Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 16:53, реферат
Қазiргi кезде экологиялық мәселелер қоғамдық мәні жағынан дүние жүзiнде ауқымы кең, басты мәселелердiң бiрiне айналды. Өйткенi, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи жүйелердiң топырақты, су көздерiн, ауаны ластау орны толмас зардаптар қалдырды. Оның себебi, жер шарындағы елдердiң индустриялды дамуы, халық санының жедел өсiп табиғи қорларды пайдалануды еселеп арттырып, адамдардың табиғатқа әсерiнiң күшеюi.
Экология ғылымы
туралы түсінік
Қазiргi кезде экологиялық мәселелер қоғамдық
мәні жағынан дүние жүзiнде ауқымы кең,
басты мәселелердiң бiрiне айналды. Өйткенi,
мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи
жүйелердiң топырақты, су көздерiн, ауаны
ластау орны толмас зардаптар қалдырды.
Оның себебi, жер шарындағы елдердiң индустриялды
дамуы, халық санының жедел өсiп табиғи
қорларды пайдалануды еселеп арттырып,
адамдардың табиғатқа әсерiнiң күшеюi.
Бұл бүкiл дүние жүзiнде экологиялық дағдарыс
қаупiн тудыруда.
Соңғы жылдары табиғатқа байыптылықпен
қарамаудан, пайдалы қазба қорларының
таусылу қауіпі, жер бетiндегi өсімдiк және
жануарлар дүниесiнiң көптеген өнімдерiнiң
жойылып кетуi және сондай-ақ табиғи ортаның
шектен тыс ластануы айрықша белең алып
отыр.
Ғылымның барлық салалары сияқты экология
ғылымы да үздiксiз даму үстiнде болып,
дербес ғылым ретiнде 1900-шы жылдары қалыптасты.
1868 жылы немiс ғалымы Э.Геккель «экология»
терминiн ғылымға енгiздi. Грекше (oicos –мекен,
үй, logos – ғылым) деген сөз, яғни тiршiлiк
мекенi туралы ғылым дегендi бiлдiредi.
Экологияның қалыптасу тарихы және оның
қазіргі жағдайы
Экология – биология ғылымының негізінде
ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен,
оның өз деңгейінде көтерілуі ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады.
Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің
элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары
Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст
еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын
зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық
бейімделушіліктерді оның қоршаған табиғи
ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық
тұрғыда қарастырады.
1 кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің
жаппай сипат алу кезеңі. Ол кезең ХVІІІ
ғасырдың аяқ шенін қамтиды. К.Линей (1707-1788),
Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас
(1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А.Гумбольд (1769-1859),
К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885), Н.А.Бекетов
(1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908),
Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В.
Докучаев (1846-1803), Шоқан Уалиханов (1835-1865),
т.б. табиғат зерттеуші биологтар систематиктер,
географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық
сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп,
экология ғылымының дамуына өз үлестерін
қосты.
ІІ – кезең. Экология ғылымының жеке ғылым
ретінде қалыптасу кезеңі. Ол ХіХ ғасырдың
басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.
Бұл кезеңде Д.Н. Кашкаровтың «Орта және
бірлестіктерң, «Жануарлар экологиясының
негіздерің, А.Тенслидің «Экожүйелер туралы
ілімң Н.В.Сукачевтың «Биоценозң, В.И.Вернадскийдің
«Биосфера туралы ілімің негіз болды.
Осыдан барып экология ғылымының зерттеу
әдістері, ғылым салалары, мақсат, міндеттері
айқындала түсті.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі.
Қазіргі заманғы экология – бүкіл ғаламдық
ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық
жағдайлар және проблемаларды қамтитын
деңгейге жетті. Экология ғылымының қолданбалы
және адам экологиясы бағыттары дами түсті.
Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық
және практикалық зерттеулер жүргізілуде
Экологияның зерттеу бағыттары:
1. Аутэкология – жеке организмдер арасындағы
қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен
байланысын зерттейді. Яғни жеке организмдерге
табиғат факторлары қалай әсер етеді,
оған организм қалай жауап береді, организмдегі
морфологиялық, физиологиялық өзгерістер
туралы мәселелерді қарастырады. Ол одан
әрі зерттеулер тереңдеп, биохимиялық,
биофизикалық, генетикалық сипат алады.
Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық
қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта
алатын орнына, ролі мен маңызына, қоршаған
ортаның өзгерісі, тазалығы мен ластану
деңгейі, маусымдық өзгеруі, адамның іс-әрекеті
туралы практикалық маңызына сипаттама
береді.
2. Демэкология - бір түрге жататын организмдер
тобын, популяцияларды табиғи ортасымен
байланыстыра отырып зерттейді. Бір түрге
жататын организмдердің топ құрып тіршілік
ету ерекшеліетері, биологиялық құрылымы
табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуін
қарастырады.
3. Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын
органикалық дүние дамуның жоғары деңгейі
тұрғысында қарастырады. Эйдэкология
- особь, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз
– биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар
жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
4. Синэкология – бірлестіктер экологиясы
- әр түрлі түрлерге жататын популяциялар
жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде
зерттейді.
5. Геоэкология – экологиялық жүйелерді
биосфералық деңгейде қарастырады. Құрлық
пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер,
ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар,
географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің
құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы
кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі
антропогендік экожүйелер туралы зерттейді.
6. Ғаламдық экология - биосфера шегіндегі,
күн жүйесіндегі әлемдік өзерістер мен
құбылыстарды зерттейді.
7. Адам экологиясы - халыққа үздіксіз экологиялық
білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет,
этика, мораль, адамдардың экологиялық
құқығы, этноэкологиялық проблемаларды
зерттейді.
8. Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы
адами, әлеуметтік, экономикалық және
экологиялық жағдайларды ақыл-оймен шешуді
қарастырады.
Экология ғылымының негізгі зерттеу әдістері
Экологияны жалпы (биологиялық жүйелердің
құрылымы мен тіршілігінің негізгі принциптерін
зерттеу) және жеке (тірі организмдер топтарын
зерттеу) деп бөлу экология ғылымының
мәселелерін ғана емес зерттеулердің
сипаты мен әдістерінің де айырмашылықтарын
білдіреді.
Әр түрлі деңгейдегі биологиялық жүйелердің
иерархиялық бір-біріне бағыныштылығы,
өз ара тәуелді болуы экологияның негізгі
мәселелерін экожүйе құрылымының организм,
популяция, биоценоз деңгейлерінде зерттеуді
қажет етеді. Мұндай жағдайда экологияның
аутэкология (жеке түрлер экологиясы)
және синэкология (қауымдастықтар мен
биоценоздар экологиясы) деп бөлу зерттеу
жұмыстарының ерекшеліктерін білдіреді.
Осыған байланысты қазіргі кезде экологияның
негізгі әдістері – далалық зерттеулер,
табиғат жағдайындағы тәжірибелер, математикалық
моделдеу болып табылады.
Далалық әдістер – далалық жағдайда жүргізіледі,
популяциялар мен олардың қауымдастықтарын
табиғи ортада зерттейді. Әдетте мұнадай
жағдайда физиология, биохимия, анатомия,
систематика және т.б. әдістері қолданылады.
Далалық әдістер арқылы организмге немесе
популяцияға әртүрлі факторлардың әсерін,
белгілі бір жағдайдағы түрдің тіршілігі
мен дамуын анықтауға болады.
Экспериментальді әдістер – табиғаттағы
қарым – қатынастардың себебін анықтау.
Бұл әдістер арқылы организмнің дамуына
жасанды, қолдан жасалған кейбір жекелей
факторлардың әсерін білуге мүмкіндік
береді. Лабораториялық жағдайда алынған
тұжырымдар міндетті түрде табиғи жағдайда
тексеруді қажет етеді.
Химиялық әдістер – қауымдастықтағы жеке
организмдерде минеральды заттардың,
органикалық заттардың жинақталуын анықтау.
Физиологиялық әдістер – жеке организмдер
мен қауымдастықтағы болып жатқан физиологиялық
процесстерді анықтау.
Геоботаникалық картаға түсіру – картаға
өсімдіктер ассоциациялары немесе ассоциация
топтары түсіріледі. Аэрофотосуреттер
қоданылады.
Экологиялық болжам және мониторинг –
қоршаған ортаны жағдайын және қоршаған
орта жағдайын бақылау, басқару.
Математикалық әдістер және модельдеу
– математикалық белгілердің көмегімен
зерттеуге алынған жүйенің кейбір параметрлерінің
мәндері өзгертіліп, жасанды жүйенің өзгеруін,
яғни соңғы нәтижесінің қалай өзгеруін
анықтау.
Модельдер далалық бақылаулар мен лабароториялық
зеттеулер арқылы алынған мәліметтер
негізінде құрылады. Бұл әдістің міндеті
алынған тұжырымдарды, биологиялық жүйелердің
жұмыс істеу ерекшкліктерін жасанды жолмен
тәжірибе арқылы тексеру.