Экологиялық сараптама түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 20:01, реферат

Краткое описание

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.

Содержание

I Кіріспе:
Экологиялық сараптама. Түсінігі, мақсаты, түрлері.

II Негізгі бөлім:
1.ӘДЕБИ ШОЛУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты
2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1Экологиялық сараптаманың объектілері
2.2Экологиялық сараптама комиссиясы

III Қорытынды:

Прикрепленные файлы: 1 файл

эк сараптама.docx

— 23.69 Кб (Скачать документ)

 Жоспар:

I Кіріспе:

Экологиялық сараптама. Түсінігі, мақсаты, түрлері.

 

II Негізгі бөлім:

1.ӘДЕБИ ШОЛУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  САРАПТАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты

2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАУ  ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1Экологиялық сараптаманың  объектілері

2.2Экологиялық сараптама  комиссиясы

 

III Қорытынды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі әлемде экологиялық  проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан  алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс  қаупі де оның көлеңкесінде қалып  қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының  күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп  жағдайларда орны толмас зардаптар  қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық  дағдарыс шын мәніндегі қауіпті  төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды  кез-келген аумақтардан көруге болады.

Экологияны қорғау жөніндегі  жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік  зор маңызы бар проблемаларға  айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы  мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының  мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп  пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының  өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы – экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.

Экологиялық сараптама институты  іске қосылатын объектінің нақты  экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін  және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.

Экологиялық сараптаманы  дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру  үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді  алғаннан кейін шаруашылық қызметтің  көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында “Экологиялық сараптама туралың  заң қабылданды. Бұл заңда “қоршаған  ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы  жетілдірілді.

Экологиялық сараптама –  қоршаған ортаға келтірілетін зиянның  алдын алу құралы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Экологиялық  сараптаманың түрлеріне, мәселелеріне және оның ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

- экологиялық сараптаманың  мақсатын міндеттерін саралау;

- экологиялық сараптаманың  қағидаларын қарастыру;

- экологиялық сараптама  субъектілерін зерттеу.

Жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарау экологиялық  сараптаманың мақсатын міндеттерін, қағидаларын  және объектілерін қарастырады.

Екінші тарау экологиялық  сараптама субъектілеріне арналған.

Жұмыста қолданылған негізгі  терминдер: экологиялық сараптама, субъект, табиғи ресурстар, экологиялық  сараптама объектілері т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1. ӘДЕБИ ШОЛУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

 Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамасы.

       Экологиялық  сараптама жасалуға жататын құжаттаманың  тапсырысшысы - жоспарланып отырған  қызметтi жобалауға тапсырма берген  және сараптама объектiсiн қаржыландыруды  жүзеге асыратын заңды немесе  жеке тұлға. 

       Сараптаманың  бастамашысы - жобаның тапсырысшысын  қоса алғанда, мемлекеттiк немесе  қоғамдық экологиялық сараптама  жүргiзудiң қажеттiгi туралы мәселе  қойған заңды немесе жеке тұлға. 

       Сараптама  объектiсiн iске асыру - жоспарлау  алдындағы, жобалау алдындағы  және жобалық құжаттамада көзделген  шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк  және өзге де объектiлердiң  құрылысын салу, пайдалану, тарату, қызмет көрсету, бұйымдар мен  технологиялардың шаруашылық айналымына  түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы  мен барысы, сондай-ақ заң актiсiнiң  күшiне енуi, сараптама объектiсiнiң  өзге де нақты пайдаланылуы.

       Экологиялық  қауiптi қызмет - адамның денсаулығы  мен қоршаған ортаға зиянды  әсерiн тигiзетін немесе тигiзуi мүмкiн басқарушылық және инвестициялық  қызметтi қоса алғандағы тiкелей  және жанама қызмет.

       Экологиялық  қауiптi объект - iске асырылғанда  адамдардың денсаулығына және  қоршаған ортаға зиянды әсерiн  тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн  тигiзетiн сараптама объектiсi.

       Экологиялық  тәуекел - табиғат объектiлерi  мен факторларының кез келген  антропогендi өзгерiстерiнiң қоршаған  ортаға және халықтың денсаулығына (қасақана немесе кездейсоқ жасалған, бiртiндеп болатын және апатты) қолайсыз зардаптар тигiзу ықтималдылығы. 

       Стратегиялық  объект - iске асырылуы табиғи  ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу, пайдалану, республикалық  маңызы бар инфрақұрылым мен  энергетика, аэроғарыштық және әскери  кешендер, байланыс саласындағы  қызметпен байланысты сараптама  объектiсi.

       Трансшекаралық  объект - iске асырылуы адамдар  денсаулығына және екi және одан  да көп облыстың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың)  және (немесе) шектес мемлекет аумағындағы  қоршаған ортаға - керi әсер ететiн  немесе керi әсер етуi ықтимал  сараптама объектiсi.

        

 

        

1.1Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты.

 Экологиялық сараптаманың  мақсаттары:

       1) жоспарланып  отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де  қызметтi iске асырудың халық денсаулығы  мен қоршаған ортаға ықтимал  терiс зардаптарын болдырмау; 

       2) жоспарланып  отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де  қызметтi iске асыру туралы шешiм  қабылданар алдындағы сатыларда,  сондай-ақ оларды салу және iске  асыру процесiнде олардың экологиялық  талаптарға сәйкес келуiн бағалау; 

       3) өндiргiш  күштердi орналастыру мен дамыту  салдарынан экологиялық жай-күйдiң  болжамдалып отырған өзгерiстерiне  сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету болып табылады.

       Экологиялық  сараптаманың мiндеттерi:

       1) ықтимал,  әлеуметтiк, экономикалық және  экологиялық зардаптарға талдау  жасауды қоса алғанда, объектiлерде  атқарылған қоршаған орта мен  халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға  жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және  өзге де қызметтiң әсер етуiн  бағалаудың толымдылығы мен дұрыстығын  анықтау; 

       2) жоспарланып  отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де  қызметтiң қоршаған орта мен  халықтың денсаулығына әсерiн  жан-жақты, ғылыми негiзделген  талдау мен бағалауды ұйымдастыру; 

       3) Қазақстан  Республикасының заңдарындағы, Қазақстан  Республикасының аумағында қолданылып  жүрген стандарттардағы, нормалар  мен ережелердегi экологиялық  талаптардың сараптама жасалып  отырған құжаттамада сақталуын  тексеру; 

       4) экологиялық  сараптама қорытындыларын әзiрлеу, оларды сараптама объектiсiн iске  асыру туралы шешiм қабылдайтын  ұйымдарға беру және мүдделi органдар  мен халыққа қажеттi ақпарат беру  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Экологиялық сараптаманың объектілері.

       1. Экологиялық  сараптама объектiлерi мыналар  болып табылады:

       1) табиғат  пайдалану мәселелерiне қатысты  жоспарлау алдындағы, жобалау  алдындағы және жобалау құжаттамасы,  шарттар, келiсiм-шарттар, соның  iшiнде халықаралық шарттар мен  келiсiм-шарттар; 

       2) Қазақстан  Республикасының қабылданбақ болып  белгiленiп отырған, қоршаған орта  мен халық денсаулығына ықпал  жасайтын заң актiлерi мен нормативтiк  құқықтық актiлердiң жобалары;

       3) шаруашылық  қызметтi жүзеге асыру кезiнде  табиғат пайдаланушылардың қоршаған  ортаны және халық денсаулығын  қорғау жөнiндегi талаптарды (экологиялық  аудиттi) сақтауын бағалау материалдары;

       4) табиғи  ресурстарды пайдалану және қоршаған  ортаны қорғау саласында лицензиялар  мен сертификаттарды алу кезiнде  экологиялық негiздеме үшiн табыс  етiлетiн құжаттама. 

       2. Кейiннен  ерекше құқықтық мәртебе (ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық  апат аймақтары және басқалар) беру мақсатында аумақтарды кешендi зерттеу материалдары да экологиялық  сараптама объектiлерi болып табылады.

 Экологиялық сараптама субъектiлерi мыналар болып табылады:

       1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу бөлiгiнде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның жергiлiктi жерлердегi органдары;

       2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартатын орталық мемлекеттiк органдар;

       2-1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) субъектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу бөлiгiнде - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы;

       3) қоғамдық экологиялық бiрлестiктер, ғылыми мекемелер және олар құратын экологиялық-сараптама органдары;

       4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргiзуге тартқан, тиiстi лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (штаттан тыс сарапшылар).

Экологиялық сараптаманың түрлерi :

Қазақстан Республикасында  мемлекеттiк экологиялық сараптама  мен қоғамдық экологиялық сараптама  жүзеге асырылады.

 

        

 

 

        

        

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Экологиялық сараптама комиссиясы.

Экологилық сараптама  комиссиясы:

       1. Сарапшылық  комиссиясын мемлекеттiк немесе  қоғамдық экологиялық сараптама  тағайындауға, оған бастамашылық  етуге және оны жүргiзуге құқығы  бар орган нақты объектiге экологиялық  сараптама жүргiзу үшiн құрады. Сарапшылық комиссиясының құрамында сарапшылық зерттеу бағыттары бойынша топтар құрылады.

       2. Сарапшылық  комиссиясы жұмысының нәтижелерi  сарапшылық комиссиясының жиынтық  қорытындысы түрiнде баяндалады. Сарапшылық комиссиясының құрылымын,  мазмұнын, қорытындысын iске асыру  мен оған шағым жасау тәртiбiн  экологиялық сараптама жүргiзудi  ұйымдастырушы сарапшылық орган  белгiлейдi, сарапшылық комиссиясының  нақты жұмыс тәртiбiн де сол  бекiтедi.

       3. Сарапшылық  комиссиясының Қазақстан Республикасының  қолданылып жүрген заңдарына  сәйкес өзiн құрған орган беретiн  құқықтары мен мiндеттерi болады.

 


Информация о работе Экологиялық сараптама түсінігі