Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:48, реферат
Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты.
1. Оқушының экологиялық білім мен тәрбиесін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.
2. Экологиялық білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі
3. Оқушылардың қоршаған ортаны оқып үйренудегі және көркейтудегі интеллектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекетінің бірлігі
4. Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде қарастыру .
Қазіргі кезде
жер шарындағы жаппай экологиялық
апаттардың орын алуы және оның алдын
алу мақсатында табиғатты қорғау
жұмыстарын жаңа негізде жетілдірудің
қажеттілігі экологиялық
Мектепте
оқушыларға экологиялық білім мен
тәрбие беру «Атамекен» (П.Р.Құрсабаев),
«Елім-ай» (М.Х.Балтабаев), «Кәусәр бұлақ
»(З.Ахметова) бағдарламалары ерекше орын
алады. «Атамекен» бағдарламасы жалпы
білім беретін мектептегі оқу-тәрбие
процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың
өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын
қазақ халқы педагогикасының
тәлім-тәрбисінің – ұстанымдарына
негізделген ғылыми-
· Мектеп маңын, шағын аудандарды және территорияларды көгалдандыру;
· Бағалы жануарлар түрлерін қорғау (барлық құстар мен аңдарды қоректендіру) т.б.
Табиғатты қорғау мақсатындағы оқушылар жұмысынын мынадай түрлері тараған:
1. жасыл және көгілдір жасақшылар отряды :
2. жас орманшы ;
3. топырақ эрозиясымен күрес отряды ;
4. табиғаттың жас достар клубы ;
5. демалыс және еңбек лагері ;
6. арнаулы экспедиция мен жорықтар .
Сыныптан
тыс жұмыстардан оқушылардың
экологиялық білім мен
Мектептен, сыныптан тыс экологиялық жұмыстар:
1. Оқушылардың білімі мен тәрбиелігінің дамуы оқу іс-әрекетінде белсенділігін арттыруға, бағдарлама бойынша берілетін экологиялық мазмұндағы материалдарды тез меңгеруіне жәрдемдеседі ;
2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысы оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне мүмкіндік береді;
3. Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні жоғары . Ол оқушылардың жеке басын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оның байлықтарын қорғау жөніндегі жауапкершілік сезімін қалыптастырып, табиғатқа деген жеке мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге көмектеседі .
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруге байланысты сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың түрлері өте көп , бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұрса да бірдей орындалуға тиісті мынадай ортақ ұстанымдар бар :
· Сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру тек қана ерікті түрде іске асырылады. Жүргізілген қандай жұмыстың түрі болса да оның белгілі бір қоғамдық бағыты болуы керек .
· Сыныптан тыс жүргізілген экологиялық жұмыс түрін белгілеуде оқушының өзіндік көз қарасына, ұсынысына, қызығушылығына сүйенген жөн .
· Ұйымдастырылған экологиялық жұмыс түрлері оқушылардың белсенді қатысуына ізденушілігіне бағыттайтындай болуы керек .
· Жұмыс нәтижелі болуы үшін, оның белгіленген күні, мерзімі, графигі болуы тиіс .
· Экологиялық тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отырылуы қажет .
· Сыныптан және мектептен тыс экологиялық тәрбие жұмысына оқушыларды түгелдей қатыстыру жолын қарастыру
· Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізгенде оқушылардың психологиялық-физиологиялық дамуын және жеке бас ерекшеліктерін , қабілеттіліктерін ескеру қажет .
Жақында ғана елімізде экологиялық кодекс қабылданды. Бұл жерде еліміздегі бүкіл мәселелерге талдау жасалып алдағы уақытта мемлекеттік тұрғыдан істелетін шаралардың мақсаттары мен міндеттері нақты атап көрсетілген. Экологиялық кодекс 9 бөлім , 47 тарау және 326 баптан тұрады . Кодекстегі мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ең қажеттісі 7 бөлім. Бұл бөлім «Қоршаған ортаның қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық» деп аталған.
ҚР-ның экологиялық кодексінде тағы бір ерекше алға қойған міндеттердің бірі – оқытушы кадрларының біліктілігін арттыру арқылы экологиялық білім берудің сапасын жақсарту. Бүгінгі таңда экологиялық кодекс барлық білім беру жүйелерінде кеңінен талқылануда. Ондағы көрсетілген шараларды барлық мекемелер қызу қолдауда. Біздің міндетіміз – жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру, сөйтіп, өз жұмыстарымызда экологиялық кодексте айтылған міндеттерді үнемі басшылыққа алып отыру .