Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 16:20, реферат

Краткое описание

Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.

Содержание

• 1 Кезеңдері
o 1.1 Бірінші кезең
o 1.2 Екінші кезең
o 1.3 Үшінші кезең
• 2 Экологиялық дағдарыс
• 3 Экологиялық апат
• 4 Экологиялық мәселелер
o 4.1 Ғаламдық экологиялық мәселелер
o 4.2 Аймақтық экологиялық мәселелер
o 4.3 Жергілікті экологиялық мәселелер
• 5 Б.Комманердің экологиялық заңдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері.docx

— 251.59 Кб (Скачать документ)

Жер асты сулараның  жалпы қоры

Жер асты сулараның  жалпы қоры — жер асты суларының статикалық және динамикалық қорларының жиынтығы. Жер асты суларының табиғи ресурстары.

Жер асты суларының  жаңаратын қоры

Жер асты суларының  жаңаратын қоры — жер асты суларының динамикалық қоры терминінің синонимі.

Жер астысуларының  жылыстауы

Жер астысуларының  жылыстауы — жер асты суларының бір сулы таужыныстан (немесе таужыныстар қат-қабатынан) сапасын сақтай отырып, басқа сулы қабатқа сүзіліп өтуі.

Жер асты суларының  игерілетін қоры

Жер асты суларының  игерілетін қоры — аумағы анықталған сулы горизонттан (қаттан) сутартқы қүрылыстар арқылы, берілген пайдалану режимінде және су сапасының барлық есептелген түтыну уақыты ішінде өзгермеуі жағдайында, техникалық-экономикалық жағынан тиімді түрде алуға болатын су мөлшері. Ол көбінесе тәулігіне текше-метрмен өлшенеді. Игерілетін қор жер асты суы кенорнының барланғандық дәрежесіне, су сапасының зерттелгендігіне және пайдалану жағдайларына байланысты 4 категорияға бөлінеді: А, В, С, және С2.

Жер асты суларының  иондық - тұзждық құрамы

Жер асты суларының  иондық - тұзждық құрамы — жер асты суларының таужыныстармен, топырақпен және газдармен әрекеттесуі (шаймалану, булану, конденсациялану, иондық алмасу, организмдердің тіршілік әрекеті және т.б.) нәтижесінде қалыптасатын химиялық құрамы. Табиғи суларда иондар, диссоциацияланбаған молекулалар (соның ішінде газдар) және коллоидтер түрінде болатын 60-тан астам элементтер анықталған. Алайда олардың кейбіреулері ғана едоуір мөлшерде болады. Мұндай элементтердің қатарына жай иондар түрінде (Na+, Са+, Mg2+, Сl+) қатынасатын натрий, кальций, магний және хлор, сондай-ақ күрделі иондар диссоциацияланбаған молекулалар мен коллоидтер және еріген газдар түрінде болатын көміртек, күкірт, азот, оттек, сутек және кремнийлер жатады. Аталған элементтердің бәрі " дм3 өлшенетін мөлшерде кездеседі. Олардың кейбіреулерінің 1 дм3-дегі мөлшері көбінесе ондаған, кейде жүздеген грамға жетеді. Әдеттегі табиғи сулардағы элементтердің көпшілігі өте аз мөлшерде (1 дм суда ондаған микрограмм) кездеседі. Мүндай элементтерге мырыш, мыс, қорғасын, күшән, молибден және басқада көптеген микроэлементтер жатады. Табиғи суларда бейорганикалық қоспалармен қатар еріген органикалық заттар да болады. Табиғи сулардың микроэлементтері.

Жер асты суларының  кадастры

Жер асты суларының  кадастры — жер асты сулары жайындағы барлық деректердің жүйеленген және үнемі толықтырылып отыратын жинағы.

Жер асты суларының  кен орны

Жер асты суларының  кен орны — жер асты суларының көлемдік және сапалық жағынан техниканың қазіргі кездегі күйі мен экономикалық жағдайларда өнеркәсіптік мөлшерде игеруге болатындай болып жиналған жері. Жер қыртысында таралған жер асты суларының түрлеріне қарай олардың төмендегідей кенорындары бөлінуі мүмкін:

  • 1) ауыз су ретінде ішуге және техникалық сумен қамтамасыз етуге жарамды түщы жер асты суларының кенорны;
  • 2) Қазақстанның курорттық негізі болып табылатын емдік минералды сулардың кенорны;
  • 3) энергетикалық мақсаттар үшін жарамды және шипалық маңызы бар термалды сулардың кенорны;
  • 4) ас түзын, йодты, бромды және басқа да элементтерді өндіріп алуға жарамды бағалы өнеркәсіптік жер асты суларының кенорны;
  • 5) іздестірулік және емдік тұрғыдан маңызды радиоактивті жер асты сулары кенорны.

Жер асты суларының  қалыптасуы

Жер асты суларының  қалыптасуы — жер қыртысының ішінде өздеріне тән барлық белгілерімен (нақты көлемдік көрсеткіштерімен, химиялық және газдық құрамымен, температурасымен және қозғалу жылдамдығымен) сипатталатын сулардың пайда болуына әкелетін табиғи процестер жиынтығы.

Жер асты суларының  қоры

Жер асты суларының  қоры - сулы таужыныстардың кеуектерінде, қуыстарында және жарықшақтарында болатын гравитациялық су мөлшері. Жер асты суларының қоры табиғи (геологиялык) жаңаратын (динамикалық), болжамдық, серпімді, игерілетін болып ажыратылады.

Жер асты суларының  ластануы

Жер асты суларының  ластануы — жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті салдарынан алғашқы калпына қарағанда нашарлауы. Мұның өзі ақыр аяғында олардың пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. Сапасынын өзгеру денгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді:

  • 1) аздап (сол) ластанған — су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ

пайдаланудың нақты түрлері  үшін шектелген рауалы концентрациядан (ШРК)төмен;

  • 2) ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан бірнеше есе артық;
  • 3) өте ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан әлдеқайда артық және ластану көзіндегі ерітінді қүрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері: ластағыш заттардың түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттардың ену жағдайлары, ластану масштабы белгілері бойынша жіктеледі.

Жер асты сулатының  метаморфтануы

Жер асты сулатының  метаморфтануы(грек, metamorphosis - айналу) — ортаның әдетте тотықсыздандыру жағдайларында өтетін және суларда Са, Sг, Вг және басқа да құрам бөліктердің жиналуына әкелетін жер асты сулары химиялық құрамының өзгеру процесі.

Жер асты суларының  органикалық заттары

Жер асты суларының  органикалық заттары - жер асты суларында еріген күйде иондық, молекулалық және коллоидтік түрде болатын органикалық қоспалар. Олардың құрамына: шайыр және май, нафтен және амин қышқылдары, фенолдар, бензолдар, кейбір көмірсутектер және т.б. кіреді. Жер асты сулатының метаморфтануын зерттеудің мұнай түзілу және мұнай жиналу процестерін тануда үлкен маңызы бар.

Жер асты суларының  пайда болу түрлері

Жер асты суларының  пайда болу түрлері - пайда болу ерекшеліктеріне қарай жер асты сулары бес түрге бөлінеді:

  • 1) инфильтрациялық сулар (жауын-шашын, өзен-көл, бөген суларының таужыныстарға сіңуінен пайда болалы);
  • 2) конденсациялық сулар (таужыныстардың кеуектеріндегі, куыстарындагы және жарықшақтарындағы су буының қоюлануынан жиналады); *3) седиментациялық сулар (шөгіндену процесі болған алаптар есебінен пайда болады);
  • 4) органикалық текті сулар (көмілген саз-үйықты шөгінділерде болатын органикалық заттардың ыдырауынан пайда болады);
  • 5) өте теренде пайда болатын, немесе ювенилді сулар (жер қыртысының терең белдем деріндегі магмамен тікелей байланысты сулар).

Жер асты суларының  пайда болуы

Жер асты суларының  пайда болуы — жер асты суларының тарихи жаратылыстық факторлардың және адамның өндірістік қызметінің әсерімен қалыптасу процесі.

Жер асты суларының  режімі

Жер асты суларының  режімі — жер асты суларының қалыптасуын қамтып көрсететін тарихи-табиғи процес. Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің және құрамының, соның ішінде деңгейінің немесе арын кушінің, өтімінің ағу жылдамдығының, температурасының, химиялық, газдық және бактериялық құрамының уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды.Жер асты суларының режімі оларға әсер ететін факторлардың басымдылығына қарай табиғи және бұзылған болып негізінен екіге бөлінеді.

Жер асты суларының  резервуары

Жер асты суларының  резервуары — жер асты суларын жинап сақтауға қолайлы, сыйымдылығы мол орын.

Жер асты суларының  ретеулі қоры

Жер асты суларының  ретеулі қоры — еркін (ашық) бетті жер асты сулары деңгейінің мерзімді ауытқу белдеміндегі су көлемі.

Жер асты суларының  серпімді қоры

Жер асты суларының  серпімді қоры — жер астындағы арынсулы қатты (горизонтты) ұңғымамен ашқанда және ондағы қысымды сутартумен төмендеткенде (немесе су жер бетіне өз бетімен шапшып төгілгенде) серпімді күштердің әсерімен судың көлемдік улғаюы мен қаттың (таужыныстың) өзінің кеуектерінің кішіреюі нәтижесінде босап шығатын жер асты суларының мөлшері.

Жер асты суларының  сутартқысы

Жер асты суларының  сутартқысы — жер асты суларын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін және басқа да ақсаттарда (жер қойнауынан минералды шипалы, өнеркәсіптік бағалы және т.б. суларды шығару) пайдалану үшін салынатын гидротехникалық құрылыс. Жер асты суларының сутартқыларын пайдалану жағдайлары мен атқаратын міндеттеріне қарай негізінен: тік (үңғымалар, қүдықтар), көлбеу (галереялар, штольнялар, дреналар, кәріздер), сәуле тәрізді және жер асты табиғи су көздерін шегендеу (каптаж) болып бөлінеді. Үңғымалық сутартқы егер сулы қабаттың барлық (толық) қалыңдығын кесіп өтсе, ол жетілген, ал егер ол сулы горизонтқа тек жарым-жартылай кірсе және сутірекке жетпесе — жетілмеген Жер асты суларының сутартқысы деп аталады.

Жер асты суларының  табиғи ресурстары

Жер асты суларының  табиғи ресурстары — сулы горизонттың табиғи жағдайда қәректенуін қамтамасыз ететін, жыл сайын үздіксіз жиналып, толығып отыратын су мөлшері. Ол атмосфералық жауын-шашынның, жер бетіндегі суқоймалар мен ағынсулардың жерге сіңуі, жер асты суларының одан жоғары және төмен орналасқан горизонттардан және шектес аумақтардан сүзіліп келуі нәтижесінде қалыптасады. Жер асты суларының табиғи ресурстары сулы қабаттың көлденең қимасынан белгілі уақыт ішінде (жыл, тәулік, сағат, секунд) ағып өтетін су көлемімен өлшенеді. Синонимі: жер асты суларының динамикалық қоры.

Жер асты суларының  табиғи (сыйымдылық) қоры

Жер асты суларының  табиғи (сыйымдылық) қоры - табиғи жағдайда таужыныстардағы гравитациялық судың текшеметрмен өлшенетін көлемі. Арынды қабаттарда оған сондай-ақ жер асты суларының серпімді қоры жатады. Серпімді қор осындай сулардың деңгейін судың өзі мен таужыныстардың серпімді қасиетгері есебінен төмендеткенде қалыптасады.

Жер асты суларының  тежеме көтерілу белдемі

Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі - жер асты сулары деңгейінің олардың қозғалу жолындағы  бөгенге, өзенге, жер асты су өткізбейтін  қабатқа тіреліп, жоғары көтерілу белдемі. ==Жер асты суларының химиялық құрамының  графиктері== — судың химиялық талдамдарын  жүйелеу әдістері. Жер асты суларының  химиялык құрамын (%-экв-пен алынатын) графиктермен көрсету тәсілдері  өте көп. Олардың ішінде ең көп  таралғандары: Толстихиннің (1937), Бродскийдің (1953), Сулиннің (1948) график — квадраттары, катиондық және аниондық құрамының ұшбұрыштары (Фере ұшбұрыштары), Дуровтың (1959) қатарланған ұшбұрышты диаграммасы, бағана — диаграммалар, Бродский (1954) үсынған гидрохимиялық кескін, Посоховтың (1961) екі ұшбұрышпен екі квадраттың қиыстырылған графигі және т.б.

Жер асты суларының  химиялық құрамасының жіктемесі

Жер асты суларының  химиялық құрамасының жіктемесі — жер асты суларын олардың химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрамдас бөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық немесе иондық қүрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу. Қазіргі кезде көптеген жіктемелер бар.

Жер асты суларының  химиялық түрлері

Жер асты суларының  химиялық түрлері — оларды құрайтын аниондар мен катиондар мөлшерінің арақатынасы. Судың химиялық түрін атағанда, ондағы ең көп мөлшерде болатын иондар бірінші айтылады. Сонымен қатар аниондардың атаулары катиондардың атауларының алдында беріледі. Мысалы, құрамы төмендегідей су (мг-экв/%): НС03 - 60, S04- 30, Сl — 10 (аниондар) және Са - 50, Мg - 30, Na - 20 (катиондар) гидрокарбонатты кальцийлі немесе гидркарбонатты-сульфатты кальңийлі-магнийлі су деп аталады. Кейбір жұмыстарда судың химиялық түрінің атауы иондардың аз мөлшерден көп мөлшерге қарай өзгеруі бойынша келтіріледі. Басқаша айтқанда, су қүрамындағы ең көп мөлшердегі аниондар мен катиондар атаудың соңына қойылады.

Жер асты суының деңгейі

Жер асты суының деңгейі - берілген нүктедегі жер асты суының еркін немесе арындык бетінің кез келген салыстыру жазықтығына (мысалы, теңіз деңгейі) қарағандағы орны. Ол тұрақталған немесе тұрақталмаған болуы мүмкін.

Жер асты (грунт) суларының  тежеме көтерілімі

Жер асты (грунт) суларының  тежеме көтерілімі - жер бетіне жақын жатқан грунт сулары деңгейінің каналдағы немесе бөгеңдегі су деңгейінің өзгеруінің, жер суарудың, қалалар мен ірі өнеркәсіп орындарындағы су құбырларынан судың ысырап болып жерге сіңуінің, көшелерге су себудің және т.б. әсерімен көтерілуі.

Жер астылық гидродинамика

Жер астылық гидродинамика — судың және баска да сұйық заттардың кеуекті және жарыкшақты таужыныстардағы қозғалысы туралы ғылымның салалық бағыты.

Жер астындағы  сіңбе сулардың қалыптасу теориясы

Жер астындағы  сіңбе сулардың қалыптасу теориясы - жер асты суларының пайда болуын жердің бетіндегі сулардың таужыныстар мен топыраққа сіңуімен және тамшылап енуімен түсіндіретін теория. Қазіргі кезде гидрогеологиялық массивтердегі және артезиан алаптарындағы үстіңгі сулы қабаттардың жер асты суларының негізгі бөлігі осындай жолмен қалыптасатыны анықталды.[5]

Термалды жер  асты сулары

Термалды жер асты сулары (гр. therme — жылу, қызу) — табиғи жағдайдағы температурасы 20°C-тан жоғары жер асты сулары. Көбінесе вулканизм қазіргі кезде дамыған немесе таяуда тоқтаған аймақтарда және артезиан алаптарының терең қабаттарында кездеседі. Термалды жер асты сулары температурасына қарай: жылы (20—37°C), ыстық (37—50°C), өте ыстық (50-100°C), орташа ысыған (100-200°C), өте ысыған (200— 375°C), ерекше ысыған (375°C-тан жоғары) болып ажыратылады. Термалды жер асты суларының температурасы жер қойнауына тереңдеген сайын геотермиялық градиентке байланысты өсіп отырады. Мұндай градиент таулы аудандарда 1°C/ 100 м, жас жанартаулы аймақтарда 5°C/100 м немесе одан да артық. Жер қыртысының төменгі жағында судың температурасы 500—600°C-қа жетуі мүмкін, ал судың көбінесе бу және ыдыраңқы түрде болатын магма аймақтары маңында — тіпті 1000-1200°C-қа дейін жетеді. Термалды жер асты сулары қазақстанның кейбір тауларында және артезиан алаптарында таралған. Олар емдеу орындарында және үй жылыту үшін пайдаланылады.[6]

 


Информация о работе Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері