Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:07, доклад
"Биосфера" терминiн ең алғаш ұсынған көрнектi австриялық геолог – Э.Зюсс (1875 ж.). Ол биосфераны Жердiң ерекше қабаты деп түсіндірді. Бірақ та биосфера туралы ілімнің негізін салушы академик В.И.Вернадский болды, ол «тіршілік аймағы » туралы түсінікті дамытты. Академик В.И.Вернадскийдiң биосфера мәселелерi жөнiндегi негiзгi идеялары ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Оның "Биосфера" атты еңбегi 1926 жылы жарыққа шықты. Биосфераның белгілі шекарасы бар, ол атмосфераның төменгі бөлігін, литосфераның жоғарғы қабатын және барлық гидросфераны алып жатыр.
Кафедра: Жалпы гигиена және экология
Пән: Экология және тұрақты даму
Дәріс тақырыбы: В.И.Вернадскийдің
биосфера – ноосфералық
концепциясы.
(В.И.Вернадскийдің
биосфера және ноосфера
туралы ілімі).
Дәріскер: б.ғ.к.,аға оқытушы Бегимбетова Г.А.
1.Кенесариев У.И.,
Жакашов Н.Ж. Экология және халық
денсаулығы. Алматы, 2003.
2. Ишмұхамедова Н.Б Экология негіздері
бойынша білімді
қалыптастыру мен дамытудың
әдістемесі. Алматы
« Ғылым» 2006.
3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева
Г.З.
Экология. Алматы, «Ғылым», 2001.
4. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы,
1995.
5. Бродинский А.К. Жалпы экологияның қысқаша
курсы
Алматы « Ғылым» 2000
6. Ә.Т.Қанаев, З.Қ.Қанаева
Экология Алматы: ҚазҰУ, 2008.
7. С.Ж.Колумбаева.,Р.М.
Экология және тұрақты
даму оқу құралы Алматы ,
ҚазҰУ,2012
Әдебиеттер:
1. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
2. Биосфера құрылымы. Қасиеті мен қызметі
3. Геологиялық (үлкен) зат айналымы
4. Биологиялық (кіші ) зат айналымы
5. Биогеохимиялық (циклдар) зат айналымы
4. Биосфера эволюциясы
5. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Жоспар:
Биосфера
(грек тілінен аударғанда bios - өмір, sphaira – шар деген мағынаны білдіреді) – барлық
тiрi организмдердi және осы организмдермен
үздiксiз алмасып тұратын планета заттарын
жинақтаған Жердiң ерекше қабаты.
В.И.Вернадский
биосфераны организмдердің мекен ету
ортасымен тіршілік ету аймағы деп қарастырады.
Ол биосферада геологиялық бір-бірімен
байланысқан жеті әр түрлі құрылымын анықтады.
Зат айналым – Жер биосферасының құрамына кіретін заттардың, яғни атмосфера, гидросфера, литосферада жүретін процестерге қатысуы.
Үлкен
немесе геологиялық зат – тау жыныстарының түзілуінен, үгілуінен
және бұзылған өнімдердің элементерінің
басқа жерге ауысыуымен байланысты. Бұл
айналымды күн сәулесінің сіңірілуі,шағылуы,
жылу өткізгіштігі,жылу сиымдылығы
атқарады.
Кіші немесе биологиялық зат
айналым- бұл
өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар,
микроорганизмдер және топырақ арасындағы
зат айналым.
Кіші биологиялық зат айналымын
Биогеохимиялық (циклдар)айналымдар
- организмдер
тіршілігінің барысында энергия мен
зат айналымды үлкенді-кішілі үздіксіз
айналымда болатын процесс. Бұл айналымды
2 типке бөлді
Су айналымы үлкен геологиялық айналымға жатады. Әлемдік мұхиттан су буланып, құрлыққа ауысады да, атмосфералық жауын-шашын болып түседі, қайтадан жер бетiлiк және жер астылық, ағызынды сулар арқылы мұхитқа түседі. Табиғатқа антропогендiк әсерлер - климаттың өзгеруi, топырақ құрылымы, жасанды су қоймалары, өсiмдiктер, ластанулар, т.б. су айналымына әсер етедi. Судың Жердегi айналымы жыл сайын 500 мың км3 аса су пайдаланылады. Біздің планетамызда табиғи жағдайлардың қалыптасуына су айналымының атқаратын рөлі зор. Жердегі судың барлық қоры өсімдіктердің суды транспирациялауы мен биохимиялық циклде оның сіңіруіне бөлінеді және 2 млн жылда қалпына келеді.
Биосферадағы су айналымы
Биосферадағы көміртек айналымы (Дювиньо,
Танг, 1968)
Көмiртек айналымы. Бұл көмiртегі айналымы биологиялық айналымнан шығып, геологиялық зат айналымына ауысады. Көміртегі айналымына адамдардың араласуы ( мұнайдың, газдың, көмірдің жануы, дегумификация процесі) атмосферадағы СО2 мөлшерінің жоғарылауына алып келеді, ол парникті эффектінің дамуын тудырады. СО2 айналымының жылдамдығы, яғни атмосферадағы барлық көмірқышқыл газы тірі зат арқылы өтеді, оған шамамен 300 жыл кетеді.
Биосферадағы күкiрт
айналымы (Рамад, 1981)
Күкiрт табиғатта кең таралған элементтердiң бiрi, ол бос күйiнде де, қосылыстар: сульфиттер, сульфидтер, сульфаттар түрiнде де кездеседi. Тірі организмде күкірт белоктарда ион түрiнде болады. Тірі организмдер өлгеннен кейін күкірттің бір бөлігі топырақта микроорганизмдердің көмегімен H2S дейін тотықсызданады, екінші бір бөлігі сульфаттарға дейін тотығады да, қайтадан күкірт айналымға түседі. Түзілген күкіртті сутек атмосфераға бөлініп шығады, ол тотығып, топыраққа шөгінді болып қайта түседі. Адамдардың отынды жағуы (әсіресе, көмірді), химиялық өнеркәсіптердің сыртқа шығаратын шығыстары атмосферада күкірттің қос оксидінің (SO2) жиналуына алып келеді. Ол су буларымен әрекеттесіп, жерге қышқыл жаңбыр түрінде түседі.
Биосферадағы оттек айналымы (Клауд, Джибор, 1972)
Биосферадағы азот айналымы (Делвич, 1972)
Азот айналымы. Атмосферадағы азот (N2) қоры өте көп (78 %). Азот қосылыстарынан нитраттар ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретiнде қолданылады. Аммоний, барий, хром, темір, алтын, мыс нитраттары түрлi өнеркәсiптерде қолданылады. Тыңайтқыш ретiнде пайдаланылатын натрий, калий, кальций нитраттарын шамадан артық қолданғанда, олар тамақ өнiмдерiнде жинақталып, организмнiң улануына әкелiп соғады.
Биосферадағы
фосфор айналымы (Дювиньо, Танг, 1968)
Фосфор айналымы. Фосфордың негізгі массасы көптеген тау жыныстарының құрамында кездеседi, бұл жыныстардың бұзылуы нәтижесiнде ол құрлықтық экожүйелерге немесе жауын-шашынмен шайылып, ең соңында гидросфераға түседi. Фосфор тыңайтқыштарын дұрыс пайдаланбаудан, топырақтың су және жел эрозиясынан топырақтан фосфордың көп мөлшері жоғалады. Бұл, бір жағынан, фосфор тыңайтқыштарын артық пайдалануға және фосфор рудаларының қорының сарқылуына алып келеді (фосфориттер, апатиттер ж.б.). Екінші жағынан, топырақтан су қоймаларына көп мөлшерде биогенді элементтердің (фосфор, күкірт, азот ж.б.) түсуі жасыл балдырлардың және басқа да су өсімдіктерінің күрт дамуын, суқоймаларының эвтрофикациялануын тудырады.
Биосфера
эволюциясы - түрлердің, олардың арақатынастарының
үздіксіз бір мезгілде өзгеріп, жойылып,
екінші бір түрдің пайда болуы.
Ноосфера-
адамның парасатты тіршілігі
оның дамуын қамтамасыз ететін негізгі
фактор болып табылатын биосфераның
жаңа жай-күйі.
Бақылау сұрақтары:
(кері байланыс)