Экологияның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 22:08, реферат

Краткое описание

Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Экологияны даму кезеңдеріне бөлу уақыты
2.2. Экологияны зерттеуге көп еңбек сіңірген ғалымдардың еңбектері
2.3. Экологияның қазіргі жаңа бағыттары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

экологиянын даму тарихы.docx

— 164.27 Кб (Скачать документ)

                        

Эрнест Геккель Чарльз Дарвин                Вернадский

XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде  болатын өзара байланыстарды  зерттеу жоғары сатыға көтерілді.  Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс  ғалымы В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға  ғылыми нақты түсініктемелер  берді. Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

Үшінші кезең

Үшінші кезең  — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі  уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді  ғылымға айналды.

 

 

 

 

 

 

 

Экология ғылымының қазіргі  жаңа бағыттары

Қазіргі жалпы  экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға  бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен  өзара тығыз байланысты. Мұның  бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін  анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

Қазіргі жалпы  экология ғылымының зерттеу бағыттары, негізінен, биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді.

1. Биоэкология  ғылымы тірі организмдердің жекеленген  ірі жүйелік топтары — микроорганизмдерді, саңырауқұлақтардың өсімдіктерді  және жануарларды зерттеуге басты  назар аударады.

2. Биоэкология  жеке табиғи белдемдер экожүйелеріндегі  организмдер мен орта жағдайларының  өзара байланыстарын зерттеуге  байланысты арктика және тундра  экологиясы, орман экологиясы, дала  экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы  және т.б. да көптеген салаларға  бөлінеді.

3. "Адам  және табиғат" жүйесі бойынша  табиғат пен қоғам арасындағы  өзара қарым-қатынастарға байланысты  экологиялық зерттеулер көптеген  бағыттар мен салаларға бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы  және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Қорыта айтқанда, казіргі экология ғылымы жаратылыстану  және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен  тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде  бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық  зерттеулерге ерекше мән береді.

Экология  адамзат қоғамының табиғи ортамен  әсерлесуін және өзара байланыстылығын  зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету оңтайландыратуды көздейтін ғылыми пән.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақ энциклопедиясы 10 том,

Қазақ энциклопедиясы 2 том,

Ғаламтор google (суреттер, уикипедия).


Информация о работе Экологияның даму тарихы