Экологиялық мониторингті жүзеге асыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2015 в 20:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы қоршаған ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Конституцияға сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға өатысуға міндетті. ҚР Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір адамның қолайлы қоршаған ортата құықғын бекітеді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
ІЭкологиялық мониторинг түсінігі мен ұғымы.....................................................5
1.1Экологиялық мониторинг жүйелілігі....................................................................5
ІІ Экологиялық мониторингті жүзеге асыру..........................................................10
2.2Қоршаған ортаның мониторингтік бағдарламасы.............................................11
Қорытынды................................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология реферат.docx

— 52.71 Кб (Скачать документ)

Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар.

Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар желісі.  
Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық бақылау пунктерін қамтиды.

 

 

Атмосфералық  жауын-шашын жай-күйі үшін бақылаулар желісі   
45 метеостансаларды қамтиды.

Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі.  
81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ІІ Экологиялық мониторингті жүзеге асыру

      Қазіргі таңда экологиялық мониторинг жүзеге асырылуда. Соған мысал ретінде Өскеменде Қазақстандағы бірден-бір экологиялық мониторинг орталығы жұмыс жасай бастады, жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды.

       Қондырғыны іске қоса отырып, жергілікті билік экологиялық  жағдайға жедел әсер етуге мүмкіндік  беретін қажетті  кеңейтілген және тереңдей түскен картинаны алуға есеп жасап отыр. Бұл жүйе Skylink базасында салынуда, бұл жасалым «СоюзАтомПрибор» ЖШС-ның инновациялық жобасы болып табылады, ол адамға тәуелсіз өз алдына жұмыс істейді. Жабдық ауа, радиация, су қорларындағы судың деңгейі, метиобекет сияқты төрт позиция бойынша бақылау параметрлерін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Экологиялық мониторинг орталығының жұмысы басталуына арналған ресми салтанатты рәсімде әңгіме болды.

    Экологиялық мониторинг орталығының жұмысын қала әкімі  Ислам Әбішев таныстырды. Қала әкімі орнатылған мониторинг жүйесі Қазақстанда алғашқы екенін атап көрсетті. «Біздің әріптестеріміз ресейліктер бірегей жабдық орнатып берді, оны жаңартуға болады. «Өскемендегі экологиялық жағдай күрделі, сондықтан да біз жергілікті билік ретінде тиісті шаралар алуға тиіспіз», - деді аймақ басшысы.

     Бұл өнеркәсіптік Өскемендегі  елеулі оқиға болды. Әлеуетті қауіпті  нысандардың өндірістік-экологиялық  мониторингісін жүргізетін

аймақтық жүйе қоршаған ортаның жағдайына автоматты  түрде бақылау жасаумен мен қатар  техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға да дереу үн қатуға мүмкіндік береді.

     Қоршаған ортаның өндірістік экологиялық мониторингі экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды элементі болып табылады. ҚМГ өндірістік экологиялық мониторингінің тиімді корпоративтік жүйесін құру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ол Компания стратегиясының басым бағыттарының бірі деп анықталды және 2009 жылғы 19 қаңтарда Компанияның Директорлар Кеңесі мақұлдады.

   Мұнай операциялары барысында, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жұмыстарды қоса алғанда, қоршаған ортаның мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы» атты 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығында көзделген.

2005 жылдан бастап, ҚМГ өндірістік экологиялық мониторингі корпоративтік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде аэроғарыштық экологиялық мониторинг құрылып, ҚМГ-ның корпоративті жауапты аймақтарында қоршаған ортаның жай-күйінің өзгеруін автоматты түрде бақылау мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша шұғыл басшылық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.

 

      2.2 Қоршаған  ортаның мониторингтік бағдарламасы 

 

Қоршаған  ортаның мониторингі белгілі  бір бағдарлама бойынша іске асады. Бағдарламаның негізгі элемнеттеріне:

  • Қорғауға алынған объектілер жиынтығы;
  • Белгілі бір аймақтың өзгеру көрсеткішінің жиынтығы;
  • Әртүрлі экологиялық процесстердің өзгеру жиілігі жатады.

Мониторингті  алыс қашықта жасау 

Қазіргі таңда мониторингті дәстүрлі түрден бөлек, алыс қашықтықта (дистанционный  мониторинг) зерттеу тәсілі етек алуда. Мұндай мониторинг құрастыру үшін сымсыз ұялы құралдар мен телеметрикалық желінің  базалық сервиске ақпарат жеткізуі қажет. Мұндай жүйенің артықшылығы  ретінде базалық жүйенің мультиканалдылығын алуға болады. Яғни, мәліметтерді бір  базаға жинап, мониторингтің құрастырылуын  бірнеше есе жеделдетуге мүмкіндік  береді.

Алыс  қашықтан басқарудың зондтық жүйесі 

Мониторингтеу бағдарламасында  пилотсыз ұшақтардға,  жер серіктеріне көп каналды  датчиктертер орнатып, кеңінен қолдануға  мүмкіндік береді. Алыс қашықтықта зондтауды екі бөлікке бөліп  қарастырады:

  • Анықталу аймағындағы белгілерді пассивті анықтау;
  • Пассивті белгілерді ұшақ немесе спутник датчиктері арқылы жіберіп, анықталу аймағынан белгілерді активті түрде анықтау;

 

 

 

 

 

Қорытынды

       

        Қорытындылай келе,  экологиялық мониторинг дегеніміз антропогендік  және табиғи  факторлардың  әсерімен қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау,  бағалау және болжау  жүйесі.  Сонымен қатар мониторинг түрлерімен, сатыларымен, жүйелерімен таныстық. Қазіргі таңда экологиялық мониторингті жүзеге асыру негізгі, маңызды мәселе. Соған орай, көптеген іс шаралар қолданысқа енгізілуде. Бірақ, бұлардың барлығы аздық етеді. Қоршаған ортаны бақылау, бағалау және болжау үшін тиімді үлкен мүмкіндіктерге ие және кең ауқымды міндеттерді шеше алатын  мониторинг жүйелерінің жаңа жетілдірілген түрі әзірленуі тиіс. Сол себепті жаңа объектілер енгізілуі қажет деп ойлаймын. Экологиялық мониторингінің корпоративтік жүйесін дамыту мен жетілдірудің келесі кезеңі қоршаған ортаның және экологиялық лабораториялардың параметрлерін тіркеу мен өлшеудің қолайлы желісін ұйымдастыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР экологиялық кодексі

2. Бейсенова Ә. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Атамекен, 2006жыл

3. Ақбалова А.Ж., Сайнова Г.Ә. «Экология оқу құралы» Алматы, «Бастау», 2003жыл

4. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

5.Ғаламтор желісі

 

 


Информация о работе Экологиялық мониторингті жүзеге асыру