Экологиялық факторлар және олардың классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:41, реферат

Краткое описание

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс өте жақсы дамуымен бірге адамзаттың табиғатқа әсері де өсіп отырғаны мәлім. Табиғат байлықтарын үнемді қолдану мен оны қорғау ғылыми негізде қолға алынып келеді. Өсімдіктер экологиясы ғылымы биологияның бір бөлімі ретінде дамып келе жатыр. Осы жүйеде адам мен қоршаған ортаның байланысы биологиялық және қоғамдық заңдылықтарға бағынатыны мәлім.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 22.16 Кб (Скачать документ)

                     Қазақстан білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

          

        РЕФЕРАТ                Тақырып:Экологиялық факторлар және олардың классификациясы

                             

                                                                                                                Тексерген:Бакешова Ж.У.

                                                                                Орындаған:Ахметжар А.

                                                                                                          ҚЖ -11

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

                                      Астана-2013

                               Алғы сөз

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс өте жақсы дамуымен бірге  адамзаттың табиғатқа әсері де өсіп отырғаны мәлім. Табиғат байлықтарын  үнемді қолдану мен оны қорғау ғылыми негізде қолға алынып келеді. Өсімдіктер экологиясы ғылымы биологияның  бір бөлімі ретінде дамып келе жатыр. Осы жүйеде адам мен қоршаған ортаның байланысы биологиялық  және қоғамдық заңдылықтарға бағынатыны мәлім. Қазіргі кезде өсімдіктер экологиясы табиғаттағы өсімдіктер жамылғысын қорғау мен сақтау, үнемді пайдалануды шешуге арналған мәселелерді  жан-жақты ғылыми тұрғыда зерттеу  жұмыстарын жүргізуде маңызы артып  келеді.

Оқырманға ұсынылып отырған  оқулықтың негізгі мақсаты мәтінінің  мазмұнымен таныстыру арқылы студенттердің  өсімдіктер жайлы алған білімдерін өсімдіктердің экологиясымен толықтырып, білімдерін көтеру мен қоршаған ортаның  даму заңдылықтарына деген көзқарастарын  қалыптасыру болып табылады.

Оқулықта экология мен  өсімдіктер экологиясына әсер ететін факторларға тоқталып, олардың жүйелену негізі, жеке факторлардың өсімдіктердің  дамуы мен бейімделу ерекшеліктеріне  назар аударылған.

Жалпы өсімдіктер экологиясына қатысты тақырып материалдарының  орналастырылуы мен берілу жүйесі студенттердің  қоршаған орта мен табиғатта, әсіресе  өсімдіктер ағзасында өтіп жатқан құбылыстар мен үрдістердің біртұтастығын, заңдылықтарымен өзара байланыста қарап, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсатына бағытталған.

Кең байтақ қазақ жері, қазақ  елінің көрекеюі мен құлпыруы болашақ  жастардың қатысуымен ғылыми тұрғыда  жүретініне біз сенімдіміз. Сондықтан  да, жас мамандар қоршаған ортаның  гүлденіп жайнауына ат салысу барысында  өсімдіктердің экологиясына да баса назар аударса деген тілек  білдіре отырып, аталған оқулық патриоттық сезімдерін оятып, ғылымға деген  талпыныстарына қанат береді деп  үміттенеміз!

 

 

 

 

 

ҚОРШАҒАН ОРТА, ТІРШІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР  ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНІК

 

Экология тірі жүйелердің өзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым екені белгілі. Аутэкология (грекше autos-өзі) қоршаған ортада ағзалардың тіршілік шегін анықтайды. Әрбір ағзаның қоршаған орта жағдайына  байланысты бейімделушілігін, орта факторларының  әсеріне ағзаның жауап беру реакциясын зерттейді. Аутэкология терминін ғылымға 1896 жылы швейцар ботанигі К.Шретер енгізген. Аутэкология тірі жүйе ретінде бөлек, дара ағзаларды, ал орта деп  – барлық оны қоршайтындарды қарастырады.

Әрбір жеке ағзаның ортасы атқарылатын қызметтердің нәтижесінде  түзілген көптеген органикалық және бейорганикалық элементтерден тұрады. Кейбір элементтер ағзаға қажетті болып  табылады, кейбіреулерінің қажеттілігі  жоқ, ал үшінші біреулері зиянды әсерін тигізеді.

Қоршаған ортаға барлық табиғи және техногенді орталар жатады. Табиғи орта – жер бетіндегі адамдардың байланысынсыз пайда болған және бұрынғы ұрпақтардан қалған орта. Техногенді орта – адамның көмегімен түзілген орта.

«Қоршаған орта» түсінігін  экологияға биолог Я.Юкскюл (1864-1944) енгізген. Ол, тірі ағза мен олардың тіршілік ортасы, субъект және объект (кім, нені, кімді, зерттейді), бір-бірімен өзара  байланысты және олардың барлығы  бір жүйені – қоршаған ортаны түзеді деп есептеген. Қоршаған ортаға ағза бейімделу үрдісінде онымен байланысып және одан әртүрлі заттар, энергия, ақпараттар қабылдайды және береді.

«Қоршаған орта», «тіршілік  ортасы», «өмір сүру ортасы», «тіршілік  орыны» мағыналары жағынан өте ұқсас  болғанымен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Қоршаған орта – ағзаларды қоршайтын және олардың құрылысымен қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететіндер. Жердегі ағзалардың тіршілігін қамтамасыз ететін әртүрлі орталар бар. Біздің планетамызда негізгі төрт тіршілік ортасы: су, жер, ауа, топырақ және тірі ағза денесі болып бөлінеді.

Көптеген ағзалар өздерінің  тіршіліктерін тек бір тіршілік ортасында өткізеді. Мысалы: адамдар, құстар, сүтқоректілер, ашық және жабық  тұқымды өсімдіктер жер, ауа ортасында, кейбір бунақденелілер (маса, инелік) мен  қосмекенділер дамуының бір кезеңін  суда, келесі кезеңін – жер-ауа  ортасында өткізеді. Тіршілік ортасының  өзі алуан түрлі болады. Мысалы, тіршілік ортасы – судың өзінің өмір сүру ортасы туралы айтатын болсақ, оның өзі тұщы немесе теңіз суы, ағынды немесе тоған суы болуы мүмкін. Өз кезегінде мекен ету ортасы тіршілік орнына бөлінеді. Сонымен, су – тіршілік ортасы, өзен - өмір сүру ортасы, ал су түбі, су беті және су ортасы – тіршілік орны болады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

Шығу тегі және әсер ету  сипатына байланысты барлық экологиялық  факторларды абиотикалық (ортаның  бейорганикалық немесе тірі емес факторлары) және биотикалық (тірлік иелерінің  әсерімен болатын) деп бөледі. Экологиялық  факторлар табиғатта азды-көпті  күрделі кешендерге біріктіріледі. Олардың біреуінің өзгерісі басқаларының да өзгерісіне әкеліп соғады.

І. Абиотикалық  экологиялық факторларды келесідей топтарға бөледі:

а) Климаттық факторлар: ауа, оның қозғалысы, жарық, жылу, жауын-шашын, ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік  құбылыстар.

ә) Эдафикалық немесе топырақ-грунттарының факторлары: механикалық құрамы, физикалық  қасиеті, грунт пен топырақтың микробиологиясы  және химизмі.

б) Топографиялық (немесе орографиялық) факторлар: рельеф, айнала қоршаған орта.

Кейбір авторлар жеке химиялық факторлар тобына бөледі, мысалы, су ағзалары үшін судың тұздылығы және т.б.. Бірақ бұндай жағдайда осы топқа  эдафикалық факторлардың бөліктерін де енгізу керек болады (топырақтың тұздылығы, олардағы қоректік элементтердің болуы), яғни тек қана топырақ ортасының  әртүрлі қасиеттерінің өсімдіктерге әсерін бөлу дәлелді емес.

Аталған абиотикалық факторлардың классификациясы негізінен жер  үсті өсімдіктеріне қолданылады. Су өсімдіктеріне басқадай факторлар  кешені әсер етеді, тіршілік ортасы су болғандықтан судың қасиеттерімен  анықталады. Мысалы, олар үшін гидрофизикалық және гидрохимиялық факторлар маңызды  болып табылады.

ІІ. Биотикалық факторлар:

а) фитогенді - өсімдіктердің  бірге тіршілік ететіндердің тура (механикалық  контакт, симбиоз, паразитизм, эпифиттердің қоныстануы) және жанама (тіршілік ортасының  өсімдіктер үшін фитогенді өзгерістері);

ә) зоогенді – жануарлардың әсері (қоректенуі, таптауы, басқа да механикалық әсерлері, тозаңдану, ұрықтарды  таратуы, сонымен бірге ортаға жанама әсерлері).

Биотикалық факторлар  тобына микроағзалардың (микробогенді факторлар) өсімдіктерге әсерлері де енеді. Соңғы кездерде саңырауқұлақтарды  жеке тірі табиғи патшалық деп бөліп  қарастырылуына байланысты, өсімдіктерге микогенді факторлар әсерлерін  қарастырып, олар жайлы да жеке айтуға болады.

Биотикалық факторлар  тобына кейде адамзаттың өсімдіктерге әсерлерін де қосады. Бірақ спецификалық формадағы әсерлеріне, мысалы, ортада өсімдіктерді саналы түрде өзгерту  немесе шаруашылық іс-әрекеттері арқылы өзгерту және кең көлемдегі салдарларын  ескере отырып, адамзаттың әсерлерін  ерекше топқа антропогендік факторлар  деп бөлу маңызды болып табылады.

Антропогендік факторлар: адамдардың әртүрлі іс-әрекеттерінің жан-жануар, өсімдік және басқа барлық экологиялық  факторларға әсері.

Алғашқы үш экологиялық факторлар  тобын физика-географиялық факторлар  тобына жатқызады. Климаттық факторларды  жиі географиялық деп те атайды. Себебі, жергілікті орынның координатасына байланысты, теңіз деңгейінен биіктігі барлығы осы жердің климатын құрайды. Оның ішінде жарық, жылу, күн сәулесімен шағылысуы – басты энергетикалық  фактор болып табылады.

Грунтты-топырақ факторларын  жиі эдафикалық (грекше эдафос - топырақ) деп атайды.

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

 

Қоршаған ортаның өзгерістеріне  қабілетті қарсы тұратын оптимальды қолдаушы сиымдылық максимальды  сиымдылықтан теориялық жағынан  екі есе төмен деп есептелінеді. Мамандардың айтуы бойынша жердің оптимальды қолдаушы сиымдылығында 8,5-13,5 млрд. адам бар. Қазіргі кезде біздің планетамыздың халықтарының орналасу саны шамамен 6,0 млрд. адамды құрайды. Ал 2010 жылы БҰҰ-ның есебі бойынша  ол шамамен 6,3-6,5 млрд. адамды құрауы мүмкін.

Биосферадағы тірі заттардың тұрақтылық заңын (закон константности) В.Вернадский  былай тұжырымдайды:  биосфераның белгілі геологиялық дәуіріндегі тірі заттардың мөлшері (барлық ағзалардың биомассасы) тұрақты.

Қолайлылық немесе оптимум заңы.  Факторлардың белгілі бір мәндерінде ағзалардың тіршілік етуі үшін ең қолайлы жағдайлар туады. Қолайлы аймақта немесе фактордың қолайлы мәнінде ағза белсенді өседі, қоректенеді және көбейеді. Фактордың мәні және оңға немесе солға ауытқыған жағдайлар, яғни әсер ету күшінің азаю немесе көбею жағына ауытқуы ағзалар үшін қолайсыз.

Ағза тіршілік ете алатын факторлардың төменгі мәні минимум, ал жоғарғы мәні – максумим деп аталады. Ағза тіршілік ететін, бірақ нашар, әлсіз, қажыған жағдайдағы фактордың мәні – пессимум, ал ағзаның тіршілігіне қолайлы жағдайды немесе фактордың мәні – оптимум деп аталады.

Фактордың қолайлы мәні популяция  түзетін ағзалардың санының көбеюіне әкеледі. Факторлар мәнінің пессимумында ағзаның тіршілік белсенділігі төмендейді. Экологиялық дискомфорт ағзаларды  қолайсыз жағдайлардан қашуына немесе оларға бейімдейді. Егер фактордың  өзгеруі минимум және максимумнан  асып кетсе, ағзалардың жаппай өлуі басталады.

1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың өміршеңдігі мен төзімділігі  оның экологиялық қажеттіліктер  тізбегінің ең әлсіз звеносына  байланыстылығын байқап, былай тұжырымдады:  «минимумда болатын заттармен,  егістік басқарылады және уақытпен  оның төзімділігі және көлемі  анықталады». Ғалым астықтың өнімін  тек көп мөлшерде қажет ететін  заттар тежеп қана қоймай, сонымен  бірге аз мөлшерде керек және  топырақта жеткіліксіз болатын  (мысалы бор) заттар тежейтінін  дәлелдеді. Қазіргі кезде Либих  ережесі шектеулі факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады.

Кейіннен максимум заңы тек  өсімдіктер үшін ғана емес, басқа да ағзалардың осындай экологиялық  факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырауын «шектеулі фактор» деп атап кеткен. Шектеулі фактор тек жетіспеушіліктен ғана емес, сонымен бірге артық  болған жағдайда да болатындығы анықталды. Бұл экологиялық максимумның  экологиялық минимум әсерімен теңдес шектеулі әсері туралы түсінікті 1913 жылы Шелфорд тұжырымдады.

«Шелфордтың толеранттық  немесе төзімділік заңы» бойынша: дамудың тежеулі факторы болып экологиялық факторлардың минимумы мен қатар максимумы бола алады, ал олардың аралығында диапозоны факторға ағзаның төзімділігін, толеранттық шамасын (Tolerantia - шыдамдылық, төзімділік) анықтайды.

Сонымен, әрбір тірі ағзаның  экологиялық факторларға төзімділік шегі бар, оның ең жоғары шегі (максимум) және ең төменгі шегі (минимум) деп  аталып, осы екі шектің арасында ағзаның өсіп - өнуіне, көбеюіне қолайлы  шек (оптимум) жатады. Әрбір түр өзінің толеранттылығымен – оптимальды экологиялық факторлардан ауытқуды бастан кешіруге қабілеттілігімен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Пайдаланылған әдебиеттер.

Р.С.Оразбаева "Экология негіздері", Астана-2003

Г.С.Оспанова "Экология",Алматы-2002

Сағымбаева Ғ.Қ. Экология негіздері.Оқу құралы


Информация о работе Экологиялық факторлар және олардың классификациясы