады. Мұнда электр энергиясы жылуға айналып 3000— 4000 С° дейін жылу түзеді де әртүрлі мүшелердің бірінші кезекте жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Электр тогы қысқа уақыт қана әсер еткеннің өзінде тыныс алу, тоқтап, жүрек бұлшықеттерінің фибрилляциясы жүреді. I—II дәрежеде есін жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін, III дәрежеде жүрек бүлшықеті қызметі бұзылып естен тану, ал IV дәрежеде клиникалық өлімге әкеледі. 
Электр тогімен жарақаттанғанда күйік пайда болса, жарақаттың ауырлық дәрежесі анық болмайды, өйткені көмірге айналған тін изолятор болады. 
Атмосфералық электр (найзағай) тоғының күші мен кернеуі өте үлкен әрі өте ауыр зақымдануға әкеледі. 
Беттің электркүйігі күйік жарақаттарының 1,3% құрайды. Олар кәдімгі термиялық күйіктен өзгеше және терімен жанасу алаңына байланысты нүктелі (нысана және „ток белгісі" түрінде) немесе үлкен көлемді болады. „Ток белгісі" құрғақ, жылтыр, терінің ауырмайтын аймағы ақшыл сары немесе сұрғылт түсті. Олар терінің сау бөлігінен анық көтеріліп тұрады. Кейін тығыз қабыршаққа айналады. Найзағай түскенде „ток белгісі" қызыл жолақты бұтақ пішіндес болады. Электркүйтіктер терең болады, сондықтан теріасты май клетчаткасы ғана емес, бұлшықеттер мен бет сүйек қаңқасының бөліктері де күйеді (5 1-сурет). Бұлардың ерекшеліктері, тері жарақаты локальды, ал бұған жататын тіндерде көлемі жағынан кеңірек таралған болуы мүмкін. Бұл әртурлі тіндердің электр өткізгіштігінің бірдей еместігіне және қан айналымының бұзуларына байланысты. Жарақатты процесс, термиялық күйіктердегі сияқты дамиды, бірақ мұнда тіндердің бұзылуынан анық интоксикация белгілері болады. Егер іріңді инфекция қосылса терең іріндіктер (абсцесс, флегмона) дамуы мүмкін. Электр жарақат алғаннан кейін 2—4 аптадан соң ірі тамырлардан эрозивті қан кетуі мүмкін. Жанасқан электр тогының әсерімен түзілген беттің күйік беткейі ауырмайды, кейде аздап ауырады. Күйік маңында тіндердің ісінуі мен терінің гиперемиясы болмайды. Жарақат іріңді микрофлораға тұрақты. Трофикалық бұзылулар айқын. Тіндердің регенерациясы баяу. 
Біріншілік көмек науқасқа электр тогының әсерін тоқтатуға бағытталады. Өздігінен тыныс алу мен жүрек жиырылуы болмаса, жүрек-өкпе реанимациясьш, жүрекке жабық массаж, қолдан тыныс алдыру (ауыздан ауызға немесе ауыздан мүрынға) керек. 
Науқасты стационарға жатқызылған күйінде жеткізіп, электр-жарақаттың дәрежесіне қарамай, реанимациялық бөлімге жіберу қажет

    Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін  жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі жүйкі  жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының   зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы,  жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.

Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:

  • Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).
  • Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).

Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электрлік жарақат – организмге жоғары кернеулі электр тогының әсері шақырған зақымдану. Ең жиі себептері: баланың жалаңаш электр желілерімен контактта болуы және электр ұяшығына металл заттарын енгізуі. Баладағы токпен аса қатты зақымдану терісінің, киімінің және аяқ киімінің жоғары ылғалдығында болады. 
Электр тогының патологиялық эффекттері оның зардап шегушінің денесінен өту сызығына байланысты келеді. 
Токтың жиі кездесетін өту жолдары: қол-қол, қол-бас, қол-аяқ, аяқ-аяқ. Электр жарақаты 25% оқиғада зардап шегушінің өлімімен аяқталады. Электр тогы ми арқылы өткенде адам бірден өледі. Ток жүрек арқылы өткенде жүрек қарыншаларының фибрилляциясына дейінгі жүрек ырғағының әр түрлі бұзылыстары болады. Қаңқа бұлшық еттері мен қан тамырларының тоникалық жиырылуы талықсуға (шокқа) жетелейтін күшті ауыру синдромымен бірге өтеді. Баланың денесімен жанасқан электр тогы жылу әсерін беріп, түйісу фонында ІІІ-ші дәрежелі күйік пайда болады. Тұрақты ток айнымалы токқа қарағанда қауіпсіздеу. Тіпті 220 вольт айнымалы ток организмнің аса ауыр зақымдануын шақыру мүмкін.

 

Электр жарақаты  төрт дәрежеге бөлінеді:

  • I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
  • II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
  • III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар   жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
  • IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек


 
Электрлік жарақатта көмек көрсетуден бұрын құрғақ беткейге (жерге) тұруды ұмытпаңыз, өйткені ылғал электр өткізгіштігінің күшеюіне ықпал етеді. Зардап шегуші жасанды тыныс алдырудан соң есін жиған кезде оған көбірек сұйық ішкізу керек (шәй, минералды су). Оны көрпемен жауып тезірек емдеу мекемесіне жеткізген жөн.

     Алғашқы  көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті,  қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған  өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін  оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады. 
 Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен  жүректің жанама сылауын жүргізу қажет. 
Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай  сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды  тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс. 
Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек  жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта  жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс. 
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.     
Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады. 
 Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады,ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады. 
. Күннің өтуі  

  Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құюлуы байқалады (гиперемия). 
    Беттің қызаруы мен бастың қатты ауыру күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады.Сонан соң жүрек айниды,бас айналады,көз қараутады және құсқысы келеді. Ауру естен танады,тыныс алуы жиілей түседі,жүрек қызметі әлсірейді. 
    Басты орамалмен жабу,сондай-ақ басқа суық су құю алдын алу шаралары болып табылады. 
   Ыстық тию. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе  әдеттегідей  жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады. 
Денеге ыстық тиюдің үш себебі: 
§   жоғарғы сыртқы температура; 
§  дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім; 
§ ауыр жұмыс істеу.

Ыстық тию тек ыстық күндерде емес ол жылы және қапырық бөлмелерде, ыстық цехтарда, ұзақ жорық пен марштар кезінде болады. Ыстық тию әсіресе көрсетілген үш себептер қосылған кезде пайда болады. 
Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына акеп соқтырады. 
Ыстық тиюдің алғашқы белгілері- аурудың әлсіздгі, қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-40 градус дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кейде құрысу пайда болуы мүмкін. 
Алғашқы медициналық көмек. Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.

 
Балаға көмек беру ерекшеліктері: 
1. Баланы электр тогының көзімен жанасуынан босату. 
2. Баланы көлденең кейіпте жатқызу, кеудесін қысатын киімінен босату. 
3. Зақымданудың І-ші дәрежесінде: ыстық шәй, ішуге – жас шамасын ескерген дозада анальгин, седативтік препараттар беру. 
4. Зақымданудың ІІ-ші дәрежесінде “жедел жәрдем” бригадасын шақыру, солардың көмегімен баланың әр жылына 0,1 мл дозада анальгиннің 50% ерітіндісін супрастиннің 2% ерітіндісімен бірге енгізу. Зақымданудың ІІІ-ІY дәржесінде – кешенді жүректік-өкпелік реанимация (ЖӨР) немесе өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ), жүректің жабық массажы (ЖЖМ). 
5. Электрлік жарақаттың ІІ-ІІІ-ІҮ дәрежелерінде бала реанимациялық бөлімшеге жатқызылады. 

 


Информация о работе Электр жарақаты