Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 20:05, реферат
Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.
I. Кіріспе
1.Экологиялық дағдарыс
II. Негізгі бөлім
2. Экологиялық жағдай
3. Экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
4. Рим клубының жұмысы
III. Қорытынды
5. Қазақстан Республикасында экологиялық
проблемалардың даму жағдайы
және одан сақтану шаралары.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоспар:
I. Кіріспе
1.Экологиялық дағдарыс
II. Негізгі бөлім
2. Экологиялық жағдай
3. Экологиялық апат салдарынан зардап
шеккен азаматтардың статусы
4. Рим клубының жұмысы
III. Қорытынды
5. Қазақстан Республикасында экологиялық
проблемалардың даму жағдайы
және одан сақтану шаралары.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе:
Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.
Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан “парникті әсердің” күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты “фабрикасы” орманды шабу, кесу (дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі, Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар – министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіпті технологияларға қарсы халықаралық қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді.
Негізгі бөлім:
Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының
алдында оның болашағын айқындап, шешуші
екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық
соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен –
күнге шйеленісіп келе жатқан экологиялық
қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет
күшінің әсерінен емес, адам баласының
өз санасының әсерінен емес, адам баласының
өз санасының әмірімен дүниеге келгенін
материалистік тұрғыда ойлайтындардың
кез-келгені түсінеді. Түсінеді де, өз
қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру
түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп
келген төтенше қатерден шығудың жолдарын
іздеп шарқ ұрады. Осы бір жан ұшырған,
жанталасқан адамды ертегіде айтылатын
қырық бірінші құпия есікті ашып алып,
енді соны жаба алмай әлектенген байғұспен
ғана салыстыруға болар еді. Бүгінгі экологиялық
тепе-теңдік жолындағы жаппай дамудың
түп-тамырын, табиғат тазалығы жолында
көпшілік қозғалысының себеп-салдарын,
міне, осы төңіректен іздестіру керек
шығар.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар
өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы
қатардағы мәселелердің біріне айналды,
тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде
қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің
қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі
көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде.
Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар
бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді
өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін
ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл
табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп
соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар
қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде
қуіп төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс
алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды
тез кез-келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны
соншалық, оны не болса соған – тазарту
ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды
аймақтық деңгейде жоспарлуға, қағазды
қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық
тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге
айдар етіп таға салатын болды. Осы іс
— әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне
қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды
әдеттегі талай сыннан өткен ережелер
бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен
бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен
бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты
жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз
керек.
Қазіргідей жаппай жаңару мен жаңғыру
кезінде болып жатқан революцияның өзгерістерді
әркімнің әрқалай қабылдауы заңды. Жан
тыныштығын күтпеген, кешегісімен күн
кешкен бей күнә жандардың « жаппай қозғалыс
», « экологиялық дүмку » секілді бойында
қаны мен жаны бар сөздерді ә дегеннен
тасырқап, тосау қабылдауы да мүмкін. Оның
үстіне адам психологиясы мұндайда тәттіні
көп жеген баладай тез тойып, өз әрекетінен
өзі жеріп шыға келетіні тағы бар. Ендеше
экологиялық қозғалыс төңірегінде болып
жатқан әр алуан талас – тартыс пен экология
насихатының бүгіні мен болашағы кімді
болса да салғырт қалдырмаса керек.
Білімнің барлық салалары сияқты, экология
үздіксіз дамып келеді, басқа ол бірде
тез, бірде баяу болып отырады. Гипократтың,
Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының
еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы
деректер бар. Сонымен бірге гректер «
экология » деген сөзді білмеген. Бұл салаға
« биологиялық қайта өрлеудің » XVIII – XIX
ғасырлардың көптеген көптеген қайраткерлері
де өз үлесін қосты. Мысалы, XVIII ғасырдың
басындағы алғашқы микроскоппен зертеушілердің
бірі ретінде көбірек танымал болған Ангол
вон Левенгук, сонымен қатар осы күнгі
экологияның маңызды екі саласы – « қоректі
тізбектерді » және
« популяция санының »динамикасын зерттеудің
пионері болып табылады.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен
1900 – шы жылы қалыптасты. Экология термині
1869 жылы неміс биологы Эрнест Гегель Ұсынған
болатын. Демек, бір шама жас ғылым, сонымен
қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін
басынан кешіріп тіпті одан ары өсі барады.
Экология сөзбе –сөз аударғанда – тіршілік
мекені туралы ғылым.
Авторлар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама
беруде бір – бірімен жарыса отырып, бұл
ғылымға ең толық анықтама Эрнест Гегельдің
өзі бергенін естен шығарып алады. Гегель
айтқан: « Экология деп, біз табиғат экономикасына
қатысты барлық білімдерді — жануарлардың
оны қоршаған ортамен, әсіресе оның өзімен
тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен
және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық
немесе қатынастық әрекеттерінің бар
жиынтығын зертеуді түсінеміз. Бір сөзбен
айтқанда, экология — Дарвин тіршілік
үшін күресті туындатушы жағдайлар деп
атаған, барлық күрделі қарым – қатынастарды
зерттеу болып табылады».
Кез – келген ғылым санасы сияқты, экологияның
екі аспектісі бар. Оның бірі таным шеңберін
кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат
дамуының заңдылықтарын және оларды түсіндіру
қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді
қоршаған ортаға қатысты проблемаларды
шешу үші қолдану. Экология маңызының
барған сайын артуын – практикалық маңызы
бар бірде-бір ірі мәселе табиғаттың жанды
және жнсыз компоненттері арсындағы байланыстарды
ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге
болады.
Экологияның практикалық нәтижесі ең
алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін
шешуден көрінеді. Тек экология ғана табиғи
ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін
құрай алады. Бұл ретте, табиғи прцестердің
негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу
табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға
әкеліп соқтырғанын ата кеткен жөн.
2.Қозғалыс табиғатты қорғау
жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге
қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты
талап ететеін мәселе болып табылады.
Адам мен табиғаттың қарым – қатынасы
экологиялық – экономикалық қатынас ретінде
қарала бастады.
Біздің республикамыздың териториясы
көлемі жағынан әлемде алтыншы орындға
ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің
Қазақстан қойнауынан 99 – ы табылды, 70
– інің қоры зерттелді, өндірісте 60 –
тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру,
мұнай және газ өндіру, түрлі – түсті металургия;
мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан
– магни өндірісі, қара металургия : сапалы
қара металургия өндірісі дамыған. Осы
өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын
бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік
дүнйесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика
териториясында климаттық антропогендік
өзгерістері бар екендігі дәлелденген.
Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда
екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан
әлемде ең арттағылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға
айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының
мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің
бірі өнер кәсіп орындары мен ведоиставаларға
табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық
жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық
реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті
өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың
құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты
пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық
жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.
Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына
кінәлілердің бірі ғылыми техникалық
прогрес.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы
қажет ? Экологиялық тұрғыдан қарағанда,
табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен
бірлесе қызмет технологиясына көшу бағыты
дұрыс деп есептеледі.
Әлемнің ірі – ірі қалаларында ауаны ластаудың
2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне
тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып
жүрген негізгі он бүлдірушінің ішіндн,
БҰҰ – ның таблицасы бойынша, автомобильден
бөлінетін көміртегі екінші орында жүр.
Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға
атып жүрміз. Бірақ табиғатымыз күн санап
азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік,
ал бүгінгі таңдағы туған жерге табиғатқа
деген немқұрайлыққа ертең кімді кінәлар
екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа
емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта « жау
шапты, от қашты » деуімнің ең басты себебі
экономика көлеңкесінде қалып отырған
экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына
күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп
жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі
сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей
кен ошақтары туралы мәліметтердің бір
жақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері
өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі
табыстан бас айналып, көз қарауытардай
тапқанымызбен тарих алдындағы жуап кершілігіміздіде
ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда
табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану
экономиканың жүйесі анықталып келеді,
нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы
жасалды. Қазақстан Республикасының «
Қоршаған ортаны қорғау туралы » заңы
қоршаған ортаны қорғаудың экономикалыұ
механизімін экономикалық мәселелерге
жеке бөліммен бөліп береді.
Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру
; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем
ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың
төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын
жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі
табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін
салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл
бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде.
Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.
Жергілікті бюджет табысына орман ; су,
жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін
төлемақы түседі.
Төлемақы көлемі олардың экономикалық
бағалануына көбнесе сәйкес келе бермейді.
Олар негізінен шартты түрде төленеді,
табиғи ресурстарды қалпына келтіруге
кететін шығыннан төмен.
Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы
оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс.
Қазіргі негізгі принцип мынандай-ластандырушы
төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының
көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап,
төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес
анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет.
Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің
міндетті сақтандыру шараларын енгізу
қажет.
Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын
енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда
өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға
кезігетін елеулі кедергілер бар.
Біріншіден, капитал рыногының шектелген
дамуының. Мемлекеттік бюджет пен экономиканы
басқарудың орталықтанған жүйесі барлық
инвестицияларды қаржыландырудың негізгі
көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық
алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар
беретін басқа да финанстық құралдары
жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті
банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары
проценттік мөлшерде зайымдар береді.Көпшілігінде
мұндай экологиялық инвестициялардың
ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының
жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте
нашар орындалады. Оларды ынталандыратын
күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді,
сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке
өткізуді мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорындардың
экологиялық инвестицияға қызығушылығын
төмендетуі. Экологиялық қорларды құрудың
басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға
қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге
дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен
қатар қорлар экологиялық стандарттар
мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза
әрі қорларды үнемдейтін технологияның
да шығуына ықпал етеді.
-Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан
ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл жилекті
елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары
мен радияция бұдан былай біздің үйлерімізбен
бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған.Бұл
елбасы жолдауы – болашақ бағдарламасы
даген сөз. Экология ел амандығы десек
ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.
Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының
негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі,
алайда қаржыландыру деңгейі төмен.
Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет
аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық
төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау
құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес
заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық
қор құрылды. Оның қаржысы экология және
табиғи қорлар стратегиясын туындайтын
экологиялық жобаларды қаржыландыруға
жұмсалады.
Қорларды құру республикада табиғатта
қорғаудың экологиялық механизмін одан
әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Табиғат қорғаудың басымдық шараларын
іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан
Қазақстанға сыртқы қажет.
Қазақстан конституциясында және « Қазақстан
– 2030 » стратегиясында біздің азаматтарымыздың
қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір
сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық
ақпарат алвп отыруына құқық берілген.
ІІ-бөлім.
АРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН
ДАҒДАРЫСТЫ
ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ
СТАТУСЫ
6-бап. Экологиялық апат салдарынан
зардап шеккен
азаматтардың статусы
Экологиялық апат салдарынан
зардап шеккендерге мыналар жатады:
1) белгіленген тәртіппен экологиялық
апат аймағы статусын алған аумақта 1970
жылдан бастап осы кезге дейін кемінде
10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар
(он жасқа дейінгі балаларды қоса);
2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы
бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы
аймақта кемінде 3 жыл тұрған немесе тұрып
жатқан азаматтар.
7-бап. Экологиялық дағдарыс
шеккен азаматтардың статусы
Экологиялық дағдарыс салдарынан
зардап шеккендерге мыналар жатады:
1) белгіленген тәртіппен экологиялық
дағдарыс аймағы статусын алған аумақта
1975 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде
15 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар
(15 жасқа дейінгі балаларды қоса);
2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы
бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы
аймақта кемінде 5 жыл тұрып жатқан немесе
тұрғын азаматтар.
8-бап. Экологиялық дағдарыс
ықпалының салдарынан зардап шеккен
азаматтардың статусы
Экологиялық дағдарыс
1) белгіленген тәртіппен экологиялық
дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ
статусын алған аумақта 1975 жылдан осы
кезге дейін кемінде 20 жыл тұрып жатқан
немесе тұрған азаматтар (балалар мен
18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қоса);
2) экологиялық қасіретке себепті байланысы
бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы
аймақта кемінде 7 жыл тұрған немесе тұрып
жатқан азаматтар.
3.Рим клубы—1986 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым. Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар “органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады.
Қорытынды:
Қорыта келсек нәтижеде адамзаттың үлесінен
күрт нашарлаған биологиялық жүйелер
тиіп, жекелеген жануарлар мен өсімдіктердің
популяцияларының кемуі мен жойылуы, адамзат
қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға
әкелктін биосферадағы қайтымзыз өзгерістердің
қауіпі туып отыр.
Ғылымда табиғат ресурстарын қалай болса
солай, стихиалы пайдаланудың уақыты өткенін
ескертуде. Табиғатты пайдаланудың уақыты
өткенін ескертуде. Табиғатты пайдалану
адамның қатысуымен және қатысуынсыз
қоршаған ортада жүретін күрделі процестердің
барлығын ескере отырып,тек ғылыми негізде
жүргізуі тиіс. Басқаша болуы мүмкінде
емес, себебі адамның және оның қызметінің
табиғатқа әсері күшейіп отыр. Қазір «
экология » адам мен оның қызметінің табиғатқа
әсерін күшейтіп отыр. Қазір соған бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі
« экология және табиғи ресурстар » ұзақ
мерзімді стратегиясының басты мақсаты
– тіршілік етудің экологияның аса қолайлы
ортасын жасау, ал оның 4 басым бағдарының
бірі болып экологиялық білім беру болып
табылады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген
қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын
жояды. Боллашақ ұрпақтардың дамуы үшін
экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу
қажет. Экологиялық тұрақты болашақты
сақтау үшән табиғи ортаның жағдайы бақылап,
өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен
алдын алу,қалдықсыз және ресурстарды
тиімді пайдаланатын технологияларды
жасап, іске қосу керек. 5-ші маусымды бүкіл
дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні
ретінде атап өтеді.
Шынында бүгінде адамзат баласы экологиялық
құрылымның басында тұр. Осы апаттың алдын
қазірден бастап алмасақ ертең кеш болады.
Еліміздің экологиясын сауықтырмай экономикасын
түзей алмаймыз. Сондықтан барлық күш
жігерімізді экологияны түзетуге жұмсауымыз
керек және бұл тек біздің, экологтардың
ғана емес барша халықтың ісі дегім келеді.
Рим клубы — 1986 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым. Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар “органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады.