Экологияның қысқаша даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:29, реферат

Краткое описание

Бұл жұмыста экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы сатылап көрсетілген. Оның тарихи кезеңдері туралы қысқаша мәлімет берілген. Қазіргі экологияның құрылымы сипатталып, соңында жинақталған мәліметтерге қорытынды берілген.

Содержание

1. Кіріспе. Экология жеке ғылым ретінде.
2. Тарихи кезеңдері
3. Экологияның қазіргі құрылымы
4. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологияның қысқаша даму тарихы.docx

— 23.40 Кб (Скачать документ)

Қазақстан  Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық  Университеті

Халықаралық   Қатынастар  Факультеті

 

 

 

 

РЕФЕРАТ  Тақырыбы: "Экологияның қысқаша даму                     тарихы"

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Шығыстану  кафедрасы, 1 курс         студенті Жардымова А.

Тексерген:  Бакешова Ж.

 

 

 

 

Жоспары:  

1. Кіріспе. Экология  жеке  ғылым ретінде.

2. Тарихи кезеңдері

3. Экологияның қазіргі құрылымы

4. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кіріспе. Экология   жеке  ғылым ретінде.

Негізгі түсініктер –  Экология жеке ғылым ретінде. Ғылымның дамуының алғышарттары. Экология ғылымының қысқаша даму тарихы.  Ертедегі философтардың еңбектері. Ботаниктер, зоологтар, географтардың экологиялық  еңбектері. Дарвин ілімі.Тұрақты даму түсінігі.   Қазіргі  кезде  адамның  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы  ерекше  маңызға  ие  болып  отыр. Жер  шарындағы  халық  санының  жедел  өсуі  және  көптеген  елдердің  индустриалды  дамуы  табиғи  ресурстарды  пайдалануды  еселеп  арттырып,  адамның  табиғатқа  әсерінің  көлемін  әсіре  түсуде.             Соңғы  жылдары  пайдалы  қазба  қорларының  жақын  арадағы  таусылу  мҥмкіндігі,  жер  бетінен  өсімдік және  жануарлар дҥниесінің  көптеген  өкілдерінің  жоқ  долып  кетуі  және  сондай-ақ  табиғи  ортаның шектен  тыс  ластануы    айрықша  белең  алып  отыр. Кейбір  елдерде,  әсіресе  жоғарғы  дамыған  елдерде  қоршаған  орта  жағдайының  нашарлағаны  соншалық , адамдардың  денсаулығы   бұзыла  бастады.  Осының  бәрі  қоғамды  қоршаған  ортаны қорғау   мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлуге,  табиғатты  сақтау  және қалпына  келтіру  мәселелерімен  жақсырақ айналысуға,  сондай-ақ  оның  ресурстарын үнемді  пайдалануға  итермелейді. Сондықтан  жыл  сайын  жерлерді  суландыру,  ормандарды  қалпына  келтіру,  өндірістік  қалдықтар  мен  техникалық  лас  суларды  тазарту,  топырақтың  құнарлылығын  сақтау  және  топырақ эрозиясына  жол бермеу  төңірегіндегі  жұмыстар  кең көлемде жүргізуде.    Табиғаттың  өзгеруді  қаламайтыны  белгілі.  Ондағы  өзгерістер  баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі  реттеу  мен  өзін-өзі  қалпына  келтіру  процестері  ұзаққа  созылады.  Адамның  зиянды  істері  бірден  байқалмайды,  тек  ұзақ  жылдардан  соң  бір  нәрсені  өзгерту немесе  түзету  өте  қымбатқа  түскенде    кейде  тіпті  нәтижесіз  болған  кезде ғана  көрінеді.       Экология  – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, сыртқы қоршаған ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Бұл терминді ғылымға неміс зоологы  Э.Геккель  1866 жылы « Организмдердің жалпы морфологиясы » деген еңбегінде ұсынған. Термин  грек сөзінен шыққан,       « ойкос- oikos» - үй, тұрақ, мекен , «logos»- ғылым  деген  мағынаны береді. Экологияның жеке ғылым болуына себепкер алғышарттар:    1. Табиғат жөніндегі ілім-білім дамуының табиғи сатысы.    2. Өнеркәсіптің, ауыл шарушылығының, транспорттың жылдан-жылға қарыштай дамуы табиғаттың жекелеген нысандары ғана емес, тұтас экологиялық жҥйелердің де мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соқтыруда.

3. Көптеген техникалық мәселелердің дұрыс шешілмеуі, экологиялық заңдылықтарды жақсы білмеу, табиғатты ұтымды пайдалануға қажетті білім тәжірибесінің болмауы экологияның нақтылы ғылым ретінде қалыптасуына түрткі болды.         Организмдердің құрылысы мен дамуы ғана емес, олардың өздері тіршілік ететін ортасымен қарым-қатынастары да белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын түсіну жүзеге асты, мұның өзі осы жайттарды ұқыпты түрде зерттеу қажеттілігін туындатты.  

 

      Тарихи кезеңдері

Жәндіктер мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті және олардың сырт жағдайға тәуелділігі жөніндегі, сол сияқты тірі организмдердің жер бетінде таралу ерекшеліктері жайлы мәліметтер баяғы заманнан жинақтала бастаған болатын. Бұл мәліметтерді жинақтауға тырысу мысалдарын көне дәуір философтарының еңбектерінен көруге болады.  Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.) өзіне  белгілі жәндіктердің 500-ден астам түрлерін зерттеп, олардың тіршілік ерекшеліктері жайлы жазбалар дайындады. Мәселен, ол балықтардың бір орыннан екінші орынға қоныс аударуы, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі және кері қайтуы, құстардың ұя тұрғызу әрекеті, олардың өз жауларынан қорғануы т.с.с. мәселелер жайлы жазды.   Теофраст Эразийский (б.э.д. 371-280 ж.) әр түрлі жағдайларда өсетін өсімдіктердің өзіндік ерекшеліктері, олардың формасы мен өсу ерекшеліктерінің топырақ пен климатқа тәуелділігі жайлы мәліметтер келтірді.           Гиппократ сыртқы ортаның адам денсаулығына тигізетін әсері жайлы прогрессиялық идеяларын мәлімдеді. Орта ғасырларда табиғат ерекшеліктерін зерттеуге деген талпыныс құдайға деген схоластиканың кеңінен етек алуына байланысты күрт төмендеп кетті.    Қайта өрлеу дәуірі тірі организмдерді жүйелеу мәселесінің қайтадан күн тәртібіне қойылуына алып келді. Алғашқы жүйелеу мәселесімен айналысқандар А.Цезальпин (1516-1603), Д.Рей (1623-1705), Ж.Турнефор (1656-1708) т.б. Олар өсімдіктер өсуінің сыртқы орта жағдайымен тығыз байланысын анықтады.         Сыртқы ортаның тірі организмдер құрылысына тигізер әсері жайлы проблема француз табиғат зерттеушісі Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде сөз болды. Оның шамалуынша, бір биологиялық түрдің екінші түрге ауысуын қамтамасыз ететін себептер -климат температурасы, организм қорегінің сапасы және ортадағы туындайтын жайсыздықтар.   Ж.Б. Ламарк (1744-1829)  – эволюция жайлы ілімнің тҧңғыш авторы. Оның топшылауына сәйкес, «организмдердің өз ортасына икемделуінен туындайтын  өзгерістердің, жәндіктер мен өсімдіктер эволюциясының ең маңызды себептерінің бірі  – сыртқы жағдайдың сол органимдерге тигізер әсері».          Экологиялық ой жүйесінің одан әрі дамуына 19-ғасырдың бас кезінде  биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы игі әсерін тигізді. Бұл кезеңде бір топ ғалымдар жәндіктер мен өсімдіктер тіршілігіне  физикалық-географиялық орта жағдайының әсері жайлы құнды-құнды еңбектер жазды. Олар:  Алекс Гумбольдт (1807)  – өсімдіктер географиясы жайлы еңбек; К.Глогер (неміс зоологы, 1833)  –құстардың климат әсерінен өзгерістерге ұшырауы жайлы еңбек; Т.Фабер (1820)  –солтүстікке тән құстар биологиясының ерекшеліктері жайлы еңбек; К.Бергман (1848) – әр түрлі жылы қанды жәндіктердің заңды түрде өзгеруінің географиялық заңдылықтары жайлы еңбегі; К.Ф. Рулье (1814-1858)  және оның шәкірті Н.А. Северцов жәндіктерді  экологиялық тұрғыдан зерттеудің ауқымды жүйесін жасақтады. «Зообиология». Олар  организмнің тіршілік әрекетіне қатысты құбылыстарды жан-жақты талдау қажеттілігін  айрықша атап көрсетті.  1859 жылы Ч.Дарвиннің «Түрлердің табиғи сұрыпталу арқылы пайда болуы»  атаулы еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте ол табиғатта тіршілік ету үшін организмдер арасында жүргізілетін күрес сол организмдердің сұрыпталуына әкеліп соқтыратындығын, яғни аталған күрес организмдер эволюциясының негізгі қозғаушы факторы екендігін мәлімдеді. «Табиғатта тіршілік ету үшін күрес» деген түсінік мағынасы ретінде Ч.Дарвин биологиялық түрдің өзін қоршаған ортамен байланысының сан түрлі кереғар формаларын атады.          Бұдан былай тірі организмдер мен олардың бейорганикалық орта компоненттері мен өзара байланысты мәселесін зерттеудің жеке облысы ретінде қалыптастыру  қажеттілігі белгілі болды. 

Қорытынды

Қорыта  айтқанда, экология жеке ғылым ретінде бірден қалыптаса қалған жоқ, ол тек қана 19-ғасырдың аяқ шенінде жеке ғылым ретінде мойындалды. Ю.Одумның (1975, 1986), Р.Риклефстің (1979), Р.Уиттеккердің (1980), Э.Пианканың (1981) еңбектері.      Тұрақты даму ұғымының  мағынасы « болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін  қанағаттандыру».

     «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи  ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи  ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының [1] баяндамасы болып табылады. 1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі  өз шегіне жеткендігі   және әлемнің  тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік  өндірістерді  көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар  басталды.   1980-ші жылдары «Тұрақты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ  қалыптастырылған  Брундтланд  комиссиясының есебінде қолданылды.  1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз  экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және  тұрақты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді.  Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады:   «Тұрақты даму  - қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ  ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады».  Анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: «Тұрақты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағдайда емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстарды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды   бағдарлау  және  конституционалды өзгерістер ағымдағы және болашақтағы қажеттіктермен үйлеседі».

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:                    1. Г.Б. Бейсеева. Экология негіздері. Алматы, 2010

2. Ф.Қ. Иштаева және  т.б. Экология. Фолиант. Астана, 2008

3. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова.  Экология.  Алматы, 2003.    4. Н.М.Чернова, А.М.Былова.  Общая экология. М. 2004.

           5 . Андреева Т.А.  Экология в вопросах и ответах. М. 2006


Информация о работе Экологияның қысқаша даму тарихы