Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 17:12, реферат
Биосфераның негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі - кеңістік тұрғысынан біркелкі болмауы, Биосфераның кеңістік бойынша жетілуі өте ұзақ және күрделі биогеохимиялық үрдістердің нәтижесі. Биосферадағы неше түрлі жіктелудің көрінісі - экожүйелер, биогеоценоздар жөне жасанды, табиғи ландшафтар.
Экожүйе (экосистема) система ішіндегі түрлердің көп түрлілігі мен заң айналысын түзейтін энергия ағымы мен қамтамасыз ететін берілген учаскідегі (биотоптағы) барлық организмдерді (яғни биоценоз біріктіретін кез келген) бірлестікті (әртүрлі көлемдегі және жеке рангтегі) белгілеу үшін пайдаланды. Бұл терминді ғылымға А.Тэнсли (1935 ж.) енгізген еді.
Экожүйелердің бөліктері .
Экожүйелердің звенолары.
Экологиялық байланыс.
Қорытынды.
Қолданған әдебиеттер тізімі .
Литосфераның ең жоғарғы беттері ағзалардың әрекет әсерінен мүлде өзгеріп, жаңа қасиетке ие болады. Егер литосфера су мен желдің әсерінен, біріншіден, үгіндікке айналса, екіншіден организмдердің әрекеті оны жаңа түрге - топыраққа айкалдырды. Экосистемалардың өмір сүруі үшін топырақтың атқаратын қызметі ерекше. Сондықтан литосфераның жоғарғы қабаты - топырақты экосистемалардың компоненттерінің ең бастысы деп есептелінеді.
Гидросфера - тіршіліктің сұйықтық ортасы. Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Сондықтан да оны өмір бесігі деп атауға да болады. Экосистемаларда су жан-жақты қызмет атқарады.
Су мен оттектің
негізінде тірі ағзалардағы барлық
физиологиялық және биохимиялық үрдістер
жүреді. Ол өмір арқауын құрайды, себебі
клетканың протоплазмасында барлық заттар
суда еріген. Сонымен бірге су органикалык
және минералдық заттарды ерітіп, өсімдіктерді
қоректенуін жеделдетеді.
Судың ағу қасиетіне байланысты ол органикалық және минералды заттарды тасымалдауда ерекше роль аткарады. Су көптеген ағзалардың өмір ортасы. Сонымен су - табиғаттың ғажайып туындысы. Бірде-бір организмнің сусыз тіршілігі жоқ.
Гидросферадағы су жер бетіндегі барлық мұхиттармен теңіздердің, өзеңдер мен көлдердің, мұз тауларының және жер асты сулары жатады. Оның жалпы қоры 2 миллиард текше километрге жуық. Бұл көлемінің 1370 миллион текше километрі мұхиттарда, 400 миллион текше километрі жер астында, 30 миллион километрі мұз тауларында, 750 мың текше километрі көлдерге, 1000 текше километірі тірі ағзалар; денесінде және 1,25мың ағзалар текше километрі өзендерде жиналған. Жер бетіндегі ағзалардын денесіндегі су жер шарындағы барлық өзеңдерден судан бес есе артық. Сужануарлар салмағын 50, аң өсімдіктер салмағының 70-95 пайызындай орын алады.
Суда қарапайым өсімдіктердің барлық типтерінің, жоғарғы сатысындағы көпшілік типтерінің, омыртқасыз жанаурлардың барлық типтерінің және омыртқалылар класының өкілдері өмір сүреді. Бұлардың кейбіреулері (балықтар, ішек қуыстылар, балдырлар, т.б. ағзалар) тек суда ғана өмір сүре алса, ал кейбіреулерінің (қос мекенділер) өмірі белгілі бір кезеңде ғана сумен байланысты. Біраз жәндіктердің (инелік, маса, сона) даму кезені де суда өтеді.
Суда өмір сүретін ағзалар бірнеше экологиялық топқа бөлінеді. Су түбінде тіршілік ететін ағзалар бентос деп аталады. Бентосқа жататын организмдер көбіне орнынан қозғалмай, басқа нәрселерге жабысып отырады немесе баяу жылжиды. Олардың көрнекті өкілдері: қос жақтаулы моллюскалар (устрица, тіссіз моллюскалар), тері тікенділер (теңіз жұлдызы, теңіз кірпілері, теңіз лилиялары), ішек қуыстылар (корслполиптері).
Ашық суда өмір сүретіндер пелагиялық ағзалар деп аталады. Олар екіге бөлінеді. Тез қимылдап, қашық аралықтарға өз бетімен жүзіп, саяхат жасай алатын ағзалар - нектон деп аталады. Оған балықтар, көптеген бас-аяқты моллюскалар, киттер, тюлендер жатады. Су ішінде қалқып жүретін, теңіз толқыны және ағыстарымен қозғалатын кішірек жәнс қарусыз көзге көрінбейтін микроағзалар планктонға жатады.
Әсіресе, фитопланктан (өсімдіктер) мен зоопланктан (жануарлар) биосферадағы зат пен энергияның айналуында үлкен қызмет атқарады.
Мұхиттар мен теңіздердің 100 метрге дейінгі, ал экваторлық суларда 200 метрге дейінгі тереңдікте микроскоппен байқалатын кішкене балдырлар мен жәндіктер толып жүреді. Олардың салмағы кейде 1 га су айдынында 3-4 тоннаға дейін жетеді. Олар органикалық заттардың 44 пайызына дейінін құрайды, бұл 270 миллиардтай тоннаға жақын. Фитопланктанмен судағы барлық жануарлар қоректенеді. Соның ішінде олар алып киттердің де басты қорегі су түбінде, әлденеше, қозғалмайтын жануарлар өмір сүреді. Тек жағаға таяу жерлерде 50-1000 метр тереңдікке дейін жасыл балдырлар жайқалып өседі. Теңіз түбінде күн сәулесін қажет етпейтін терітікенділер, паноформоллюскалары сияқты жануарлар лайға сіңген органикалық заттармен қоректенеді. Оларды аса үлкен тереңдіктерде (10000 метрге жететін) кездестіруге болады. Әрбір шаршы сантиметрге бірнеше тоннадан салмақ қысымы түсетін бұл тереңдіктерге жанаурлардың, өмір сүруі таңғажайып құбылыс.
Су бетінің тек кейбір жерлерінде ғана жанды дүние жоқ. Мұндай сулар ағзалар тіршілік етуге өте қолайсыз. Мәселен, Палестинадағы өлі көлде ещқандай өсімдік те, жәндіктерде жоқ, себебі оның суының тұздылығы 25 процентке жетеді. Бізде Қаратеңізде 200 м тереңдіктен кейін тіршілік иелеріне кездеспейді. Оның онда өрбуіне мүмкіншіліктер жоқ Теңіз түбінен көтерілген күкіртгі сутекті газы ешкандай тіршілкке аяушылық етпейді.
Атмосфера. Жер шарын 80 км биіктікке дейін құрамында 78 % азот, 21% оттек, 0,03 % көмір қышқыл газы, 0,04 % аргон және 0,93 % басқа газдар бар ауа қабатты қоршайды.
Атмосфера тіршілік ортасы. Ауаға тұрақты өмір сүргенмен, құрлықта тараған барлық ағзалардың тіршілігі онымен тығыз байланысты. Атмосферадан өсімдіктер күн сәулесін, оттекті және қоректікке пайдаланылатын көмір қышқыл газын алады.
Сонымен бірге жоғары да біз көрсеткен құрамдағы ауа эволюциялық даму кезінде тірі ағзалардың әсіресе, фотосинтез процесін өткізетін жасыл өсімідіктердің әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, тірі табиғат құрғак бұл орта - жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруіне қажетті компоненттердің ең бастысы болып есептелінеді.
Литосфера (барлық тірі организмге керекті минералдық элементтермен қамтамасыз ететін экосистемалардың тағы бірі ірі компоненттерінің бірі - Литосфера (тау жыныстары). Өсімдікте органикалық дүниеге енгізетін калий, кальций, азот, фосфор, күкірт, темір, марганец тағы басқа элементтер топыраққа тау жыныстарының мүжілу үрдісі арқылы қосылады.
Жердің катты қабатының (16 км тереңдікке дейінгі химиялық құрамы әртүрлі). Онда бәрінен де оттек көп (50% жетеді). Кремний оның жартысындай, Аллюминий 7%, ал темір 4% шамасында кездеседі. Магний, калий, калыдий, натрий масса бойынша 10 % орын алса, ал қалған 80 элементтің меншігіне тек 3-3,4% қана тиеді.
Экожүйелердің звенолары Біз атап көрсеткендей, қандай да күрделі экосистема болмасын, ол үш звенодан: өндірушілер (продуценттер), тұтынушылар (консументтер), ажыратушылар (редуценттер) және өлі биосфера компоненті.
Егер қоян саны көбейсе сілеусінің азық қоры артады. Бұл ретте олар аз уақытта көбейіп кетеді. Саны артқан сілеусін тез арада-ақ қоян санын кемітіп жібереді. Іле-шала азық қоры азайған соң, олардың да саны кеміп кетеді.
Біз жекеленген түрлердің ара қатынасын алып отырмыз. Табиғат та мұндай мысалдарды кездестіру мүмкін емес, себебі жоғарыда көрсетілген қоян мен сілеусінің арақатынасына кейде есепке алуға өте қиын үлкенді-кішілі әлденеше түрлі көптеген факторлар әсер етеді: Мысалы, екі аң үшін де әр қайсысының микробтар және паразиттерден пайда болатын ауруларды қоян үшін қосымша шабындықтың шығымы ал сілеусін үшін осы өңірде басқадай ірі жыртқыштың пайда болуы және тағы басқалар. Дегенмен бұл келтірілгеннен бір экосистеманын құрамында әртүрлі андар қатар өмір сүру үшін (мысалы, жыртқыш пен оның жемі) олардың өсіп-өнуіңің белгілі мөлшерде сақталуы қажет екені анық.
Экосистемалардағы түрлер арасындағы өз ара шектеу үрдісі түрлердің есепсіз көбейіп кетуіне жол бермейді. Қолайлы жағдай туғанда ағзалардың өсу қабілеті өте үлкен, ал кей түрлерде, ол астрономиялық цифрларға жетеді. Бір жұп пілдің ұрпағы 750 жылдан кейін 19 мнллионға жететіндігін ғалым экологтар анықтады.
Әр кезде жекелеген звеноның қайсысында болмасын, жүздеген, кейде мындаған түрлер бар. Олардың арасындағы қарым-қатынас бір-бірмен параллельді, қарама-қайшы, не шымшытырық шиленіскен бағытқа негізделінуі мүмкін. Мұндай күрделі биогеоценоздағы тұрақтылық оның өзінде компонентттердің өз ара қатынастармен шешіліп отырады.
Бұл құбылысты қалай түсінуге болады, Мысал үшін биогеоценоздағы түрлердің көлемінің өзгеруін байқап көрейік.
Әдетте жеке бір түрге жататын ағзалардың санының көбеюі екінші түрдің өркендеуіне қолайлы жағдай тудырады. Мысалы, органикалық шірінділер мен қоректенетін инфузориялықтар қаптап өсіп-өнуіне мүмкіндік жасайды. Келесі кезекте бахтерияларды қырып бітірген инфузориялар енді азықтың жетіспеуінен өледі. Осылайша инфузориялар мен бактериялардың сандық қатынасы, шашпып жағаға ұрып кейін серпіле қайтқан теңіз суларының толкындары сияқты, ырғақты бір деңгейге сақталады.
Жыл сайын тайгадағы жанғақтардың түсімінің өзгеруіне сәйкес тиін саны да, ал самырсын жаңғағының көлеміне байланысты, самырсын торғайының саны артып, я кеміп отырады. Орманда қоян мен сілеусіндердің азайып көбеюі де бір-біріне байланысты.
Ч.Дарвинді таң қалдырған. Сол сияқты алдын-ала жасалған есеп бойынша бір бақ-бақ (одуванчик) өсімдігінің ұрығы 10 жылдан кейін жер шарын жауып кетер еді, ал бір инфузория 7 жыл бойы еш кедергісіз өсіп-өнсе, оның салмағы жер шарын 10000 есе ауыр тартқан болар еді. Бірақ биосферада мұның бәрі бола бермейді. Қандайда бір түрдің саны көбейе бастаса, бірден оның өлімі артады және тұрақтануы кемиді.
Экологиялық байланыс. Өсімдіктер синтездеген органикалық заттарды бірден минералдық элементтерге айналдыру мүмкін емес. Бұл - сатылап жүретін, бір-бірімен байланысты, өте күрделі үрдіс. Эволюциялық даму кезінде органикалық заттарды түрлендіру үрдістерінің әрбір сатысында шығу тегі әртүрлі жануарлардың кейбір бөлігі бейімделген.
Жеке бір
экосистемадағы тірі ағзаларды алатын
болсақ, онда жүздеген түрлі өсімдіктер
мен эволюциялық дамудың
Экосистемадағы байланыстар қоректік тізбек арқылы немесе хоронологиялых. байланыстар арқылы жалғасады. Жасыл өсімдіктер Спродуценттер құрған органикалық заттармен фитофактор (бір реттегі консументтер) қоректенеді (екінші реттегі консумент азықтанады. Кейінгілердің өзі де басқа ағзаларға жем болуы мүмкін (үшінші реттегі консументтер). Бірақ бұл тәртіп продуценттер екінші реттегі консументтер арасында және сол сияқты басқа қатынастардың болуына кедергі емес.
Әрине өсімдікгер түзген барлық органикалық заттар тек фитофап арқылы биологаялық айналымға енеді деп айтуға болмайды. Оларда басым, көпшілігі маусым құбылысына байланысты негативтік бөлігі бір жылдық және көп жылдық шөптердің жер бетіндегі бөлігін, ағаштар мен бұталар жапырақтарын) жаңартып отырады. Сонымен бірге мерзімді уақыт өткеннен кейін барлық өсімдіктер де тіршілігін жояды. Жиынтығы миллиардтаған тонна болатын өсімдік жоне жануарлар қалдықтарымен қоректенетін жануарлар тобы - сапрофиттер аталады. Олардың басым көпшілігі омыртқасыз жануарлар: насекомдар, моллюскалар, құрттар, микроағзалар.
1. Ж.Ж.Жатканбаев. Экология негіздері. Алматы 2003.
2.А.Жакбасова, Г.Ә.Саинова. Экология. Алматы 2003 .
3.«Жалпы экологияның қысқаша курсы» А.К.Бродский
4.«Экология» Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Алматы
5. «Экология негіздері» З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев,
С.Д. Фазылов. Алматы 2002 ж.