Экологиялық дағдарыс және экологиялық апаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2014 в 14:20, реферат

Краткое описание

Экологиялық дағдарыс ұғымынан қоғам мен табиғаттың арасындағы өзара әрекеттестіктің кезеңі түсініледі:онда экономия мен экологияның,қоғамның табиғи ортаны тұтыну мен пайдалануға экономикалық мүдделері мен қоршаған табиғи ортаны қорғауда қамтамасыз етудің экологиялық талаптардың арасындағы қарама-қайшылықтар шегіне жете шиеленіседі.Бұл бір жағынан-қоршаған табиғи ортаның құлдырауынан көрінетін қоғам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңдіктің тұрақты бұзылуы, екінші жағынан-мемлекеттік басқару құрылымдарының мұндай жағдайдан шығу жолын табуға және қоғам мен табиғаттың тепе-теңдігін қайта қалпына келтіруге қабілетсіздігі.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Экологиялық дағдарыс
2.Экологиялық дағдарыс себептері
3.Экологиялық апат
4.Экологиялық апат аймақтары
Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Хос экологиялық дағдарыс және экологиялық апаттар БЖД-13Балтабаева А.docx

— 38.76 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Атырау мұнай және газ институты

Технологиялық факультет

Кафедра «Қоршаған ортаны қорғау»

 

 

 

 

 

 

Реферат

     Пән:Өндірістік экология

Тақырыбы: «Экологиялық дағдарыс және экологиялық апаттар»

 

Орындаған: БЖД-13 қ/б студенті Балтабаева. А

Тексерген:биология ғылымының к.б.н., доценті-Шахманова А.Қ

 

 

 

 

 

 

 

Атырау қаласы 2014 жыл

Жоспар:

 
   Кіріспе.

 

 

  Негізгі бөлім.

1. Экологиялық дағдарыс   
2.Экологиялық дағдарыс себептері

3.Экологиялық апат

4.Экологиялық апат аймақтары

 Қорытынды бөлім.

 

 Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Экологиялық дағдарыс ұғымынан қоғам мен табиғаттың арасындағы өзара әрекеттестіктің кезеңі түсініледі:онда экономия мен экологияның,қоғамның табиғи ортаны тұтыну мен пайдалануға экономикалық мүдделері мен қоршаған табиғи ортаны қорғауда қамтамасыз етудің экологиялық талаптардың арасындағы қарама-қайшылықтар шегіне жете шиеленіседі.Бұл бір жағынан-қоршаған табиғи ортаның құлдырауынан көрінетін қоғам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңдіктің тұрақты бұзылуы, екінші жағынан-мемлекеттік басқару құрылымдарының мұндай жағдайдан шығу жолын табуға және қоғам мен табиғаттың тепе-теңдігін қайта қалпына келтіруге қабілетсіздігі.

   Экологиялық дағдарыс ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында сол уақытта өндірістік күштердің өсуі мен қоршаған ортаны қорғаудың арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуін бастан өткеріп жатқан дамыған капиталистік елдерде қолдана бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім:

1. Экологиялық  дағдарыс 

   Экологиялық дағдарыс – қоғам  мен табиғат арасындағы қатынастарда қарамақайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциясы (стокгольм, 1972, Рио-Де-Женайро,1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық  дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу,демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.

  Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан “парникті әсердің” күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты “фабрикасы” ормандышабу, кесу (дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Аралөңірі, Семей полигоныаймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар – министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіпті технологияларға қарсы халықаралық қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді.

2.Экологиялық  дағдарыс себептері

    Ғаламдық экологиялық дағдарысқа адамның өлшемсіз шаруашылық әрекеті де әкеледі.Антропогенді шөлдердің аумағы құрлықтың 8 пайызына жетеді,қалалар мен өндірістік белдемдер 2 пайыздан астам жерді алады.Аэроғарыштық мәліметтер бойынша жыл сайын әлемде 7-ден 20 млн.га-ға дейін ормандар кесіледі.Жер атмосферасына О2 негізгі жеткізуші-тропикалық орман 50 пайызға,қоңыржай белдеудің ормандары 40 пайызға кесілген.Ормандарды кесу топырақ эрозиясын,атмосфераның ластануын күрт күшейтеді,ғаламдық су айналымын СО2 мен О2 бұзады.Скандинавияға SO2 Англия мен ГФР-дан жеткізілуі арқан балықтардың қырылуына алып әкеледі,өйткені бірқатар өзендерден рН 4,0-ге дейін кеміді.Канаданың Онтарио провинциясында АҚШ-тың аса ірі өзені Миссисипидің ортаңғы және төменгі ағыстарында ауыр металдардың, органикалық қосылыстардың,мұнай өнімдерінің құрамы қалыптан ондаған есе артық.Молдавияда жүзімдіктерді үнемі көп жылдар бойы мыстың күкірт қышқылды тұзымен бүрку(зиянкестерден қорғау үшін)топырақтың мыс тұздарымен зақымдануына әкеледі.

   Жапонияда өндіріс қалдықтарын Агано өзеніне және Минимат шығанына тастау метилсынаптың балықтарда,таңға шаяндарда,устрицаларда жиналуына әкелді.Оларды тағамға пайдалану қауіпті Минимат ауруын тудырады.Cd бар өндірістік қалдықтарды лақтыру Жапонияның Тояма ауданында жүздеген адамдардың қаза болуына апарып соқты.

  Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан ортаны сарқу,ластау және бүлдірудің себептерінің ішінен обьективтіжәне субьективті себептерге бөлуге болады.Обьективті себептерге мыналар жатады:

  Біріншіден,бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен реттелуге деген шекті мүмкіндіктері.Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты адамзат өндірісінің құлдырауынан қайта өңдеп, тазалап сонымен өзін оларды зиянкесті әсерінен қорғайды.

  Екіншіден,бұл жер территроиясың бір ғаламшар аясында физикалық шектеулігі.Осының салдарынан пайда қазбаларының-адам пайдаланатын тас көмірдің,мұнайдың және т.б қорлары біртіндеп жұмсалып,одан кейін мүлде түгесіледі.

  Үшіншіден,бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат өндірісінің қалдықтығы

  Төртіншіден,бұл адамның табиғаттың заңдылықтарын табиғатты пайдалану мен тәжірбие жинақтау үрдісінде тану және пайдалану.Субьективті себептерге жатады:

  Біріншіден,мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұйымдастырушылық-құқықтық ұйымдастырушылық әрекеттің жетіспеушілігі.

  Екіншіден,Экологиялық тәрбиелеу мен білім берудің олқылықтары.

3.Экологиялық апат 

    Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.

  Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдікмұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геология замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады; қ. Арал апаты.

4.Экологиялық апат аймақтары. 

    Экологиялық апат аймақтары. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында Экологиялық Апат аймақтары на мынадай сипаттама берілген: "Егер қолайсыз экологиялық ахуалсалдарынан халықтың денсаулығына елеулі нұқсан келтірілсе және (немесе) табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесі азып-тозса, экологиялық ахуал төтенше аумақтар экологиялық апат аймақтары деп жарияланады". Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында екі аумақ — Арал өңірі мен Семей ядролық полигоны ресми түрде экологиялық апат аумағы болып жарияланып отыр.

     Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда,  Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Әмударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп, қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.

 

         Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алатын көл.1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінің 53 м биіктікте жатқан.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м-ге төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер Сырдария 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі-ұсақты 1100 аралдар тобы болатын, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті.Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.

 

 Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты. Оңтүстік Арал мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқр, қаяз, ақмарқа, алабұға) құрып кетті. Арал аймағынан жүздеген мың адам туып өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұрын теңіз маңындағы мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итбала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б) құрып кетті.  Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері –антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамиды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты

Арал апатына себеп болған факторларға

-         жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

-         ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

-         суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

-         жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

-         табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

 

     Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп тұр.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. 

 

          Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы бойынша еліміздегі Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Аумағы 501 мың км²  шамасында, ең терең жері 26,5 м. Балқаштың батыс бөлігіне – Іле, шығыс бөлігіне – қаратал, Ақсу, Лепсі және Аякөз өзендері құяды.

 

         Балқаштың әлеуметтік - экологиялық жағдайы жылдан жылға нашарлап барады. Оның негізгісі көлдегі судың көлемінің кеміп бара жатқанында. Балқашқа құйылатын өзендер, жолшыбай ауыл шаруашылық қажеттеріне қолданылып отыр. Мысалы: 1970жылдары Іле өзенінде салынған Қапшағай СЭС, Балқаш көліне құйылатын судың көлемін 20 пайыздан астам азайтты, осының салдарынан, көл жыл сайын кеміп бара жатыр. Өзендерден келіп жатқан судың аздығынан, көлдегі тұздардың мөлшері артып, қазіргі күнгі Балқаш көліндегі судың деңгейі 1,5 метрдей төмендеп кеткен Балқашқа құятын – Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері арқылы келетін судың мөлшері де азайып келеді.

 

         Балқаш көліне құятын өзен сулары, ауыл шаруашылық егіндерін суаруға өте көп мөлшерде жұмсалуда, суарылуға қолданылатын судың бұдан әрі қарай өсетін болса, Балқаш көліне үлкен қауіп төнері анық.

 

         Кезінде Балқаш көлі жағалауында: балық және аң аулау шаруашылығы, бау-бақша, егін және аң аулау шаруашылықтары жақсы дамыған болатын.

 

         Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды.

 

         Ішкі себеп - Қапшағай су электр станциясының салынуына байланысты (1970) Іле өзенінің арнасының бөгелуі. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады.

Сыртқы себеп - Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл халықаралық деңгейде реттелетін мәселе.

Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Балқаш көлі экологиялық апат алдында. Оның үстіне ғалымдар ғаламдық жылынудың салдарынан соңғы жылдары әлемдік мұздықтардың еріп, климаттың өзгергені байқалып отырғанын айтады. Осының әсерінен флора мен фаунаға бай көл маңы экологиялық дағдарысқа ұшырады. Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан , оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Балқаш көлі аз уақытта тартылып, Арал секілді тұзы бұрқыраған сорлы аймаққа айналып шыға келуі ықтимал. Ал, бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін Қазақстан мен Қытай өзара келісімге келіп, Іленің суына кедергі келтірмеулері керек. Әйтпесе, бүгінде тұзы талай жерге барып қалған Арал секілді тағы бір сор тек қазақ жерінің ғана емес, жер жүзінің экологиялық ахуалын нашарлатады.

 

         1.4 Әскери полигондар. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ  аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді.Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағдарламасында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды.

 

         Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды

Информация о работе Экологиялық дағдарыс және экологиялық апаттар