Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 09:50, контрольная работа
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
4.Экологияның
бөлімдері (Аутэкология,
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, демэкология және синэкология сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология терминін 1896 жылы Шретер нақты түрлер экологиясын белгілеу үшін енгізді. Аутэкологияның (грекше autos-өзім) мақсаты дарақтардың (ағзаның) тіршілік етуінің шегін және физикалық-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді. Аутэкологияны зерттеуде негізгі назар биохимиялық реакцияларға, газ алмасу қарқындылығына, судың алмасуына және ағзаның күйін анықтайтын басқа да физиологиялық үрдістерге аударылады. Сондай-ақ зерттеулерде маңызды орынды адамның индустриялық іс-әрекеттілігімен байланысқан ортаның ластануының, табиғи және жасанды радиобелсенділіктің ағзаға әсерін зерттеу алады.
Демэкология – бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын).
Синэкология - өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекендеу ортасымен қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Бақылау сұрақтары:
1. Экология ғылымының мазмұны
2. Экологияның мақсаты мен міндеттері
3. Экология ғылымының зерттеу нысаны
4. Экологияның бөлімдері
5. Оның басқада іргелі ғылымдармен байланысы
6. Экологияның даму тарихы және ірі ғалымдар еңбегі
7. Экологиялық білім деген не, оның негізгі мақсаттары
8. Экологиялық мониторинг және оның бөлімдері
9. Экологияның бүгінгі таңда қоғамдағы орны